Түйін сөздер: болашақ маман, кəсіби даярлау, субъектілік.
Еліміздің əлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жəне ғылыми-инновациялық бағыттарда қар-
қынды дамуы аталған прогрессивті үрдістердің жүзеге асырушысы бола алатын адами капиталды
нығайту қажеттілігін тудырып отыр. Болашақ мамандарды кəсіби даярлау тұрғысында білім жүйе-
сінің алдына қойылып тұрған міндет – ол үздіксіз өзгеріс жағдайындағы қоғамға бейімделіп қана
қоймай, оны өзгертуге қабілетті, кəсіби жəне əлеуметтік құзыретті, белсенді азаматтық ұстанымы мен
патриоттық сезімі жоғары, өз іс-əрекеті мен өмірінің субъектісі бола алатын тұлғаны қалыптастырып
дамыту.
Осыған байланысты өз іс-əрекеті мен өмірінің субъектісі бола алатын болашақ мамандарды даяр-
лауға деген жаңа əдіснамалық көзқарастарды қарастыру өзекті мəселеге айналып отыр.
«Субъект» категориясы философия, педагогика жəне психология ғылымдарында да ерекше орын
алды. Философияда субъект ұғымын таным мен пəндік-тəжірибелік əрекеттің тасымалдаушысы, объектіге
бағытталған белсенділік көзі ретінде қарастырады [1, 78 б.].
Психологиядағы субъект жəне субъектілік мəселесі К.А. Абульханова-Славская, А.В. Брушлинский,
В.И. Слободчиков, В.А. Петровский жəне т.б. ғалымдар атымен байланысты.
Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, А. Дистервег, И. Гербарт, К.Д. Ушинский, П.Ф. Каптерев,
П.П. Блонский, отандық ғалымдар Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Р. Лемберг жəне т.б. ғылыми негізін
қалаған дидактикадағы оқу ілімінің негізгі идеясы оқушының оқу үрдісінде саналы жəне белсенді
таным əрекеті жүйесінде дамуы болды. Оқу əрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде оқушының
дамуын тұлға психологиясы жүйесінде Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев,
Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, А.К. Маркова, П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина жəне т.б. ғалымдар ғылыми
тұрғыда негіздеді. Олар оқушының саналы жəне белсенді оқу əрекетін сол оқушының субъектілігі
дамуының қажетті педагогикалық жағдайы жəне құралы ретінде қарастырады.
Сондықтан, оқу үрдісінде білім алушылардың таным əрекетін ұйымдастыруда тиімді қолданылған
шығармашылық əрекет олардың өнімді жасампаз əрекет тəжірибесін қалыптастырса, мəселелі оқыту
түрлі мəселелерді шешу құзыреттілігін дамытады, ал ұйымдастырылған дербес таным əрекеті сту-
денттерге өз кəсіби жəне өмірлік əрекетінің болашағын болжау, жоспарлау, ұйымдастыру жəне
нəтижелерін бағалау қабілеттілігін дамытуға қажетті жағдай туғызады.
Субъект ұғымының философиялық түсініктемесіне сүйенетін болсақ, қоршаған шынайылықты
танып қана қоймай, белсенді пəндік-тəжірибелік əрекет негізінде оны түрлендіруге бейім адамды
субъект деп атай аламыз. Бұл тұрғыда белсенді пəндік-тəжірибелік əрекет субъект дамуының қажетті
жағдайы жəне негізгі құралы болып табылады. Оқу үрдісіндегі субъект ретінде студент белсенді таным
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж.
97
əрекетінің тасымалдаушысы, яғни саналы түрде өзінің таным əрекетінің мақсаттарын анықтау, оқу
міндеттерін шешудің əдіс-тəсілдерін өздігінен таңдау, өзінің таным əрекетін жүзеге асырудың страте-
гиясы мен тактикасын анықтау қабілеттілігімен сипатталады.
Сондықтан, болашақ мамандардың субъектілігін, кəсіби құзыреттілігін дамытудың бірінші
педагогикалық шарты оқу үрдісі студенттердің саналы жəне белсенді пəндік-тəжірибелік əрекетін
ұйымдастыруға негізделу тиіс. Сабақ беру теорияның практикамен байланыстылығы дидактикалық
қағидасына негізделіп жүргізілуі тиімді. Джон Дьюи жасаған прагматикалық педагогикасына сəйкес
оқушы тəжірибелік жолмен меңгерген білімді өз тəжірибесіне айналдыра алады.
Болашақ маманның субъектілігін дамытуға мүмкіндік беретін пəндік-тəжірибелік əрекет сабақта
қолданылатын жоба əдісі, кейс-стади, эвристикалық жəне зерттеу жəне т.б. əдістерін қолдану арқылы
ұйымдастыра алады. Жоғары оқу орнындағы болашақ мамандардың оқу үрдісінде субъектілігі мен
кəсіби құзыреттілігінің дамуының маңызды жағдайы болып табылатын пəндік-тəжірибелік əрекетін
ұйымдастыруда проблемалық оқыту, жобалап оқыту технологиялары ерекше орын алады. Жоғарыда
көрсетілген əдістер арқылы ұйымдастырылатын студенттердің түрлендіруші-шығармашылық, ізденіс
əрекеті оларға өз оқу əрекетін өз бетімен жобалауға жəне жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осының
барлығы болашақ мамандарғы кəсіби əрекетпен байланысты құзыреттерді ғана емес, сонымен бірге
бүгінгі еліміздегі инновациялық-индустриялық даму жағдайында жасампаздық əрекетке негіз бола-
тын зерттеу құзыреттілігін де меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл белсенді жəне дербес таным əрекеті
олардың оқу субъектісі ретінде ғана емес, кəсіби құзыреттілігінің дамуына қажетті жағдай туғызады.
Жоғары оқу орнындағы оқыту үрдісінде болашақ маманның субъектілігін дамытуға мүмкіндік
беретін пəндік-тəжірибелік əрекетті жоспарлау кезінде оқу мақсаттарын SMART-мақсат талаптарына
сəйкес құрастыру, соған сəйкес күтілетін нəтижелерін, табыс критерийлерін, сол мақсаттар мен
нəтижелерге жетуге бағытталған тапсырмалар мен сұрақтарды Блум таксономиясының білім мақсат-
тарының иерархиясына негізделіп құрастыру маңызды. Ол өз кезегінде болашақ мамандардың кəсіби
білімді репродукция, яғни білу мен түсіну, қайта жаңғырту емес, функционалдық сауаттылық
деңгейінде меңгеруге жағдай жасайды. Яғни болашақ мамандарға талдау, жинақтау мен бағалауға
негізделген тапсырмалар беру оларға кəсіби саласы бойынша меңгеріп жатқан білімдерін не үшін,
қалай, қай кезде қолдану керектігін, одан қандай нəтиже алуға болатынын, ол қандай өзгерістерге
əкелетіні жайлы талдау мен бағалау жүргізу арқылы өз тəжірибесін өзгертуді болжауға жəне жоспар-
лауға көмектеседі.
Болашақ мамандардың кəсіби-тұлғалық дамуына негіз болатын пəндік-тəжірибелік əрекетін
ұйымдастыруда имитациялық оқытудың əдістері рөлдік жəне іскерлік ойындар, ұйымдастырушылық-
əрекеттік ойындар маңызды орын алады. Себебі бұл ойындар шеңберінде болашақ мамандар шынайы
кəсіби салада кездесетін жағдаяттарды имитациялау арқылы кəсіби мəселелерді зерттеу, талдау
дағдыларын, кəсіби мəселелерді шешу жолдарын дайындау барысында шешім қабылдау, болжау,
жобалау сияқты кəсіби-тұлғалық маңызды құзыреттерін меңгереді. Өздерін рөлдік жəне іскерлік
ойын арқылы түрлі кəсіби жағдаяттарда сынап көре алады, ол болашақ мамандарға өз даму деіңгей-
леріне рефлексия жасап, ары қарайғы кəсіби-тұлғалық дамуын болжауға негіз болып, мүмкіндік
береді.
Мəселен, педагогикалық мамандықтарда оқитын болашақ мамандар үшін сабақта мектепте оқыту
үрдісінде уындайтын оқу жағдаяттарын имитациялау арқылы коммуникативтік, ұйымдастырушылық,
конструктивтік құзыреттерін дамытуға жағымды орта қалыптастырылады. Əсіресе, бұл рөлдік жəне
іскерлік ойындар арқылы оқу жағдаяттарын имитациялау болашақ мұғалімдердің коммуникативтік
жəне ұйымдастырушылық құзыреттерін дамытуға көп ықпалын тигізеді. Себебі, мұғалім, оқушы, ата-
ана, мектеп басшылығы рөлдерін имитациялау арқылы ол мектептегі педагогикалық үрдісіндегі
мақсатты ұйымдастырылатын педагогикалық өзара əрекеттесудің ерекшеліктері мен жолдарын нақты
мысалдар негізінде талдап меңгереді.
Болашақ мамандардың субъектілігін, кəсіби құзыреттілігін дамытудың маңызды шарты ретіндегі
саналы жəне белсенді пəндік-тəжірибелік əрекетін ұйымдастыруда қазіргі жоғары жəне орта кəсіптік
білім беруде өзекті болып отырған дуальді оқытудың да маңызы ерекше. Дуальді оқыту болашақ
мамандарға өзінің кəсіби іс-əрекет саласына тікелей араласып, шынайы өндірістік жағдайларда туын-
дайтын проблемаларды анықтау жəне оларды шешу тəжірибесін меңгерудің тиімді ортасы.
|