А. Т. Хусаинов агроэкология оқу құралы / Учебное пособие


Топырақтың жел эрозиясына тұрақтылығының агроэкологиялық параметрлері



бет17/90
Дата06.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#11331
түріУчебное пособие
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   90
Байланысты:
Агроэкология,учебное пособие на государственном языке Хусаинова Р.К., Хусаинов А.Т редактировано АЕ

Топырақтың жел эрозиясына тұрақтылығының агроэкологиялық параметрлері.

Жел эрозиясы байқалуының экологиялық механизмі мынандай: дефляция диаметрі 0,1-05 мм топырақ бөлшектерінің жылжуының басталады, олар ауа ағынының тықсыруынан ауаға көтеріледі. Содан кейін вертикалды импулсын жоя отырып үлкен түйіртпектерге, соңынан ұсақ бөлшектерге бөлініп секіредіде көшкіндерге айналады.

Сонымен бірге диаметрі 0,1 мм-ден кем топырақ бөлшектері желмен ұшырылып алыс жерлерге тасылады, диметрі 0,5-1,0 мм бөлшектер топырақ үстінде домалап жылжиды, ал 1 мм ірі бөлшектердің жылжуына желдің жылдамдылығы 11 м/с артық болуы керек, ондай біздің аймақта болмайды десе болады.

Осыған орай 1 мм-ден ірі бөлшектер желге тұрақты деп аталады, ал 1 мм-ден кемдері эрозияға қауіпті делінеді.

Жел эрозиясының басталуына желдің жылдамдылық табалдырығы болу керек. Ол топырақтың гранулометриялық құрамына қарай құбылады, мысалы құмдыларда - 2-3 м/с; құмайттарда - 3-4; жеңіл құмбалшықтарда - 4-6; ауыр құмбалшықтарда -5-7 м/с. Олай болса, механикалық құрамы неғұрлым жеңіл болса соғұрлым жел эрозиясына шалдығады.

Топырақтың үстіңгі қабатының жел эрозиясына тұрақтылығын сипаттайтын агроэкологиялық көрсеткіштері мыналар: кесектілігі немесе түйіртпектілігі, шартты аңыз және эрозияға шалдығулығы.

Топырақтың кесектілігі дегеніміз диаметрі 1 мм-ден ірі бөлшіктердің салмағынан пайыз мөлшері. Бұл көрсеткіш бойынша топырақ тұрақтылығының экологиялық градациясы мынандай: кесектілігі 50 % - желге тұрақты табалдырық; 50%-дан төмен топырақ жел эрозиясына тұрақты емес; 50-60 %-ұстамды немесе ынсапты тұрақтылық; 60 % артық жоғары дәрежедегі тұрақтылық.

Топырақты эрозиядан қорғау үшін қажетті шартты аңыз мөлшерін 1 кестедегі мәліметтер арқылы анықтауға болады.

1 Кесте - Топырақ тозаңғанда оның үстіңгі қабатына тұрақтылық табалдырығын қамтамасыз ету үшін қажетті шартты аңыз мөлшері, дана/м


Аңыздың орналасқан жайы

0-5 см қабатының кесектілігі, %

60

50

40

30

20

Жатқан

0

75

100-150

150-200

200 артық

Тұрған

0

100

200

250

300 артық

Эрозияға шалдығулығы дегеніміз 5 мин экспозициясында 12,5 м/сек жылдамдылықтағы жел ағынымен ұшырылатын топырақтың граммен алынған мөлшері. Эрозияғашалдығулығы 50 г-нан төмен болғанда топырақтың үстіңгі қабатының желге тұрақтылығы күшті, 50-120 г болғанда – желге тұрақтылығы ынсапты немесе ұстамды, ал 120 г-нан артық болғанда желге тұрақсыз деп саналады.

Эрозияға қарсы қолданылатын нeriзri шаралардьң кұрамында агроландшафттык ұйымдастыру-шаруашылық шараларын - жерді эрозияға шалдығу дәрежесіне байла­нысты кластарға, категорияларға (топтарға) бөлу, террасалау, шалғындандыру және ормандандыруға жататын жерлерді анықтау, eric көлемінің кұрылымын анықтау, eric танаптарын, жол мен мал айдайтын алқаптарды белгілеу т.б., агротехникалық шараларын-топырақ қорғау ауыспалы ericтepi, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар жүйелepi топырақтың ылғалын арттыру жолдары, тиімді суару жүйесі т.б., орманмелиоративтік шараларын - eric қорғау, су реттегіш алқаптары, каналдардың бойына ағаш отырғызу т.б., гидротехникалық шараларын – бөгеттер, тоғандар және басқа да эрозияга қарсы колданылатын (дюкерлер, науалар т.б.) гидротехникалык кұрылыстарды салуды айтуға болады.

Эрозияга шалдыққан жерлерде то­пырақ корғау шараларын пайдаланған жөн, алдымен то­пырақ өндеу тесілдерін дұрыс пайдалана білу керек (баурайды көлденең өндеу және т.б.).

Баурайдьң бетінде микробедер (жалдар, жүйектер т.б.) жасау арқылы ағын суының жүріп өту жылдамдығын азайтамыз, нәтижесінде судың, топыраққа сіңу мөлшерін арттырамыз. Сайып келгенде, эрозия процесін әлсіретеміз немесе тіпті болдырмауға себепші боламыз. Мұндай тәсіл 2-4° болып келетін баурайларда өзінің оң нәтижесін 6epyi мүмкін, тiктiк бұрышы одан әpi көбейгенде, оның тиімділігі жоғалады.

Эрозияға үлкен әсер ететін факторлардың 6ipi - өсімдік жамылғысы. Оның әсер ету деңгейі жамылғының түріне және өсімдіктің өсу жагдайына байланысты болып келеді. Өсімдік массасы неғұрлым көп және калың болса, тамыры жақсы дамыса, әcipece эрозияга қayinтi кезеңдерде, соғұрлым өсімдік жамылғысының маңызы күшейе береді. Ce6e6i өсімдік жауын суының ежептеуір бөлігін өзіне ұстап калады, тамшының соққысын өзше кабылдап, топырак бетіндегі түйіршіктерді бұзылудан сактайды, кар 6ip калыпты жатады, топырақтың тоңдануы төмендейді, желдің және ағынның жылдамдығын азайтады, тамыр жүйесі топырақты байланыстырып, «арматура» сиякты қызмет аткарады, топырақ бетінен судың булану шығынын азайтады, топыракта микрофлора, мезофауна жақ­сы өcin дамиды.

Топырақты эрозиядан корғау қабілетіне сәйкес өсімдіктер кауымдастығын мына ретпен орналастыруга болады: 6ipiнmi орында ағаш- бұта тектес өсімдіктер, одан кейін табиғи шөптесін өсімдіктер, келесі орында қатараралығы шымдалған жеміс ағаштары (бауы), соңғы орында екпе өсімдіктер (дакылдар). Су және жел эрозиясынан топырақты сенімді түрде корғайтын мәдени дақылдардың ішінде 6ipiнuii орында көп жылдық екпе шөптер, келесі орында күздік дақылдар, одан кейін жаппай себілетін жаздық дақылдар, соңғы орында отамалы дақылдар болады. Эрозия процестері өсімдік жамылғысы жоқ баурайларда және таза пар танабында өте күшті орын алады.

Өсімдік жамылғысының аталған ерекшеліктері эрозиямен күресудің нақтылы шараларын жүзеге асырғанда міндетті түрде еске алынады.

Жоғарыда аталған эрозия дамуының табиғи факторлары бұл процестің жүруіне бастапқы жағдайларды жасауы мүмкін, ал оның әpi қарай дамуы адамның өндірістік ic-әрекеттеріне байланысты болады. Атап айтканда, орман алкаптарының көлемін кеміту, топырақ өндеудің тиімсіз тәсілдерін қолдану, топырақ қорғау ауыспалы егістерінің мүмкіншілігін толық пайдаланбау, аумақта шамадан тыс мал жаю, жергілікті топырақ ерекшеліктеріне сай келмейтін техниканы пайдалану, жол желісін жүйесіз жүргізу, газ, мұнай өткізетін құбырларды қалай болса солай салу т.б.

Сайып келгенде, эрозия тудыратын факторлардың өзіндік epeкшeлiктepi болғанымен, олар бірлескен түрде әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан оларды жүйелі түрде қарастырып, күресу шараларын кешенді түрде жүзеге асыру міндет.

Су және жел эрозиясыньң даму барысында топырақ өзінің алгашқы касиеттерін жоғалтады, оның кұнарлығы төмендеп, алатын өнімнің мөлшері азаяды. Топырақтың эрозияга шалдығу дәрежесін оның карашірінді қабатының жұкаруы, карашіріндінің және коректік заттардың шығын мөлшері деңгейі анықтайды. Шайылу және дефляцияға шалдығу деңгейіне байланысты топырактар эрозияга аз ғана шалдыққан, орташа, күшті және өте күшті шалдыққан болып бөлінеді.

Топырақтың 0-30 немесе 0-50 см қабатында карашіріндінің азаюына сәйкес су эрозиясы кезінде эрозия деңгейін төмендегіше беруге болады (М.Н.Заславский): аз ғана шайылған деп қарашірінді мөлшері 10-20% төмендегенде, орташа шайылған – 20 - 50%, күшті шайылған - 50% артық, өте күшті шайылған - 75% артық төмендегенде. Ал дефляция кезінде гумус қабатының азаюына байланысты топырақты жоғарыдағыдай төрт топқа бөледі. Гумус қабаты 20% азайса аздап дефляцияга ұшыраған, 20-40% арасында болғанда орташа, 40 - 60% - күшті, 60% артык, болганда дефляцияга өте күшті ұшыраған деп есептелінеді (А.Ф.Родомакин).

Топырақтың эрозияға шалдығу дәрежесін анықтағанда эталон ретінде су және жел эрозиясына ұшырамаган топырақтың, осы түрінің толық кескінін алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет