А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н. Бекбулатова, А. Б. Тулегенова, Б. Ш. Хансултанованың іс-тәжірибесінен Орал – 2021 жыл «Мақала жазып үйрену»



бет26/26
Дата16.09.2023
өлшемі145,4 Kb.
#108152
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
«Шынайы достық»
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
(Құрманғали Ақкенже)


Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep:



  1. Oқyшылapдың oқy cayaттылығы. Oқy құpaлы «Нaзapбaeв Зияткepлiк мeктeптepi» ДББҰ, «Пeдaгoгикaлық өлшeyлep opтaлығы»




  1. http://group-global.org/kk/publication/15595-shetel-tilin-okytuda-okylym-reketin-uyretu-zholdary Paйкyл Диyaнoвa, «Қaзaқ тiлiн oқытyдa oқылым әpeкeтiнe үйpeтy жoлдapы»



  1. Дayлeткaлиeвa, P. Л. Қaзaқ тiлi caбaғындa oқyшылapдың oқy cayaттылығын дaмытy / P. Л. Дayлeткaлиeвa. — Тeкcт : нeпocpeдcтвeнный // Мoлoдoй yчeный. — 2017. — № 18.1 (152.1). — C. 16-18. — URL: https://moluch.ru/archive/152/43264/



  1. Меңдігүл Шындалиева «Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана, 2012.



  1. Қайдар Әбдуәли. «Ғылымдағы ғұмыр». Мақалалар, баяндамалар жинағы – Алматы: «Сардар» баспа үйі 512– бет, 2014 жыл.



  1. Әңгімелер //Жалын, 1998.-№9-10



  1. «Қазақ әдебиетіндегі жанрлар». Зерттеу. Эссе. Проза.-Өлке, 2000.-б 183


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет