Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г.
96
ƏОЖ 378.4
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛІГІН ДАМЫТУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
А.К. Игібаева – п.ғ.д.,
А.Т. Дүйсенбаева – п.ғ.к., С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
ardakdt@mail.ru
Үдемелі инновациялық-индустриялық даму жағдайында болашақ мамандарды кəсіби даярлаудың сапасын
арттыру мəселесі өзекті болып табылады. Болашақ мамандарды даярлау мəселесін білім берудің жаңа парадиг-
малары мен əдіснамалық көзқарастары тұрғысынан зерттеу педагогика, білім беру философиясы мен педагогикалық
психологияда кең өріс алуда. Мақалада болашақ мамандардың кəсіби даярлау жүйесіндегі оқыту үрдісін
субъектілік көзқарас тұрғысынан ұйымдастыру ерекшелігі қарастырылған. Болашақ мамандарды даярлаудағы
субъектілік көзқарас жоғары оқу орнындағы оқу үрдісін ұйымдастырудың маңызды компоненттері ретінде сту-
денттердің шынайы ізденісі мен зерттеуін, оқу үрдісінің ғылыммен жəне өндіріспен байланыстылығын, дербестік
пен диалог, рефлексия ұсынады. Философия, педагогика мен психология ғылымдарындағы субъект ұғымының
мəнін талдай отырып, болашақ мамандардың кəсіби құзыреттілігі мен субъектілігін дамытудың педагогикалық
шарттары берілген. Болашақ мамандардың кəсіби құзыреттілігі мен субъектілігін дамытудың педагогикалық
шарттары жоғары оқу орындарында оқу үрдісін ұйымдастырудың талаптарын, оқыту əдістері мен технология-
ларын да қамтыған.
Достарыңызбен бөлісу: