83
ағылшын тауарына, салық жүйесіне байкот жариялады. Соны-
мен, бұл ұлттық психологияға әсер ететін - карма идеясы болды.
1919 жылы 6 сәуірде бүкіл Үндістанда
демонстрация бо-
лып, дүкендер жабылып, базарлар жұмыс істеуін тоқтатты. Бі-
рақ 13 сәуір күні Пенджаб провинциясында қайғылы оқиға орын
алды, онда Джалианвалл Баг алаңында полиция ереуілге қатысу-
шыларға оқ атып, нәтижесінде мыңға жуық адам қаза болып, екі
мыңдай адам жараланды.
Соғыс кезінде Үндістандағы суннит-мұсылмандар соғыс-
тан мүлдем бас тартып, ӛздерінің діни басшылары - халиф титу-
лын иемденген түрік сұлтанына ғана бағынады.
Нәтижесінде
Үндістандағы ағылшын үкіметі мен
Мұсылман Лигасы
арасында
қайшылық тудырды.
1919 жылы 6 желтоқсанда болған
Үндістан Ұлттық Конг-
ресінің
(ҮҰК) сессиясында Мұсылман Лигасының ӛкілі
Мұхаммед Әли Джинна
және Халифат комитетінің басшылары
ағайынды Мұхаммед және Шукат Әли қатысты. 1920 жылы сә-
уірде М.К.Ганди Халифат комитетіне ӛзінің
азаматтық міндет-
керлік туралы бағдарламасын ұсынды. Бұл сатьяграхи әдісін ӛте
жақсы қабылдаған мұсылмандар тіпті М.К.Гандиді халифат
комитетінің тӛрағалығына сайлады. Үндістан Ұлттық Конгресі-
нің мүшелері, Үндістан қоғамының зайырлы ӛкілдері, яғни та-
нымал
адвокаттар, заңгерлер, отарлық әкімшіліктің кӛрнекті
ӛкілдері, ағылшынша тәрби мен білім алған адамдар болды. Со-
нымен, бірге конгрестің кӛптеген қызметкерлері жоғары каста-
ның (ақсүйектер) мүшелері болатын. Ал М.К.Ганди тӛменгі кас-
таның адамы болатын.
ҮҰК-сі сатьяграх табыстары талқыланып екі сессия: қыр-
күйекте - Калькутте және желтоқсанда - Нагурде. 1920 жылы
конгресс мүшелер 10 млн. адамға жетті. Ал М.К.Ганди ӛзі ха-
ризматтық
1
тамаша лидер ғана емес мықты ұйымдастырушы да
болды. Ол алдын
ала не істейтінін хабарлап, оқып отырды.
1
Харизма гипноз сияқты бүкіл аудиторияға әсері, митнглерде мыңдаған адам
оның энергиясынан қуат алып отырады.
84
Ганди ақша қорын жинау үшін
«Б.Тилак
2
Қорын»
ұйымдастыр-
ды. Сӛйтіп бұл қор ҮҰК-нің басты қаржы жүйесіне айналды.
Үнемі айналымда ақша болды - ал оны ағылшын үкіметінің тәр-
кілеуіне еш мүмкіндік болмады.
Жергілікті жерлердегі ҮҰК ұйымдары үлкен жұмыстар
жүргізді, шаруалар комитеті-сабхлар құрылды. Қалаларда жұ-
мысшылар ереуілдерін ұйымдастырды. 1920 жылы 200
ереуіл
болды. 1920 жылы мамырда Бүкілүндістандық кәсіподақтар
конгресі құрылды. Ал 1921 жылы ҮҰК осы кәсіподақтармен
байланыс жасау үшін арнайы комитет құрды.
1921 жылы 17 қарашада Үндістанға
ағылшын тағының мұ-
рагері ханзада Уэлский келді. Жергілікті халық демонстрацияға
шықты. Ағылшын үкіметі мұндай тәртіпсіздікті ұйымдастыру-
шы ретінде жаңадан құрылған Конгрестің жастар ұйымы «Сева-
дал»-дан кӛріп, оның қызметіне тосқауыл қойды.
Достарыңызбен бөлісу: