А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Хромосоманың құрылысы және хромосома ережелері



Pdf көрінісі
бет14/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

 
1.4. Хромосоманың құрылысы және хромосома ережелері 
 
Жұмыстың мақсаты: Хромосоманың құрылысы және хромосома 
ережелерін түсіндіру, игеруге арналған материалдар арқылы 
 
Қажетті құрал – жабдықтар: Микроскоп, адам хромосомасы егілген 
дайын препараттар, оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар 
Қысқаша мағлұмат: «Хромосома» терминін генетикаға эукариоттық 
жасушаларды зерттеу барысында жақсы боялатын жасушаішілік құрылымды 
белгілеуге 1888 ж. неміс морфологы В. Вальдейлер қолданды. Хромосома 
жіпшелік нуклеопротеидтік құрылым. Хромосомалар 90-92% ДНҚ дан және 
белок гистондардан тұрады. Қалған 8-9% РНҚ, Ca,Mg,Fe иондары, басқа да 
РНҚ мен комплексті белоктар болып табылады. ДНҚ молекулалары өте үлкен, 
10млн шамасында. Кей жағдайларда 50-100 млн-ға жететіндері де бар. ДНҚ 
молекуласы бір бірімен тізбектеліп отыратын мономерлер дезокси 
рибонуклеотидтерден құралған. 


28 
Хромосома ережелері
1. 
Хромосома саны әрқашанда тұрақты; 
2. 
Ағза хромосомалары жұпты (гомологты); 
3. 
Хромосомалардың жеке даралық ерекшелігі бар; 
4. 
Хромосомалар құрылысы жағынан үздіксіз. 
Хромосоманың индері және центромерасы бар, ол хромосоманы екіге 
бөліп тұрады (11-12 суреттер). Центромераның орналасуына байланысты 
хромосомаларды мынадай түрлерге бөледі: 
- метацентрлі – центромерасы орта бөлігінде орналасқан хромосома, мұндай 
хромосоманың иықтарының ұзындығы бір-бірімен шамалас болып келеді; 
- субметацентрлі - центромера бір ұшына қарай орналасқан, иықтары 
әртүрлі ұзындықпен орналасады; 
- акроцентрлі - центромера хромосоманың шетіне өте жақын орналасқан, 
оның қысқа иығы жарық микроскобында байқалмайды; 
- телоцентрлі – жалғыз иықтан құралған. 
11 сурет . Хромосомалардың түрлері 


29 
12 сурет. Y-хромосомалар Х-хромосомалардың көріністері 
Хромосомалар 
жасушалардағы 
тұқымқуалаушылық 
материалы 
болғандықтан, кез-келген биологиялық түрлерде, олардың саны тұрақты 
болады. Хромосома жиынтығының диплоидтық саны (2n) – дене 
жасушаларында, гаплоидтық саны (n) – жыныс жасушаларында болады. 
Кейбір ағзалардың хромосома жиынтығы (2n, n) 2-ші кестеде келтірілген. 
Кесте 2. Кейбір ағзалардың хромосомаларының жиынтығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет