Жұмыстың барысы Жарық микроскопты үлкейтіп көрсету (7х х 40х) арқылы пияздың
шырынды қабықшасының құрылысымен танысу. Ол үшін микроскопқа
арналған таза заттық шыныға дистилденген суды тамызып, оған пияз
қабықшасының дөңес жағынан алынған өте жұқа кесіндіні салып, жабындық
шынымен жабады. Микроскопқа қарап 3-5 жасушаның суретін салыңдар.
Қараған кезде, кейін суретте мыналарды табыңдар: 1- жасуша қабырғасы;
2 – цитоплазма; 3 – ядро ядрошығымен; 4 – вакуоль.
Тапсыруға арналған сұрақтар: 1.
Жасушаның құрылысы мен органоидтарын айтып беру 2.
Жасуша мембранасының құрылысы мен қызметтері 3.
Жасушада болатын органикалық заттар 4.
Өсімді
және
жануарлар
жасушаларының
ұқсатығы
мен
айырмашылығы 5.
Жасушаның химиялық құрамы неден тұрады 6.
Жасуша ядросының құрылысы 1.2. Жасушалардың жыныссыз көбеюінің цитологиялық негіздері. Митоз. Жұмыстың мақсаты: студенттерге митоз, мейоз процестерін мектеп
бағдарламасы бойынша естеріне түсіруіне көмектесіп, ары қарай генетикалық
материалдарымен тереңірек танысуына бағдарлау
Қажетті құрал жабдықтар: микроскоп, тұрақты препарат митоз,
мейоздық, плакат, үлестірмелі карточка
Жұмыс барысы: 1- нұсқа. Оқу әдістемелік, оқу құралды оқып талдап, қысқаша
конспектілеу. Микроскоп арқылы митоз кезінде дайындалған препараттарды
қарап, хромосомалардың түр түрлерін ажырату. Көрнекі құралдардан
хромосомалардың құрылысын байқап, талдау. Микроскоппен көргендерін және
көрнекі құралдарды пайдаланып хромосоманың түр түрлерін, құрылысын
арнайы альбомға жай және түрлі түсті қаламдармен суретін салу.