Abai Kazakh national pedagogical university хабаршы «Арнайы педагогика» сериясы, Серия «Специальная педагогика»


FEATURES OF PHYSICAL DEVELOPMENT OF HARD-OF-HEARING PRESCHOOLERS



Pdf көрінісі
бет118/158
Дата14.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#107909
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   158
 
FEATURES OF PHYSICAL DEVELOPMENT OF HARD-OF-HEARING PRESCHOOLERS 
 
Abstract 
This article describes the concept of physical development, its meaning, the concept of several authors 
and the physical development of hard-of-hearing preschool children. The importance and necessity of 
developing the physical development of hearing-impaired preschool children are determined. A review of 
the special literature on the problem of the development of hard-of-hearing preschoolers is conducted.
Keyword:
physical development, hearing-impaired children, coordination abilities 
Қазіргі кезеңде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны айрықша өсуде. 2020 
жылғы статистика бойынша Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 161156, 
оның ішінде 5911 естімейтін және нашар еститін балаларды құрайды. 
Психикалық және моторикалық дамуда маңызды рөлді дене белсенділігі ойнайтындықтан, 
нашар еститін балалардың физикалық даму мәселесі олардың дамуына әсер ететін факторлардың 
ғылыми мәліметтерін зерттеу мен қолдануды қажет етеді. 
Нашар еститін балалардың физикалық дамуындағы ақауларды түзету және дамытуға ең қолайлы 
уақыт мектепке дейінгі кезең болып табылады, себебі бұл жас диапазонында негізгі қимылдардың 
фундаменті қаланады, және баланы дене шынықтыру жаттығуларына, ырғаққа қызығушылық 
тудыруғаболады. 
Естудің түрлі патологиясы бар балаларда 62% – жағдайда дисгармониялық физикалық даму, 44% 
– тірек-қимыл аппаратының бұзылысы (сколиоз, жалпақ аяқтар), 80% – мотор дамуының кідірісі 
байқалады (Л.А. Головчиц). Осылайша, есту анализаторының бұзылуы, балалардың физикалық 
дамуын бәсеңдетумен қатар, қозғалыс белсенділігіне айтарлықтай әсер ететіндігін байқауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық дамуы қоғамдық тәрбиенің маңызды және 
жауапты міндеті болып табылады, өйткені барлық балалар ерте жастан бастап дені сау, үйлесімді 
дамуы керек. Мектепке дейінгі балалық шақта денсаулық, жалпы төзімділік, өмірлік белсенділік 
және тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына қажетті басқа да қасиеттер қалыптасады. Мектеп 
жасына дейінгі кезең - денені қатайтуға, өмірлік маңызды моториканы және дағдыларды игеруге өте 
қолайлы кезең. 
"Физикалық даму" ұғымын анықтауда ғалымдар мен практиктердің әртүрлі тәсілдері де бар. 
Физикалық дамуды В.П. Дудьев, А.В. Кенеман, В.И. Козлова, Э.Я. Степаненкова, Ж.К. Холодов, 
Д.В. Хухлаева қарастырды. 
Э.Я. Степаненкованың анықтамасы бойынша физикалық даму – бұл өсудің динамикалық 
процесі (дене ұзындығы мен салмағының артуы, ағзаның мүшелері мен жүйелерінің дамуы және 
т.б.) және баланың белгілі бір балалық шағында биологиялық жетілуі болып табылады [1]. 
Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі саласының маманы, Ж.К. Холодов 
«Физикалық дамуды» адамның өмір бойы оның денесінің морфофункционалды қасиеттерін және 
оларға негізделген физикалық қасиеттері мен қабілеттерін қалыптастыру және одан әрі өзгерту 
процесі ретінде анықтады [2]. 
Физикалық дамудың маңыздылығы нашар еститін балаларда айқын көрінеді, себебі, зерттеу 
мәселесі бойынша - нашар еститін балаларда физикалық даму көрсеткіштері жас нормасынан 
төмендігі, қалыптың бұзылуыжиі байқалатындығы, қозғалыс техникасында кемшіліктердің болуын 
көрсетті. Сондықтан да, нашар еститін балалардың физикалық дамуындағы ақауларды түзете-
дамыту зерттеу жұмысының өзектілігін жоғалтқан емес. 
Нашар еститін балалардың физикалық дамуын сипаттағанда, балалық шақта есту қабілетінің 
жоғалуы немесе зақымдалуы физикалық дамудың табиғи бағытын бәсеңдететіні байқалады. Мұндай 
балаларда қалыпты дамудағы құрдастарымен салыстырғанда бойдың көрсеткіштері, дене салмағы, 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Арнайы педагогика» сериясы №1(64),2021 ж. 
118 
кеуде шеңберінің төмендігі, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет тонусының төмендеуі, вегетативті 
бұзылулар да тән. 
Нашар еститін балалардың физикалық даму деңгейі физикалық дайындық, бұлшықет және ақыл-
ой қабілеттерінің көрсеткіштерін негіздейді және үш топтың көрсеткіштерінің өзгеруімен сипат-
талады: 
1) дене бітімінің көрсеткіштері – дене ұзындығы, салмағы, тұрқы, жекелеген бөліктерінің көлемі 
мен пішіні, - олар адамның биологиялық пішінін (морфологиясын) сипаттайды;
2) денсаулық көрсеткіштері-адам ағзасының физиологиялық жүйелерінің морфологиялық және 
функционалдық өзгерістерін көрсетеді (ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің жұмысы);
3) физикалық қасиеттердің даму көрсеткіштері (күш, жылдамдық, төзімділік және т.б.) [2]. Бұл 
көрсеткіштер адам өмірінде өзгеріп, оның физикалық даму сипатын анықтайды. Дененің физикалық 
дамуын тиімді басқару денсаулық және физикалық қасиеттер көрсеткіштерінің өзгеру заңдылық-
тарын ескере отырып жүзеге асырылады. 
Нашар еститін балалардың дене тәрбиесін жақсарту мәселелерімен айналысқан зерттеушілер 
(А.А. Коржова, Н.А. Бернштейн, Г.В. Трофимова) физикалық дамудағы ауытқуларды түзету және 
дамыту мүмкін екендігімен келіседі. Арнайы таңдалған және әзірленген бағдарламалар негізінде 
жүйелі және мақсатты физикалық жаттығулар көмегімен нашар еститін балалардың физикалық 
дамуын түзетуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болады. Нашар еститін балалар үшін 
физикалық жаттығу дамудың, физикалық денсаулықты қалыптастыру мен сақтаудың құралы ғана 
емес, сонымен қатар ми қыртысының дамуына әсері бар болып табылады [3]. 
Көптеген зерттеулерге сәйкес, (Т.Н. Приленская, 1989; Т.С. Щуплецова, 1990; А.А. Дмитриев, 
1991; Н.Т. Лебедева, 1993; Л.Н. Ростомашвили, 1997 және т.б.) баланың қалыпты дамуы әрдайым 
мотор функциясының нашарлауымен, мотор және психикалық салалардағы қайталама бұзылулармен 
бірге жүреді. Есту анализаторының ақауы орталық және перифериялық жүйке жүйесінің қатар 
жүретін бұзылуына әкеледі, нәтижесінде шаршау, қозғалыс ырғағының бұзылуы, тепе-теңдік пен 
жауап беру қабілетінің бұзылуы пайда болатындығын атап өтеді. 
Л.Д. Глазырина мектепке дейінгі балалық шақта физикалық қасиеттердің үздіксіз дамуы жүзеге 
асырылатындығын көрсете отырып, бұл 10 баланың жалпы физикалық дайындығының көрсеткіш-
терімен дәлелденетіндігін атап өткен. 5 жастан 7 жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балаларда күш 
екі есе артады: ұлдарда ол 25-тен 52 келіге дейін, қыздарда 20,4-тен 43 келіге дейін артады. 
Жылдамдық көрсеткіштері жақсарады. 10 метрге жүгіру уақыты ұлдарда 2,5-тен 2,0 секундқа дейін, 
қыздарда 2,6-дан 2,2 секундқа дейін қысқарады. Жалпы төзімділік көрсеткіштері өзгереді. Ұлдар 
жететін қашықтық шамасы 602,3 метрден 884,3 метрге дейін, ал қыздардікі 454 метрден 715,3 метрге 
дейін артады. Сонымен бірге, ғалымдар физикалық қасиеттердің максималды өсу қарқыны жылдар 
бойынша сәйкес келмейді деп мәлімдейді. Жылдамдық көрсеткіштерінің жоғары өсуі 3-тен 5 жасқа 
дейін, ептілік 3-тен 4 жасқа дейін, күш қабілеті 4-тен 5 жасқа дейін байқалады. 5 жастан 6 жасқа 
дейін күш көрсеткіштерінің баяулауы анықталды [4]
.
Нашар еститін балалардың моторлы координациясы дефектология ғылымының өкілдері – 
мамандардың назарында болып келеді. Нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың координа-
циясын үйлестіру мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалармен дамыту-педагогикалық 
жұмысты ұйымдастыруда негізгі орын алады. Есту анализаторларының зақымдалуы нәтижесінде 
вестибулярлы аппараттың жұмысында ауытқулардың пайда болуы естіп қабылдауы зақымдалған 
балалардың қимыл-қозғалысты бағдарлау қабілеттерінің дамуында бұзылыстардың пайда болуының 
себебі болып табылады.
Сонымен қатар, бірқатар авторлар (Ю.В. Демьяненко, 1987; г. Б.Дьяченко, 1993;
Е.П. Артамонова, 1996; А.Б. Лагутин, 1997; Л.Т. Майорова, 1998; А.А. Мирошников, 2000 және т.б.) 
мектепке дейінгі жаста моторлы координациянықарқынды дамытудың маңызды алғышарттары бар 
екенін атап өтті. Атап айтқанда, мектепке дейінгі жастағы қозғалыс координациясын мақсатты түрде 
дамыту кезінде олардың жекелеген жақтарының көрінуі даму қарқыны басқа мотор қабілеттері мен 
қасиеттерінен 1,5-2 есе жоғары, бұл 6-7 жасқа дейін оның одан әрі табысты дамуы және балалардың 
мектепте оқуға функционалдық дайындығын қамтамасыз ету үшін мықты мотор-үйлестіру базасын 
құру үшін мектепке дейінгі жаста координациянымақсатты түрде қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді.
Деньгова Л.Е., Козырева А.В., Савченко Ю.А. нашар еститін балалардың координация 
қабілеттерін дамыту әдістемесінің тиімділігін зерттеді. Зерттеулерінде эксперименттік әдістеменің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет