А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Қарлығаш. О несі? Қамшысын тастағаны несі? Көкпай



бет14/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95
Байланысты:
Лингвистикалық поэтика. Монография

Қарлығаш. О несі? Қамшысын тастағаны несі?
Көкпай. Сөйлейін дегені, тыныш отыр. (М.Әуезов. «Абай», 331 б.)
немесе
Қарабай (жерден топырақ алып шашады). Құтылдым ба, құтылмадым ба?.. Көзім көрмес, қолың жетпес жерге кетпедің бе!.. Қараң батып болды ма, болмады ма!.. Уа, қайда әлгі қатын-баласы?.. Келіңдер бері! Бас аяқтарыңды!.. (Күнікей, Таңсық, Баян, Жарқын, Жантық келеді.) Уа, бітті ойын! Енді ішін тартып, шыным келе жатыр!.. Қуыршақ өртенді, бақсы кетті... жын тарады, базар тарқады!.. Жық үйді, арт жүкті, тарт көшті! Айдат жылқыны! (Ғ.М. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», 41 б.)
Осындағы Жиреншенің ортаға қамшы тастауы, Қарабайдың жерден топырақ алып шашуы әдет-ғұрып, салт-дәстүрден хабардар ететін параамалдарға жатады.
Ұлт мәдениетімен өзектесіп жататын осындай ым-ишараттар туралы
Б.Қ. Момынова былай деп атап көрсетеді: «Ұлттық нышаны айқын көрініп тұратын бейвербалды амалдар әр ұлттың, халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің көрсеткіші болса, олардың тілдік, яғни вербалды амалдармен жеткізілуі ұлт мәдениетінің тілдегі көрінісіне айналған, өйткені параамалдардың мағыналық астарында халық өмірінің бар қыры мен сыры жан-жақты сақталған» [51, 208 б.].
Драмалық шығармалар шындықты айрықша тәсілдермен синтез күйінде шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысушы адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол іске асырылатын күрделі жанр. Драмалық шығармалардың өзіне тән сөз мәнері, жазылу машығы бар.
Ұлттық топырақта туған драматургия жанрларының ішінде өмірге ең жақын түрі – трагедия болып табылады. Себебі, қиын-қыстау заман тұсындағы шындықтан қашып құтыла алмайсыз. Трагедия формасында жазылған шығармаларда дара тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық қайшылықтармен бетпе-бет келуі, тіршіліктің мың сан қалтарыстары, ғашықтар арасындағы сезімдер шайқасы, ғаламат тартыстар, ойлар мен идеялар қақтығысы шынайы түрде, әрі ерекше пафоста атақты адамдардың сөзімен жеткізіледі. Осы аталмыш процестің барлығы драмада тек тіл арқылы беріледі. Cахнадағы сөйлеу факторы адамның дене қимыл-қозғалыстары көрсете алмайтын бейнелілікті айшықтайды. Сөйлеу – қарым-қатынас байланысының маңызды құралы болғандықтан, инттеллект деңгейінің де көрсеткіші. Сонымен сахнадағы сөйлеу мен қимыл-әрекеттің қосындысы арқылы толыққанды кейіпкер бейнесі туады.
Суреткер тіл арқылы соқырды жылатып, тас жүректерді жібітеді, санасызға ой салып, сезіміне әсер етеді. Қысқасы, сахналық үдерістің барлығы тек тіл құдіреті арқылы жүзеге асырылады.
Драма тілі көрерменге гносеологиялық аспект (көрініс, құбылыс, сезім мүшелерінің қабылдауы, психикалық әсерлер) тұрғысынан жеткізіледі. Көркем шығармаларда мәтін қалыпты, визуалды түрде берілсе, драмалық шығармаларда қарым-қатынас акустикалық тұрғыдан жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, сахнадағы қарым-қатынас сөйлеуші мен тыңдаушының арасында көзбе-көз, сезім спектрлеріне әсер ететін жанды байланыс арқылы беріледі. Ол көрініс, құбылыс, сезім мүшелерінің қабылдауы арқылы тілдік және тілдік емес амалдармен іске асырылады.
Демек, шешендік дискурстағы бейвербалды амалдар, сахнадағы қарым-қатынастың барлығы тілдік тұлғалармен қоса, тілдік емес амалдар (кинесикалық, проксемикалық, просодикалық) арқылы жүзеге асады.
Бұл ретте М.П. Ешимов «Вербалды тіл – бұл дыбыстық құбылыс, ал бейвербалды мінез-құлық әртүрлі қимылдардан (кинесика) және проксемикадан құрылады. Осыған байланысты вербалды тіл тек есту қабілетіне әсер етеді, ал бейвербалды қатынас оптикалық, тактильді-кинесикалық, альфакторлық, акустикалық жүйелерде көрініс табады»,-деп көрсетеді [52, 20 б.].
Демек, қарым-қатынастың коммуникациялық қызметі кезінде паратілдік құралдар іске қосылады. Бұл туралы С. Мағжан былай дейді: «Вербалды элементтер секілді паратілдік амалдардың білдіретін белгілі бір мағыналары, өзіндік мәні болады. Ал мағыналы, мәнді болып келуіне байланысты олар сөйлеушінің өз ойын жеткізудегі, эмоциясын білдірудегі прагматикалық тұрғыдан ұғынықты болуын қамтамасыз етудегі ұтымды көмекші құралдардың қатарына жатқызылады. Тіпті кейде тек қана бейвербалды элементтер арқылы коммуниканттардың өз ойын жеткізуі тиімді болатын жағдаяттар кездеседі. Яғни, коммуникативтік актіге қатысушының өз ойын, айтайын деген пікірін қимылымен, ишаратпен ғана жеткізуі сөйлесудің ерекшелігінен туындайтын айрықша құбылыс» [53, 3 б.].
Сахнадағы әрекет – сөз әрекетіне құрылады. Сахналық шытырман драматизмге толы элементтер билердің сөз саптауларында мол ұшырасады.
Драмалық шығармалардағы билердің аузымен айтылған шешендік сөздер халықтық үнді, жұрттың тілегін, елдің айдыны болған айбарды білдіреді. Демек, халық тыңдайтын адамдардың аузымен айтылған сөздің ықпалы орасан болған. Сөздің мұндай ықпалы тыңдаушылардың да белсенділігін арттырады. Бұл туралы: «Қарым-қатынас үстінде тыңдаушыда да белсенділік байқалады. Бұл белсенділік тыңдаушыға берілген ақпараттың күшті болған кезінде байқалады. Ықпал ету әрекеті тыңдаушының санасына тікелей қатысты болған жағдайда оған үлкен сенім қалыптастырады» [50, 54 б.],-делінген.
Зерттеу жұмысымызда біз сахналық шығармалардың тілін жазба мәтіндегі түрі арқылы және сахнадағы қойылымның тілі арқылы да талдауға тырыстық. Сахнаның жаны – әрекет, қимыл. Ал әрекет сөз тудырады. Бір нәрсені жеткізу үшін адамда алдымен ой туындайды. Содан кейін әрекетке көшеді. Әрекеттен сөз туады. Бұлар арқылы мақсат орындалады.
Сахнадағы қойылымдар жазба мәтіннің негізінде режиссердің көркемдік шешіміне орай өзгеріске ұшырайды. Бұл сахна заңдылығы. Себебі режиссер автордың ойын қорытады. Шығарманың бүкіл сөлін сығымдап, көрерменге соның тұжырымын ұсынады. Сөйтіп көркемдік тұтастық режиссер ойына қызмет етеді. Алайда, режиссерлер тарапынан кейбір қысқартулар ғана болмаса, ұлы суреткерлер тудырған мәтінді образ сомдаушы актерлер таза сақтайтындығын актерлердің ойындарын көре отырып, көз жеткіздік.
Осы орайда, біз, классик драматургтердің пьесаларының қазіргі таңда сахналанып жүрген нұсқаларын қарастырдық. Мәселен, Б. Атабаевтың режиссерлығымен қойылған «Қарагөзді» жазба мәтіндегі нұсқамен салыстырсақ, пьесаның төртінші акті, бесінші суретіндегі егінші шал, балықшы шалдың диалогтары қысқартылған. Сырымның мал барымталап жүрген тұстары, ол малды қарттарға үлестіріп, қарттардың оған жауап сұрауы, режиссердің қойылымында алынып тасталған. Осындай қысқартулар болмаса, пьеса мәтіндерінің тілі таза сақталады. Бұны сахна тілінің эстетикалық қызметіне режиссерлер мен актерлер тарапынан шын мәнінде дұрыс көңіл бөлінеді деп бағалауға болады.
Сондай-ақ, М. Әуезовтің «Абай», «Қарагөз», «Еңлік – Кебек» пьесаларының қойылымдарына барып, олардың сөздерін қалт жібермей бақылағанымызда, түпнұсқаның таза сақталатындығын байқадық.
Ал енді осы жазба мәтіндегі (түпнұсқадағы) кейіпкерлер сөздері мен қойылымдағы актерлердің сөздерін салыстырып қарастырайық. Мысалдарды «Еңлік – Кебек» пьесасынан келтіріп отырмыз:
МӘТІНДЕ: Еспембет. Әйтпесе мен тобықтының қоңсысы емеспін, мынауыңа кесігіңді айт (Көбей қамшысын тастайды). (34 б.)
ҚОЙЫЛЫМДА: Әйтпесе мен тобықтының қоңсысы емеспін, мынауыңа билігіңді айт. Актер кесігіңді деген бір сөзді билігіңді деп өзгертіп айтады.
МӘТІНДЕ: Көбей. Мен оны қазбаймын; даудың қарасын көбейтем деп құлындағы сақау, құнандағы тісеуді осы сөздің үстіне әкеліп үйгенің лайықсыз. (35 б.)
ҚОЙЫЛЫМДА: Көбей. Мен оны қазбаймын; даудың қарасын көбейтем деп құлындағы сақау, құнандағы тісеуді осы сөздің үстіне әкеліп үйгенің лайықсыз болады. Мұнда актер болады деген сөзді өзі қосып айтады.
МӘТІНДЕ: Еспембет. Шолақ байталдың құйрығындай тобықты, өктемдігің асты деймін. Тасқын судай кемеріңнен асып отырсың сен (Көбейге сөз береді) (35 б.)
ҚОЙЫЛЫМДА: Еспембет. Шолақ байталдың құйрығындай тобықты, өктемдігің асты деймін. Тасқын судай кемеріңнен шалқып асып отырсың сен. Мұнда да актер шалқып деген сөзді өз жанынан қосып айтады.
МӘТІНДЕ: Көбей. Тағы айтарым – тобықтының азды-көптігін сарапқа салар жер емес бұл. Тобықтының найманға істеген өрлік өктемін көргенім жоқ. Керіс неге керек? (Тым- тырыс.) (35 б.)
ҚОЙЫЛЫМДА: Көбей. Тағы айтарым – тобықтының азды-көптігін сарапқа салар жер емес қой. Тобықтының найманға істеген өрлік өктемін көргенім жоқ. Керіс сөз не керек осы?
МӘТІНДЕ: Көбей. Найман мен тобықтының арасына ердің құны, нардың бұлының дауын саламын деу. (36 б.)
ҚОЙЫЛЫМДА: Көбей. Найман мен тобықтының арасына ердің құны, нардың бұлының дауын саламын, пәлесін орнатамын деу.
МӘТІНДЕ: Жомарт. Жә, бидің сөзінен соң сөйлейтіндерің бар ма? Жоқ... сөз тоқталды деп санаймыз ба? (Тым-тырыс.) (38 б.)
ҚОЙЫЛЫМДА: Жомарт. Жә, бидің сөзінен соң сөйлейтіндерің бар ма? Болмаса... сөз тоқталды деп санаймыз ба?
МӘТІНДЕ: Кебек. Мен қызылына қызықпаймын, бала... Қуғаным қызығы еді. Атқан өзің, өзің ал. (21 б.)
ҚОЙЫЛЫМДА: Кебек. Мен қызылына қызықпаймын, бала... Қуғаным қызық еді. Атқан өзің, өзің ал.
МӘТІНДЕ: Еңлік. Көргеніме мен де ырзамын, батырым! Бірақ тағыларша тауда табысып тараспайық. Қадірмен күтер қонағым бол... Үйіме жүр! Мына қодығаның да дәмін сонда көрерміз... Ас иесімен тәтті болсын. (21 б.)
МӘТІНДЕ: Жапал. Ойбай, оны да айтпаймын, апатай. Ел құрығандай ер шықпай-ақ қойды ғой әйтеуір. Өзі батыр, өзі көркем... Өзі думан, өзі сері, келсеші тек біреуі... (20 б.)
ҚОЙЫЛЫМДА: Жапал. Ел құрығандай ер табылмай-ақ қойды ғой әйтеуір. Өзі батыр, өзі көркем... Өзі сері, өзі думан, келсеші тек біреуі...
ҚОЙЫЛЫМДА: Еңлік. Көргеніме мен де ырзамын, батырым! Бірақ тағыларша тауда табысып тараспайық. Қадірмен күтер қонағым бол... Үйіме жүр! Мына қодығаның да дәмін сонда көрерміз... Ас иесімен тәтті болсын. Жүр батырым. Мұнда да Еңліктің рөліндегі актриса соңғы сөйлемді өзі қосады.
Немесе қойылымнан жазып алған «Еңлік – Кебектің» екінші суретіндегі төмендегі мысалды да пьеса мәтінімен салыстырып қарар болсақ, айырмашылықтың аз екендігін аңғарамыз.
Жапал. Жығылды! Омақата жығылды... Әй, апатай... Өзіңнен асқан кімі бар?
Кебек. Кімің аттың? (Еркекше киінген Еңлікті танымай.) Сенбісің, бала, атып жыққан? Неге аттың?
Еңлік. Екі ататын сен емеспін, мырза, қодығаң болса, тағы көрсет! (Күледі.)
Кебек. Қап, не дедің сен бала? (Қызық көріп жақындап, ойнай сөйлейді.) Атып бер деп қашан айттым? Қуып атып келе жатқан өзім ем. Қызығын өзім көрмек ем.
Еңлік. Қызғанғаның қодыға болса, ол алысқа кеткен жоқ қой, жігітім. Жапал, алып келіп қодығасын байлап бер мына мырзаның жанына (күледі, Жапал жүгіріп кетеді).
Кебек. Мен қызылына қызықпаймын, бала... Қуғаным қызығы еді. Атқан өзің, өзің ал.
Еңлік. Неге? Қуған сен. Еңбек те, жол да өзіңдікі. Біздікі әншейін еріккеннен сілтей салған бір шығасы оқ емес пе еді? (Жапал қодығаны алып келеді.)
Кебек. (Еңлікке қайран боп қарап). Менің алар жөнім жоқ, бала мырза... Мергендігіңе сүйсіндім, со да менің олжам болсын, өзің ал! Және арқар да жеріңнің аңы еді. Өзіңде қалсын!
Жапал. Тобықты екен ғой өзі!
Еңлік. Мырза, жүгірген аң жер иесінікі емес, жеткендікі болады да. Және біз атқа мініп найза ұстаған аға азамат емеспіз. Жалғыз түп көде мен ұрттам суға таласып матай, тобықты боп шабысатын солар ғой, сіздер ғой...
Кебек. (қасына таңырқап жетіп кеп). Япыр-ау, жаным, сен кімсің осы? Сөзің қалай ұрымтал еді! Жөн-жосығың кім деймін, ә?
Жапал. Өзі кім екен, өзін сұрашы!
Еңлік. Жөн-жосық әуелі жүргіншіден болмайтын ба еді?
Кебек. Оның тағы тура. Алды-артымды орап, қамап болдың-ау, жарқыным. Ендеше мен тобықты жуантаяқ ем... Атым Кебек.
Жапал. Кебек? Батыр Кебек қой, Еңлік?
Кебек. Еңлік? Атыңа қанық ем, құрбым.
Еңлік. Мен сізді көрмесем де білуші ем.
Кебек. Бәсе, еркек десем ептісің, бала десем бидейсің. Айтып сояр ақ малымнан адал екен, Еңлікке кеп кездестірген қодыға неткен құтты еді! (Жапал қолынан алып, Еңлікке алдына әкеп салып.) Көргенге де көңілім өсті, айып етпе, жақсы құрбым!
Еңлік. Көргеніме мен де ырзамын, батырым! Бірақ тағыларша тауда табысып тараспайық. Қадірмен күтер қонағым бол... Үйіме жүр! Мына қодығаның да дәмін сонда көрерміз... Ас иесімен тәтті болсын. (20-21 бб.)
Міне, түпнұсқа жазба мәтін мен қойылым тілін қатар қойып салыстырғанымызда, актерлердің кейбір сөздерді қосып, кейбірін түсіріп айтатындығын, одан мәтіннің мазмұнына еш нұқсан келмейтіндігін, дегенмен, актерлер сөздің коммуникативтік сапасын тиісті дәрежесінде сақтай ма дегенде, қазақ әдеби тілінің нормасын сақтау жағы кемшін түсіп жатқандығын да байқадық.
Сонымен, сахнадағы диалог – көркем дискурстың үлгісі. Бұл жазба тіл арқылы, шығарманың авторы тарапынан әлденеше рет өңделіп, ойдың мәнерлі жеткізілуі үшін тілдік бірліктер барынша мұқият іріктеліп орналастырылған мәтін. Мұндай көркем сахналық дискурстың тағы бір ерекшелігі – адресаттың назарын аударатын сигнал іспетті болуы. Өйткені сөздер, дыбыстардың үйлесуі, дауыстың ырғағы, көрерменнің назарын аударады.
Көрермендер сахнадағы болып жатқан әрекетке имандай сеніп, ондағы айтылған сөздердің әсеріне беріліп, ұйып тыңдайды. Яғни, сахнада адамды иландыру мен сендіру маңызды рөл атқарады. Адамға мұндай әсер ету мен ықпал ету құбылысы «суггестия» деп аталады.
Біз талдап отырған билердің сөздері де суггестиялық амалдарға толы, ықпал ету әрекеті орасан, шешендік сөздердің бір парасы болып табылады.
Қазақ сөзге сенетін, сөзге тоқтайтын халық. Халық өзі сеніп, сайлаған би, шешендерінің сөзін заңға балап, солардың байламдарына тоқтасқан. Олардың шешендік өнеріне таңдай қағыса, тәнті болған. Бұл ойымызға сыншы ғалым
С. Негімовтің мына бір сөзі дәлел: «Шешендік өнер тарихында әрқайсысы жеке бір дәуірге лайық осынау дүлділ ділмәрлардың ойлау еркіндігі, кең құлаштылығы, ұшқырлық, тапқырлық, алғырлық қасиеттері, тілінің мейлінше оралымдылығы, салыстыруға сұңғылалығы, жалпыдан жекеге (дедукция), жекеден жалпыға (индукция) аналогиялық ой қорытуларға ересен зеректігі, сыншылық қабілеті, логикалық жүйелілігі таңдай қақтырады» [54, 144 б.].
Ал шешендік өнердің тарихы мен көркемдік деңгейін зерттеген
Г. Қосымова осы билер шешендігі туралы былай дейді: «Халқымыздың ғұмырнамалық тарихында билер халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаушы, ұлтты ұйымдастырушы, елінің еркіндігін қамтамасыз ететін мемлекеттік мәмілегер, ру тайпалардың басын қосып біріктіруші, халқының салт-дәстүрін берік ұстанушы, бабалардың кемеңгерлік саясатын алға апарушы, кемел ойдың, ұлы даналықтың қайнар көзі, ұрпақ тәрбиесін ұлы мұрат еткен парасатты тәрбиеші, киелі сөз өнерін жандандырушы саңлақ өнерпаз қызметін атқарып отырды» [55, 98 б.].
Мысалдарымызды М. Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесасынан ала отырып, Абыздың сөзіне құлақ түрейік:
Абыз. «Көкей кесті», «Көкей кесті» күй не дейсің? Уа, не қыл дейсің? Тынбаған көңіл, талмаған көкей (жымиып) күшік!.. (Қобызына жағын сүйеп, ырғала толғанып.) Пак пәруәрдігер!.. Бе-еу! (Ыңыранып, Асан қайғының күйіне үн қосып.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет