Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет158/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
99
 
А. Дистервег өзінің «Неміс мұғалімдерін оқытуға басшылық» атты педагогикалық еңбегінде «Оқытудың 
мəні сонда, ол білім алушыларды негізгі ақиқаттарды меңгерудегі дербестікті тəрбиелеу қажет» деп 
көрсеткен еді. 
Сəйкесінше,  болашақ  мамандардың  кəсіби  құзыреттілігі  мен  субъектілігін  дамытудың  үшінші 
педагогикалық  шарты  –  оқытуда  студенттердің  дербес  жеке,  жұптық,  топтық  жұмысын  үйлестіріп 
ұйымдастыру.  Оқытушының  тек  тьюторлық  бағыттауымен  іске  асатын  студенттердің  дербес  оқу 
жұмысы оларға өз таным əрекетінің мақсатын белгілеуге, оны жоспарлап ұйымдастыруға, оның нəти-
желерін  бағалауға  үйрену  барысында  өз  кəсіби  жəне  өмірлік  əрекетін  басқару  тəжірибесін  қалып-
тастырып дамытады. 
Сондықтан,  жоғары  оқу  орнындағы  оқу  үрдісінің  маңызды  шешетін  дамытушылық  жəне  əлеуметтік 
міндеттері  –  ол  болашақ  маманға  өз  əрекетін  ұйымдастыру  тəжірибесін  жинақтауға  қажетті  əлеу-
меттік-педагогикалық  орта  құру.  Себебі,  студенттердің  таным  əрекетіндегі  дербестігі  біртіндеп 
қалыптасады,  ол  үшін  оған  оқытушының,  əсіресе,  өзінің  қатарлас  студенттердің  қолдауы  қажет. 
Студенттердің пəндік əрекеттің субъектісі ретінде дамуына нəтижелі ықпал ететін білім беру техно-
логияларына тұлғалық-бағдарлы технологиялар, жоғарыда аталған жобалап оқыту жəне проблемалық 
оқыту технологиялары, интербелсенді оқытуды жатқызуға болады. 
Кез-келген  саладағы  маманның  кəсіби  тұрғыда  үздіксіз  жетіліп  дамуының  маңызды  шарты  -  ол 
өзіндік сана субъектісі болуяғни өзіндік əрекетін талдау мен бағалау қабілетінің қалыптасуы болып 
табылады. Ол өз кезегінде болашақ маманға өзінің «Менін» ашуға, метатанымын дамытуға мүмкіндік 
береді. 
Осы  тұрғыда  болашақ  маманның  кəсіби  құзыреттілігі  мен  субъектілігін  дамытудың  төртінші 
педагогикалық  шарты  – ол  жоғары  оқу  орнының оқу  үрдісінде  студенттердің  рефлексивті  əрекетін 
ұйымдастыру.  Рефлекситі  əрекет  студенттерді  өз  əрекетін  жəне  оның  нəтижелерін,  өз  даму  үрдісін 
объективті бағалауға, өзін-өзі  бағалауға дағдыландырады.  Өзінің  оқу  əрекетін  өзіндік  бағалау  бары-
сында  «Қандай  нəтижелерге  қол  жеткіздім?»,  «Оң  нəтижелерге  жетуіме  не  көмектесті?»,  «Көздеген 
нəтижелерге  жете  алмауыма  не  кедергі  болды  жəне  болашақта  оны  қалай  өзгерте  аламын?», 
«Жұмысымда қандай қиындықтар кездесті жəне оларды қалай жеңемін?» жəне т.б. сауалдарға жауап 
беру  өзін-өзі  дамыту  жəне  өзін-өзі  реттеу  жұмысын  дұрыс  ұйымдастыруға  көмектеседі.  Студенттердің 
өзіндік санасын дамытуда сыни ойлауды қалыптастырып дамытудың да маңызы зор. 
Болашақ  мамандарды  оқыту  жүйесінде  əр  сабақта  рефлексия  жасауға  дағдыландыру  оларды  өз 
оқуы  мен  дамуын  үздіксіз  бағалау  жəне  болжауға  негіз  болады.  Себебі,  рефлексия  барысында  ол 
сабақ  барысында  тапсырмаларды  орындау  барысында  өзінің  жетістіктерін  талдау  барысында,  ол 
жетістіктерге  жетуге  көмектескен  факторларды  шынайы  анықтап  бағалайды.  Рефлексия  арқылы 
студенттер өздерінің мықты жақтарын анықтайды жəне оларды дамытуға əрекет жасайды. Рефлексия 
барысында  өз  оқуының  əлсіз  жақтарын  анықтай  отырып,  оларды  жою  жолдарын  болжайды  жəне 
жобалайды. Ол өз кезегінде олардың кəсіби-тұлғалық дамуына оң ықпалын тигізеді. 
Болашақ мамандардың кəсіби құзыреттілігі мен субъектілігі дамуына қажетті бесінші педагогикалық 
шарты  –  ол  оқытушының  жеке  тұлғалық  жəне  əрекеттің  түрлі  салаларында  (басқару,  орындаушылық, 
шығармашылық, ізденіс, коммуникативті, ұйымдастырушылық жəне т.б.) студенттердің тəжірибесін 
қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін  жаңа  оқыту  əдістері  мен  технологияларын  енгізуді  көздейтін 
сабақ беру тəжірибесінің үздіксіз дамып отыруы болып табылады. Студенттердің жеке тұлғалық жəне 
əрекеттің түрлі салаларында тəжірибесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа оқыту əдістері мен 
технологияларының тиімділігін арттыру үшін сабақта коллаборативтік орта жəне жағымды психоло-
гиялық ахуал туғызу маңызды. 
С.Л.  Рубинштейн  көрсеткендей  əрекет  субъектісінің  маңызды  сипаттамасы  –  ол  сол  əрекетте 
қалыптасып дамиды – бұл тұжырым тек студентке ғана емес, оқытушыға қатынасында да айтылған. 
Жоғары оқу орны оқытушысының үздіксіз кəсіби дамуы болашақ мамандардың үздіксіз субъектілік 
дамуының маңызды жəне қажетті педагогикалық жағдайы болып табылады. 
 
1
 
Зағыпаров Қ.Ф. Философиялық терминдердің сөздігі: Павлодар, 2011. - 138 б. 
2
 
Петровский В.А. Личность: феномен субъектности. - Ростов-на-Дону, 1993. - 246 с. 
3
 
Ерментаева А.Р. Студенттерді психологиялық дайындау негіздері: Монография. - Өскемен: С. Аманжолов 
ат. ШҚМУ баспасы, 2007. - 404 б. 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
100
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет