А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н. Бекбулатова, А. Б. Тулегенова, Б. Ш. Хансултанованың іс-тәжірибесінен Орал – 2021 жыл «Мақала жазып үйрену»



бет2/26
Дата16.09.2023
өлшемі145,4 Kb.
#108152
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Түсінік хат
Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Мақала жазу» атты арнайы курс бағдарламасы оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде ) сәйкес әзірленді. Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген.
Бағдарламаның жаңашылдық сипаты-теориялық білім мен практикалық білімді ұштастыра отырып, мақаланың барлық түрлерін еркін жаза алуға бағытталған тиімді жолдарын ұсынған мазмұндық сипатында деп білеміз. Бағдарлама 7-9-сынып оқушыларына арналған.
Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұны жүйесінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ерекше назар аударуда. Себебі, білім алушылардың оқу және жазу сауаттылықтарын қалыптастыру-бүгінгі күннің талабы. Біздер ұстаздар алдымыздағы оқушыларды жазу шығармашылық жұмыстарына баули отырып, ана тіліне қаныққан өзіндік пікір мен өзіндік позициясы қалыптасқан ұрпақ оқытуға қол жеткіземіз. Мақала жазу- қазіргі оқу мақсаттарына сай ойлау дағдыларының деңгейлерін дамытудың тиімді әдісі болып табылады.
Мақала дегеніміз не? Мақала - адамның жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін, шығармашылық жұмыс. Оның бірнеше түрлері бар. Мақала жазу арқылы оқушылар әдеби шығарманы талдап қана қоймай, ондағы басты құндылықтарды қазіргі өмірмен байланысын өзіндік көзқарасы тұрғысынан ашады, дәлелдейді, тезис арқылы пайымдайды. Мақала жазуға дағдыланған оқушы өмірде дұрыс коммуникативтік байланысқа түсе алады және сыни пікір қалыптастырады.


Аннотация


Өзектілігі: Оқушыларға бағыт-бағдар беру, сөздік қорларының , шығармашылық қабілетінің дамуына көмекші құрал.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет