18
Қысқаша мағлұмат:
Митоз жасушалардағы күрделі бөліну. Гректің митос/ жіпше деген сөзден
шыққан. Митоз кезінде генетикалық материал екі жаңа пайда болған
жасушаларға теңдей бөлінеді. Сөйтіп, ұрпақтарындағы
хромосомалардың
ұқсатығын қатамасыз етеді. Митоздың биологиялық маңызы хромосома
санының екі еселенуі және олардың жаңа жасушаларға тең бөлінуі. Жасушалар
бөлінген кезде міндетті түрде бес бөліну сатысынан өтеді.
Интерфаза. Жасушаның екі бөліну арасындағы тіршілік кезеңі. Бұл
кезеңде жасушада зат алмасу және синтез процесі қарқынды жүреді.
Хромосомадағы ДНҚ екі еселенеді.
Пофаза кезінде
хромосома жіпшелері өз
өзінен ширатылып спираль түзеді. Сонысына қарай,
айтарлықтай қысқарып,
ядродағы ядрошықтар бұзылады. Профазада ядро қабықшалары ыдырап,
кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді.
Метафаза кезінде хромосомалар
жасуша экваторына жиналып
шоғырланады. Бөліну жіпшелері пайда болып,
хромосома орталықтарына
бекиді. Хромосомалар хроматидаларға ажырайды. Метафазаның ақырында жұп
хроматидалар тек бірінші тартылу аймағында ғана бір бірімен бекіп тұрады.
Бөліну жіпшелерінің екінші ұшы болашақ жасушалар жақтағы,
жасуша
полюстарында қалады
Сурет 5. Жасушаның тірішілік циклінің сызбасы
19
.
Анафаза кезеңі бөліну кезеңдерінің ең қысқасы. Бұл фазада хроматидалар
немесе жаңа жасушалар хромосомалары ақырғы бекіген жерлерінен ажырасып,
бөліну жіпшелері оларды жасуша полюстарына қарай тарта бастайды. Фаза
соңында хромосомалар қозғалысын тоқтатып, ажырасу процесі аяқталады.
Телофаза кезінде бөліну аппарты бұзылады, ядрошықтар пайда болады.
Жасушаның
қарама
қарсы
полюстарында
жаңадан
пайда
болған
хромосомалардың сыртынан ядро қабығы пайда болады.
Жаңа ядролардың
қайта құрылуымен қатар, жасуша цитоплазмасында да бөлінуі процесі өтеді.
Оны
цитотомия деп атайды. Жасушалар митоз арқылы бөлінгенде жаңа пайда
болған хромосомалары саны жасуша бөлінбей
тұрғандағы жасушадағы
хромосомалар санымен тең болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: