Тапсырма. Мәтінді оқи отырып, негізгі ойды анықтау
Мақала мен шығарманың айырмашылығы
Мақала дегеніміз – ғылыми емес, автордың жеке көзқарасы мен ішкі ойын білдіретін прозалық мәтін. Егер шығармада автор жеке ойын барынша білдірмеуге тырысса, эсседе, керісінше автор жеке ойын білдіруге, оны дәлелдеуге тырысады. Эссені түрлі тақырыпта, түрлі сала бойынша жазуға болады. Мәселен, әлеуметтану, саяси, қоғамдық, публицистикалық, әдеби, тарихи тақырыптарда жазыла береді. Ал шығарма әдеби жанрға жақын болғандықтан, ол көркем тілмен жазылады.
Шығарма – оқушының әдебиеттен, халық әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымымен ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық жұмысы. Оқушы шығарманы көркем тілмен жазып, ой-пікірі мен көзқарасын терең талдап пайымдап, әсерлі, жүйелі, әдеби түрде баяндап беруі тиіс.
7. Мақала жазу талаптары Мақаланың не туралы жазылатынын, не мақсатта жазылатынын анықтап алыңыз.
Аудиторияны анықтап алу керек. Жазудан бұрын кім үшін, қанша жастағы оқырман үшін жазатыныңызды анықтап алыңыз. Мәселен, ғылыми мақала мен балаларға арналған мақаланы шатастырмау керек. Аудиторияға сәйкес, дайындығыңыз да өзгеріп отыруы керек.
Оқырманға не керектігін іздеңіз. Оқырмандар не туралы білгісі келеді? Олар іздеген мәліметті беруге сіздің білім қорыңыз жеткілікті ме? Бұл арқылы мақала жазуға сюжет табу оңай болады. Бірақ өз білім қорыңызбен ғана шектелмей, жаңа деректер іздеп, оларды меңгеру арқылы пайдалы мақала жаза аласыз.
Жазатын мақалаңыз еш жерде талқыланбаған, жаңа, өзекті болсын. Ал егер сіз жазғыңыз келген тақырып жауыр болса, оның берілу форматын өзгертіңіз, яғни өзге бір қырынан беруге тырысыңыз. Бар дүниені қайталап жазып шығу емес, ең болмағанда сол ақпаратты толықтыру сіздің мақалаңыздың өзектілігін арттырады. Бұл арқылы оқырманның назарын аударасыз әрі олар әр жазған мақалаңызға қайта оралып оқитындай болады.
Жазатын тақырыбыңызды өзге ешкім, ешқашан жазбаған болсын. Мақалаға өзгеше реңк, жаңа тұрпат беріңіз.