А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Н. Бекбулатова, А. Б. Тулегенова, Б. Ш. Хансултанованың іс-тәжірибесінен Орал – 2021 жыл «Мақала жазып үйрену»



бет10/26
Дата16.09.2023
өлшемі145,4 Kb.
#108152
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
мақала жазып үйрену авт бағд

10.Тезис оның түрлері
Тезис – негізгі идея, тақырыпқа қатысты қысқа да нұсқа түйінді ой, көзқарас (сөйлем). Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Қарапайым тезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспектінің, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімдерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Күрделі тезистер - негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылатын, ойды бекітудің пайдалы және жетілген түрі. Дәйексөз тезистері. Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікір, аннотация жазғанда қолданады.
11. Тезиске қатысты аргументтер
Тезиске қатысты пікір – жазып отырған адамның тақырыпқа байланысты ақпаратты «ой сүзгісінен өткізуін», мәлімет пен деректерге негіздеуін қажет ететін, соған арқау болатын жеке пікірі (сөйлем, ой).
Пікірге қатысты аргумент – тезиске, айтылған пікірге түсінік беріп, көтерілген мәселені әр қырынан қарастыру (сыни талдау, жинақтау, дәйектеу, дәлелдеу және т.б.).
Ой тұжырымы – көтерілген мәселе, берілген сұрақ немесе тақырыпқа байланысты тезисті (түйінделген ой, көзқарас, ұстанымды) қорытындылау: жалпы қорытынды шешім немесе өзіндік ұсыныс, өзіндік тың пікір (жазба иесінің ойлау ерекшелігіне орай, ой қозғайтын сұрақ, көпшіліктің ойын қозғауды көздеген екіұшты пікір болуы да мүмкін).


12. Негізгі бөлім және оған қойылатын талаптар.
Мақала көлемі – белгілі бір сөздер мен сөйлемдер саны, мақала көлемін есептеуде қолданылған сөз саны қарастырылады: орта көлемдегі мақаланің көлемі – 250-300 сөз. Мақаланың негізгі бөлімі– әр абзацта бір аргумент сипатталатын, 3 немесе одан да көп абзацтан тұратын мақала мәтіні; абзацтың шартты түрдегі көрінісі ретінде қыстырма сөздер қызмет атқарады мысалы, біріншіден, екіншіден, үшіншіден. Мақаланың карта-схемасы – мәтін түзудегі нақты параметрлерді, яғни аргумент арқылы сипаттау, тезис құрау, жазылатын мақала тақырыбын жоспарлау сияқты параметрлерді қамтитын мақала құрылымының визуалды сипаты.Тезис мақала– тақырып бойынша автордың позициясын білдіретін пайымдау түрі, ол мақаланің негізгі бөліміндегі дәлелдеменің негізі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет