«Орамал тастамақ» ойыны
/3- ші нұсқасы/
Дидактикалық мақсаты: Сан құрамын есте сақтау. Сан құрамына байланысты өрнек құрастыру. Шапшаң есептеуге дағдысын қалыптастыру. Керекті құралдар: қол орамал.
Ойын мазмұны: Ойынға сынып оқушылары тегіс қатысады. Ойын басқарушы бір санды өрнекті не санды айтып, орамалды кез келген оқушының алдына тастайды. Ол оқушы іле жауабын айтады, жауабы
дұрыс болса келесі оқушыға өзі ойлаған өрнегін немесе санын айтып орамалды алдына тастайды. Мысалы, орамал тастайтын оқушы 9 десе , орамал алған бала 8+1, 5+4 т.с.с жауабын айтады. Ойын осылайша жалғаса береді. Бұл ойынды сан құрамын анықтау барысында. Кестелік қосу мен азайту, бөлу мен көбейту тақырыптарын өткенде пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |