А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет17/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   95
Еспембет. Олай болса, сенің қырмызыдай талдап шығарған сөзіңе мен ере алмадым, менің билігіме тобықты баласы тоқтайтын болсаң, өз тентегің – ана Кебек, қыз – атамның аруағына қастық қылған менің тентегім, екеуін шығарып бер былай! Мойнына арқан таққызып өз қолымнан өлтіртемін. (Тым-тырыс) Қазір етем осыны. Әпкел, ұстат қолыма!.. (36 б.)
Сондай-ақ билер сөзінде кейбір жағдайларда түрлі көзқарастар, характерлер қақтығысы монолог формасы арқылы да беріліп отырады. Монологтың негізінде түрлі қарама-қайшылықтардың, қақтығысты жағдайлардың шешімі жатады. Монолог, біріншіден, сахна тілінің пассивті сөйлеу формасына жатса, екіншіден, шығарманың өн бойындағы сюжеттік құрылымынан көрінеді.
Монологтық сөйлеуге өзара сөйлесудің мазмұндық, құрылымдық, жеке композициялық құрылымы мен мағыналық аяқталуы бар мәтін үзіктері тән. Монологтық сөйлеудің белгілері жанрлық түрлерден (көркем монолог, шешендік өнер, ауызекі сөйлеу тілі т.б.) және функционалды-коммуникативтік (хабарлау, талдау, көз жеткізу т.б.) қатынастардан көрінеді.
Мәселен, Абыздың қара қобызды күңіренте толғап отырып айтқан мына бір монологы ішкі шерге толы:
Абыз. Кәрі көңіл о бір зәр. Күні еңкейіп, көлеңке басқан бейуақтай. Самал желі мұздай, көк майсаны сыздай етті. Ызғар сезген бойым бар. Панасыз ел баладай... Аспанда қара бұлт ақ бұлтпен шарпысып, телегей ойнап дауылдатып ол келеді. Соны білмей бұл бала тас ошақтың басында от шашып ойнайды, от шашып ойнайды. Қамыққан қамқор қаны... Бек буынған бағлан батыр қаны. (8 б.)
Драматургиялық дискурстағы шешендік сөздерге құрылған билер дискурсы да күрделі синтаксистік тұтастыққа негізделеді. Демек, билер сөздерінің берілу түрлері де әралуан. Олар бір ғана сөйлемнен тұратын репликалар, екі, үш немесе одан да көп сөйлемдерден құралатын диалог түрінде келеді. Драмалық шығармаларда шешендік сөздердің барлығы диалогқа құрылады. Оқиға желісі үзілмей, бастапқы ой ұйытқы болып, күрделі синтаксистік тұтастықта сөйлемдер сабақтаса өрбіп отырады:
Абыз. (күлімсіреп, ұққандай). Қайтсын-ау, сыңқыл-сылтың... сылтың-сыңқыл тілейді-ау жас бейбақ! Көктемнің көркін-ай... Мамырдың бір нұр шуағы дермісің! Жасты көрсем, осылай көрсемші!.. Бақ-талай баршындай! Кебегім болармысың осы сен? (13 б.)
Сондай-ақ билер сөзінде параллельді күрделі синтаксистік тұтастықтар негізінде жасалған параллельді сұраулы сөйлемдер де жиі кездеседі:
Барары жоқ, байлау жоқ,
Ерім қайтіп күн көрер?!
Бәріңнің де нәрің жоқ,
Елім қайтіп күн көрер?! (11б.)
Мұндағы берілген төрт шумақ анафоралық қайталау жолымен жасалып тұр.
Драмалық шығармалардағы билер дискурсындағы көркемдеуіш құралдарға келетін болсақ, метафоралар басты орын алады.
М. Әуезов метафоралық стильдің шебері. Суреткердің шығармаларындағы асқан поэтикалық ұластыруларына қарап осылай деуге болады. Мәселен, пьесадағы Еспембет бидің сөзін келтірейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет