Ақ Сарбаз Әлемі. indd


АҚ САРБАЗ – ТӘҢІР ЖАУЫНГЕРІ



Pdf көрінісі
бет20/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   109
АҚ САРБАЗТӘҢІР ЖАУЫНГЕРІ
Бұл каналға дүрмекпен келіп қалып, мұндағы жазбаларды 
оқыған елдің біразы: «неге олай?», «неге бұлай?» деп сұрап 
жатады. Өйткені өмірді өзінің көзі үйренген формасында көріп, 
қабылдауға ғана бейімделіп қалған. 
«Сіз дүниені бұрын астынан қарап келдіңіз, енді үстінен қарап 
үйреніңіз» – десек ол кісілерді ренжітіп алуымыз да кәдік. Діни 
догмаларға байланып, санасы сүйелденіп қалған жан мұндай 
Ілімді мүлде қабылдамауы мүмкін.
Құлдық санаға әбден бауыр басып, мәңгүрттікке еті өліп 
кеткен адамды Түнектің торынан алып шығу оңай емес. (Мәңгүрт 
қожайыны бұйырса, өзінің туған шешесін де атып тастаудан 
тайынбайды)
Каналдың атын тағы бір қараңыз. Ақ Сарбаз – Тәңір Жауынгері» 
деп айқын, ашық жазулы тұр. «Ислам нұры» болмаса «Бизнес 
бастау» деп тұрған жоқ қой.
Канал туралы ақпаратта: «Адамзат ғасырлар бойы күткен 
Ғарыш Жауынгері туралы, Ақ Сарбаз жолын ашқан Эволюцияның 
алтыншы сатысы мен қазақ халқы туралы, Ғарыш Заңдары 
туралы» деп түсініктеме берілген.
Бұл канал «Ақ Сарбаз» және «Тәңір Жауынгері» деген екі 
кітапқа арналған. Қос кітаптың аудионұсқасы толық берілген. 
Кітаптың баспадан шыққан нұсқасын қайдан алуға болатыны 
айтылған.
Кітапты алғаш алып оқығандарға Кітаптағы ақпаратты ұғу 
ауыр тиуі мүмкін. (Өйткені көбі діни білімнен асып ізденбеген). 
Сол себепті біз бұл жерге Ақ Сарбазбен болған сұхбаттардың 
бейнежазбаларын салдық. Қал-қадерімізше кітаптағы Ғарыш 
Заңдарын қазақы тілмен түсіндіруге тырыстық.
«Ақ Сарбаз» кітабындағы Білімді санаға сыйғызу үшін заңғар 
ақыл жеткіліксіз. Таза жүрек керек!
Бесінші ақыл сатысының адамы бұл білімге ешқашан сенбейді. 
Сенбеуі дұрыс. Өйткені оның рухани деңгейі төмен.
Бесінші Саты адамының көзқарасымен қарағанда, бұл білімге 
Ұстаз туралы


64
Ақ Сарбаз Әлемі
сеніп, және айналасына айтуға тәуекелі тұрған адам – аздап 
қуатын, бір шаригі жетпейтін адам.
Ештеңе етпейді. Ақ Сарбазға да өмір бойы айналасындағылар 
(туысқандары мен жұмыстастары) осылай қараған. Мұса 
пайғамбар кеме жасатып жатқанда да айналасындағы ел күлген: 
«бұл кемені өгізге жегейін деп жүрсің бе, жақын жерде теңіз жоқ 
қой?!» – деп.
«Ел күледі екен» деп тасада тығылатын уақыт өтті. Адамзаттың 
осы уақытқа дейін бар жиған-тергені сарапқа салынып
Рухыңыздың байлығы сыналатын кез келді.
Осы уақытқа дейін әрбір қазақ ауыр сынақтан өтті. Ғұмырлар 
бойы жинаған тәжірибесін пайдаланып, дүниенің торы мен діннің 
торына шырмалмай өткені саусақпан санарлықтай шығар деп 
ойлаймын.
Мұндағы жазбаларды оқығандар: неге Құдай мен Тәңірді ғана 
айта берген? Алланы ауызға алмайтыны қалай? – деп таңырқайды. 
Болмаса: қара Күштерден қорғану үшін құран аяттарын, қасиетті 
дұғаларды оқу туралы ақпарат неге жоқ? – деп сұрайды.
Түсіндірейін: барлық діндердің түп атасы – Тәңір Ілімі. Ол 
Ілім Адам Ата мен ұрпақтары өздерін Тәңірінің Перзенті сияқты 
сезініп, Құдыретті Күштермен рухани байланыста өмір сүрген 
сәттен басталған.
Бейнелеп айтқанда Тәңірі Ілімі сіздің денеңізге шақ, ықшам 
жаздық киіміңіз секілді.
Уақыт өте келе сайтан адамзат ұрпағын адастырып, тұйыққа 
тіреді. Адам алдындағысын көре алмас соқыр, өзін ұстай алмас 
дүлейге айналды. Біреуіне таяқ, біреуіне тізгін керек болды.
Сол себепті Ғарыш, Жер халықтарына үш рет елші жіберіп
олармен Келісім-Шарт жасасты. Ол келісім-шарттар жазбаша 
құжатпен куәландырылып, бекітілді.
Бірінші Келісім-Шарт Мұса арқылы жасалды. Құжаты – Таурат
Екінші Келісім-Шарт Иса арқылы жасалды. Құжаты – Библия
Үшінші Келісім-Шарт Мұхамбет арқылы жасалды. Құжаты – 
Құран.
Бұл кітаптар жекелеген халықтарға түсіп Әлемге тарады. 
Дәлірек айтсақ Түнек Иелері осы құжаттарға өз пункттерін енгізіп, 
Әлемге таратып, адамзатты енді дінмен байлауға көшті. «Егер жау 
күшті болса, оның ішіне кіріп кетіп, өз қаруын өзіне пайдалану» 
Түнекшілердің сүйікті әдісі.


65
Қазақ халқы сол баяғы Тәңірлік киімінде қалды. Біздің барлық 
дәстүріміз Тәңірлік сенімнен қалыптасқан. Қожалар ислам 
киімін әкеліп бізге қанша кигізсе де қазақты бұрынғы табиғи 
таза қалпынан айыра алмады. Тіпті қожалардың өзі араптығын 
ұмытып, қазақ болып кетті.
Қазақтың Алланы мойындаған себебі – Тәңір Іліміне ұқсас 
болғандықтан еді. Алайда қазақ шариғатпен емес, ата-бабасы 
салған адами жолмен жүретін.
Енді Алтыншы Саты келе жатыр. Бұл Дәуірде Тәңірден шыққан 
Ілім өз нүктесіне айналып қайтып келеді. Адам енді өзін Құдайдың 
құлы емес, ұлы сияқты сезінетін болады. Әлемде Тәңірлік Сенім 
орнайды.
Егер сіз араққұмар болмаса наркоман болсаңыз, өз нәпсіңізді 
ауыздықтауға күшіңіз жетпейтін болса, онда сізді одан тартып 
ұстайтын тізгін керек. Ол әрине – дін.
Егер сіздің қылмысыңыз жоқ болса, өз-өзіңізді зиянды әдеттен 
тия алсаңыз, тоңқайып намаз оқып, түсініксіз тілде дұға күбірлеудің 
не қажеті бар?
«Бұрын да мықты едім осылай істесем бұрынғыдан да мықты 
болам» деп ойласаңыз қателесесіз. Бұл – «артық қылам деп 
тыртық қылу»
Жаңа Дәуірде ешбір діннің керегі болмай қалады. Алтыншы 
Саты Рухтың ояну сатысы.
Көпшілігі тозақтан, қабір азабынан қорқады. Нені көп 
ойласаңыз соған тап болатыныңызды түсініңіз. Рух өз ойы жеткен 
жерге дейін ғана көтеріле алады.
«Тәңірге сенетін адамға тозақ жоқ» – дейді Ақ Сарбаз. 
Түнектің ендігі торларынан шырмалмай өту үшін санаңызды діни 
догмалардан тазартуыңыз керек.
Менің бұл каналдағы жазбаларымның көбісі өзіндік рухани 
ізденістен туған, бұдан 20-25 жыл бұрын жазылған жазбалар. 
Мұндағы ойлар менің жеке пікірім. Менің қателесуім де, өмір 
құбылыстарын жаңсақ түсінуім де мүмкін. Егер сіз Ғарыш 
Заңдарын қазақтың салт-дәстүрі арқылы зерттеуде маған 
пікірлес, ниеттес бола алсаңыз қуана құп алам. Түзетулеріңіз бен 
толықтыруларыңыз болса қабылдаймын.
Егер Ақ Сарбаз ілімін қабылдамай тұрып, мені өз деңгейіңізге 
құлатпаққа тырыссаңыз, әуре болмай аттана бергеніңіз дұрыс 
болады.
Ұстаз туралы


66
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет