Есеп7.2. Мейоздың бірінші бөлінуінде жыныстық хромосоманың
ажырамауынан адамның 1-ші қатарындағы сперматоцитінде хромосомалардың
2А + Ху жыйынтығы шыққан, осыдан қандай гаметалар және қанша
қатынастағылар пайда болады? Хромосома сандарын көрсетіңдер.
Шешімі: Есепті шешуде мынаны ескеру қажет, 2А адамның толық
аутосомдық хросомаларының жыйынтығы, яғни 44 хромосомалар. Берілген
есептегі мәлімет бойынша мейоздың 1-ші бөлінуінде хромосомалардың
ажырамауы болған, сондықтан 2-ші сперматоциттің 2-ші қатарында: біреуінде
А+Ху – 24 хромосалар жыйынтығы, екіншісінде А – 22 хромосомалар. Жыныс
жасушасының екінші бөлінуінде барлық хроматидтер қалыпты ажыраған және
екі түрлі сперматидтер шыққан: біріншісі - А+Ху – 24 хромосомалары, екіншісі
- А – 22 хроматидтер. Сондықтан екі түрлі, тең мөлшердегі гаметалар
құрылады: А+Ху және А.
Жауабы: спермоциттің 1-ші қатарындағы ажырамаудан пайда болған 2А +
Ху жыныстық хромосомалардан екі түрлі тең көлемді гаметалар құрылады:
А+Ху – 24 хромосомалы және А – 22 хромосомалы.
Есеп7.3. Адамның сперматоцитінің 1-ші қатарында хромосомалардың
ажырамауынан 2А + Ху жыйынтығы шыққан. Мейоздың екінші бөлінуінде
қандай гаметалар және қанша қатынастағылар құрылады? Хромосома сандарын
көрсетіңдер.
Шешімі: Мейоздың бірінші бөлінуінде гомологиялық хромосомалардың
ажырауы қалыпты өткен және 2-ші қатардағы 23 хромосомалы екі
спермоциттер құрылған: А+Х және А+Ү. Есептің шарты бойынша мейоздың
екінші бөлінуінде жыныстық хромосомалардың хроматидтері ажырамаған,
сондықтан екі түрлі сперматидтер шыққан: : А+ХХ – 24 хромосомалы және А –
22 хромосомалы. Спермоцидтің 2-ші қатарындағы А+Ү екі түрлі сперматидтер
құрылған: А+ҮҮ хромосомасы 24 және А 22 хромосомалы. Сонымен
мейоздың екі бөлінуінен кейін 3 түрлі келесі қатынастағы гаметалар пайда
болған: А+ХХ – ¼ немесе 25%; А+ҮҮ – ½ немесе 50%.
A
AA
A
A
A
A
A
A
A
A
Aa
a
a
A
a
A
A
a
a