Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті


Бірінші бөлім бойынша тұжырым



Pdf көрінісі
бет38/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83
Бірінші бөлім бойынша тұжырым 
Адамның  ақиқат  болмысты  игеру  үдерісі  барысында  жинақтаған 
білімдері  белгілі  бір  категорияларға  жіктеліп,  когнитивтік  базаны  құрайды. 
Адамның  жинақтаған  ақпаратын  интерпретациялауы  нәтижесінде  ғаламның 
концептуалды  бейнесі  немесе  концептосфера  қалыптастырылады.  Өз 
кезегінде, ол жеке тұлғалық та ұжымдық та тәжірибені айқындайды. Әрине, 
тіл  құралдарының  экспликациялау  мен  концептосфераның  негізгі 
элементтерінің  аталымына  байланысты  ғаламның  концептуалды  бейнесі 
ғаламның  тілдік  бейнесінде  толық  беріледі  деп  тұжырымдау  қиын.  Алайда, 
антропоөзектік 
парадигма 
аясында 
ұлттық 
ғалам 
бейнелеріндегі 
концептілердің  репрезентациясы  ерекшеліктері,  тіл  деректері  мен  мәдениет 
деректерінің өзара байланысын орнату мәселелері аса өзектілікке ие сұрақтар 
қатарына  жататыны  сөзсіз.  Зерттеу  барысында  лингвистикада  ғаламның 
концептуалды бейнесінің анықтамасы төмендегідей негізгі басты белгілерден 
құралатыны анықталды: 
1)адамның  қызмет  етуі  барысында  пайда  болатын  ғалам  жайындағы 
білімдер жиынтығы; 
2) жаңа білімдерді интерпретациялау тетіктері мен амал-тәсілдері. 
Ғалам бейнесі – адамның рухани қызметінің нәтижесінде пайда болған 
ғаламның  жаһандық  бейнесі.  Ғаламның  тілдік  бейнесі  адамның  әлем 
жайындағы 
көзқарастарын 
айқындайтын 
тұрақты 
тіркестерде, 
стереотиптерде  жүзеге  асырылады.  Ұлттық  сипат  дегеніміз  –  елдің  тарихи 
және 
мәдени 
дамуының 
ықпалымен 
қалыптасатын 
мінез-құлық 
ерекшеліктерінің,  салт-дәстүр  мен  дүниетаным,  көзқарастар  жиынтығы. 
Ағылшын  халық  ертегісінің  жанрлық  ерекшелігі  оның  тілдік  бейнесінде 
толық көрініс табады.  
Ағылшын  қиял-ғажайып  ертегілерінде  «су  кеңістігі»  ерекше  мәнге  ие 
болатын  болса,  қазақ  ертегілері  үшін  «жерасты  кеңістігі»  аса  маңызды. 
Мұның  себебі  ертегілердің  мифпен  тікелей  генетикалық  байланысымен 
айқындалады. Қазақ мифологиясына өзіндік ерекшеліктер тән келеді және ол, 
ең  алдымен,  көшпелі  тұрмыс-тіршілікпен  түсініледі.  Басқа  халықтардың 
мифтері,  негізінен  ғалам  мен  адам  жаратылысының  пайда  болуымен 
өлшенеді.  Ал,  көшпенділер  мифтері  рулар  пайда  болуының  генеалогиялық 
аңыздарымен  сипатталады.  Жалпы,  уақыт  пен  кеңістік  ұғымдары  ағылшын 
ертегілерінде қазақ ертегілеріне қарағанда нақтылық мағынасында беріледі.  
Қазақ және ағылшын қиял-ғажайып ертегілерінің базалық концептілері 
тұрақты  және  тілдік  бірліктерде  тіркелген.  Жетекші  болып  «табиғат»  және 
«субъект»  арақатынасы  саналады.  Олардың  лексикалық  құрамы  біртұтас 
лексикалық «өзек» арқылы айқындалып, жанрдың тарихи дамуына орай жаңа 
тақырыптық  топтармен  толығып  отырады.  Ертегі  жанрының  тарихи 
қалыптасуына орай абстрактілі зат есімдердің рөлі арта түседі. Бұл дегеніміз 
–  тілдік  тұлғаның  генеративтік  және  абстрактілі  ойлау  түрлерінің  даму 
үрдісін айқын көрсетеді .  


 
54 
 
Қазіргі  таңда  қалыптасқан  қағида  бойынша,  мәдениетте,  сондай-ақ 
әрбір  халықтың  тілінде  әмбебеп  (жалпы  адамзаттық)  және  ұлттық-ерекше 
сипаты  болады.  Сонымен  бірге  әрбір  мәдениетте  өзіне  ғана  тән  тілде, 
моральдық  нормаларда,  мінез-құлық  ерекшеліктерінде,  наным-сенімдерінде 
тіркелген мәдени мағыналары бар. Сол себепті де түрлі мәдениеттерде тілдік 
бірліктер  арқылы  менталдылық  қалайша  берілетінін  зерттеу  аса  өзекті 
мәселелердің бірі болып саналады. 
Ғаламның  тілдік  бейнесін  дайын  (тіркелген)  тілдік  формалар  арқылы 
айқындалатын  мән-мағыналар құрайды. Және осы мән-мағыналар ғаламның 
тілдік  бейнесінің  негізі  болып,  жалпы  ғаламның  концептуалды  бейнесін 
ұғымдар,  бағалау,  көріністер,  суреттер,  бейнелер  –  концептілер  арқылы 
толықтырып отырады. Концептілер адамның заттық және танымдық қызметі 
барысында  да,  сонымен  қатар  ауызша,  жазбаша  мәтіндер,  түрлі  сөйлеу 
туындылары түрінде де ,басқа адамдар ұсынған ғалам сипаттамалары арқылы 
да  қалыптасады.  Біздің  жұмысымызда  «концепт»  деп  оперативтік  жадтың 
түрлі  субстартты  бірліктері,  яғни  көріністер,  бейнелер,  ұғымдар  түсініледі. 
Осындай  концептілер  жиынтығы  «ғаламның  концептуалды  бейнесі»    деп 
аталатын біртұтас жүйеге біріктіріліп отырады.  
Концепт дегеніміз – идеалды сипаттағы белгілі бір материалдық негіз: 
жоғарғы деңгейдегі абстракция мен жинақталып қорытындылаудың маңызды 
дәрежесі.  Басқаша  айтқанда,  концепт  –  белгілі  бір  маңыздың  менталды 
репрезентациясы.  Ол  сол  маңызға  қатысты  көптеген  білімдердің, 
ассоциациялар  мен  көріністердің  менталды  теориясы.  Осымен  байланысты, 
концептілер  мифологиядан  туындаған  ғаламның  фольклорлық  бейнесінің 
негізін де құрайды. Мифпен өзара тығыз байланысты фольклордың жанры – 
халық ертегі екені жан-жақты қарастырылды.  
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет