А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н. Бекбулатова, А. Б. Тулегенова, Б. Ш. Хансултанованың іс-тәжірибесінен Орал – 2021 жыл «Мақала жазып үйрену»


Тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша «



бет18/26
Дата16.09.2023
өлшемі145,4 Kb.
#108152
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
мақала жазып үйрену авт бағд

Тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша «Біздің отбасы» тақырыбында мақала жазу.
31. Мақала жазуда қолданылатын көркемдегіш құралдар
Жанр автордан тек өз білімін көрсетуді ғана емес, сонымен бірге өзінің сезіміне, толқу мен толғауларына және жазып жатқан тақырыпқа байланысты көзқарасына ерекше мән беруді талап етеді. Мақаланің авторы – тек әңгімеші немесе баяндамашы ғана емес, сонымен бірге … кейіпкер де бола алуы қажет.Мақала жанры шығармашылық еркіндікті білдіреді. Мақала – бұл сіздің естіген немесе оқыған я болмаса көрген жайтқа байланысты жеке көзқарасыңыз.Құрылымдық жағынан мақала полемикалық сөздердің, ойлардың я болмаса сұрақтардың динамикалық кезегі.Сонымен бірге шығармашылық еркіндікке қарамастан, мақала жанрында ой қозғау оңай емес екенін ұмыптаған жөн. Ең бастысы – бірегей идеяны тауып және белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек.Өзіндік көзқарасты білдіру үшін мақала авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет;Мақалаға көптеген көркемдегіш құралдарды қолдану тән (бұл – метафоралар, аллегориялық образдар, символдар мен салыстырулар). Мақала жанрының ерекшелігін келесі белгілер айқындайды:

  1. Мақаланың тақырыбы автор ойының «ұшу алаңы» болып саналады.

  2. Мақаланің еркін композициясы өзінің ішкі логикасына бағынышты, ал мақаланің басты мазмұнын автор ойларының “көркем оюларынан” іздеген абзал болады.

  3. Мақала – айқын бейнеленген авторлық көзқарас.

  4. Жеке авторлық стиль – жанр талабы


32. Мақаланы бағалаудың критерийлері
Мақаланың негізгі бөлімінің зерттеудің мақсат, міндеттеріне сәйкестігі:
5 балл - толық сәйкес келеді.
4 балл – кейбір олқылықтар кездеседі.
3 балл – бірқатар олқылықтар кездеседі.
Топтық жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес талдау:
5 балл – талапқа сай жан -жақты зерттеу жасалған
4 балл – қалай болса солай талдау жасалған, қателіктер толық көрсетілмеген
3 балл – талдау мүлде жасалмаған, тек «қате», «дұрыс», «жақсы», «жаман»- мен шектелген, қателіктер шектелмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет