Дидактикалық мақсаты: 20 көлемін ауызша және жазбаша есептеп дағдыландыру.
Қажетті материалдар: Цифрлар жазылып, қиып алынған карточкалар.
Мазмұны: Мұғалім 1-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған карточкаларды балаларға таратып береді. Ойынның тәртібімен таныстырады. Бір балаға карточканы береді де, тақтаға шығарады. Бала қолындағы санды атайды. Мұғалім балаларға қарап, сол санды 9-ға дейін толықтыр дейді. Содан соң оны 14-ке, соңынан тапсырма береді. Қалған оқушылар бақылушылар ролінде болады.
6+3+5+6=20
2+8+7+3=20
4+2+3+6+5=20
Ойын нәтижесінде тез және қатесіз орындаған топ озып шығады. Ойынды сан құрамын табуға, ондықтан аттап қосу мен азайтуға да пайдалануға болады. Келесі сабақтарда күрделендіріліп, орындай беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |