А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Митоздың биологиялық маңызы



Pdf көрінісі
бет11/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Митоздың биологиялық маңызы 
1. Хромосомалар алдымен екі еселеніп алып, содан кейін жаңа түзілген 
екі жасушаға тең мөлшерде бөлінеді, келесі бірнеше қатарлардағы 
бөлінулерде тұқым қуалау қасиеттерін сақтайды. 
2. Ағзаның өсуіне және дамуына ықпалын тигізеді. 
3. Жасушалардың жасаруын қамтамасыз етеді.
2 -Нұсқа 
Жұмыстың барысы: ұстарамен өте жұқа етіп кесілген пияздың тамырына 
жақын бөлімнен ұзынынан және көлденеңінен препараттар дайындау керек. 
Оған зертханалық аспаптарды пайдалану қажет. Олардың митоз жолымен 
түбіне жақын бөлігінде бөлініп жатқан жасушалар көп болады. Бөліну 
үстіндегі жасушаларды алдымен кіші ұлғайтқыш арқылы, кейіннен үлкен 
үлғайтқыштар арқылы қарау қажет. Әртүрлі бөліну кезеңіндегі жасушаларды 
тауып қарау қажет. 
Көкбауырдан препарат дайындағанда оның шетінен ұстарамен өте жіңішке 
қиындыны дайындап алады. Соңынан қиынды сорғыш қағаз арқылы 
құрғатылады. 10 минут шамасында Карнуа ертіндісімен бекітіледі де, соңынан 
екі ыдыстағы 70

–тық спиртпен әрқайсысы 5 минуттан жуылады. Осыдан соң 
барып қиынды препаратты зерттеп қарауға болады.
Дайын 
препараттан 
митоздық 
бөлінудің 
әртүрлі 
сатысындағы 
жасушаларды тауып, көріп зерттеп сатыларын анықтау қажет. Зертханадағы 
әртүрлі көрнекі құралдарды пайдаланып, микроскоп арқылы көргендерін 
пайдаланып, митоздың сызбасын дәптерге салу.  
Электронды микроскоп арқылы жасушаның бөліну кезеңдерін бақылауға 
болады, оның жалпы көрінісі 6-ші суретте келтірілген. 


20 
Сурет 6. Электронды микроскоп арқылы жасушаның бөліну кезеңдерін бақылау 
Хромосомалардың саны мен пішінін метафазаның соңында, анафазаның 
басында айқындау оңайға түседі.
Митоздық хромосомалар екі иіннен, алғашқы тартылыстан (кермеден), 
центромерадан тұрады. Митоздық хромосомалардың құрылысы 7-ші суретте 
келтірілген. Митоздық хромосоманың қысқа иінін «Р», ұзын иінін–«р» әріпімен 
белгілейді. Центромера–жасуша бөлінуі (митоз, мейоз) кезінде хромосоманың 
қозғалуын қамтамасыз етеді. Егер центромера болмаса хромосомалар қозғала 
алмай жойылып кеткен болар еді. 
Үнемі бөлінуші жасушаларда (ұрық жасушаларында, ствол (діңгек) 
жасушаларында) теломералар ұзындығын қалпына келтіріп отыратын ерекше 
фермент–теломераза ферменті болады.
Дене жасушаларының бөлінуінің басқа да түрлері кездеседі: амитоз, 
эндомитоз және политения. 
Амитоз –жасушаның қарапайым жолмен тікелей екіге бөлінуі. Мұндай 
бөліну 
арнайы 
ұлпа 
жасушаларында 
(картоптың 
крахмал 
түзгіш 
жасушаларында), патологиялық (қауіпті ісік жасушаларында) т.б. кездеседі. 
Эндомитоз – жасушадағы хромосомалар саны екі есе артады, бірақ ядро 
екіге бөлінбей жүретін процесс. Нәтижесінде жасушадағы хромосомалар 
сандары көбейіп кетеді (10 есеге дейін). Мұндай құбылыс өсімдіктер мен 
жануарлардың белсенді қызмет атқаратын ұлпаларында байқалады. 


21 
Сурет 7. Митоздық хромосомалардың құрылысы 
Политения - жасушадағы хромосома екі еселенгенімен, оның саны 
өзгермейді, жаңа түзілген хромосомалар бір-бірімен жалғасып кетеді. Мысалға, 
шыбынның сілекей бездерінде кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет