58
Ақ
Сарбаз Әлемі
«ДОС»
Біздің «жан қиыспас дос» боп жүрген адамдарымыз бұрынғы
ғұмырлардағы карма жібі үзілмеген жандар болуы мүмкін.
Адам рухани жолға түскен кезде ол карма жібі шешіле
бастайды да, әркім өз шеңберінде қалып қояды.
«Ақ Сарбаз» кітабында аңшылық туралы естеліктер әдемі
жазылған.
Ол демалыс күндері орыс досы екеуі ауылға қырғауыл атуға
барып тұратын.
Осындай күндердің бірінде
жеңіл көлікпен келе жатқан
бұлардың жанынан аң қаша жөнелді.
Машина тоқтай қалды. Қимылы шапшаң Ақ Сарбаз
мылтығын ала сала сыртқа ұмтылды. «Атқаны аман кетпеген,
тигені тұяқ серппеген» мергендігі өзіне мәлім.
Аңды атып
жіберіп, құлағанын көріп кері бұрылған кезде көлік ішінде көзі
бақырайып сұп-сұр боп отырған досын көрді. Мылтық ұстаған
қолдары дір-дір етеді.
Сөйтсе ол аңды терезеден көздеп шүріппені басады. Осы
сәтте шапшаң Ақ Сарбаз жауырынымен мылтықтың алдын
жауып тұра қалған...
Құдай сақтағанда шүріппесі басылса да мылтық атылмапты.
Бұл – бұрынғы ғұмырда болған оқиғаның басқа жағдайда
қайталануы еді. Бір күні досы оған түсін әңгімеледі:
– Түсімде мен сені атып жатыр екенмін.
Атқанда да тура
жүректен көздеппін – деді.
– Немен аттың, мылтықпен бе?
– Жоқ, пистолетпен. Дуэлдің ұзын оқпанды пистолетімен
аттым...
Лермонтов кезінде өзімен «дос» боп жүрген Мартыновтың
оғынан осылай қаза болған еді...