4. Эмоциональды түрде қабылдамау диалогы. Текті. Қарагөзге істемеген ем жоқ. Бақсы-балгер, қожа-молдалардан келмегені, бақпағаны жоқ. Біз де тоздық. Бишара – бұ да тозбай ма? Шошитыным нағашы шешесі осындай науқастан өліпті ғой. Бір жағы, - қайғы десеңдер, шошынғанынан болса да, сол ана жағынан келген дерт те бар ғой... Нарша. Апа, қойсаңшы! Мен ауырлаймын. Осындайды әдейі айтамысың, бишара? Онсыз да тынысым тарылып, үміттен арылып болғам жоқ па? (147 б.) («Қарагөз»).
Бұл диалогтардан адамның сезім арпалысына түсіп, күйзелген шағында эмоциялық көңіл күйін білдіруін, қарсы пікірді қабылдамауын байқаймыз.
5. Сұрақ – жауап диалогы Ғазиз. Неге тұрдың, Дәмеш, үріккен кісіше? Мен әлде мезгілсіз уақытта келдім бе? Дәмеш (күліп). Неге үркейін, кісі үркетін кісі ме едіңіз сіз? Ғазиз. Үрікпей жүрген мінезің де белгілі ғой. Құрғақ қасық ауыз жыртады. Құр сөзбен ауыз жыртуың жеткен жоқ па осы?! Дәмеш (күліп). Түңілген кісіше сөйлейсіз ғой. Неден қажыдыңыз? Ғазиз. Мен ешнәрседен түңілмеймін. Түңілетін кісі үш жылдай хат жаза ма? Мен әлі күнге үміттімін. Тас бауыр ет болып жібімес пе екен күтіп жүрмін. Тек түңілдірме. (Күліседі.) Игіліктің ерте-кеші жоқ. (63-64 бб.)
Бұл жауап алмасулар сұрақ пен оған жағымды қайтарылған жауаптың кезектесуіне құрылған.
6.Қарсы сұрақты диалог (сұрақ диктумға бағытталады). Күләш (бата алмай, ақырын қасына келеді, теріс қарап). Естіп қойды ма әлде? Естісе, маған өкпелейді-ау айтпадың деп! (Дәмешке.) Қалқам, неге жылап отырсың, Еркем? Дәмеш (үндемей отырыңқырап). Не қылушы едің, неменеге сұрайсың? Сүйсініп тұрмысың? Күләш. Сәулетайым-ай, не дейсің? Маған неге сонша қатты сөйлеп отырсың? Бір нәрсеге өкпелейсің ғой өзің. Айтшы, қалқам! (Қасына отырады.) Дәмеш. Аңқаусымай-ақ қой. Апамды сен де ұмытқан екенсің. Өтірік кәдірлеп жүр екенсің ғой. Маған өзгенікінің бәрінен де сенікі батты ғой. (Жылап.) Сенен басқа кімім бар еді? Қайтіп ұмытып, қайтіп жаулық ойладың? (67 б.)