Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет98/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   109
Байланысты:
Ақ Сарбаз Әлемі

ШЫН ӘКЕМІЗ КІМ?
Қазақ өз бойындағы осы қазақы болмысты қайдан алды?
«Әрине өзінің салт-дәстүрінен алды» деп жауап береді 
көбісі.
Ұлттық салт-дәстүр мен менталитетті ДІН қалыптастырады.
Бізге осынау қонақжайлық, кеңдікті, мәрттік пенен ерлікті, 
дархандық пен ұшқырлықты, қайсарлық пен күшті Рухты 
бойымызға сіңіріп келген не құдырет? Шынымен осының бәрін 
бізге ислам діні сыйлады ма?
Егер ислам діні ұлттың болмыс-бітімін осынша өзгертуге 
құдыреті жетсе, неге бізден гөрі көбірек діншіл басқа ислам 
елдері біз сияқты емес?
Салыстырып қараңызшы!
Қазақ даласына исламның келгеніне мың-ақ жыл болды. 
Сонда оған дейін бізде дәстүр болмады ма? Біз исламға дейін 
жапырақ жапсырып жүретін жабайы болдық па?
Баба қазақ, өр қазақ, дана қазақ, ер қазақ өз болмысын 
– Тәңірі Әкесінен алған жоқ па?! Ислам біздің ішімізге Тәңірі 
Әкеміздің сопылық шапанын жамылып барып қана кіре алды 
ғой. Және қазаққа ешқашан билігін жүргізе алған жоқ.
Қарапайым қазақ ислам тиым салған тағамдарды ішіп-жеп, 
шариғатпен емес, Тәңірлік қағидатпен өмір сүріп келді.
Шоң бидің заманында мал ұрлаған ұрыларға сот болып 
орыстың генерал-губернаторы ұрыларға үкім шығару билігін 
Шоңға беріпті. Шоң би ұрыларға 40 күн мешіттен шықпай 
ораза ұстап, намаз оқуға үкім шығарыпты. Орыс ұлығы таң 
қалып:
– Түрмеге, каторгага жіберудің орнына мешітке жібергеніңіз 
қалай? – деп сұрағанда Шоң би:
– Сахарада емін-еркін көшіп жүрген қазақ үшін, мешіттен 
шықпай 40 күн намаз оқып, ораза ұстаудан асқан жаза жоқ! 
– деген екен.
Рухани ізденіс


306
Ақ Сарбаз Әлемі
Кеңес дәуіріндегі 70 жыл Құдайсыз қоғамда қазақ отырықшы 
боп, еркін, азат болмысын жоғалтып алды. Одан кейін елімізге 
лап қойған діни ағымдар рухани аштық жайлаған елдің 
балдарын өз торларына топырлатып түсірді. Тілін түсінбесе 
де, қирағатын келістірмесе де бес уақыт намаз оқып, ешбір 
діннің шеңберіне сыймайтын қазақы болмысын ашудың 
орнына басып тастаған жастар көбейді.
Намаз – энергия. Жүрегіңізді оятып, трансқа түсу үшін 
оны өте таза арабша, ырғағын бұзбай оқу керек. Олай істей 
алмасаңыз ол сіздің жүрегіңізді оятпайды. Бейнелеп айтқанда 
бұл қазақтың домбырасымен американдық күй тартып 
бергендей ғана әсер береді.
«Біздің төрімізде қазір билік айтып өгей әкеміз – ислам 
отыр. Ал, шын әкеміз – Тәңірі кірер-кірмесін білмей, босағада 
сығалап тұр» дейді Ақ Сарбаз, қазіргі болып жатқан құбылыстар 
туралы. 
«Ақ Сарбаз каналын қарағалы намаз оқуға ықыласым 
жоғалды. Өзімді Алланы сатқан адам сияқты сезініп жүрмін» 
деп мұңаятындар бар.
Құдай-ау, шын әкеңізді тапқаныңызға қуанбайсыз ба, 
қайта?!
Өгей Әкемізді өз еліне шығарып салып, шын Әкемізді 
төрімізге шығаратын уақыт келді.


307
ШЫДАМ
«Шыда, шыда, шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады» (Мұқағали)
Қазір Жер бетінде қазақтың шыдамын тексеретін экспери-
мент жүріп жатқан секілді. Өз жерінде үйсіз кім? – қазақ. Өз 
елінде жұмыссыз кім? – қазақ. Компания жұмысшыларының 
ішінде өзге елден келгендерден бірнеше есе төмен жалақы 
алатын кім? – қазақ. Банкке қарыздар кім? – қазақ. Жүйкесі 
шыдамай өз-өзін өлтіріп жатқан да – қазақ!
Осылай бола тұра жалпы халық былқ етпей шыдап 
келе жатыр. Бұл халықты Қара Жер секілді, дүниенің бар 
ауыртпалығын қыңқ етпей көтеруге демеп тұрған не құдырет? 
Осынша шыдам мен төзімге жететін қуат қайдан шығып жатыр?
Бұның барлығы Жетінші Дәрежелі, Жетінші Класты Ғарыш 
Құрылысшысы ортамызда халық ауыртпалығын бірдей көтеріп, 
өмір сүріп жатқандығының арқасы.
Кезінде біздің бабаларымыздан бәрі қорықты. Қытай мен 
Римге салық төлетіп, Еуропаны ат тұяғымен жаншып, орысты 
құлы қылды. Ұлы Жоңғар мемлекетінің жер бетінен жойылып 
кетуіне себепші болды.
Енді осы бабаларымыз жасаған, ғасырлар бойғы қалыптасқан 
мемлекет және ұлт кармасын өтеу керек еді. Біз жедел өтеу 
жолында, қазаққа тән дархандықпен, алушыға бәрін бердік. 
Алпауыт мемлекеттер кармалық мүмкіндікті пайдаланып, 
артығымен қарпып асап алып жатуы да мүмкін. Бірақ ешкім 
де бұйырғаннан артықты жей алмайды. Құсатын уақыт келеді.
Екіншіден Әлемдік Зұлымдық Күштері Жер бетінде Алтыншы 
Сатыны орнатпау үшін, оған лайық халықты жойып жіберуге 
бар күшін салуда.
Қазақты кемсіту мен қорлау, айуандықпен азаптау, тіпті 
кіші қырғын ұйымдастырудағы Түнектің мақсаты – елді түгел 
Рухани ізденіс


308
Ақ Сарбаз Әлемі
көтеріп, таңдаулыларын қырып тастау еді. Алтыншы Саты 
балаларының нақты қандай денеде жүргенін ешкім білмейді. 
Сол себепті оларға халықтың жаппай көтерілгені керек.
Құдыретті Күштердің мақсаты – неғұрлым аз шығынмен 
қазақты ақырзаманнан аман алып шығу. Сол үшін Ментал 
Дүниесі арқылы Ақ Сарбаз халқын үнемі төзімділікке, сабырға 
шақырып келеді.
Біздің Рухымыздың Санасы бұл бұйрыққа бойсұнып Түнектің 
қорлығына былқ етпей шыдауда.
«Қазақтың ертегісінің өзінде үлкен мағына бар, – дейді 
Ақ Сарбаз, – ертегіде батыр бала жалмауыз кемпірдің қақ 
маңдайынан көздеп атып құлататын жері бар ғой. Жалмауыз 
құлап жатып: «Батыр болсаң, тағы ат!» дейді. Бала атпайды. 
Себебі, егер екі рет атса, жалмауыз кемпір қайтадан тіріліп 
кетеді екен»
Бұл жерде де дәл солай ету керек. Түнек Күштеріне бәрін 
беріп, кармалық қарызға әбден батырып, барып бір ұрып жоқ 
қылған жөн. Егер шала өлтіріп, екінші ұратын болсаң, олар 
бейімделіп алады да, өлмейді.
«Қазақ мемлекетінде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің 
қазаққа жасаған қиянатының зардабын оның отаны мен елі 
тартуда – дейді Ақ Сарбаз. – Олар өздерінің қазаққа қарсы 
жасаған қылмыстары арқылы ұлттық кармасын ауырлатып 
халқын суға кетіретіндерін түсінбейді.
Карма Заңы – тепе-теңдік заңы. Болашақ Алтыншы Саты 
халқына қарсы бір адамның жасаған қылмысына бүкіл халқы 
жауап береді. Сол себепті қазақ жерінде жүрген бөгде ұлт 
өкілдері аса абай болуы керек. Ал, қазаққа жанашырлықпен 
көмектескен өзге ұлт өкілдерінің елі де гүлденеді. Болашаққа 
баратын жолы да ашық болмақ.
Шынында да дүние қазір бесінші ақыл сатысы адамдарының 
уысында. Олар барлық жерді ақылмен бақылап, көріп-біліп 
отыр. Түнектің торын қара күшпен бұзып-жарып өтемін деу – 
ақымақтық.
Ақыл Сатысы адамдарынан үстем болудың бір ғана жолы – 
бойыңдағы Құдай берген қасиетіңді оятып, олардың торына 
түспеу. Рухыңмен биік болу.


309
Қасиеті оянған адамның ойының күшіне компьютер 
бағынады. Өйткені компьютердегі жұмыс атқарып тұрған 
минерал – бірінші сатының тіршілік иесі. Егер Алтыншы 
Саты адамы қаласа, компьютер бағдарламасын тоқтатып 
тастай алады. Компьютермен басқарылатын, қырып-жойғыш 
қаруларды істен шығарып тастай алады. Табиғат құбылыстарын 
өзгертіп, керек болса Қазақстанның үстінен үлкен қорғаныш 
аурасын қалыптастыра алады.
«Бұл үшін бірнеше адам бірлесіп ниет біріктіру керек 
– дейді Ақ Сарбаз, – әр адамның қасиет көздері түрліше 
ашылғандықтан, олар біріккенде ғана құдыретті күшке ие 
бола алады.
– Алтыншы Саты балаларының адасуы мүмкін бе? – деп 
сұрадым.
– Мүмкін. Жас кезінде эгосын жеңе алмай, қасиетін қолданып 
кармасын ауырлатып алуы мүмкін. Оларды адастырған жеке 
адам түгіл, халқы оңбайды. Сол себепті Алтыншы Саты адамы 
өзінің әр ойы мен сезіміне өте абай болуы керек! – деп жауап 
берді Ұстаз.
Алтыншы Саты Адамы қысқарған кармамен өмір 
сүретіндіктен, оның қалауы тез орындалатын болады. Ол не 
нәрсеге араласса, сол гүлденіп сала береді. Алайда жолым 
жеңіл екен деп дүние, атақ-даңқ қуып, Құдай берген қасиетті 
оңды-солды шаша беруге болмайды.
Сіздің жолыңыздың жеңілдігі – бұрынғы ғұмырларда жинаған 
карма ресурсыңыздың арқасы. Әр Рух өмірге келгенде өлшеулі 
энергия алып келеді. Оны бос жолдыбай шашу арқылы сарқып 
алатындар түбінде қатерлі ісік ауруына ұшырайды.
«Өзім есек бола тұра, түйені жетектедім» деген мақал 
қазіргі заманда өзінен Рухы биік халықты жетектеп көрмекке 
талпынып жүргендерге арналса керек.
Қазақтың да күні шығып, таңы ататын мезгіл жақындап 
келеді.
Қазір – таң қараңғысы. Таң алдында Түнектің ерекше 
құтырынатын мезгілі болады. Алайда күн шыққан кезде түнгі 
көбелектер мен жарқанаттарды таба алмай қаласыз.
Рухани ізденіс


310
Ақ Сарбаз Әлемі
МИССИЯ
«Кешу кешпек сайдан-дүр,
Батыр болмақ сойдан-дүр.
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі,
Ажалымыз қайдан-дүр!» (Шалкиіз)
Рухани жолдамын деген әр адам бір уақ: «менің миссиям 
не?» деп ойланары хақ.
Расында біздің мына дүниеде жүргендегі міндетіміз не? 
Үйленіп, балалы болу ма? Бұл кез-келген ақымақтың қолынан 
келетін іс қой!
Билік пен байлық қуып, карьера жасау ма? Егер ол біздің 
рухымызды оятатын болса атағынан ат үркетін алпауыттар 
ендігі әулие боп кетер еді-ау!
Ғылым-білім қуып, жаңалық ашу ма? Онымен қазір біреуді 
таң қалдыру қиын. Айналаңдағы «білім» жолының көптігінен 
миың айналып, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін айыра 
алмайтын халге жеттік.
Сонда менің мына дүниедегі миссиям не?!
Менің адам денесіндегі миссиям – өз рухымды тар денеге 
сыйғызу арқылы, мына дүниенің ауыртпалығын басқалармен 
бөлісу шығар бәлкім?
Қазақ: «өзіңнен бір жас үлкен адам болса да сыйла. Өйткені 
ол саған қарағанда бір көйлек бұрын тоздырды» деп жатады. 
Сонда оның Рухы мына тозақ-дүниеге менен бұрынырақ келіп, 
көбірек азап шеккенін айтады екен ғой!
– Мынау Физикалық Дүние – Рухтың түрмесі» – дейді Ақ 
Сарбаз, – Астрал Дүниесі де – түрме, тек бұдан кеңдеу. Ментал 
Дүниесінің жоғарғы сфераларында ғана Рух бостандыққа шыға 
алады!
Тас – Бірінші Сатының тіршілік иесі. Бір орыннан қозғалмай 
бір өлшемді дүниеде өмір сүреді.


311
Өсімдік – Екінші Сатының тіршілік иесі. Ұзарып өсе алатын 
қабылеті болғандықтан екі өлшемді дүниеде өмір сүреді.
Хайуанат және адам – қозғалып, жүре алатын – үш өлшемді 
дүниеде өмір сүреміз.
Алтыншы Сатыда адамзат төртінші өлшемге аяқ басады. 
Бұл – Астрал Дүниесі.
Егер сіз денеңізден қалаған уақытта шығып кетіп, Рухтар 
Әлеміне, Ғалам Кітапханасына барып саяхаттап келе 
алсаңыз – бұл сіздің төртінші, бесінші өлшемдерді меңгере 
бастағаныңызды көрсетеді.
Көпшілігіміз Жерге бұрынғы ғұмырларымызда келіп-кетіп 
жүріп, миссиямыздан жаңылып, жағымсыз кармаға ұрынуымыз 
мүмкін.
Мына ғұмырда Рухтың оянуына осы жайттар да кедергі 
болады.
«Миссиямен келгендерде карма болмайды» деп ойлау – 
қате.
Карма – біздің шаңдатып жүріп өткен, және бара жатқан 
жолымыз. Бұралаң ба, түзу ме оның бәрі Акаша шежіресіне 
жазылып қалады. Карма дегеніміз – Акаша шежіресіндегі 
өрнектер.
Алайда көп уайымдамаңыз. «Бұ Дүниенің құсасы, о Дүниеге 
кетпейді» дейді қазақ. Демек біздің күйкі проблемамыздың 
бәрі осы дүниеде қалмақ.
«Қазақ болып дүниеге келер алдында әрбір Рухтың модуліне 
Алтыншы Саты туралы, Ақ Сарбаз туралы ақпарат салынады» 
– дейді Ұстаз, – уақыты келгенде ол ақпарат ашылады. Сол 
себепті кейбір адам Ақ Сарбазды бұрыннан білетін секілді 
қабылдайды.
Түнектің торына түсіп, санасын Қара Күштер иектегендер 
ғана бұл білімге ымырасыз қарсы шығуы мүмкін.
Бұған уайымдаудың керегі жоқ. Тәңірі Иеміз сіз бен бізді 
Түнектің талауына беріп қойып қарап отырмайды. Ақ Сарбаз 
Өзіне сенетіндерді қандай қысталаңнан да алып шыға алады. 
Алайда “сақтансаң сақтармын” деген Құдай сөзін үнемі есте 
ұстаған абзал.
Ғалам пайда болғалы Жарық пен Түнектің шайқасы толассыз 
жүріп келеді. Және Түнектің түні бітер кез алыс емес.
Рухани ізденіс


312
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет