51
– Мен көшеге шығып базарға қарай бара қалсам мені
көрген қазақ жігіті мен жаққа бір түкірмей өтпейтін болды.
Өздері сезбесе де мұны рухы істетеді. Өз-өзімнен қорынғаным
сондай, тіпті көшеге шыға алмайтын болып қалдым – деп
күйіне әңгімелейтін.
– Неге сіз жаққа қарап түкіреді?
– Біз сен үшін желтоқсанда қан төктік. Ал, сен қазіргі
қорлығымызға жай қарап қана отырсың! – деген өкпесі ғой.
Ұстаздың аса сезімтал Жаны
кез-келген тіршілік иесімен
рух деңгейінде түсінісе алатын еді.
Әңгіме дәстүр тақырыбына ауысты. Мен жапон
самурайларының өз өздерін өлтіретін харакири дәстүрі туралы
сұрадым:
– Өз-өзін өлтіру барлық дінде күнә болып саналады ғой. Ал,
өзіне харакири жасаған жапондыққа не болады?
– О дүниеде өте құрметтеледі! – деп жауап қатты Ұстаз.
– Не үшін?
– Ата салтын сақтағаны үшін!
Біздің «азды-көп жауды санамай, жалғызбын деп қарамай»
елін-жерін қорғап жауға шапқан көзсіз батырларымыздың
бәрі өлген соң ел түнейтін киелі орынға айналатыны ойыма
оралды.
– Қазақтың аруақтан бала сұрағаны, көмек сұрағаны дұрыс
па?
– Әрине дұрыс! Әруақтар
Құдай мен екі араны жалғап
тұрған арқан іспетті. Биік Дүниеде ешкім де жеке-жеке өмір
сүрмейді Құдайлық санамен бірігіп өмір сүреді. Құдайды – Шың
деп елестетсек, Шыңға өрмелегенде арқан керек. Арқанды
лақтырып тастасаң шың басына қайтіп шығасың? Әруақ та сол
сияқты. Әруақтың қолдауынсыз батыр да би де жырау да іс
жасамаған.
Қазіргі қазақ жастарының дүрмекке ілесіп дүрдитіп сақал
қойғаны, қыздарымыздың қымтанып-шымқанып алғаны діннің
мағынасын танымағандығынан екенін әңгімеледі.
Менің: «өзі аз қазақтың жастарын жат ағымға жібермеуге
болмас па еді?» деген ойымды көрген Ұстаз, ешкімді мұрнынан
Ұстаз
туралы