А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н. Бекбулатова, А. Б. Тулегенова, Б. Ш. Хансултанованың іс-тәжірибесінен Орал – 2021 жыл «Мақала жазып үйрену»


Жазбаша пікірдің өзіндік ерекшеліктері



бет5/26
Дата16.09.2023
өлшемі145,4 Kb.
#108152
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
мақала жазып үйрену авт бағд

Жазбаша пікірдің өзіндік ерекшеліктері. Жазу термині а) жазу процесі, ә) сол процестің нәтижесі, б) нәтиже негізінде пай-да болған тілдік таңбалар жүйесі ретінде қолданылады дедік. Сонда жазбаша пікір дегеніміз ішкі сөйлеуге (белгілі бір тілге, мыса-лы, қазақ тілі) кодталған ойдың фонемалық сүзекіден өтіп жазу, көруге бағытталған графикалық кодқа айналған жүйесі. Жалпы алғанда, жазу – адамның ой-пікірін, сөзін белгілі бір тілде жазу таңбалары арқылы қағаз бетіне түсіру; адамның ой-пікірін, сөзін қашықтыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сыз-ба таңбалар жүйесі.
Ауызша пікір айту дегеніміз ішкі сөйлеуді дыбыстау мүшелері арқылы дыбыс толқындарымен сыртқа шығаратын, белгілі бір тілдік таңбаға кодталған, естілетін және айтылатын тілдік жүйе немесе ойдың дыбысталуы, ойдың дыбыстық кодқа айналуы. Ауызша тілде ең алдымен, сөз экономиясы болады. Ол: коммуниканттардың паралингвистикалық, экстралингвистикалық, суперсегментті тәсілдер қорына: интонация, жест, тон, темп, мимика, затты көрсете алу, имплицитті семантика, фонға ие болуынан; - конситуация коммуникацияның толық мүшесі болуынан, қоғамдық-әлеуметтік контекстің болуынан; - осыған байланысты сөздердің семантикалық байланысының күштілігі, морфологиялық формасыз, шылауларсыз байланыса беруінен; - аналитизм, инверсияның күштілігінен; - коммуниканттардың санасында вербалданбайтын жасырын мазмұнның болуынан шығады.


  1. «Қайырымдылық» әңгімесі

Сәулет пен Келбет далада ойнап жүр. Ыстықтан тершігендеріне қарайтын емес. Келбет допты Сәулетке қарай лақтыра беріп тоқтай қалды. Екі көзі қалықтай ұшып жүрген қарлығаштарда.
- Ананы қарашы, әне! Сәулет жоғары қарады. Қарлығаштар төмендеп ұшып, қайта көтерілді. Екі бала қарап тұрды. Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.
- Ой, - деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап.
– Әне, ана - Құстар мен балалалар. - Құстарды ұясына салып жатқан балалар жақсы. - Олар құстарды ренжітпейді.
Балапанды қарашы!
- Кәне, қайсы? Қай жерде?
- Әне! Байқа, басып кетпе! Келбет келіп қарады. Кіп – кішкентай тұмсығын жерге тіреп, қызылшақа балапан жатыр. Көздерін ашып – жұмып, дір – дір етеді.
Сәулет балапанды абайлап көріп: - Ұядан ұшып түскен ғой, - деді.
- Тірі ме?
- Иә, тірі сияқты.
- Бізден қорқып тұрған шығар?
- Онда ұясына салайық, - деді де сатыны әкеліп, үйдің қабырғасына сүйеді. Балалар балапанды ұясына салды. Қарлығаштар енді көңілді. Олар көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі – үш айналып өтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет