Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет434/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   464
Байланысты:
pednauki 2016.4

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
293
 
арқылы  қалыптастыру  негізгі  орын  алады.  Себебі,  ұлттық  белгі  осы  ұлттық  эстетика  арқылы 
айқындалады. 
Эстетикалық тəрбиеде өнердің алатын орны ерекше. Эстетикалық көзқарасты тəрбиелеудің негізгі 
құралы  –  өнер.  Ол  шындықты  көркем,  сезімді  қабылданатын  бейнелер  арқылы  адам  санасына,  сезі-
міне əсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жəрдем етеді. Ұлттық өнер, əдебиет – адамдардың 
эстетикалық мəдениетін, түрлі рухани қажеттіліктерін толыққанды қанағаттандыра алатын шығарма-
шылық салалары. 
Бүгінгі  таңда  жас  ұрпақтың  рухани-эстетикалық  дамуын  қамтамасыз  ету  негізінен,  көркем  өнер 
түрлері,  яғни  əдебиет,  тарих,  əдеп,  музыка,  т.б.  арқылы  білім  мен  тəрбие  беру  жүйесінде  жүзеге 
асырылады.  Қазақтың  əн  өнері  –  сонау  көне  заманнан  бері  қалыптасқан  халқымыздың  қазынасы, 
фольклордың  музыкалық  саласының  бір  тармағын  құрайды.  Фольклор  деген  сөз  ағылшын  тілінен 
алынған,  ол  «халық  даналығы,  халық  білімі,  халықтың  ауызша  шығарған  туындылары»  деген 
мағынаны  білдіреді.  Фольклор  шығармалары  халықтың  əр  дəуіріндегі  тұрмыс-салтымен,  наным-
сенімімен,  күнделікті  тіршілігімен  тығыз  байланыста  туады.  Оларда  өмірде  болып  өткеннің  ғана 
емес,  халықтың  «осылай  болса  екен»  деген  арман  үміттері  де  бейнеленіп,  табиғат,  өмір  құбылыс-
тарына  баға  беріледі.  Əн  –  халықтың  сүйіп  айтатын,  тыңдайтын,  сан  ғасырлық  тарихы  бар  халық 
музыкасының  ең  бір  бай  арнасы  болып  табылады.  Көне  заманнан  келе  жатқан  əн-күй  туралы 
халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал-мəтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы.  
XIX ғасыр мен ХХ ғасырдың басында қоғам дамуымен сабақтастықта дамып келе жатқан рухани-
эстетикалық тəрбие идеялары біз зерттеуімізге нысан етіп алып отырған ұлттық поэзия тарихында бір 
басында ақындық – əншілік, композиторлық – орындаушылық, жыршылық – əңгімешілдік, импрови-
заторлық  –  ойыншылық  өнерді  аса  сəтті  тоғыстырған  əнші  ақындардың,  сал-серілердің  өрелі 
өнерпаздың табиғаты айрықша мəнділігімен ерекшеленеді. Осындай біртұтас киелі өнердің көрнекті 
қайраткерлері Біржан сал, Ақан сері, Абай, Мұхит, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мəди, Үкілі Ыбырай, 
Құлтума,  Сары,  Майра,  Естай,  Нартай,  Кенен,  Арыстанбай,  Қанапия,  Құлтума,  Доскей,  Майасар, 
Тайжан, Болман, Кенішбай, Қалқа, Иса т.б. ұлттық өнеріміздің негізін салды. Халық композиторлары 
ұғымы – халықтан шыққан, өз өнерлері арқылы сол халықтың мəдениетін əлемдік биіктерге көтеретін 
тұлға.  Халық  композиторлары  мұраларын  зерттеу  барысында  байқағанымыз  əр  аймақтың  халық 
əндерін орындауға, айтылуына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар.  
Халық композиторлары ұғымы – халықтан шыққан, өз өнерлері арқылы сол халықтың мəдениетін 
əлемдік  биіктерге  көтеретін  тұлға.  Халық  композиторлары  мұраларын  зерттеу  барысында 
байқағанымыз əр аймақтың халық əндерін орындауға, айтылуына байланысты өзіндік ерекшеліктері 
бар.  
ХIХ  ғасырдың  екiншi  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  алғашқы  елу  жылындағы  таным-бiлiмнiң  осы 
күнгi  бiраз  кiсiнiң  қалыптасқан  пайымынан  əлдеқайда  өзгеше  болғаны  анық.  Қазiргi  жас  буынның 
өнердiң музыкаға қатысты озық үлгiсiнiң дүниеге келуiн əсем салынған мəдениет сарайы, опера жəне 
драма  театры  арқылы  көз  алдына  елестетуiне  байланысты.  Өйткенi,  қашанда  қарапайым  кiсiнiң 
түсiнiгi замана қалыптастырған санаға тiкелей тəуелдi болмақ.  
Сал-серi жайлы түсiнiк тек жалғыз өнермен ғана шектелмей, тұтастай қазақ тарихына қатысты сөз 
етудi қажетсiнетiндiгiнде болып отыр. Ұлттық поэзия тарихында бiр басында ақындық-əншiлiк, ком-
позиторлық-орындаушылық,  жыршылық-əңгiмешiлдiк,  импровизаторлық-ойыншылық  өнердi  аса 
сəттi  тоғыстырған  əншi-ақындардың,  сал-серiлердiң  өрелi  өнерпаздың  табиғаты  айрықша  мəндiлiгiмен 
ерекшеленедi. Сал-серiлер өнерiнде театрлық-драмалық элементтер қыруар. Осылайша ұлы дала құшағы 
кең,  ауқымы  үлкен  өмiр  сахнасына  айналатынын  ескертедi.  Мұның  өзi  дала  өнерiнiң  өркендеп 
ғасырдан ғасырға ұласуына, соның негiзiнде ұлттық сананы қалыптастыратын көптеген қажеттiлiктiң 
өтелуiне мүмкiндiк берген ғой. Бiрақ осы бiр дағды-дəстүр ХIХ ғасырға дейiнгi ұлы даланың мерейiн 
өсiрiп, абыройын асырған өнердiң бастапқы беташар бiр бөлiгi ғана екенiн ашып айту да парыз. Ал 
күндiзгi  той-томалақ  дүрлiккен  думаннан  кейiн  желпiнген  қөңiлдiң  желiгiн  басатын  –  кең  даланың 
бүтiндiгiн  сақтап,  ел-жұртының  бiрлiгiн  уағыздайтын,  қоғамдағы  саяси-əлеуметтiк  оқи-ғаларға  ой 
жүгiртiп, идеологиялық қызмет атқаратын дала өнерiнiң екiншi бөлiгi басталады. Шындығында оны 
таңды таңға ұрып Тəңiрiнiң тiлiнде қаумалаған халқына жеткiзетiн замана идеологы – жырау бабалар 
едi. 
Ер  азамат  бойындағы  елдi  қорғау  сезiмiнiң  құқықтық  тұрғыдан  қамтамасыз  етiлмеуi  ұлт  зиялы-
сының сал-серiлiк жолына түсiп, отаршылдардың түрлi қыспағына түскен камкөңiл халықтың көңiлiн 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет