Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет9/33
Дата05.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11067
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

 
1  Закон  Республики  Казахстан  «Об  общественных  объединениях»  (с  измнениями  и  дополнениями  на 
27.06.2014 г.). - Астана, 2014. 
 
Түйіндеме 
Қоғам  дамуына  ықпал  ететін  жəне  табысты  қызмет  ететін  көптеген  қоғамдық  ұйымдардың  арасында 
этномəдени орталықтар аса  ерекшеленеді. Этномəдени орталықтар көптеп жалпы ұлттық жəне аймақты даму  
міндеттерін  шешуге  қатыстырылып,  мемлекеттік  басқару  органдарының  сенімді  əріптестеріне  айналды,  
мұндай  əріптестік  жергілікті  басқару  органдары  арқылы  жүзеге  асырылады.  Этномəдени  орталықтар  дың 
жергілікті  органдармен  өзара  əрекеттесуі  қоғамды  біріктіру,  этносаралық  келісім  мақсаттарын  көздейді. 
Мақалада  осы  тұрғыдан  этномəдени  орталықтардың  жергілікті  мемлекеттік  органдармен  өзара  əрекеттесуінің 
бағыттары мен формалары, сондай-ақ олардың ынтымақтастығының күтілетін болашағы айқындалған.  
Тірек  сөздер:  Жергілікті  басқару  органдары,  этномəдени  орталықтар,  өзара  əрекеттесу,  ынтымақтастық, 
тəжірибе, болашағы. 
 
Summary 
The ethnocultural centers are especially distinguished from a set of the public organizations which are successfully 
functioning  and  promoting  development  of  society.  The  ethnocultural  centers  are  attracted  on  the  solution  of  many 
problems of  national and regional development, becoming  the reliable partner of public authorities. The ethnocultural 
centers  take  active  part  in  public  administration  through  cooperation  with  local  governing  bodies  more  and  more. 
Interaction  of  the  ethnocultural  centers  with  local  governing  bodies  is  assumed  by  the  purposes  of  consolidation  of 
society, preservation of interethnic consent. From these positions in article the directions and forms of interaction of the 
ethnocultural centers with local authorities, and also possible prospects of their cooperation reveal. 
Keywords: Local organs of management,ethnocultural centers, interaction, cooperation, experience, prospects. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
57 
ƏОЖ 94(574)Қ43 
 
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20 - 30 ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АНА МЕН БАЛАНЫ  
ҚОРҒАУ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қасабекова А.И. – Каза- Gлтты- Fнер университеті, тарих ғылымдарыны! кандидаты, доцент 
 
ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарында  Кеңес  өкіметінің  жүргізген  Ана  мен  баланы  қорғау  (АБҚ)  жұмыстарына 
мұрағат құжаттарына сүйене отырып талдау  жасалды.  Əйелдер бөлімінің ана мен  баланы қорғау мекемелерін 
ашып, оның жұмыстарын ұйымдастырудағы қызметі ашып көрсетілді. 
Қарастырылып отырған кезеңдегі  балалар үйін, балабақша, балалар мен əйелдерге арналған  консультация-
лар  ашуда кездескен қиыншылықтар: қаражаттың тапшылығы, мекен жай табудың қиындығы, маман педагог, 
тəрбиеші, дəрігер, медбике, акушеркалардың жетіспеуі сияқты мəселер қарастырылады. 
Алыс ауылдарға балалар мен əйелдердің денсаулығана қарайтын жылжымалы консультациялар мен  Қызыл 
Отаулар жіберілгенімен, қазақ тілін білетін мамандар тапшы болды. Сондықтан АБҚ мекемелеріне басшылық 
жасайтын жəне маман  қызметкерлер  даярлайтын ғылыми  орталық – АБҚ  институты ашылды. 
Жаппай  ұжымдастыру  нəтижесінде  құрылған  колхоздарға  жұмыс  күші  ретінде  əйелдерді  тарту  үшін 
балабақшалар, дəрігерлік орындар, босанатын үйлер ашу қажеттігі туындады. 1935 жылы жергілікті жерлерде 
ауылшаруашылық  артелінің  ана  мен  баланы  қорғау  жұмыстарының  орындалу  барысын  тексеру  нəтижесінде 
бірқатар кемшіліктердің анықталуы мұрағат құжаттарынан көрінеді. 
Мұрағат  құжаттарына  сүйенсек,  соғысқа  дейінгі  кезенде  еңбек  еткен  колхозшы  аналар  мен  олардың 
балаларына  жеткілікті  қамқорлық  жасалмаған.  Партия  мен  Кеңес  өкіметінің  қабылданған  қаулыларының 
көпшілігі толық орындалмай, қағаз жүзінде қалып отырды. 
Тірек сөздер: Əйелдер бөлімі, Ана мен баланы қорғау, Қызыл Отау, Ана мен баланы қорғау институты. 
 
ХХ-ғасырдың басындағы дүниежүзілік соғыс, төңкерістер, Азамат соғысы Қазақстанның дамуына 
ауыр  зардаптарын  тигізді.  Құрғақшылық,  жұқпалы  ауырулар  өрістеп  тұрған  жағдайда  Қазақстанда  
денсаулық сақтау, соның ішінде Ана мен баланы қорғау шараларын іске асыру баяу жүрді. 
1920 жылы Түркістан Денсаулық ХК-ның балалар денсаулығын қорғау бөлімі  жанынан Ана мен 
баланы қорғау (АБҚ)  бөлімшесі  ашылды. Жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау бөлімінде ана мен 
баланы  қорғау  секциялары  құрылды.  Түркістан  Республикасы  ХКК-нің  ана  мен  баланы  қорғау 
жұмысы жайлы №102 бұйрығын негізге ала отырып барлық облыстық əлеуметтік қорғау жəне денсау 
бөлімдеріне:  «Емшекте  баласы  бар    əйелдерге  жəрдемақыны  жəне  босанғанға  дейінгі,  одан  кейінгі  
жəрдем  ақыны  əлеуметтік    қамсыздандыру  бөлімі,  ал  балаларды  күтуге  арналған  заттарды  АБҚ 
бөлімі береді», - деген нұсқау хат жіберілді [1].  
1920  жылы  Перовскі,  Новоказалинскі,  Түргенде  балалар  мекемелері  ашылғанымен,  бірақ  жұмыс 
барлық жерлерде  ең  басынан  дұрыс  жүргізілмеді.  Ашық  түрдегі  бала  бақша, консультация  ашудың 
орнына, бөбектер  үйін  ашуда,  3 жастан жоғары  балалардың  денсаулығын қорғау шаралары  мүлдем 
қарастырылмаған  [2].  1921  жылы  Түркістан  Өлкесі  бойынша  27  балалар  үйі  (315  төсек)    жəне  5 
консультация  болса,  оның  25  пайызы    ашық    түрдегі  мекемелер  еді.  Аштықтың  салдарынан  басқа 
жақтан келушілер көбейді жəне де безгек, сүзек эпидемиясының етек алуымен  жағдай  қиындады,  
ашық  түрдегі  мекемелерді жабық  түрге  айналдыруға тура  келді, өйткені өлім  50 пайызға  дейін 
көбейіп  кетті.  Жергілікті  қаржыландыруға  өтуге  байланысты  балалар  мекемесі  75  пайызға  қысқар-
тылды. Барлық консультациялар жабылды, тек Ташкенттегі консультация, яслилер қалды [3]. Ашық-
қан  аудандардан  келген  балалар  үшін  3  балалар  үйін  мемлекеттің    қарауында  қалдыруын  сұрап,  
үлкен  қиындықпен оған  қол  жетті.    
1923  жылы  Түркістан  Өлкесінде  барлығы  11  балалар  үйі    жəне  1  консультация  қалды.  Балалар 
мекемесінің  мұндай  аздығы  халықтың  талабын  қанағаттандыра  алмады  жəне  де  Түркістанның 
оңтүстігіне  басмаштардың шабуылынан баспанасыз  балалар  ағылды.    
Қазақ  АКСР-де  Өлкелік  ана  мен  баланы  қорғау  бөлімі  жəне  оның  бөлімшелері  1921  жылдың  
аяғында  ұйымдастырылды.  [4].  АБҚ  ісі  тастанды  жəне  жетім    балаларға  арналған  жабық    түрдегі  
мекемелерді құрудан  басталды. 1922 жылы балалар  үйінің саны33- ке жетті[15]. Алайда  оның  бірде 
бірі    өз  міндетіне  сай  болмады.  Тамақ,  күтім,  дəрігерлік  көмек  ең  төмен  деңгейде  болды.  Ақмола  
губерниялық  əйелдер  бөлімінің есебі бойынша тек 3 жасқа дейінгі баларға арналған 1 ғана  балалар  
үйі болды, онда өлім 60 пайызға жеткен,балалар үйінің жағдайы өте төмен жəне гигиеналық-санитар-
лық жағдай сақталмады [6]. АБҚ мекемелерін құру барысында көптеген қиындықтар кездесті: мекен-
жай, құрал-жабдық, мамандар болмады. Халық арасында мекемелердің қажеттігін түсінбеушілер  де  
кездесті.   

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
58 
Соғыстан  кейінгі  əлеуметтік  экономикалық  қиын  жағдайда  бала  мен  əйелдерді  сауықтыру 
мəселесін тек қана  денсаулық  сақтау  мекемелерінің  күшіне  сүйеніп  іске  асыру  мүмкін  емес  еді. 
Сондықтан Əйелдер бөлімі денсаулық сақтау қызметкерлеріне АБҚ-ды тұрғындар арасында үгіттеуге 
жəне  ұйымдастыруға  жан-жақты  көмектесті.  Əйелдер  бөлімінің  белсенділері  консультация,  бала-
бақша ашуға  лайықты  орындар мен  мекен-жайларды  қарастырды  жəне  оған  қажетті  мамандар  
даярлау ісіне кірісті. Өкіл əйелдердің көмегімен Қызыл Крест  қоғамының  қорынан  консультациялар  
жанынансүт асханасын ашуға қаражат  бөлінді,бала-бақшаға қажетті жабдықтар мен киімдерді өздері 
тікті. АБҚ  мекемелері  тұрғындар арасында  санитарлық-гигиеналық  білімдерді  таратумен  қатар, 
əйелдер  арасында  сауатсыздықты  жою,  өндірістік  жəне  саяси  курстарға  тартып,  таптық  санасын  
оятуға    көмектесті.  Қазақ  əйелдерін  оқу  жəне    жұмыс  кездерінде    балаларын    бала-бақшаға  беруге  
көндіру  оңайға  түскен  жоқ.  Сондықтан  бала-бақшаға  балаларын  бірінші  болып,  белсенді  əйелдер  
əкелді. балалардың  жағдайын  жақсы  екеніне  көздері  жеткен  соң,  басқалар  да əкеле  бастады.   
ДСХК-ның тарапынан ірі губерниялық ауруханалар жанынан  қысқа  мерзімді  акушерлік  курстар  
ашу қарастырылды, негізінен оған қырғыз  əйелдерін қабылдау көзделді. Өлкелік Одақ кооперативтік  
сөрелердің жанынан  «Ана мен бала»  бұрышын  ашу  жайлы  қаулы  қабылданды [7].  
ЖЭС  кезінде  шаруашылық  есепке  көшумен  байланысты  денсаулық  сақтау  жұмысын  қаржылан-
дыру    өзгерді,  мемлекет  емес,  оны  жергілікті  шаруашылық,  кеңес    мекемелері    қаржыландыратын  
болды. Сондықтан балалар  бақшасы  мен  консультациялар  саны  азайды.   
1925  жылы  астана  Орынбордан  Қызылордаға  көшкенен  кейінРеспубликаның  ХК-ті  балалар 
мекемелерін құрудағы мол тəжірибесін ескере отырып, дəрігер Надежда Мананникованы республика-
лық АБҚ бөлімінің меңгерушілігіне ұсынды. Қызылордада АБҚ орындарын ашуға əйелдер  бөлімі-
нің қызметкерлері А.Назарова,  К.Жарлыкамышева, Г.Байсалықова көмектесті. Қызылордаға   барлық  
орталық    мекемелердің    көшуімен  байланысты  бала-бақша,  балалар    консультациясына  мекен-жай  
табу  қиын болды. Өлкелік əйелдер  бөлімінің меңгерушісі Н.Арықова, орынбасары Е.Попова, «Əйел 
теңдігі»  журналының  редакторы  С.Есова  АБҚ  жұмысын  газет,  журнал  арқылы  халыққа  жеткізді.  
АБҚ  мекемелерін  құруға  дəрігер  Аққаз  Досжанова  көп үлес қосты.   
1926-27 жылы  денсаулық сақтау  органдары  АБҚ жұмысында  жабық  түрдегі мекемелерді жабу 
есебінен  ашық  түрдегі  (балабақша  жəне  балалар  мен  жүкті  əйелдерге  арналған  консультация) 
мекемелерді  жаппай  ашу    жұмысына  бет  бұрды  [8].  Қазақстан    бойынша  ашық  түрдегі  мекемелер 
(ясли,  консультация)  1922  жылы  3  болса  1929  жылы  40-қа  жетті,  алжабық  түрдегі  мекемелер 
(балаларүйі) 1922жылы 33 болса 1929 жылы мүлде болмады [9]. Балалар орындарының саны мүлдем  
жеткіліксіз  жəне оның  жұмыстары  АБҚ  саласында  еңбекшілердің жылдан-жылға  өсіп  отырған  
талаптарын  қанағаттандырмады. АБҚ мекемелер  жүйесі  негізінен  қалаларда,  өндірісті  аудандарда  
орналасты  жəне  ауыл-селолық  жерлерде өте аз ашылды. 
Жазғы мерзімде көшпелі халықтарға қызмет ету үшін, жылжымалы консультациялар ашуға шешім 
қабылданды, оның құрамы дəрігер, бала дəрігері жəне акушеркадан  тұрды. Жылжымалы консульта-
циялар  1926 жылдан бастап, тек  жазғы  мерзімде  ғана  жұмыс  істеді. Олардың міндеті: балалар мен  
əйелдердің  өмірі  мен  тұрмысын  зерттеп, сараптау  жəне  олармен  жұмыс  істеу  түрін  анықтау  еді. 
Жылжымалы консультацияларды ұйымдастыруда көптеген қиыншылықтар  кездесті, көшпелі  өмірге  
лайық, тез жиналатын жиһаз, құрал - жабдықтар, ыдыс-аяқ, төсек-орын, дəрі-дəрмектер  қажет болды. 
Жылжымалы консультацияларға мыңдаған тіпті одан да  көп  шақырым  жерлерді  атпен  жүруге тура 
келді.  Олардың  құрамында  дəрігерлер  жетіспеді,  сондықтан  Ташкент,  Саратов,  Москвадан  
шақырылды. Орта білімді қазақ тілін білетін қызметкерлер іздестірді [10]. 1927 жылы - 3,1928 жылы -
6 жылжымалы  консультация  болды.[9;160-п].  
Көшпелілер арасында  АБҚ жұмысын  көшпелі Қызыл Отаулар жүргізді. Олар əйелдер бөлімі  мен 
саяси-ағарту  бөліміне  қарады,  ал  денсаулық  сақтау  бөлімдері  оларға    акушеркаларды  іс-сапарға 
жіберді жəне қажетті  дəрігерлік құрал-жабдықтармен,  дəрілермен,  көрме,  кітаптармен  қамтамасыз 
етті. Жылжымалы  консультациялар  мен  Қызыл  Отаулар  халық  арасында  кең  тарады, алайда олар  
барлық  мəселелерді  шеше  алмады, тұрақты  дəрігерлік  орындар  мен ауруханалар  қажет  болды.    
Отырықшы қазақтар арасында алғашқы 6 бала-бақша тек 1928 жылы ғана ашылды [11]. Осы жылы 
жоспарлы түрде селолық ясли қызметкерлерін даярлау ісі басталды. Курстарда 108 адам  оқытылды. 
1929  жылы  осындай  тағы  да  6  курс  ашылды.  Алайда  даярланған  мамандар    жеткіліксіз    болды,  
жергілікті  тұрғындардан даярланған  ясли  қызметкерлеріне  деген өткір қажеттілік туды [10;60-п].  
Қазақстанда  АБҚ  жұмыстарын  жүргізетін  дəрігерлер  мен  педагог  мамандар  да    жəне  жұмысты 
жүргізуге  қажеттті  қаражат  та  тапшы  болды.  Сондықтан  АБҚ  мекемелеріне  басшылық  жасайтын 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
59 
ғылыми  орталық  ретінде,  қазақ  тұрғындары  арасынан  маман  қызметкерлер  даярлау  мақсатында 
ҚазОК  мен  ХК  Кеңесінің  1928  жылғы13  ноябрьдегі  қаулысында:  «Алматы  қаласында  ғылыми-
практикалық  мекеме  ретінде басшылық жасайтын  АБҚ  институтын ашу қажет деп есептелсін» -деп 
көрсетілді [10;69]. Институт əйелдер бөлімінің он жылдығы қарсаңында №1 балалар  консультациясы  
негізінде ашылды.    
Республика халқының жартысы əйелдер қауымы болғандықтан жаппай ұжымдастыру нəтижесінде 
құрылған  колхоздарға  жұмыс  күші  ретінде  əйелдерді  тарта  бастады.  Олардың  жұмыс  істеуі  үшін 
бала-бақшалар, дəрігерлік орындар, босанатын үйлер ашу қажеттігі туындады. 
Бүкіл  одақтық  екпінді  колхозшылар  сиезінде  ауылшаруашылық  артелі  жарғысы  қабылданды. 
Оның  11,  12,  14тармақтары  АБҚ  мəселелеріне  арналған,  яғни  балабақшаны  қаржыландыру  қорын 
құру,  жүкті  əйелдерге  босанғанға  дейін  1  ай,  босанғаннан  кейін  1  ай  демалыс  беру,  осы  берілген 
уақытқа  еңбек  күн  жазу,  ауылдық  жерлерде  əйелдер  босанатын  үйлер  ашу,оларды  акушерлер  мен 
дəрігерлермен қамтамасыз ету қарастырылған. Жергілікті жерлерде ауылшаруашылық артелінің ана 
мен баланы қорғау жұмыстарының орындалу барысын тексеру жайлы СССР Жер, Денсаулық сақтау 
жəне Ағарту ХК-ның  22 қырқүйек 1935жылғы біріккен бұйрығы шықты. Соған орай 1935 жылы 29 
қазанда  ҚДСХК-ның  шешімімен  Өлкелік  тексеру  штабы,  [12,2-п]  облыстарда  облыстық  штабтар 
құрылды. 37 ауданның 494 колхозы, соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 5 ауданның 42 
колхозы  жəне  2  совхозы  тексерілді[12;5-п].  Тексеру  барысында  жарғының  14  тармағы  бұзылғаны 
анықталды.  Мысалы,  Теректі  ауданы,  Шевченко  колхозында  10  жүкті  əйелге  демалыс  берілмей, 
жүмыс  істеп  жүріп,  егіс  даласында  босанған.  Босанғаннан  кейін  де  демалыс  берілмей,  бригадир 
оларды  жұмысқа  жұмсаған.  «Алғабас»,  «Ильич  өсиеттері»  колхоздарында  əйелдер  жұмыстан 
босатылғанымен, еңбеккүн жазылмағандықтан, əйелдер жұмысқа шығуға мəжбүр болған. [13] 
ОҚО-да  32  колхоз  тексерілді,  Шымкент  ауданы  Киров  атындағы  колхозда  əйелдер  босанғанға 
дейін тек 1 апта ғана демалысын пайдаланған. Сол ауданның Жетісу колхозында 18 əйелге демалыс 
берілген,  бірақ  еңбеккүн  жазылмағандықтан,  олар  жұмыс  істеуге  мəжбүр  болған.Шығыс  Қазақстан 
облысында  12  ауданның  105  колхозы,  Алматы  облысында56  колхоз  тексеріліп,  392  жүкті  əйел 
анықталған.  Қарағанды  облысы  бойынша  12  ауданның  278  колхозы  тексеріліп,  2948  жүкті  əйел 
есепке  алынған.  Оның  1751-не  демалыс  берілсе,  640-на  берілмегені  жəне  1193  əйелге  еңбеккүн 
жазылмағаны  анықталды.  Тельман  ауданы  «Артықұл»  колхозының  басқармасы  колхозшы  əйелге 
ауруханаға бару үшін көлік бермегендіктен, бөшкелер тиеген арбаға мініп, Қарағандыға барар жолда 
босанып  қалады.  «Қызыл  дихан»  колхозында  босанғанына  10  күн  ғана  болған  əйелді  жұмысқа 
жұмсайды. Екі күннен соң қатты ауырып, 3 ай төсек тартып жатты. Осыколхозда демалыс берілме-
гендіктен,  əйелдер  босанғанша  жұмыс  істеген,  тіпті  екі  əйел  жұмыс  кезінде  фермада  босанған. 
Тексеру  кезінде  кей  жерлерде  əйелдер  босанатын  шағын  орындар  ашылып,  кейбір  басқа  да  іс-
шаралар іске асырылды. Көпшілік колхоздарда жүкті жəне емшекте баласы бар əйелдердің еңбек ету 
жағдайына мүлдем көңіл бөлінбеді. Мысалы, 1-май атындағы колхозда емшекте баласы бар əйелдерді 
қашық жерге жұмысқа жібергендіктен, баласын күні бойы емізе алмаған [12;6-п]. Мұндай фактілер 
мұрағат құжаттарында өте көп кездеседі. 
Ауылшаруашылық  жарғысының  АБҚ  туралы  11;12;14  тармақтарын  тексеру  нəтижесінде 
республика бойынша мынандай кемшіліктер анықталды: 
1.  Барлық  жерлерде  балабақшасына  берілген  тұрақты  мекен  жайдың  жоқтығы  белгілі  болды, 
кейбір колхоздарда мекен жай болмағандықтан, балабақшалар жабылып қалған. Барлық балабақша-
ларда  құрал-жабдық,  азық-түлік,қаражат  жетіспейді,  кей  жерлерде  балалар  жерге  де  жатады.  2. 
Даярланған  балабақша  қызметкерлерінің  жоқтығы,  балалар  мен  əйелдер  дəрігерлерінің,  акушерка-
лардың жеткіліксіздігі анықталды. 3. Жүкті əйелдерге босанғанға дейін 1 ай, босанғаннан кейін  1 ай 
берілетін  демалыс  жəне  бұл  мерзімге  еңбеккүн  жазу    ережесі  көп  жерлерде  бұрмаланған.  4.  Жүкті 
жəне  емшектегі  баласы  бар  əйелдердің  еңбек  ету  жағдайына  көпшілік  жерлерде  дұрыс  көңіл 
бөлінбеген. 
КСРО ОАК мен ХКК1936 жылы 27 маусымда «Абортқа тиым салу, жаңа туған жəне көпбалалы 
аналарға  материалдық  көмек  беру,  əйелдерге  арналған  босану  үйлерін,  бала-бақшаларын  көбейту, 
алиментті  төлемеушілерге  қылмыстық  жазаны  күшейту,  ажырасу  заңына  кейбір  өзгерістер  енгізу» 
жайлы қаулы қабылды [14]. Осы заң бойынша жүкті əйелдерге берілетін демалыс мерзімі ұзартылып, 
босанғанға дейін 56 күн, босанғаннан кейін 56 күн  жəне кішісі 5 жастан аспаған, кемінде 7 баласы 
бар аналарға жəрдем ақы берілетіні айтылған [15]. Көп балалы аналарды анықтап, оларға жəрдем ақы 
беруде көптеген бұрмалаушылықтар да болғанын мұрағат құжаттарынан көруге болады. 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
60 
30-жылдардың  ортасында  АБҚ  жұмыстарында  20-жылдармен  салыстырғанда  ілгерілеушіліктер 
болды. Бірақ бұл істер жүйелі түрде емес, Партия мен Кеңес өкіметінің қаулысы қабылданған кезде, 
соны  орындау  мақсатында  науқаншылдық  сипатында  жүргізілді.  Əміршіл-əкімшіл  жүйе  кезінде 
жергілікті  халықтың  ұлттық  ерекшеліктері,  халықтың  пікірі  мүлдем  ескерілмеді.  Абортқа  тиым 
салғанмен,  ананың  балаға  қарауына  жағдай  жеткілікті  жасалмады.  Ауруханаларда  абортты  ашық 
жасау шектелгенмен, жағдайы, мүмкіндігі жоқ əйелдер,бəрібір жасырын түрде жасап, денсаулығына 
көп  қауіп  туғызатыны  сөзсіз.  Іс-шараны  заңның  күшімен,  күштеу,  жазалау  арқылы  ғана  іске  асыру 
мүмкін емес. 
Мұрағат  құжаттарына  сүйенсек,  соғысқа  дейінгі  кезенде  еңбек  еткен  колхозшы  аналар  мен 
олардың  балаларына  жеткілікті  қамқорлық  жасалмаған.  Партия  мен  Кеңес  өкіметінің  қабылданған 
қаулыларының көпшілігі толық орындалмай, қағаз жүзінде қалып отырды. 
 
1  HРОММ Р- 606--,  1-т,  18-іс,  105-п. 
2  $РПМ 1--, 1-т, 362-іс, 22-п.   
3. HРОММ Р-40--,  1-т,  347-іс,  29-п 
4  ЖакыповаА.Развитие семейно-брачных отношений вКазахстане.1971, с.108. 
5  Наши сестры. Алма- Ата. 1961. с 169. 
6  $РПМ  139--, 1-т,  462-іс,  8-п.  
7  $РПМ  139--, 1-т, 1131-іс,  3-п. 
8  $РПМ 141--, 1-т, 2396, 160-п 
9  $РПМ 141--, 1-т, 2386-іс, 159-п. 
10 $РОММ  248--,  1-т,  11-іс,  65-п. 
11  $РОММ  248--,   1-т,  41-іс,  41-п. 
12  $РОММ. 5--, 17-т, 252-іс, 2-п. 
13  $РОММ 5--, 1-т, 48-іс, 1,2-п. 
14  $РОММ.5--, 17-т, 413-іс, 1-п. 
15  $РОММ.82--, 2-т, 114-іс, 61-п. 
 
Аннотация 
В статье, основываясь на  архивные материалы, охарактеризована деятельность Советской власти по защите 
матери  и  ребенка  в  20-30  годы  ХХ  века.  Этой  работой  в  основном  занимались  женотделы  при  партийных 
организациях.  Трудности  были  связаны  с  нехваткой  бюджетных  средств,  недостатком  помещений  и  отсутст-
вием специалистов (воспитателей, детских врачей, акушеров, медсестр и т.д.). Для решения этих проблем был 
организован  Институт  защиты  матери  и  ребенка,  где  проводилась  подготовка  специальных  кадров  для  этой 
работы. В отдаленные районы и аулы для оказания помощи женщинам и детям были направлены передвижные 
консультации  и  организованы  Красные  юрты.  Здесь  проводилась  разъяснительная  работа  по  профилактике 
женских и детских заболеваний, сангигиене и т.п.   
В годы коллективизации для того, чтобы использовать женский труд, возникла необходимость в увеличении 
количества  родильных домов, медпунктов, детских садов и т.д. В Уставе о сельскохозяйсвенных артелях был 
пункт о защите матери и ребенка. Анализ документов, связанных с проверкой, проведенной в 1935 г.,  показал 
недостатки и ошибки в этой работе. 
Таким образом, в довоенный период мерам по защите матери и ребенка уделялось недостаточное внимание. 
Постановления партии и советского правительсва в основном остались невыполенными. 
Ключевые  слова:  женский  отдел,  Защита  Матери  и  Ребенка,  Красная  юрта,  институт  защиты  матери  и 
ребенка. 
 
Summary 
In the article, based on archival materials, are characterized activities of the Soviet power for protection of mother 
and a child in 20-30 years of the XX century. Generally were engaged in this work by the party organizationswomen 
departments.  Difficulties  were  connected  with  shortage  of  budgetary  funds,  a  lack  of  rooms  and  absence  of  experts 
(tutors, children's doctors, obstetricians, nurses, etc.). For the solution of these problems was established the Institute of 
protection of mother and child where were preparation of special shots for this work  carried out. Mobile consultations 
were directed to the remote areas and auls for assistance to women and children and were organized Red yurtas. Here 
were explanatory work on prevention of female and children's diseases the sanitation carried out.   
In the years of collectivization to use female work, there was a need for increase in number of maternity hospitals, 
first-aid posts, kindergartens, etc. In the Charter about the agricultural artels there was  a point on protection of mother 
and  the  child.  The  analysis  of  the  documents  connected  with  the  inspection  which  was  carried  out  in  1935  showed 
shortcomings and mistakes of this work. 
Thus,  during  the  pre-war  period  the  insufficient  attention  was  paid  to  measures  for  protection  of  mother  and  the 
child. Resolutions of party and of the Soviet government fully carried out. 
Keywords:  women's  department,  protection  of  mother  and  child,  Red  yurta,  institute  of  protection  of  mother  and 
child. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
61 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет