А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Рибосомалар – топталып полисомаларды түзеді. Рибосомада ақуыз  биосинтезі өтеді.  Гольджи аппараты



Pdf көрінісі
бет8/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   159
Рибосомалар – топталып полисомаларды түзеді. Рибосомада ақуыз 
биосинтезі өтеді. 
Гольджи аппараты – қоймалардан және көпіршіктерден тұрады, олар 
арқылы 
эндоплазмалық 
тордың 
түтікшелерінде 
түзілген 
ақуыздар, 
полисахаридтер, 
майлар, 
ферменттер 
жыйнақталады, 
кейін 
қажетті 
органоидтарға тасымалданады. 
Лизосомалар – сырты үш қабатпен қапталған денешіктер. Олардың ішінде 
ақуыздарды, 
нуклеин 
қышқылдарын, 
липидтерді, 
полисахаридтерді 
ыдырататын ферменттер орналасқан. 
Пластидтерөсімдіктерде болады, олар үшке бөлінеді: лейкопластар, 
хлоропластар, хромопластар. Хлоропластардың саны 20 жуық, оларда 
фотосинтез процесстері өтеді. 
Жасуша орталығы – цилиндр тәріздес денешіктер. Олардың қабырғасы 
микротүтікшелерден құралған. Орталық жасуша бөлінерде, бөліну ұршығын түзеді. 
Эндоплазмалық торды 1945 жылы К.Портер электрондық микроскоптың 
көмегімен тауық балапанының ұлпасын зерттегенде белгігі болды. 1950 
жылдары өте жұқа кесінді жасап, микроскоппен көру арқылы эндоплазма 
аймағы қуыстар мен каналдардан тұратынын және олар бір-бірімен 
байланысып, күрделі тор түзетіні анықталды (3- сурет). 
3-сурет. 1–тегіс эндоплазмалық тор; 2–түйіршікті эндоплазмалық тор; 
3-ядрошық; 4–кариоплазма; 5–Гольджи аппараты; 6–рибосомалар. 


16 
Эндоплазмалық тор түйіршікті (кедір-бұдыр) және тегіс болып екіге 
бөлінеді. Түйіршікті эндоплазмалық тор ұзынша келген каналдар мен 
қуыстардан тұрады. Қуыстардың ені оның қызметтеріне қарай өзгермелі болып 
келеді. Түйіршікті эндоплазмалық тор мембранасының цитоплазмаға қараған 
бетінде тығыз түйіршіктері бар. Ол жерде рибонуклеопротеидтер орналасқан, 
олар рибосомалар. 
Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомалардың мөлшері ақуыз 
биосинтезінің қарқындылығына тәуелді. Рибосомалар ақуыз биосинтездеуіне 
қатысады. Эндоплазмалық тордың мембранасы протеолиттік ферменттері 
ақуыз биосинтезіне қатысады. Рибосомадағы синтезделген ақуыз молекуласы 
эндоплазмалық тордың қуысына түсіп, ол арқылы қажетті жерге 
тасымалданады. Сондықтан ядроның мембранасы эндоплазмалық тордың бір 
бөлігі болып есептеледі, оны 4-суреттен айқын көруге болады. 
4-сурет. Эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы және лизосоманың 
байланысы 


17 
Тегіс 
эндоплазмалық 
тор 
липидтердің 
құрамындағы 
көмірсу 
молекулаларының синтезіне қатысады және оларды тасымалдайды. 
Эндоплазмалық торды, жетілген эритроциттер мен көк жасыл балдырлардан 
басқа жануарлардың, өсімдіктердің және қарапайымдардың жасушаларынан 
жақсы көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет