Aбaй aтындaғы Қaзaқ ұлттық педaгогикaлық универcитеті



Pdf көрінісі
бет39/83
Дата12.04.2022
өлшемі1,77 Mb.
#30688
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83

ҚИЯЛ-ҒАЖАЙЫП 
ЕРТЕГІЛЕР 
ДИСКУРСЫНЫҢ 
КОГНИТИВТІК ҚҰРЫЛЫМДАРЫ 
 
2.1  Халық  қиял-ғажайып  ертегілерінің  үстіңгі  және  терең 
құрылым ұғымдарының сипаты   
Ертегілер  жайындағы  ғылым  жеке  пән  ретінде  XIX-XX  ғасырларда 
қалыптасты.  Оның  қалыптасуы  нақты  бір  ғылыми  мектеп  өкілдерімен 
байланысты емес, бұл ғылым саласының пайда болуына түрлі ғылыми бағыт 
ғалымдары өз үлесін қосқан. Қазіргі кезде халық ертегілерінің қиял-ғажайып 
түрін зерттеуге арналған көптеген материал жинақталғаны белгілі. Тілтаным 
ғылымының 
қазіргі 
когнитивті-дискурстық 
парадигмасы 
аясында 
зерттеушілер фольклорлық мұра тілін қарастыруға ерекше мән беріп келеді. 


 
55 
 
Ертегілердің лингвистикалық интерпретациясы оларды түсіндірудің тәсіліне 
айналғаны белгілі.  
Өз  кезегінде,  ол  ертегілер  пайда  болуы  мен  қабылдануы  үдерісіндегі 
«ертегі – ақиқат шындық» антиномиясы жүзеге асуының бір нұсқасы болып 
саналады.    Осы  тұрғыдан  алғанда,  белгілі  бір  ұлтқа  тән  келетін  бірегей, 
«аялық»,  базалық,  жалпы  мәдени  білімдерге  негізделген  ертегі  шығармасы  
білім-тәрбие беретін, оқыту үлгісі ретінде қабылданады. Бұл ретте білім беру 
формасы  ертегінің  дискурстық  сипаттамасы  болатын  болса,  ал  білімнің 
концептуалды  мазмұны  оның  когнитивтік  сипатымен  айқындалады.  Яғни 
ертегі дегеніміз – балалардың қоғамда өмір сүріп дамуына көмектесетін бір 
параллель  әлем  секілді  және  сол  арқылы  олар  қоғамның  толыққанды 
мүшелері бола алады: «Оnе point of contact between language and thought is its 
use by an older generation to transmit its culture to a younger one. In other words, 
speech is an instrument of socialisation - the process by which children are turned 
into fully competent members of society» [78]. 
Бала ертегімен танысып, одан алған ақпаратты өз санасынан қорытып 
өткізіп, алдыңғы ұрпақтың этникалық тәжірибесіне ие болады. Сондықтан да 
ертегі  концептілер  жасалуына  негіз  болатын  кодталған  ақпарат  қоймасы 
іспетті  болып  саналады.  Себебі  «концепт  дегеніміз  –  мәдени  мәні  бар 
вербалданған мағына, ол тұрпат межесі тұрғысынан бірнеше тілдік бірліктер 
мен  құрылымдар  арқылы  айқындала  алады.  Ал  олар  өзара  бір  лексика-
семантикалық  парадигманы  құрайды  және  этномәдени  ерекшеліктерге  ие 
болып  келеді.  Концептілер  идеалды  құрылымдар  және  олар  санада  әмбебап 
заттық код бірліктері арқылы кодталады» [79]. Яғни қиял-ғажайып ертегілер 
тілін  көптеген  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  өзгерістерге  ұшырап 
жетілдірілген әмбебап код ретінде анықтауға әбден болады.  
Біздің ойымызша, бұл кодтың кілті фреймдік талдау болып табылады, 
өйткені  ол  білімдер  көрінісінің  әмбебап  жүйесі.  Мәтіндік  интерпретациялау 
үлгісі  ретіндегі  фреймдік  құрылымдау  тіл  мен  адамның  мәтіндік  қызметі 
арақатынасы  мәселесін  когнитивтік  тұрғыдан  зерттелуін  қажет  етеді.  Өз 
кезегінде,  фреймдік  талдау  адамның  психикалық  қызметі  мен  менталды 
үдерістер, сондай-ақ күнделікті өмірде қолданылатын табиғи тіл арасындағы 
өзара  байланысты  айқындауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  бағыт  халық  қиял-
ғажайып  ертегілер  дискурсына  деген  жаңаша  көзқарас  қалыптастырып, 
қалайша преценденттік фреймдер мен мәдени бағдарлы сценарийлер ұлттық 
қатыстылық  пен  әрі  қарайғы  белгілі  бір  мәдени  ортадағы  мінез-құлыққа 
ықпал  етеді  деген  сұрақтарға  жауап  беруге  мүмкіндік  туғызады.  Өйткені 
мәдени  бағдарлы  сценарийлер  дегеніміз  –  белгілі  бір  мәдениет  шеңберінде 
кең  тараған  және  танымал  алгоритмдер  секілді,  ал  прецеденттік  фрейм  – 
этномәдени  қауымдастық  мүшелерінің  барлығына  белгілі,  таныс  ақпарат 
болып саналады.  
Ғалым  Н.Хомскийдің  пікірінше:  «...егер  де  біз  тілдің  қалай 
қолданылатынын  ұғынып  түсінгіміз  келсе,  онда  ол  үшін  балалық  шақтың 
ерте  кезеңінде  дамып  бастайтын  белгілі  бір  интеллектуалды  қабілеттер 


 
56 
 
жүйесін,  білім  мен  көзқарастар  жүйесін  жеке,  бөлек  қарастыру  қажет  және 
олардың  біз  көріп  отырған  мінез-құлық  әрекеттеріне  әсер  ететін  басқа  да 
көптеген  факторлармен  өзара  әрекеттестігін  зерттеген  жөн»  [80].  Бір 
қарағанда,  әлемдегі  түрлі  халық  ертегілерінің  сюжеті  ұқсас  келгенімен,  бұл 
ұқсастық  үстінде  ғана  жатқан  құбылыс,  ал  шынайы  айырмашылықтар  сана 
қабылдауының тереңінде болатыны сөзсіз.  
Зерттеу барысында, біз Н.Хомскийдің үстіңгі және терең құрылымдар 
терминдерін қолданғанын дұрыс деп санадық. Бұл ретте, әрине айта кететін 
жайттардың  бірі  –  Н.Хомскийге  қарағанда  біз  үстіңгі  құрылымдар  деп 
В.Я.Пропп  атап  көрсеткен  ағылшын  және  қазақ  ертегілеріне  ортақ 
қызметтерді  түсінеміз,  ал  терең  құрылымдар  дегеніміз  –  слоттардан 
құралатын  фреймдер  мен  сценарийлер.  Біздің  ойымызша,  В.Я.Пропп  өз 
терминологиялық  аппаратында  үстіңгі  құрылымдар  ұғымын  қолданбаса  да, 
ғалым  ертегі  кейіпкерлерінің  ортақ,  әмбебап  қызметтері  жайында  сөз  етеді 
және дәл осы ортақ қызметтер халық қиял-ғажайып ертегілерін ерекше жанр 
ретінде  анықтап  көрсетеді.  Сондықтан  да,  біздің  анықтауымыз  бойынша, 
үстіңгі құрылымдар барлық әлем халықтарының қиял-ғажайып ертегілерінің 
ортақ сұлбасы болып саналады.  
Алайда,  терең  құрылымдар  баланың  сөйлеу  құзыреттілігіне  әсер 
ететін  әмбебап  негіз  ретінде  интерпретацияланбайды:  «Дегенмен, 
сөйлеудің  формалды  құрылымдары  когнитивтік  құрылымдарға  ешбір 
тәуелсіз  болады,  өйткені  олар  сенсомоторлық  құрылымдармен  ғана  тығыз 
байланысты  және  соларға  ғана  қатысты  тәуелді  болып  келеді  деген 
ұстаным  күмән  келтіреді»  [81].  Біз  Н.Хомскийдің  үстіңгі  және  терең 
құрылымдар  терминдерін  қолдана  отырып,  бұл  ұғымдардың  мазмұнын 
өзгеше 
ұғынамыз. 
Мысалы, 
Н.Хомский 
Пор-Рояльдің 
әмбебап 
грамматикасына  сүйене  отырып,  былай  деп  көрсетеді:  «...тілдік 
формалардың абстрактілі ұйымдастырылуымен болатын терең құрылымдар 
негіз  ретінде  түсініледі,  ал  оның  үстіңгі  құрылымынан  келетін  белгі  дене 
мүшелері арқылы жасалады немесе қабылданады. Өз кезегінде, терең және 
үстіңгі  құрылымдарды  өзара  байланыстыратын    трансформациялық 
операциялар  ми  арқылы  жүзеге  асатын  нақты  ойлау  операциялары  болып 
табылады» [82]. 
Біздің  зерттеуіміз  тікелей  ғаламның  концептуалды  бейнесіне, 
когнитивтік  кеңістік  мәселесіне  қатысты  болғандықтан,  жоғарыда 
келтірілген  үстіңгі  және  терең  құрылымдар  ұғымдарының  мазмұнын 
өзгеше  мағынасында  қолданамыз.  Когнитивтік  парадигма  аясында  терең 
құрылымдар  деп  мәдени  бағдарлы  сценарийлер,  фреймдер  және  оны 
құраушы  слоттар  деп  түсінген  дұрыс,  сонымен  бірге  онымен  танысу  EGO 
ішкі  уақыты  қалыптасуының  негізқұраушы  элементі  болып  саналады. 
Ғалым  Э.Гуссерль  пікірі  бойынша,  EGO  ішкі  уақыты  –  адамның  ең  терең 
күйзелісі  болып  табылады  [83].  Сол  себепті  де,  біз  бұл  құрылымды  терең 
деп  қабылдаймыз.  Бірақ  та,  үстіңгі  және  терең  құрылымдар  ұғымына 
қатысты  интерпретациялардың  аздаған  өзгешеліктеріне  қарамастан,  біз 


 
57 
 
зерттеу  жұмысымызда  Н.Хомскийдің  үстіңгі  құрылым  түсінігін  толық 
қабылдаймыз:  «...ол  бір  қарағанда  жалған,  соншалықты  ақпаратқа  да  ие 
бола бермейді, себебі біздің тіл жайындағы біліміміз әлде қайда абстрактілі 
табиғат  қасиеттеріне  ие  және  олар  үстіңгі  құрылымдарда  орын  ала 
бермейді» [80, 49 б.]. 
Ертегі  дискурсының  мәдениаралық  ерекшеліктеріне  орай,  бір 
мәдениет  дәстүрі  шеңберінде  терең  құрылымдар,  әрине  негізгі  ұлттық 
концептілер  қалыптастырудың  әмбебап  негізі  бола  алады.  Осыған 
байланысты  біз  зерттеумізде  халық  қиыл-ғажайып  ертегілердің  этникалық 
менталитет  қалыптасуына  тікелей  ықпал  ететінін  дәлелдеуге  тырысамыз. 
Ал,  біздің  түсінігіміз  бойынша,  үстіңгі  құрылым  –  жанр  заңдылығын 
айқындайтын әмбебап матрица. Сол себепті де, көптеген халықтар мәдени 
айырмашылықтарға қарамастан, ұрпақтан ұрпаққа құрылымы бойынша бір 
типтес  шығармаларды  беріп  отырған,  атап  айтқанда,  халық  қиял-ғажайып 
ертегілерді.  Аталған  ертегілер  түрінің  матрицасы  ғалым  В.Я.Пропп 
айқындап  көрсеткен  қызметтерден  тұрады.  Ғалымның  пікірі  бойынша, 
қиял-ғажайып  ертегілер  –  ежелгі  инициация  рәсімі  жайындағы 
метафоралық  баяндау  болып  табылады.  Осы  принцип  бойынша  зерттеуші 
мазмұнды  кейіпкерлер  орындайтын  қызметтерге  жіктеп  көрсетеді.  Бұл 
теорияның негізгі идеясы төмендегідей: 
1)  іс-әрекет  етуші  тұлғалардың  қызметтері  ертегінің  тұрақты 
элементі болып табылады; 
2)  қызметтер саны шектеулі; 
3)  қызметтердің реттілігі үнемі бірдей; 
4)  барлық  қиял-ғажайып  ертегілердің  құрылымы  бір  типтес  болып 
келеді [84]. Әрі қарай автор қызметтердің түрлерін атап көрсетеді. Біз бұл 
мәселеге зерттеуміздің алғашқы тарауында тоқталған болатынбыз.  
В.Я.Пропптың халық қиял-ғажайып ертегілеріне арналған зерттеуінен 
кейін  ертегі  талдау  теориясына  бағытталған  біршама  қызығушылық 
танытатын  еңбектер  жарық  көрді.  Бұл  ретте  ғалым  Б.Кербелитенің 
элементарлық  сюжеттер  теориясын  атап  кеткен  жөн.  Автор  мәтін 
талданымы мен олардың құрылым сипатын кезең-кезеңімен жүргізеді:  
1)  мәтіндер  іс-әрекеттер  мен  жағдаяттарға  бөлінеді.  Сөйтіп 
шығарманың оқиға негізі – сюжеті нақты іріктеліп көрсетіледі; 
2)  іс-әрекеттер  мен  жағдаяттар  реттілігі  элементарлық  сюжеттер  – 
бөліктерге жіктеледі; 
3)  өз  кезегінде,  бұл  басты  нәтиже  тәуелді  болатын  басты  іс-әрекетті 
бөліп көрсетуге негіз болады. 
Автордың  атап  көрсетуі  бойынша:  «Бір  элементарлық  сюжетке  бір 
кейіпкердің жетістігімен байланысты (кейіпкер ұжымдық та болуы мүмкін, 
мысалы, ағайындылар) барлық оқиғалар мен жағдаяттар біріктіріледі  және 
ол  кейіпкердің  мәтінде  алатын  орнына  тәуелсіз.  Сондықтан  да 
элементарлық  сюжет  белгілі  бір  мақсаттың,  жетіспеушіліктің  немесе 
сәйкессіздіктің  пайда  болуымен  басталып,  кейіпкердің  ахуал-жағдайының 


 
58 
 
өзгеруіне  алып  келетін  мақсатқа  немесе  басқа  көзделмеген  нәтижеге 
жетуімен  аяқталады»  [85].  Кейіпкер  мақсаты  семантикалық  деңгейде 
жалпыланады  да,  осы  мақсаттар  бойынша  элементарлық  сюжеттер  бес 
топқа бөлінеді: 
1)  өзгелерден  еркіндікке  немесе  олардың  үстінен  үстемдік  танытуға 
деген талпыныс; 
2)  өмір  сүру  құралдарын  немесе  ыңғайлы  жағдай  жасаушы 
нысандарды іздеп табу; 
3)  отбасында  немесе  қоғамда  тең  құқылы  не  жоғарғы  орынға  ие 
болуға талпыныс; 
4)  қалыңдықты немесе жігітті іздеу; 
5)  отбасының тұтастығына және толыққандылығына деген талпыныс 
[85, 65 б.]. 
Сонымен,  элементарлық  сюжеттер  арқылы  кез  келген  ертегінің 
уәждерін айқындауға болады. Ал, ол өз кезегінде ертегі мәтінін жете және 
іргелі  талдауға  мүмкіндік  береді.  Біз  жұмысымызда  философ  В.Г.Гегель 
ұсынған  талдау  теориясын  негізге  аламыз:  тұтастан  жекеге  және  жекеден 
тұтасқа  [86].  Себебі,  қызметтерге  бөлудің  өзі  –  тұтастың  жекеге  бөлінуі, 
яғни жалпы уәждерді айқындау жалпыдан жекеге қарай жүзеге асырылады. 
Түйіндей  келгенде,  үстіңгі  құрылымдар  қазақ  және  ағылшын  ертегілері 
үшін  бірыңғай  болып  келеді,  ал  терең  құрылымдар  жоспар  құраушы 
прецеденттік  сценарийлер  және  фрейм  мен  слоттардан  тұрады.  Олардың 
көмегімен  балалар  тек  белгілі  ұлтқа  ғана  тән  келетін  ғалам  бейнесін 
қалыптастырады.  Сондықтан  да  халық  қиял-ғажайып  ертегілерінің 
дискурсы  үстіңгі  v  терең  құрылымдардың  өзараәрекеттістігі  ретінде 
сипатталады. 
Қазақ  және  ағылшын  қиял-ғажайып  ертегілерінің  үстіңгі  құрылымы 
ертегі  дискурсының  әмбебап  матрицасы  болып  табылады.  Ол  ертегі 
кейіпкерлері  қызметтерінің  реттілігін  құрап,  әр  түрлі  қиял-ғажайып 
ертегілерінде  бірдей  болып  келеді.  Үстіңгі  құрылым  қызметтеріне  терең 
құрылымның жоспар, сценарий мен фреймдері сәйкес келеді және олар қазақ 
және ағылшын халық қиял-ғажайып ертегілерінде өзгеше сипатқа ие болады.  
Мәтіндік  интерпретациялау  үлгісі  ретіндегі  фреймдік  құрылымдау  тіл 
мен  адамның  мәтіндік  қызметі  мәселесін  когнитивтік  тұрғыдан 
қарастырылуын  меңзейді.  Білімдер  теориясында  «білімді»  сипаттау  мен 
зерттеуде  түрлі  құрылымдар  қолданылады:  фреймдер,  сценарийлер, 
жоспарлар, схемалар, гештальттар, т.б. Бұл ұғымдар алғаш рет психологияда 
ғалымдар  Ф.Бартлетт  [87],  Д.Румельхарт  [88]  т.б.  еңбектірінің  арқасында 
пайда  болғаны  белгілі.  Осы  саладағы  ірі  зерттеушілердің  бірі  М.Минский 
болды.  Ғалымның  еңбектері  жасанды  интеллект  жасау  жүйелерін  зерттеуге 
арналған [89]. Сондай-ақ тіл зерттеушілері ішінен бұл феноменнің зерттелуіне 
елеулі  үлес  қосқан  ғалымдар  В.Чейф  [90],  Ч.Филлмор  [91]  және  Д.Теннон 
[92]. Ал антрополог ғалымдардың арасынан Г.Бейтсонды [93]  және фреймдік 
талдаудың әлеуметтік лингвистика негіздерін қалаған ғалым Е.Гофманды [94]  


 
59 
 
ерекше атап өткен жөн.  
Сонымен, алғаш рет ғылыми қолданысқа «фрейм» ұғымын 1955 жылы 
ғалым  Г.Бейтсон  енгізген  болатын.  Зерттеуші  индивидтер  қалайша 
сигналдармен  алмасу  арқылы  тілдесімнің  жоғары  абстракт  деңгейінде  бір 
бірінің  хабарламаларын  дұрыс  интерпретациялап,  келісімге  қол  жеткізетінін 
түсіндіруге  талпыныс  жасаған.  Осыдан  кейін  көптеген  ғалымдар  ғылыми 
білімнің  түрлі  салаларында  «фрейм»  астарында    келетін    маңызды 
мәліметтерді түсініп ,жан-жақты қарастыра бастаған.  
«Фрейм  дегеніміз  –  стереотиптік  жағдаяттарды  көрсетуге  арналған 
мәліметтер  құрылымы»  [89,  84  б.].  А.Н.Барановтың  пікірінше,  адамға  қол 
жетімді  білімдердің  барлығын  былайша  бөліп  көрсетуге  болады: 
декларативтік  –  верификацияға  («ақиқат,  шынайы»  және  «жалған»)  бейім 
келетіндер  және  процедуралық  –  операциялар  нұсқаулығын  білдіретіндер 
[95]. «Біз білетіннің басым көпшілігін процедуралық түрде көрсеткен дұрыс; 
мұндай  білімді  декларативті  түрде  интерпретациялау  қиын.  Егер  де  біз 
роботтың қарапайым ортада іс-әрекет жасағанын қалайтын болсақ, онда оны 
біз барынша оңай, табиғи түрде оның манипуляциаларын бағдарлама ретінде 
сипаттап берер едік» [96]. 
А.Н.Барановтың  тағы  бір  көзқарасы  бойынша,  өзара  белгілі  бір 
соматикалық  қатынастармен  байланысқан  слоттары  бар  типтік  әрі  біртұтас 
тақырыптық жағдаят жайындағы білімдерді декларативтік түрде көрсету үшін 
фрейм атты концептуалды құрылымды қолданады [95, 16 б.]. Жалпы, фрейм 
бір-бірімен  сатылы  тәуелді  байланысқан  бірнеше  деңгейден  тұрады. 
Фреймнің  ең  жоғарғы  деңгейінің  түйіні,  әдетте  жағдаят  атауымен 
сипатталады.  Төменгі  деңгейлердің  түйіндері  фреймнің  нақты  бір  жағдаятқа 
икемделуі  үдерісінде  мүмкін  болатын  тапсырмалар  секілді  нақты 
мәліметтерден тұрады [89, 76 б.]. 
Н.Н.Болдырев фреймді: «...білімнің үнемі құрылымдастырылған бірлігі, 
онда  белгілі  бір  компоненттер  мен  олардың  арасындағы  қатынастар 
айқындалып  отырады;  ол  белгілі  бір  жиі  қайталанып  тұратын  жағдаят 
жайындағы  білім  мен  пікірді  білдіретін  когнитивтік  үлгі»,  -  деп  анықтайды 
[97].  Фрейм  термині  тікелей  концепт  ұғымымен  байланысты,  олар 
когнитивтік  лингвистиканың  негізгі  категориялары.  Т.А.  ван  Дейктің 
анықтауы  бойынша:  «...фрейм –  концептуалды жүйелерге ұйымдастырылған 
жалпы  білім.  Фреймдер  білімнің  өз  алдына  еркін  бөлініп  шыға  алатын 
бөліктері  емес.  Біріншіден,  олар  белгілі  бір  концептінің  аясына  ұйымдасқан 
бірліктер  болып  табылады.  Бірақ  қарапайым  ассоциациялар  жиынтығына 
қарғанда  бұл  бірліктер  белгілі  бір  кодпен  ассоциацияланған  негізгі, 
қалыптасқан  және  потенциалды  мүмкін  болатын  ақпаратты  білдіреді.  Оның 
үстіне фреймдердің конвенционалды табиғатын да жоққа шығара алмаймыз. 
Сондықтан да олар сол қоғам үшін «тән келетін» немесе «қалыпты» дүниені 
айқындап сипаттай алады» [98].  
Мысалы,  «Mr  and  Mrs  Vinegar»  ертегі  үстіңгі  құрылымдағы  
«бастапқы жағдаят» қызметіне «Mr and Mrs Vinegar lived in a vinegar bottle. 


 
60 
 
The bottJc was made ofgfass hut it had a wooden door» фреймі сәйкес келеді,
 
 
ал оның слоттары мына тілдік құрылымдар болып табылады: «Mr Vinegar», 
«Mrs Vinegar» және «a vinegar bottle». Қазіргі таңда фреймдердің білімдерді 
сипаттаудың  стереотиптік  жағдаяты  ретіндегі  теориясы  туралы  үлкен 
тәжірибе  жинақталғаны  белгілі.  Алайда  түрлі  теория  мен  концепциялар 
тұрғысынан ғалымдар бұл терминді түрліше анықтап интерпретациялайды. 
Сондықтан да ғалым Ж.В.Никонова [99] өзінің «Теория фреймов в аспекте 
лингвистических 
исследований» 
атты 
мақаласында 
зерттеуші 
С.Б.Уланованың кестесін келтіреді. Бұл кестеде «фрейм» ұғымына қатысты 
лингвистикалық  көзқарастардың  эволюциясы  жан-жақты  айқындалған. 
Автор аталған кестесіне қатысты салыстырмалы талдау жүргізуде бірнеше 
анықтаманы негізге алатынын атап көрсетеді: 
1)  әртүрлі 
уақытта 
берілген 
Ч.Филлмордың 
анықтамалары: 
сөйлеушінің  тілдік  санасын  айқындайтын  сана  құрылымы;  сахна  ұғымымен 
байланысты  (грамматикалық  ережелер,  лексикалық  бірліктер,  тілдік 
категориялар)  тілдік  құралдарды  таңдау  жүйесі  ретіндегі  фрейм;  фрейм  – 
категориялар  жүйесі,  олар  уәждеуші  мәнмәтінге  сәйкес  құрылып,  ұғымдар 
жиынтығы ретінде де, сондай-ақ тәжірибе категориялануы ретінде де көрініс 
береді.  Бұдан  басқа  Ч.Филлмор  интерпретациялаудың  бір  тұтас  фреймін 
ажыратып  көрсетеді  де,  оны  қомақты  лексикалық  материал  корпусының 
концептуалды  базисі  деп  анықтайды.  Сонымен  бірге  ол  біздің  физикалық 
және  әлеуметтік  әлеміміздің  ерекше  ұйымдастырылуын  имплицитті  түрде 
меңгеруімізді қамтамасыз етеді.  
Мақала  авторы  аталған  екі  терминнің  де  семантикалық  өріс  ұғымына 
қатысын  атап  көрсетеді,  алайда  ұқсас  келгенімен,  оларды  бір-бірімен 
шатастыруға  болмайтынын  да  ескертеді.  Фреймнің  лексикалық  көрсеткіші 
ретінде  жеке  сөз  де  болуы  мүмкін.  Түрлі  сөздердің  ортақ  семантикалық 
мазмұны олардың тұтас бір фреймнің интерпретациясында орын алуына кепіл 
бола алмайды. Өйткені мағыналық тұрғыдан қарама-қарсы қойылатын сөздер 
жұбы да бір фрейм  аясында біріктіріле  береді, мысалы:  right  «оң»  және  left 
«сол».  Жалпы,  фреймдер  жеке  тұлғаның  ұзақ  мерзімді  жадына 
жатқызылады. Бірақ қысқа мерзімді жадқа қатысты қарапайым іс-әрекеттер 
мен процедуралар реттілігінен құралады; 
2)  Т.А.  ван  Дейк  фрейм  анықтамасының  мәселесіне  қатысты 
М.Минскийдің  көзқарасын  қолдайды  да,  «фрейм  –  концептуалды 
жүйелерге  ұйымдастырылған  білім»  деп  тұжырымдайды.  Ч.Филлморға 
қарағанда  Т.А.ван  Дейк  фреймді  мәтін  мен  оны  түсіну  арасындағы 
байланысты  ашып  беретін  құрылым  деп  санамайды,  себебі  ол  жалпы 
ақпаратты  айқындайды.  Фреймдер  мәнмәтіннен  тыс  қалғанда  әлеуметтік 
жад  элементтері  болып  табылады  және  олар  белгілі  бір  концептімен 
ассоциацияланатын  негізгі,  қалыпты  әрі  мүмкін  болатын  ақпаратты 
білдіреді; 
3)  Э. Гоффман фреймді концепт аясында қарастырады. Олар арқылы 
біз өз тәжірибемізді игереміз. Фрейм жеке сөйлем деңгейінде де, сондай-ақ 


 
61 
 
тұтас бір мәтін үшін де құрылуы мүмкін [94].  
Сонымен,  С.Б.Уланованың  салыстырмалы  зерттеуінен  мынадай 
қорытынды жасауға болады: терең құрылым деңгейінде фрейм сөйлеушінің 
тілдік  санасын  айқындап,  оның  тәжірибесін  категориялайды.  Бір  ұлттық 
топ  шеңберінде  жеке  тұлғаға  белгілі  бір  мәдени  қауымдастықта  бара-бар 
қызмет  етуге  мүмкіндік  беретін  стереотиптік  жағдаят  жайында  жалпы 
ақпаратты  сипаттайды.  Егер  де  терең  құрылымдардың  фреймдерін 
мәдениаралық  аспектіде  қарастыратын  болсақ,  құрамындағы  слоттардың 
мазмұнында  этномәдени  ақпаратты  айқындауға  болады.  Дәл  осы 
фреймдерді  құрайтын  слоттарда  айқын  прецеденттік  феномендер,  сандар 
мен  атаулар  көрініс  табады  және  олар  үстіңгі  мен  терең  құрылымдарды 
өзара байланыстырып, жеке тұлғаның ұлттық сана-сезіміне әсер етеді. 
Терең 
құрылымдар 
фреймдерден 
басқа 
мәдени 
бағдарлы 
сценарийлерден  де  тұрады.  Алайда  лингвистикалық  теорияда  бұл 
феноменге қатысты бірыңғай қалыптасқан анықтамасы жоқтың қасы. Түрлі 
ғалымдар жиі бір құбылысты бірде фрейм, бірде сценарий деп атап жатады. 
Мәселен,  М.Минский  әдетте  мәтінде  біртұтас  жүйені  құраушы  бір  топ 
фрейм  репрезентацияланады.  Бұл  ретте  бастапқы  бола  алмайтын 
жағдаяттар  субфреймдерде  айқындалып  немесе  мәнмәтіннің  алдыңғы 
шарттарымен байланысты бөлек фреймдерде қалыптастырылады. Соңғысы 
фрейм-сценарийлер деп аталады.  
Фрейм-сценарий  жағдаятты  сипаттайтын  іс-әрекеттер  реттілігімен 
айқындалады.  Аталған  іс-әрекеттер  реттілігінде  каузалды  байланыс 
принципі  қолданылады,  яғни  әрбір  іс-әрекет  нәтижесі  келесі  іс-әрекеттің 
жүзеге  асуының  шарты  болады.  Әрбір  фрейм-сценарийде  іс-әрекет 
орындалуының  құралы  жағдайға  байланысты  түрленіп  отырады. 
Сондықтан  да  оны  потенциалды  түрде  аяқсыз  және  сансыз  фреймдер 
жүйесі ретінде қарауға болады [89, 81 б.]. 
А.Н.Баранов  сценарийді  «стереотиптік  жағдаят  туралы  білімді 
процедуралық  көрсетуге  арналған  концептуалды  құрылым  немесе  мінез-
құлық  стереотипі»  деп  анықтайды.  Сценарий  элементтері  болып  алгоритм 
қадамдары  немесе  нұсқаулықтар  көрініс  береді.  Сценарлық  білімдер 
мәдениетпен  тығыз  байланысты.  Бастапқыда  фреймдерде  процедуралық 
көрініс  үшін  пайдаланылған.  Ал  қазіргі  таңда  бұл  мағынада  «сценарий» 
термині жиі қолданылады [95, 17 б.]. 
Ғалым В.А.Маслова фрейм және сценарий ұғымдарын нақты ажыратып 
көрсетеді:  фрейм  –  жадта  сақталатын  білім  құрылымын,  көріністер 
ұйымдастырылуын, адам тәжірибесінің белгілі бір үзігі жайындағы ақпаратты 
айқындайды. Бұл білім төмендегілерден тұрады: 
-  лексикалық білім; 
-  зат туралы энциклопедиялық білім; 
-  экстралингвистикалық білім. 
Ғалымның  пікірінше,  фрейм  белгілі  бір  өзектің  айналасына 
ұйымдасады,  сондықтан  да  сол  өзекпен  байланысты  ассоциацияланатын 


 
62 
 
ақпараттан  тұрады.  Ал,  сценарий  автордың  көзқарасы  бойынша,  сценарий  – 
үдеріс сипаты, оның маңызды кезеңдеріне қатысты іс-әрекеттер [79, 2 б.]. 
Зерттеушілер Р.Шенк пен Р.Абельсонның тұжырымдауынша, сценарий 
жиі  кездесетін  жағдаяттарды  сипаттайтын  іс-әрекеттер  реттілігі.  Бұл  іс-
әрекеттер  реттілігінде  каузалды  байланыс  принципі  қолданылады.  Әрбір 
сценарий  рөлдерді  орындаушылар  мен  әр  түрлі  орындаушылардың 
көзқарастарын  білдіретін  түрлі  интерпретацияларға  ие  болып  келеді. 
Сценарий  жай  ғана  оқиғалар  тізбегі  емес,  іс-әрекеттердің  байланысқан 
каузалды  тізбегі.  Ол  көптеген  түрлі  жолдарға  ажыратылып,  сценарийге 
ерекше тән келетін нүктесінде тоғысуы да мүмкін: «А script is a structure that 
describes appropriate sequences of events in particular context.  A script is made 
up  of slots  and  requirements  about  what can  fill  those slots. The  structure  is  an 
interconnected  whole,  and  what  is  in  one  slot  affects  what  can  be  in  another. 
Scripts  handle  stylized  everyday  situations.  They  are  not  subjects  to  much 
change,  nor  do  they  provide  the  apparatus  for  handling  totaly  novel  situations. 
Thus,  a  script  is  a  predetermind,  stereotyped  sequence  of  actions  that  defines  a 
well-known  situation...  Every  script  has  associated  with  it  a  number  of  roles» 
[100]. 
Біз  зерттеу  жұмысымызда  Д.Тэйлордың  жіктеліміне  сүйенеміз. 
Ғалымның  пайымдауы  бойынша,  фреймдер  –  білімнің  статикалық 
конфигурациялары  болса,  сценарийлер  –  динамикалық  құрылымдар: 
«Accoding to de Beaugrande and Dressier, frames constitute «global patterns» of 
«common  sence  knowledge  about  some  central  concept»,  such  that  the  lexical 
item denoting the concept typically evokes the whole frame.  In essence, frames 
are  static  configurations  of  knowledge.  Scripts,  on  the  other  hand,  are  more 
dynamic in nature. Typicaly, scripts are associated with what we have referred to 
earlier as basic level events such as «do the washing up» and «visit the doctor», 
which  are  structured  according  to  the  expected  sequencening  of  subordinate 
events» [101]. 
Бұл  көзқарасты  ғалым  Д.Юл  да  қолдайды.  Зерттеуші  фрейм  деп 
белгілі  бір  әлеуметтік  топ  мүшелерінің  барлығына  танымал  тұрақты, 
прототиптік сипаттағы статикалық үлгіні түсінеді: «If there is a fixed, static 
pattern  to  the  schema,  it  is  sometimes  called  a  frame.  A  frame  shared  by 
everyone  within  a  social  group  would  be something  like  a  prototypical  version. 
For example, within a frame for an apartment, there will be assumed components 
such  as  kitchen,  bathroom  and  bedroom»  [102].  Фреймге  қарағанда  сценарий 
оқиғалар  тізбегін  айқындайды.  Бұл  оқиғалар  негізін  айналадағы  болып 
жатқан  интерпретациялау  үшін  қажетті  априорлық  білімдер  құрайды:  «А 
script  is  а  pre-existing knowledge structure  involving  event sequences.  We  use 
scripts  to  build  interpretations  of  accounts  of  what  happend.  For  example,  we 
have scripts for what normally happens in all kinds of events, such as going to a 
doctor’s office, a movie theater, a reslaurant or a grocer' store...» [102, 86 б.]. 
Сондықтан  да,  біз  жұмысымызда  Д.Тэйлор  мен  Д.Юлдың  ұстанымы 
бойынша,  фрейм  және  сценарий  ұғымдарын  референциалды  белгі  арқылы 


 
63 
 
ажыратамыз:  фрейм  нақты  деректі  сипаттайды,  ал  сценарий  оқиғалар 
желісімен  тығыз  байланысты  тілдік  құбылыс.  Мысалы,    «The  wal  at  the 
warld’s end» атты ағылшын  ертегісінде баяндау келесі «бастапқы жағдаят» 
фреймімен басталады: «l-fere w'as once а king and a queen, and the king had a 
dochter and the queen had a dochter». Бұл фрейм бірнеше слоттардан тұрады: 
«а  king»,  «а  queen»,  «king’s  dochter»,  «queen's  doc  liter».  Бұл  ретте,  фрейм 
«бастапқы  жағдаят»  -  нақты  деректі  сипаттайтын  статикалық  құрылым 
екені айқын көрініс тапқан.  
Ертегі  дискурсын  әрі  қарай  «жетіспеу»  сценарийі  жалғастырады: 
«The queen didna like the king’s dochter, and she wanted her avva\ S’ae she sent 
her  to  the  vvai  at  the  wald's  end,  to  get.  a  bottle  o'  water,  thinking  she  would 
never  come  back».  Аталған  сценарийге  патшайым  мен  патшаның  қызы 
қатысады.  Патшайымның  басты  мақсаты  –  өгей  қызынан  құтылу. 
Сондықтан да ол оны жердің шетіндегі бұлақтан су алып келуге жұмсайды. 
Яғни, сценарий – «рөлдерді орындаушылардың» қатысуымен өтетін белгілі 
бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған оқиғалардың динамикалық сипаты 
болып табылады. 
Ертегі  дискурсының  терең  құрылымы  фреймдерден,  прецеденттік 
слоттар  мен  мәдени  бағдарлы  сценарийлерден  тұратын  күрделі  жүйені 
құрайды. 
Олардың 
жиынтығынан 
жоспарлар 
жасалады. 
Терең 
құрылымдардың 
жоспарлары 
үстіңгі 
құрылымның 
элементарлық 
сюжеттерімен  толық  сәйкес  келеді.  Ғалым  Б.Кеберлите  ұсынған 
элементарлық  сюжет  ұғымы  жоғарыда  қарастырылған.  Дегенмен, 
элементарлық  сюжет  дегеніміз  –  бір  кейіпкердің  белгілі  бір  мақсатқа  қол 
жетуі.  
Терең  құрылым  деңгейінде  жоспар  элементарлық  сюжетке  сәйкес 
келеді. Ол сценарий қолданысын түсінуге көмектесетін жалпы тетік.  «Plans 
form  the  general  mechanism  that  underlies  scripts.  That  is,  they  provide  the 
mechanism  for  understanding  events  about  which  there  is  no  specific 
information» [100, 97 б.]. Бұл ретте, дәл осы жоспарлар көмегімен бейтаныс 
іс-әрекет  етуші  тұлғалардың  мінез-құлқын,  түрлі  оқиғалар  мәнін  ұғынуға 
болады.  Өз  кезегінде,  бұл  аралық  мақсаттарды  айқындау  тетігі  арқылы 
жүзеге асырылады.  «Аn that has changed arc the platiboxes used to carry out 
the story, with all the characters unfamiliar with the normal modes of achieving 
the delta goals» [100, 99 б.]. 
Жоспар  бір  кейіпкермен,  белгілі  бір  мақсатқа  қол  жеткізумен 
байланысты фреймдер және сценарийлер тізбегі. Әрбір сценарий негізінде 
өзінің  мақсаты  болады.  Алайда,  ол  жоспар  негізінде  болатын  соңғы 
мақсатқа  бағытталған  болып  келеді.  Сценарий  мақсаты  –  аралық  кіші 
мақсат  болып  саналады.  Жоспар  мақсатының  анықталуы  арқылы 
кейіпкерлердің қолданылатын сценарий мән-мағыналары түсінікті болады. 
Өйткені, сайып келгенде ,барлық кіші іс-әрекеттер негізгі мақсаттың жүзеге 
асуына бағытталады.  
Мысалы,  «Molly Whuppie» ертегісіндегі басты кейіпкердің мақсаты – 


 
64 
 
күйеуге  шығу.  Аталған  кейіпкермен  байланысты  барлық  сценарийлер  мен 
фреймдер  –  «қалыңдық  немесе  жігітті  іздеу»  атты  жоспарын 
қалыптастырады.  «The  point  here  is  (hat  plan-based processing  is  different in 
kind  from  script-  based  processing.  Script-based  processing  is  much  more  top-
down  operation.  Futhermore  it  is  a  process  which  takes  precedence  over  plan-
based processing when an appropriate script is available» [100, 99 б.]. 
Сонымен ,ертегі дискурсының фреймдік талдауға алынуы тек белгілі 
бір  мақсаттар  мен  уәждерді  айқындауға  ғана  емес,  сондай-ақ  жеке 
тұлғаның  өзіндік  мәдени  ортасында  әрі  қарайғы  мінез-құлқын  анықтауға 
септігін  тигізетін  негізгі  лингвомәдени  маркерлерді  атап  көрсетуге 
мүмкіндік  туғызады.  Халық  қиял-ғажайып  ертегінің  терең  құрылымының 
деңгейі  келешекте  балаларға  өзінің  белгілі  бір  мәдениетке  қатыстылығын 
ұғынуға  көмек  беретін  кодталған  ақпараттан  тұрады.    Бұл  туралы  идея 
А.Ф.Лосевтің  «Философия  имени»  атты  еңбегінде  көрініс  тапқан: 
«Белгісіздің  неғұрлым  айқын  болмауы,  соғұрлым  белгілінің  қарапайым 
және түсінікті болуына алып келеді...» [103]. 
Әрине,  бала  мен  ересек  адамның  ертегі  слоттарындағы  ақпаратты 
қабылдауы  екі  басқа  болатыны  сөзсіз.  Алайда  ертегінің  мифологиялық 
дүниетаным  қоғамында  пайда  болғанын  ескеретін  болсақ,  онда  дәл  осы 
балалардың  санасы  терең  құрылымдарда  жасырылған  ақпараттарды 
қабылдауға ересектерге қарағанда бейім келеді. Адамзат қоғамының дамуы 
нәтижесінде  «тіл  өзіне  кез  келген  ақпаратты  беруге  жеткілікті  кодтар 
жүйесін жасап алған. Сөз нысандары белгілі жүйелерге біріктіреді, басқаша 
айтқанда,  біздің  тәжірибемізді  кодқа  салады»  [104].  Балалар  қоршаған 
ортаны  тану,  ұғыну  үдерісінде  мағынасын  түсіну  мақсатында  үлкендер 
айтқан  сөйлемдерді  сканерлейді  [105].  Ал  оны  түсінудің  «кілті»  ертегінің 
терең  құрылымдарында  орын  алатын  фреймдер  мен  сценарийлер  болып 
табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет