Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет100/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   109
ШЕШУШІ КЕЗЕҢ
«Ақ Сарбаз», «Тәңір Жауынгері» кітаптарын алғаш оқып
ондағы ақпараттарға қанған адамды әуелі шексіз қуаныш 
билеуі мүмкін. Өз ұлтының тағдыры мен ұрпағының тағдырына 
уайымдайтын қазақ үшін мұндағы жаңалықтар зор жұбаныш 
әкеледі.
Кеудені кернеген сезімді басқамен бөліскіңіз келеді. Әрине 
әуелі қасыңыздағы жақын-жуығыңызға айтасыз. Көбіне 
кереғар реакцияға тап боласыз.
Сізді «есі ауысқан» немесе «әлдебір сектаға кіріп кеткен» 
деп санауы, сыртыңыздан күлуі әбден мүмкін. Қасыңыздағы 
жарыңыздың өзі осылай айтса таң қалмаңыз. «Ауылдағының 
аузы – сасық» деген мақал, «ешкім де өз елінде пайғамбар 
емес» деген қанатты сөз осыған қарата айтылған.
Сізге жұбаныш әкелген бұл Білім басқалар тарапынан 
мойындалмаса, күйіп-пісудің керегі жоқ. Ағайын-туыс, дос-
жаранмен бұрынғыша сыйласа беріңіз. Бұл Білім сіздің өмірге 
деген көзқарасыңызды өзгертіп, сіздің ізгі қасиеттеріңізді 
оятып, сізді жақсы қырыңыздан таныту үшін ғана берілгенін 
ұмытпаңыз.
Ислам сектасына кіріп, сақал қойып, мұртын қырып жүрген 
жастарды көрген шығарсыз. Намаз оқымайтындарды «кәпір» 
санап, үлкенмен амандаспайтын, тамағын бөлек қазанға 
пісіріп ішетіндер бар.
Егер сіз өзіңізді Ақ Сарбазды білгеніңіз, және сенгеніңіз үшін 


315
ғана өзгелерден артық санасаңыз жаңағылардан қай жеріңіз 
артық болмақ?
Бұрынғы дөрекі, ашушаң мінезіңіз кетіп, жібектей есіліп 
тұрсаңыз, қонақжайлығыңыз артса, адамдарға кешіріммен 
қарауды үйренсеңіз, жүзіңізден мейірім шуағын шашып 
тұратын болсаңыз – бұл айналаңызға байқалмай қалмайды.
Сіз өзіңіздің дұрыс жолда екеніңізді өз ісіңізбен дәлелдейсіз.
«Өзім сияқты ойламайтын, өзіме тең емес ортадан құтылуым 
керек!» деген астам ойдан аулақ болыңыз. «Ізгі жолдас іздесең 
– жалғыз қаласың» деген мақал бар.
Сіздің туысқандарыңыз бен отбасыңыз – Рух Әлемінен өзіңіз 
қалап туған ортаңыз. Бәлкім мұндағы адамдар сіздің кармалық 
бережақтарыңыз болар. Ешкімді де үгіттеп, болмаса күштеп 
ізгілік жолына әкелуге болмайды. Санасы бар адам барар 
жолын өзі таңдайды.
Адамзат екі бағытқа шоғырланып жатқан қазіргі шешуші 
кезеңде әркімнің өз жолын өзі таңдауы маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет