А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет54/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   134
Елдегі саяси жағдай.
Елде ағылшындарға қарсы бас кӛ-
теру бәсеңдеген соң 1922 жылы ҮҰК-нің саны күрт азайды, әсі-
ресе партиядан мұсылмандар шығып кетеді. ҮҰК-нің алдыңғы 
қатарлы ӛкілдері түрмеге қамалып, осы кезде ҮҰК-сі үшке бӛлі-
неді: 
1.
 
М.К.Гандидің жақтастары 
2.
Ӛзгерісті жақтаушылар 
немесе
«свараджистер»
(кӛшбасшысы Мотилал Неру Джавахарлал Нерудің әкесі). 
3.
Солшыл қанат.
Олар доминион емес, тәуелсіздік үшін 
күресті (кӛшбасшысы Джавахарлал Неру). 
1923 жылы желтоқсанда Англияда
үкімет басына 
лейбо-
ристер партиясының
ӛкілі 
Д.Р.Макдональд
келді. Ӛз кезінде 
олар Үндістандағы саясатты ӛзгертеміз деп уәде берген бола-
тын. М.К.Ганди және ҮҰК-нің басқа ӛкілдері түрмеден боса-
тылды. Үндістанда реформа жүргізумен статусын ӛзгертуге үміт 
пайда болды. Сол үшін М.К.Ганди ағылшын тауарына байкот 
жасауды тоқтатуды қолға алды. Елде ұлттық оқу орындары 
ашылып, Мұсылман Лигасымен байланысты күшейту қолға 
алынды.
2
Б.Тилак ­ ХІХ ғ.аяғында ҮҰК-нің радикалды фракциясын басқарған, 1920 жылы 
қайтыс болды.


85 
Бірақ олардың мұндай үміті ұзаққа барған жоқ. 1924 жыл-
дың соңында Англияда үкімет басына қайтадан консерваторлар 
келді. Үндістан мәселесі жӛніндегі министр лорд Биркинхед 
болды, ал онымен келіссӛз жүргізу еш нәтиже бермеді.
Саймон комиссиясының қҧрылуы және ағылшын ҥкі-
меті мен ҤҦК арасындағы шиеленіс. 
1927 жылы Саймон ко-
миссиясының
құрылғаны туралы жариялады (ағылшын заңгері). 
Дж.О.Саймонның құрған бұл комиссиясының мақсаты 
Үндістанның жаңа Конституциясының жобасын жасау болды
бірақ бұл жобаны жасаушылардың құрамы тек ағылшындар бо-
луы керек болатын. Алайда, комиссия мүшелері үнді саяси пар-
тиялары және ұйымдарымен ақылдасып отыратыны хабарлан-
ды. Бірақ Үндістанның қаншалықты ӛзін-ӛзі басқаратынын 
ағылшындар шешетін болды. Үндістан саяси партиялары бұған 
наразылық білдіріп, комиссия жұмысына байкот жариялады.
1927 желтоқсанда
ҮҰК-нің Мадраста болған сессиясын-
да ӛздерінің Конституциясының жобасын жасауға арнайы ко-
миссия құрылды. Оны Мотилал Неру басқарды 
(«Мотилал Ко-
митеті»)

1928 жылы
шілдеде комиссия 
«Неру Конституция-
сының»
жобасын ұсынды. Дегенмен, 1928 жылы желтоқсанда 
Калькутте болған партия аралық конференцияда бұл сәтсіздікке 
ұшырайды. Орталық заңшығару жиналысында Мұсылмандар 
Лигасы 1/3-орын сұрайды. Осыдан кейін мұсылмандар ӛкілі 
Мұхаммед Әли Джинна конференциядан кетіп қалды. Осы 
жылы ҮҰК-нің сессиясы Мотилал Неру жобасын қолдап, оны 
ағылшындарға табыс етуді кӛздеді. 1929 жылы желтоқсанда: 
ҮК-нің кезекті сессиясында Үндістанға тәуелсіздік беру туралы 
мәселе қаралды. 
 
Алайда, осы жылы 
дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
басталды. Әлемдік депрессия ауыл шаруашылық ӛнімін одан әрі 
түсіріп жіберді. Салық ӛсті. Жері бар шаруалар жерге салық 
тӛлеу үшін қатты қиналды. Олар жерге салықты тӛлей алмаса: 
не жерінен айырылды, не қалаға кетулері керек, сол үшін бар-
лық үнді әйелі мұралық асыл бұйымдарынан айырылды. Тап 
осы жылдары ӛте үлкен кӛлемдегі - қымбат тастар мен металл 
бұйымдары Үндістаннан Англияға ағылып жатты, ал бұл ағыл-


86 
шындардың ӛз экономикасын тұрақтандыруға мүмкіндік берді. 
Үндістанның бәсекелестікке келе алмайтынын біліп, ағылшын-
дар ӛз тауарларын кӛптеп енгізуге кірісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет