Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет21/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   109
ШЫҢҒЫСХАН ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ
«Құлаш бойым құласа да, құрған елім құламасын» 
(Шыңғысхан)
Шыңғысхан – Құдайдың гүрзісі атанған, айырықша 
миссиямен туған тұлға. Ғарыш Сарбазының бұрынғы 
ғұмырларының ішінде адамзат кармасына ерекше әсер еткен, 
тарихи оқиғалар барысын өзгерткен, ұлт пен ұлыстардың 
құрылуына негіз болған Жан.
Оның қасиет көздерінен төгілген қуат, Оның әскеріне Рух 
беріп, жеңілуді білмейтін, өлімнен қорықпайтын құдыретті 
мыңдықтардан жасақталған мың қолдар елі құрылды.
Оның әкесі Есірке (қазақта Есіркеп деген ат әлі бар) 
болатын. Өз есімі Теміршың еді. Қытай жылнамашыларының 
Темірді – Тимур, Шыңды – Чиң деп тілі келмей атауынан 
тарихқа Темуджин боп жазылып кетті.
Орыс әулиесі Сергий Радонежский Шыңғысханның қирату-
шы энергиясын ментал, астрал дүниесі арқылы тежеп, тепе-
теңдікте ұстау үшін туған Рух еді. Олар Физикалық Дүниеде 
бір-бірін көрмесе де Биік Дүниелерде Рухымен байланыста 
болды.
Шыңғыстың әулиелік қасиеті, мәрттігі, батырлығы, 
даналығы, күш-қайраты мықты болғаны сондай, заманында 
онымен ешкім бәсекелесе алған жоқ.
Оның дуалы аузынан шыққан бір ауыз сөзі 12 жылдық 
күнтізбені өзгертіп жіберді.
Шыңғыс келіп күйреуге таяған Түрік баласының рухын 
көтерді. Көшпенділер өркениетін қайта күшейтіп, қазіргі біздің 
дәстүрімізге негіз болған қонақжайлықты, мәрттікті ұрпағына 
Жасақ Заңы арқылы міндеттеп кетті.
Ғарыштың Карма Заңына сай Рухтың дұрыс дамуы үшін 


67
біржақты болуға болмайды. Дүниені тепе-теңдікте ұстау үшін 
«қиратқаныңды қалпына келтіруге, күшейткеніңді әлсіретуге 
тиіссің».
Шыңғыстың Рухы Жердегі демі таусылып, Тәңірі алдына 
барғанда оған өзі құрған елдің болашақта қалай дамып, 
қалай құбылатыны көрсетілді деп ойлаймын. Және оған жаңа 
миссия: өзі күшейткен көшпенділер мемлекетін әлсіретіп, 
отырықшы орыс елінің дамуына мүмкіндік беру тапсырмасы 
берілді. Әмір Темір төренің қызынан туғандықтан Шыңғысханға 
жиен болатын. Ол нағашысының Жасақ Заңына сүйеніп, 
Шыңғысханның жолын қайталап: «болашақта ұрпағыма қауіп 
төндірер Қытайды жер бетінен құртам деп талпынды. Екеуі де 
мақсатына жете алмай мерт болды.
Біз тарихи оқиғалар барысын адами логикаға салып, өз 
пайдамызбен салыстыра бағалауға дағдыланып алғанбыз. 
Бәріне Ғарыштық Карма Заңы тұрғысынан қарауға үйрену 
керек.
Бәлен ғасыр орысты салық төлеуші құлы ғып уысында 
ұстаған, европаның есін тандырған – Алтын Орданың негізін 
Қалаушы Жан – сол құрылысты Өзі келіп қана қирата алады.
Шыңғысханның Әмір-Темір боп қайта туғандағы миссиясы 
осы еді. Қиратушының Жетінші Циклда дүниеге келген Жердегі 
5 ғұмыры орыс халқының алдындағы Өзі мен ұрпағының қара 
кармасын өтеуге арналды.
Ол Петр боп туып орыс халқын ұлы мемлекет дәрежесіне 
көтеріп қана қойған жоқ, оны рухани жағынан да байытты. 
Қажет кезде орыс халқын сақтау жолында құрбан болды. 
Бұған Багратионның, Лермонтов пен Тимур Фрунзенің тағдыры 
дәлел.
Орыс халқы ішінен ұлы ғалымдар, аудармашылар шығып 
әлем әдебиеті мен ғылымын өз тілдеріне қотара бастады. 
Бұл ғылымның қазаққа да пайдасы тиді. Әлем әдебиеті 
жауһарларының 99%-і қазақшаға орыс тілінен аударылып 
келді.
Байқап қарасаңыз Тәңірі Әкеміз Өзінің Қазақ деген көшпенді 
аз Перзентін сақтау үшін айналасындағы көп халықты Түнекке 
Ұстаз туралы


68
Ақ Сарбаз Әлемі
құрбандыққа берген-ау деп ойлайсың.
Өйткені Зұлымдық Күштері орыстың ішіне кіріп кетіп 
аздырды. Революция жасап, барлық асылдарын, патша 
тұқымымен қоса қырып тастады.
Қытайдың ішіне кіріп кетіп аздырды. Қытай әлі күнге кісі 
жейтін қып-қызыл коммунистік ел боп отыр.
Екі алыптың ортасындағы ат төбеліндей аз халық аман 
қалды. Тәні азса да жаны азбады. Текті қазақтың қанынан 
Шыңғысхан мен Әмір-Темірдің Рухы – Ақ Сарбаз боп қайта 
туды.
Ақ Сарбаздың артынан, қазаққа көмектесіп, түнек 
тұтқынынан аман алып шығу үшін, Ғарыштан қаншама Ұлы 
Рухтар туып жатыр.
Сіз қазіргі сәбилердің, балалардың ата-анасынан өзгеше 
екенін байқайсыз ба? Олар бізден әлдеқайда Рухты, әлдеқайда 
саналы.
Керек десеңіз қазіргі балалардың есімдері де мықты.
Баяғы Марат, Болат деген есімдер жоқ қазір. Әлихандар, 
Шаһ-Керімдер, Мағжандар өсіп келе жатыр. Олар ержеткенде 
Қазақты Әлем мойындайтын болады!!!


69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет