Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет433/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

 
 
 
 
 
 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
291
 
УДК 37.03 
 
КӨПМƏДЕНИЕТТІ ЖƏНЕ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДІҢ  
НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ 
 
Белғозиева Ұ– Магистр оқытушы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 
(Алматы, Қазақстан) kulip.oyan@mail.ru
 
 
Мақалада  көпмəдениетті  жəне  көркем-эстетикалық  тəрбие  берудің  негізгі  ұстанымдары,  қоғамда  жəне 
қоғамдық  орындардағы  жалпыға  ортақ  мінез-құлық  қарым-қатынас  мəдениетін,  сөз  мəдениетін,  эстетикалық 
түсініктерді жетілдіру жан - жақты қарастырылған. 
Түйінді  сөз:  Көпмəдениетті,  көркем-эстетикалық  тəрбие,  ұстанымдар,  мінез-құлық,  қарым-қатынас 
мəдениеті, сөз мəдениеті, эстетикалық түсініктер. 
 
Қазақстан Республикасы “Тəрбиенің тұжырымдамалық негіздері» атты ресми құжатта көпмəдениетті 
жəне  көркем-эстетикалық  тəрбие  білім  беру  ұйымдарының  білім  беру  кеңістігін  тұлғаның  өзін-өзі 
сəйкестендіруінің  көпмəдениетті  ортасы  ретінде  құру,  тұлғаның  қоғамдағы  жалпымəдени  мінез-құлық 
дағдыларын  қалыптастыру,  оның  өнердегі  жəне  болмыстағы  эстетикалық  нысандарды  қабылдау, 
меңгеру  жəне  бағалау  əзірлігін    дамыту  жан  -  жақты  қамтылып  отыр.  Көпмəдениетті  жəне  көркем-
эстетикалық  тəрбие  қарым-қатынасы  арқылы:  қоғамда  жəне  қоғамдық  орындардағы  жалпыға  ортақ 
мінез-құлық  нормаларына,  қарым-қатынас  мəдениетіне,  сөз  мəдениетін  сақтауға,  эстетикалық  түсі-
ніктерді жетілдіруге, көркемдік мəдениет саласында эстетикалық мұраттарға, өнердегі жəне болмыстағы 
мінсіз сұлулыққа шығармашылық қабілеттер қалыптастыруға, ойлауға жəне шығармашылық қиялға, 
шығармашылық қызметке мəдениетаралық əрекетке; мемлекеттік тілді, орыс жəне ағылшын тілдерін 
білуге,  толеранттылық  пен  ғаламдық  пікір  қалыптастыруға,  көпмəдениетті  тұлға  қалыптастыруға 
қызығушылық,  ұмтылыс  танытуы  көзделеді.  Бұл  жерде  көпмəдениетті  жəне  көркем-эстетикалық 
тəрбие  іске  асыру  механизмдері  сабақтар,  оқу  пəндері,  қосымша  білім  беру,  сабақтан  тыс  іс-əрекеттер, 
үйірмелер,  əдеби  клубтар  жəне  т.б.,  театрларға,  мұражайларға,  көркемсурет  көрмелеріне,  галереяларға, 
тарихи  орындарға  саяхаттар,  шығармашылық  кештер,  оқушылар  жұмысының  көрмелері,  байқаулар, 
белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен жəне т.б. кездесулер, Қазақстан халқы Ассамблеясымен 
жəне  этномəдени  орталықтармен  ынтымақтастық,  білім  беру  ұйымдарында  Қазақстан  халқы  Кіші 
Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады деп атап көрсетілген[1]. 
Расында  да,  «эстетикалық  тəрбие  рухани  –  адамгершілік  құндылықтарды  əсемдік,  көркем  мəдениет, 
халықтар  мен  дəуірдің  əлемдік  көркем  құндылықтары,  ұлттық  жəне  жалпыадамзаттық  құндылық-
тарын  зерделеу  арқылы  қалыптастыруды  көздейді.  Адам  бойында  қазіргі  кезең  дамуының  маңызды 
міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы сана-сезімі анағұрлым жоғары, тұжырымдамалы 
ойлауға қабілетті, əлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметі мен əлемдік 
құндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мəдениет əлемінде 
жəне адамдармен қарым-қатынасты жасай алатын тұлға қалыптастыру» – деп атап көрсетілген [2]. 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың  «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір 
мүдде,  бір  болашақ»    атты    халыққа  Жолдауында жалпықазақстандық  мəдениетті  дамытуға жаңаша 
серпін берген жөн. Мəдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын əзірлеу қажет», - деп замануи 
мəдениетті дамытуға жəне қалыптастыруға, мəдени  мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, 
сақтау,  одан  əрі  дамыту  ісіне  кең  көлемде  білек  түре  кірісетін  кез  келгенін,  ұлттық  мəдениетімізді 
ұлықтап  бар  мен  жоғымызды  түгендеп,  жүйелеп,  келер  ұрпаққа  аманат  ету  аса  маңызды  міндет»,  – 
деп ұлттық мұраларды жаңғыртуға аса мəн беруі бүгінгі зерттеу тақырыбымыздың маңыздылығы мен 
мəнділігін аша түседі [3]. 
Эстетикалық  тəрбие  рухани  –  адамгершілік  құндылықтарды  əсемдік  арқылы,  көркем  мəдениет 
арқылы,  халықтар  мен  дəуірдің  əлемдік  көркем  құндылықтары  арқылы,  ұлттық  жəне  жалпыадам-
заттық  құндылықтарын  зерделеу  арқылы  қалыптастыруды  көздейді.  Адам  бойында  қазіргі  кезең 
дамуының  маңызды  міндеттері  болып  саналатын  өнер  құралдары  арқылы  анағұрлым  жоғары  сана-
сезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, əлемді тұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық 
қызметімен  əлемдік  құндылықтар  туралы  танымын  толық  іске  асыратын,  ұжымда  жұмыс  істеуге 
бейімді,  мəдениет  əлемінде  жəне  адамдармен  қарым-қатынаста  қалыптастыру  тұрғысынан 
қарастырылады[2]. 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
292
 
Көпмəдениетті  жəне  көркем-эстетикалық  тəрбие  берудің  негізгі  ұстанымдары  негізінен  эсте-
тикалық сана, эстетикалық сезім, əсемдікті қабылдау, эстетикалық əсерлену,  əсемдік сезім,  эстетикалық 
қабылдау, сүйсіну, масаттану, ренжу, қуану, эстетикалық қызығушылық, эстетикалық лəззат, эстети-
калық  талғам,  эстетикалық  мұрат,  эстетикалық  көзқарас  ,  эстетикалық  қызмет  ,  эстетикалық  мұрат, 
эстетикалық кемелдіктің  дамуы мен қалыптасуына бағытталады. 
М.  Жұмабаев  өзінің  «Педагогика»  еңбегінде  «Əр  адамның  сұлулық  сезімдері  əр  түрлі  нəрседен 
оянымпаз  болады.  Біреудікі  –  музыкадан,  біреудікі  –  сұлу  суреттен,  ал  біреудікі  –  поэзиядан. 
Искусствоның  əйтеуір  бір  түрінен  лəззат  алмайтын,  біреуіне  құмар  болмайтын  адам  болмайды,  ал 
тəрбиенің  міндеті  –  балада  искусствоның  қандай  түріне  ынта  бар  екенін  тауып,  сол  ынтасын, 
қызығушылығын,  сол  түр  туғызатын  сұлулық  сезімдерін  оятып,  өркендету»,  –  деп  эстетикалық 
тəрбиенің бала дамуындағы маңызына ерекше тоқталған [4]. 
Педагогикалық сөздікте «эстетикалық тəрбие – оқушыларда эстетикалық білім, талғам, мүдделер 
жəне қажеттіліктерді дамытудың, тəрбиелеудің мақсаты жəне жоспарлы үрдісі», – деп атап көрсетеді. 
Эстетикалық  тəрбие  берудің  негізгі  құрамдас  бөлігі  көркемдік  білім  жəне  көркемдік  тəрбие.  Көркемдік 
білім жəне көркемдік тəрбие ұғымының мəн мағынасын ашып көрсетуде «көркемдік білім өнер жəне 
көркемдік шығармашылық əлемінен дүниетанымдық ұстанымын қалыптастыру, білім, білік, дағдыны 
өзара бірлікте менгеру үдерісі тұрғысынан қарастырылып, ал көркемдік тəрбие – оқушының бойында 
өнерді сезіну, түсіну, бағалау, сүю жəне онымен рахаттана білу үдерісі, көркемдік шығармашылық іс-
əрекеттің қажеттілігі жəне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру», – деп тұжырымдалады [5]. 
Қазақстан ғалымдары М.Х. Балтабаев [6], С.А. Ұзақбаева [7], Р.Р. Джардемəлиева [8], жəне т.б. өз 
еңбектерінде  қазақ  халық  музыкасы,  дəстүрлі  көркем  мəдениетін  оқушылар  мен  студенттердің 
музыкалық-эстетикалық тəрбиесін жетілдіру мақсатында пайдалану жолдарын қарастырып, педагогикалық 
мүмкіндіктерін  анықтады.  Тікелей  қазақтың  дəстүрлі  көркем  мəдениетінің  əр  түрлі  саласы  арқылы, 
атап айтқанда, бастауыш сынып оқушыларына музыкалық-эстетикалық тəрбие беру (Қышқашбаев Т.Ə.), 
бастауыш сынып оқушыларының қазақ жалық аспаптық музыкасына қызығушылығын қалыптастыру 
(Оразалиева  М.А.),  халық  əндері  арқылы  музыкалық-эстетикалық  жəне  адамгершілік  қасиеттерін 
тəрбиелеуде  (Дүйсембінова  Р.Қ.),  оқушыларға  бейнелеу  өнері  арқылы  эстетикалық  тəрбие  беруде 
(Əлмұхамбетов  Б.А.)  т.б.  халықтың  ұлттық  өнерін  жас  ұрпақ  бойына  қалыптастырудың  жолдарын 
мазмұнды жүйелейді. 
Бұл  мəселеге  байланысты  М.Х.  Балтабаевтың  монографиясында  оқушы  жастарға  музыкалық-
эстетикалық  тəрбие  берудің  негізін  ғылыми-теориялық  тұрғыда  тұжырымдап,  оның  педагогикалық 
мүмкіндіктерін  дəйекті  түрде  жан-жақты  дəлелденген  зерттеудің  маңызы  зор  [6].  Қазақтың  белгілі 
ғалымдарының  бірі  С.А.  Ұзақбаева  өзінің  1995  жылы  жарық  көрген  «Тамыры  терең  тəрбие»  деген 
еңбегінде  бүгінгі  мектептегі  эстетикалық  тəрбиеге  терең  зерттеген.  Онда  эстетикалық  тəрбиенің 
маңызы жəне міндеттерімен қатар балаларға эстетикалық тəрбие берудегі ұлттық өнердің рөлін баса 
көрсеткен [7]. 
Əр халықтың ұлттық мəдениеті ертеден келе жатқан өзіне тəн өнері, əдеп-ғұрпы, салт-дəстүрлері 
негізінде жетілетіні белгілі. Олай болса, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе 
жатқан  халықтың  дəстүрлі  көркем  мəдениетінің  түрлерін  жинақтап  зерделеудің,  оның  тəлім-тəрбиелік 
мол тəжірибесі негізінде жастарды тəрбиелеудің қажеттілігі мол. 
Осындай қажетіліктің бірі – қазақтың дəстүрлі көркем мəдениетінің тəрбиелік мүмкіндіктерін жас 
ұрпақтың  эстетикалық  тəрбиесінде  пəн  сабақтарында  тиімді  пайдалана  білу  болып  табылады.  Бұл 
мəселенің нəтижелі жүзеге асырылуы болашақ мұғалімдерінен қазақтың дəстүрлі мəдениеті бойынша 
білім  сапасын  жəне  оны  оқушыларға  эстетикалық  тəрбие  беру  процесінде  пайдалана  білу  іскерілігі 
мен дағдыларын талап етіледі. 
Халықтың бай тарихын, мəдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тəрбие 
жүйесін  қалыптастыру  мүмкін  емес.  Бүгінгі  білім  жүйесіндегі  өнердің  басты  мақсаты  –  ол  адам 
баласының барлық іс-əрекетіндегі сергек сезімталдықты, əдемілік пен əсемдікті, талғамды тəрбиелеу. 
Сонымен  қатар  эстетикалық-рухани  тəрбиенің  ішінде  өнерге  үлкен  зейін  аударып,  оны  қоғам 
дамуымен  тығыз байланыста қарастырады.  Баланың  сана-сезімінің қалыптасуындағы негізгі құралдардың 
бірі  -  өнер.  Өнердегі  əн мен  күй,  өлең  мен  музыка,  сурет  пен  бейнелеу  – қазақ  халқының  өмірі  мен 
тұрмысында  ерте  заманнан  келе  жатқан  берік  орын  алып,  олардың  сенімді  де  айнымас  серігіне 
айналған дүниелер. Өнердің мақсаты – адамдардың көңіл-күйіне əсер етіп, оларға рухани қорек беру, 
эстетикалық  ғажайып  рахат  шəрбатынан  сусындатып,  жағымды,  этикалық  қасиеттердің  қалып-
тасуына жағдай жасау. Əсіресе, өнердің мəн мағынасын қазақ халық композиторларының мұралары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет