А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет7/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   159
Жасуша мембранасының құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі.
Электрондық 
микроскопты 
пайдаланып 
жүргізілген 
зерттеу 
жұмыстарының нәтижесінде өсімдік және жануар жасушасы мембранасының 
құрылысы толықтай анықталды.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесі өсімдік жасушасы мембранасының 
клетчаткадан тұратындығын және оның тірек қызметін атқаратындығы белгілі 
болып шықты. Егер өсімдіктің жапырағын бірнеше рет бүктеп қайта жазса, 
біраздан кейін бұрынғы қалпына келеді. Бұл құбылыс жасуша мембранасының 
серпімділік қасиетін білдіреді. Сондай-ақ, бұл өсімдік жасушасы 
мембранасының физикалық қасиетіне тән құбылыс. 
Эукариоттар жасушасының мембранасы үш қабаттан тұрады (2-сурет). 
Ішкі және сыртқы қабаттары - ақуыз молекулаларынан, ал ортаңғы қабаты - екі 
қатар фосфолипид молекуласынан тұрады.
2 сурет. Плазма мембранасының құрылысы 


14 
Жануарлар жасушасының сыртқы қабықшасы жұмсақ созылғыш келеді, ол 
гликокаликс молекуласынан түзіледі. Жасушаның сыртқы қабаты оны сыртқы 
ортадан бөліп тұрады, ал ішкі қабаты көпіршік түрінде болады да,
құрамындағы заттарды цитоплазмалардан ажыратады. Жасуша мембранасы 
шалаөткізгіштік қасиетке ие. Кейбір заттар жасушаның ішіне тез өтеді, ал 
кейбіреулері жай өтеді немесе жасуша аралық ортада қалады. 
Плазмолемма. Жануарлар мен өсімдіктер жасушасының цитоплазмамен 
тікелей байланысқан ішкі қабаты плазмолемма мембранасы деп аталады. 
Плазмолемма мембранасы өте жұқа, қалыңдығы 10 нм шамасында болады. 
Оның сыртқы беті көмірсулардан, ішкі жағы қалың ақуыз молекуласынан 
тұрады. Плазмолемманың сыртын көмірсу молекулалары - гликокаликс 
қаптайды, оның қалыңдығы шамамен 3-4 нм. Мембрананың негізгі химиялық 
құрауыштарына 60% ақуыз, 40% май және 2-10% көмірсулар жатады. 
Жасуша тіршілігінде плазмолемма өткізгіштік, тасымалдау, қорғаныштық және 
т.б. қызметтер атқарады. 
Сыртқы ортадан жасушаға су, әр түрлі иондар және т.б. молекулалар 
плазмолемма арқылы өтеді немесе керісінше одан шығады. Ірілеу молекулалар 
баяу өтеді де, ұсақ молекулалар тез өтеді. Ең жылдам өтетіндер су молекуласы.
Мембрананың саңылаулары арқылы ұсақ су молекулалары мен иондар жылдам 
өтеді. Кейбір ірілеу келген молекулалар, ақуыздар, нуклеин қышқылдары
майлар ферменттер арқылы ыдырағаннан кейін мономерлер түрінде өтеді.
Плазмолемманың сыртында рецепторлық ферменттері болады. Олар бір 
жасушаның 
ішіндегі 
заттарды 
екінші 
жасушаға 
өткізеді. 
Кейбір 
макромолекулалар эндоцитоз жолымен өтеді. Эндоцитоз - фагоцитоз және 
пиноцитоз болып екіге бөлінеді. Фагоцитоз деп - жасуша мембраналары 
арқылы ірілеу келген түйіршіктердің өтуін айтады. Фагоцитоз жолымен 
жасушаға өткен ірілеу түйіршіктер лизосомадағы гидролиздеуші ферменттер 
арқылы қорытылады. Пиноцитоз кезінде жасушаға ірірек келген су тамшылары 
өтеді. Эндоцитозға қарама-қарсы процесс экзоцитоз деп аталады. Жасушада әр 
түрлі ақуыз молекулалары, ферменттер, полисахаридтер және май тамшылары 
артық мөлшерде жинақталады. Олар экзоцитоз процесі арқылы жасуша 
мембранасынан сыртқа шығарылып, гликокаликс қабатында шоғырланады. 
Мұнда 
шоғырланған 
биополимерлер 
мен 
органикалық 
қосылыстар 
ферменттердің жәрдемімен мембранадан тыс ыдырайды, мұны экзоцитоз 
құбылысы дейді. 
Жасушалар бір-бірімен жасуша аралық байланыстар арқылы бірігеді. 
Жасушаның мембранасы тегіс болмайды. Көріп отырғанымыздай, бір 
жасушаның өсіндісі екіншісінің ойығына кигізіледі де, берік байланыс түзеді. 
Сондықтан жасушаларды жекелеп бір-бірінен бөліп алу мүмкіндігі болмайды.


15 
Плазмолеммадағы липопротеидтер мен гликокаликс арасындағы байланыстар 
анықталынды. Оны - саңылаулы байланыс деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет