Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж



Pdf көрінісі
бет7/28
Дата15.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#4142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28

 
1 Шәмсиябану Сәтбаева "Шоқан Уәлиханов - филолог" - Алматы, 1987 жылы. 
2 Әлкей  Марғҧлан  "Шоқан  Шыңғысҧлы  Уәлихановтың  ӛмірі  мен  қызметі".  Таңдамалы.  Орысшадан  аударған 
Әнуар Исмағамбетов. - Алматы, 1980 жылы. 
 
Резюме 
Айдосова Н.Б. - КазНПУ им. Абая магистрант ІІ курса, Научный руковадитель: к.ф.н., стар.пред. Д.Сатемирова 
Научное значение работы Шамсиябану Сатбаевой "Шокан Уалиханов - филолог" 
Изучение закономерностей развития человеческого, трудно учиться. Иногда понимание человеческой души, это 
приятно  видеть  внутреного.  Баянаульский  является  потомком  стран  природного  происхождения,  нравственной 
жизни своего отца, всегда хранить память о нашей дорогой матери Шамсиябану Сатбаева богатое наследие оставил 
нам. Чокановедение одного из ученых, уникальный Сатбаева оставил нам хорошую жизнь, и жизнь полна науки. 
Ключевые слова: литература, коммуникации, век оставил в наследство величия отличным 
 
Summary 
Aydosova N.B. - Abai Kazakh National Pedagogical University graduate student course II 
Scientific supervisor: candidate of philological science, Senior Lecturer of KazNPU named after Abai D.Satemirova 
The scientific value of the work Shamshiyabanu Satpayev "Shokan Ualikhanov - philologist" 
The study of the laws of human development, it is difficult to learn. Sometimes the understanding of the human soul, it's 
nice to see the inside. Bayanaul is a descendant of natural origin of the moral life of his father, always keep the memory of our 
dear mother Shamsiyabanu Satbaeva rich heritage left to us. Chokanovedenie one of the scientists, the unique Satbaeva left us 
a good life, and life is full of science. 
Keywords: literature, communications, century left a legacy of greatness excellent 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
36 
УДК 338.467.5 
 
КӚРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТКЕ СҦРАНЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ 
МАРКЕТИНГ ТҦРПАТТАМАСЫ 
 
А.Ю. Аскарова – Абай ат. ҚазҦПУ 6М051100 – «Маркетинг» мамандығының 1-курс магистранты 
 
Мақалада  тҧтынушылардың  қызмет  кӛрсетуге  сҧранымын  зерттеу  негізіндегі  қызмет  кӛрсетудің  әдіс  тәсілдері 
қарастырылады.  Мақсатты  нарықты  әзірлеудегі  маркетинг  қызметінің  артықшылықтары  мен  кемшілік  тҧстары 
кӛрсетіледі. 
Кілт сӛздер: Қызмет кӛрсету, сҧраныс, тҧтынушы, нарық, қызметті сатып алу, кәсіпорын, бәсекелестік, стратегия 
 
Кӛрсетілетін  қызметке  сҧраным,  кез-келген  басқа  тауарларға  сияқты,  сатып  алушылардың  ақшалай 
қаражаттарымен  немесе  тӛлеу  қабілеттіліктері  қажетсінуімен  қамтамасыз  етілетін,  қызметті  қажетсіну 
бӛлігін  кӛрсетеді.  Сҧраным  ӛндіріс  пен  тҧтыну  арасындағы  байланыстырушы  буын  болып  табылады, 
мҧны оны зерттеу, талдау және фирманың маркетингілік қызметін болжау қажеттілігі анықтайды.  
Кӛрсетілетін  қызметке  сҧраным  кӛптеген  факторлар  ықпалымен  қалыптасады:  экономикалық, 
әлеуметтік-саясаттық,  демографиялық,  мәдениеттік-тарихи,  табиғаттық-климаттық,  жәнеде  халықтың 
табысының  кӛлемі,  нарықтық  бағалар  деңгейі,  қызмет  нарығының  географиялық  жағдайы,  тҧрмыс 
жағдайының  дәстҥрі,  тҧтынушылар  тәртібінің  ерекшеліктері  және  т.б.  енеді.  Басымдылық  мәнге 
халықтың  табысын  дамытудың  деңгейі  мен  беталысын  шарттайтын  факторлар  ие  болады,  ӛйткені  тек 
солар ғана тҧтынушылардың тӛлеу қабілеттігі мҥмкіндіктерін қалыптастырады.  
Сҧранымды  тҧрақты  зерттеу  және  бағалау  қазіргі  маркетингтің  ӛзекті  элементтері  болып  табылады, 
олар  қызмет  кӛрсету  саласындағы  кәсіпкерлік  қызметтің  келешегін  ашуға,  маркетинг  стратегиясын 
таңдау мен негіздеуге, кҥрделі конъюнктуралық міндеттерді тиімді шешуге мҥмкіндік береді.  
Қызмет кӛрсету сҧранымы бӛлінеді: 
 нарықта осы кезеңде болушы; 
 әлуеттік (жасырын, бірақ белгілі бір жағдайларда пайда болады), сатып алушы қабілеттілікпен және 
әлуетті сатып алушылар санымен анықталатын қызметтер; 
 фирма тҧғырынан тілеулі, қызмет кӛрсетуші кәсіпорын пайдасының жоспарланған ӛсімін қамтама-
сыздандыратын қызметтер. 
Қызметке сҧранымды зерттеу негізінде қызмет нарығын тҧтынушылардың біртекті топтарына бӛлуді 
білдіретін,  саралау  идеясы  жатыр.  Қызмет  нарығын  саралау  тауарлық  нарықты  саралау  критериялары 
бойынша жҥзеге асырылады: географиялық (территориялық), әлеуметтік, демографиялық, экономикалық, 
және т.б. 
Қызмет нарығын саралаудың негіз салушы принципі болып территориялық принцип табылады. Соның 
негізінде  қызметті  кӛрсету  нысаны,  олардың  таралу  жағдайы  және  нарықта  жылжытылуы,  халықты 
кӛшірудің сипатымен детерминирленуі қҧралады.  
Қызмет  нарығында  ерекше  кӛңіл  аударуды  саралаудың  тәртіптік  принципі  ие  бола  алады,  оның 
шеңберінде  тҧтынушылық  беталысының  ерекшеліктері  зерттеледі,  ҧқсас  әлеуметтік-психологиялық 
сипаттамалы біртекті топтар қатарланады.  
Қызмет  кӛрсету  кәсіпорыны,  заң  бойынша,  адамның  кҥнделікті  қажеттілігін  қанағаттандырады. 
Олардың қызметінің бағдары болып, кӛшірілу әдісі, климат, мәдени, ҧлттық, әлеуметтік-психологиялық 
ерекшеліктер және басқа факторлар ықпалымен қалыптасқан белгілі бір тіршілік стилі қызмет атқарады. 
Бҧл кезде әлуеттік емес, нақты, қолданбалы тіршілік стилі айтылып отыр.  
Тәртіптік ерекшелік  жайғасымынан қызмет кӛрсету кәсіпорынының  тҧтынушы контингенті бірнеше 
жиынтықты, келесі тәуелділіктерге байланысты кӛрсетіледі: 
1. Қызметті сатып алу уәждемесі. 
Мҧндай  жиынтық  айрықша  кеңдігімен  ерекшеленеді  және  шексіз.  Ол  қызметтің  ассортименттік 
қатарының дамуы ҥшін база қҧрады және жаңалық-қызметтер іздеу ҥшін кең мҥмкіндіктер береді.  
2. Тҧтынушылардың ізделіп отырған пайдасы. 
Бҧл саралаудың тиімді әдістерінің бірі. Бҧл жердегі маңызды нәрсе тҧтынушының қызметті сатып алу 
нәтижесінде  ала  алатын  пайдасын  дҧрыс  бағалау,  қызмет  сапасын  тҧтынушының  ӛз  жайғасымынан 
сипаттау. Жәнеде тек қана экономикалық пайдамен шектеліп қоюға болмайды, ӛйткені ізделіп отырған 
пайда  әлеуметтік-психологиялық  сипатта  болуыда  мҥмкін.  Мысалы,  әуесқойлық  шығармашылық 
бірлестіктер  қызметін  қолдану  саласында,  тҧтынушы  қажетсінуден  қанағаттануды  ӛзіндік  дамудан, 
қоғаммен мойындалудан және т.б. тҥрлердегі пайданы алады.  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
37 
3. Тҧтыну қарқындылығы. 
Бҧл  критерия  бойынша  бҥкіл  тҧтынушы  контингентті  әлсіз,  біркелкі  және  белсенді  тҧтынушыларға 
бӛлуге болады. Мақсатты топ ретінде белсенді тҧтынушыларды қарастырған тиімді. Тіпті олар нарықтың 
аз бӛлігін қҧрасада, оларға қызметті пайдаланудың ҥлкен ҥлесі келеді. Мысалы, тҧтынушы контингенттің 
1/5  бӛлігін  қҧрайтын  жасӛспірімдер,  ойын  автоматтары  мен  компьютерлік  ойындардың  барлық  дерлік 
қызметін толық пайдаланады.  
4. Қызметтің жолын ҧстаушылық дәрежесі. 
Халықаралық тәжірибеде мҧндай топтасуға тҧтынушылардың тӛрт тобы бӛлінеді: 
а) Осы қызметтің сӛзсіз жолын ҧстаушылар. 
Оларға ӛндірістік емес бір кәсіпорынның қызметтерін пайдаланатын, олардың сҧранымдарын толық 
қанағаттандыратын, тҧрақты тҧтынушылар жатады.  
б) Шыдамды жолын ҧстаушылар. 
Бҧл  тҧтынушылар  2-3  ӛндіруші-бәсекелестер  қызметін  пайдалануды  дҧрыс  кӛреді.  Тек  қана  осы 
топтың,  жеке  қызметтердің  тҧтынушыларда  жақсы  немесе  нашар  бағалануының  себептерін  талдау 
барысында кӛңіл аударуы қажет. Тҧтынушылардың тҧрақтылығына қол жеткізу ҥшін, осындай қызмет-
терді жайғастыру әдісін жетілдіруге ҧмтылу тиімді болады.  
в) Тҧрақсыз жолын ҧстаушылар. 
Мҧндай тҧтынушылар бәсекелес қызмет пен кәсіпорынды таңдауда тҧрақсыздығымен ерекшеленеді. 
Мҧндай  сатып  алудың  сҧранымы  мен  уәждемесін  талдау,  бәсекелес-кәсіпорындардың  маркетингілік 
артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау ҥшін кең мҥмкіндіктер береді.  
г) «Жиһанкездер». 
Бҧл тҧтынушылар бар қызметтердің ешқайсысына артықшылық кӛрсетпейді немесе олардың әртҥрлі-
лігін қалайды. Бҧл тҧтынушының барынша кҥрделі типі, ал маркетинг теориясында олардың сҧранымын 
қалыптастыру бойынша айқын ҧсыныстар әзірше жоқ. 
5. Тҧтынушының қызметті қабылдауға дайындық дәрежесі. 
Оның шеңберінде тҧтынушыларды келесідей бӛледі: 
 ӛндірістік емес саланың кәсіпорыны туралы тіпті хабарсыздар; 
 ол туралы хабардарда болушылар; 
 ол туралы кеңінен ақпараттанғандар; 
 осы кәсіпорынның қызметтеріне мҥдделілер; 
 осы қызметтерді сатып алғысы келетіндер; 
 оларды ізденіп алуға ниет етушілер. 
Бҧл  топтардың  сандық  сәйкестігі  барынша  қозғалыстыжәне  ӛте  қысқа  мерзімде  ӛзгеріп  кете  алады. 
Мысалы, кҥшті ынталандыру қызметті сатып алуға ниет етушілер, мҥдделілер, сатып алғысы келетіндер 
санын жоғарылатады. Қызметті тҧтынуға әртҥрлі дәрежедегі дайындықты топтар қатынасы, маркетингі-
лік  стратегия  мен  тактиканы  әзірлеуге  қалыптаушы  ықпал  етеді.  Мысалы,  нақты  тҧтынушылар  санын 
ӛсіруді кҥту жағдайында кәсіпорынның маркетингілік бағдарламасын, оның материалдық базасының ӛз 
уақытында және сәйкесті дайындығын ескере отырып тҧрғызу керек.  
Маркетингілік тәжірибе кӛрсетеді, қызмет нарығын жеңіп алу ҥшін бҥкіл тҧтынушы нарыққа бағдар-
лану  міндетті  емес  (ол  әншейінде  мҥмкінде  емес).  Белгілі  бір  қызметтердің  басты  тҧтынушыларын 
анықтап  және  ӛзінің  әрекетін  солардың  сҧранымын  қанағаттандыруға  бағыттау  жеткілікті.  Қызмет 
нарығы Паретто заңы аталатын әрекетке бағынышты, оған сәйкес басты тҧтынушылар, олардың жалпы 
санының жуық шамамен 20% қҧрайды. Жәнеде олар кәсіпорынның 75-80% қосынды табысын қамтама-
сыз  етеді.  Дегенмен  тҧрақсыз  нарық  жағдайларында  басты  тҧтынушылардың  меншікті  салмағы  бір 
немесе  екінші  жаққа  қарай  едәуір  және  жиі  ауытқуларды  байқатады.  Тҧрақты  нарық  жағдайларында 
Паретто заңы ӛте қатаң орындалады. Қызметке сҧранымды зерттеудің негізгі мақсаты басты тҧтынушы-
ларды  зерттеу  қҧрайды,  ол  кеңейтілген  маркетингілік  зерттеу  жҥргізген  кезде  осы  топқа  сҥйену  ҥшін 
жасалады.  
Саралау процедурасын аяқтағаннан соң, мақсатты нарықты таңдауға кіріседі.  
Мақсатты  нарық  кәсіпорынның  маркетингілік  және  бҥкіл  шаруашылықтық  қызметі  ҥшін  ең  жақсы 
мҥмкіндіктері  болатын  және  сол  ҥшін  маркетингілік  стратегия  әзірленетін  нарықты  (дәлірек  айтсақ, 
тҧтынушылық сегмент) кӛрсетеді.  
Бҧл кезде стратегия нақты жағдайлардағы мақсатты нарықтың қамтылуының максимал мҥмкіндігіне 
бағдарланады, және нарықтың белгілі ҥлесіне ие болу кәсіпорынның бәсекелестік жайғасымын бекітуге 
мҥмкіндік береді.  

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
38 
Мақсатты нарықтарды әзірлеу кезінде ҥш әдістің біріне жҥгінеді. 
1. Жаппай маркетинг. 
Бҧл  әдісті  қолдана  отырып,  кәсіпорын  ӛзінің  қызметін  жаппай  ӛндіруге  және  барлық  тҧтынушы 
сегменттер ҥшін бір қызметті ӛткізуді ынталандыруға бағдарланады.  
Әдістің  негізгі  жетістігі  –  тӛменгі  шығындар.  Дегенмен  оны  қолдану  кезінде  маркетингінің  негізгі 
артықшылықтарының бірін ӛткізуге мҥмкіндік болмайды – тҧтынушылардың сараланған қажетсінулеріне 
бейімделуге. 
2. Сараланған маркетинг. 
Бҧл  жағдайда  кәсіпорын,  сараланған  сҧранымға  мейлінше  келтірілген,  қызметтердің  тҥрлерін  қҧра 
отырып, екі немесе одан кӛп, әртҥрлі қасиеттегі, қызметтер кӛрсетеді.  
3. Мақсатты маркетинг. 
Мақсатты  маркетинг  әдісі  қазіргі  тәжірибеде  ең  кеңінен  таралған  әдіс.  Ол  біртекті  тҧтынушы 
контингент  шоғырланатын,  бір  мақсатты  нарықты  (кейде  бірнеше)  таңдауға  мҥмкіндік  береді.  Нақты 
мақсатты  нарықты  жеңуге  бағытталған  стратегияны  әзірлей  отырып,  кәсіпорын  барлық  маркетингілік 
тәсілдерді қолдануға ҥлкен мҥмкіндіктер алады: бағаларды тҥрлендіру, сҧранымның барлық нюанстарын 
ескере отырып, қызмет кӛрсету нысандарын жетілдіру, ҥйлесімді жарнамалық әрекеттер жҥргізу және т.б. 
Мақсатты  маркетинг  әдісін  қолдана  отырып,  қызмет  кӛрсету  кәсіпорыны  ӛзінің  міндеті  ретінде 
нарықтың  мҥмкіндікті  ҥлесіне  ие  болуды  және  таңдалған  мақсатты  сегмент  шеңберіндегі  кәсіпкерлік 
қызметтің  концептуалдық  негіздерін  әзірлеуді  қояды.  Бҧл  міндетті  шешу  ҥшін  маркетингінің  келесі 
типтерін пайдалануға болады: 
1. Сараланбаған маркетинг. 
Маркетингтің бҧл типі ірі сегменттерде қолданбалы, ол жерде бір қызметке бірдей кӛңіл аударатын 
тҧтынушылар саны жеткілікті жоғары. Мҧндай маркетинг шеңберінде саралау процесі мақсатты нарықты 
таңдаумен аяқталады және ары қарай дамымайды. Мҧндай тәсілдеме стандартталған қызметтерді ӛткізу 
жағдайында орынды (мысалы, коммуналдық және тҧрмыстық қызметтерде).  
Сараланбаған  маркетингтің  бірқатар  кемшіліктері  бар.  Біріншіден,  оның  принциптерінде  әрекет 
істеуші  кәсіпорындар,  алдымен  кӛрсетілетін  қызметті  қҧрады,  сонсоң  тҧтынушыны  іздейді,  ол  барлық 
уақытта  табыла  бермейді.  Екіншіден,  ірі  сегменттерде  әрекеттене  отырып,  кәсіпорын  бәсекелестіктің 
шиеленісуіне  тап  болады.  Ҥшіншіден-  сараланбаған  майда  сегменттерді  елемеуге  әкеледі,  олар  кӛп 
жағдайда мейлінше тиімді және олардың сҧранымын қамтымау мҥмкіндігі болады.  
2. Сараланған маркетинг. 
Кең саралану принциптеріне негізделген, ол жеткілікті біртекті мақсатты нарыққа қолданбалы және 
пайдаланылады. Бҧл нарық шеңберінде сараланған маркетинг тар сегменттерді бӛледі, әрбір тар сегмент 
ҥшін  жеке  ҧсыныстарды  әзірлеу  кӛмегімен  кӛрсетілетін  қызметтердің  тҥрлік  алуандығын  ҧсынады. 
Мҧндай  стратегия  мақсатты  нарыққа  барынша  тереңдете  енуді  және  осы  кәсіпорынның  бәсекелестік 
жайғасымын бекітуді қамтамасыздандырады.  
3. Шоғырланған маркетинг. 
Маркетингтің  бҧл  типі  кӛрсетілетін  қызметтің  кеңеюімен  және  мамандандырылуымен  байланысты. 
Ӛзінің  қызметін  саралауды  аяқтағаннан  соң,  кәсіпорын  тар  сегментке  арналған  мамандандырылған  бір 
(немесе бірнеше) қызметті ӛндіруге бағдарланады. Мҧндай тәсілдеме, шектелген ресурстарды шашырат-
пай, кҥшті бір бағытта шоғырландыруға мҥмкіндік береді. 
 
Резюме 
Аскарова А.Ю. - КазНПУ им.Абая магистрант 1-курса по специальности 6М051100 –Маркетинг 
Современное состояние маркетинга и спрос на услуги 
В статье рассматривается методы маркетинга в сфере услуг и теоретические основы организации маркетинговой 
деятельности, сущность, концепции маркетинговой деятельности, концепции управления маркетингом, обеспечение 
маркетинга стратегическое планирование, методы маркетинговых исследований 
Ключевые слова: Сфера услуг, спрос и предложение, потребитель, рынок, предприятия, конкуренция, стратегия 
 
Summary 
Askarova A.Y. - KazNPU named after.Abai undergraduate of 1st course specialty 6М051100 Marketing 
The current state of marketing and the demand for services 
The article discusses methods of  marketing in the service sector and the theoretical bases of organization of  marketing 
activity, the essence, the concept of marketing activities, concepts of marketing management, software marketing, strategic 
planning, marketing research methods. 
Keywords: services, supply and demand, consumer, market, companies, competition, strategy 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
39 
ӘОЖ 81.272  
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТӚЛ ТЕРМИНЖАСАМДАҒЫ КАЛЬКАЛАУДЫҢ ТӘСІЛІ 
 
Р.А. Кауменова – Абай ат. ҚазҦПУ, Филология институтының 2-курс магистранты, 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Н.О. Оралбаева 
 
Мақала қазіргі қазақ терминологиясы және ондағы терминдердің калька тәсілі арқылы қазақ тіліне ену мәселесі, 
аудармалануы  жайлы  жазылған.  Терминдердің  қолданылуы  және  терминжасамдағы  қазақ  тілінің  сӛздік  қорын 
пайдалану қажеттігі айтылған.  
Кілт сӛздер: терминжасам, тілдік қор, тілдік білім, кәсіби лексикасы, сӛзжасам, тӛл термин 
 
Қазақ елінің Тәуелсіздігінің бір тҧғыры – қазақ  тілі. Қазақстан мемлекетінің  Ата  Заңында қазақ тілі 
мемлекеттік тіл атанды. Осы маңызды қҧжат ана тілінің ӛркендеуіне, мәртебесінің биіктеуіне, дамуына 
мҥмкіндік туғызды.  
Бҥгінгі  таңдағы  басты  мақсат  пен  мҥдде  де  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  кӛтеруге,  оның  қолдану 
аясының  кеңеюіне,  бағышталған.  Қазақстан  білім  беру  кеңістігінің  әрбір  сатылары  мен  деңгейлерінде 
оқытудың  технологиялары  нақты  қойылып,  тілдік  білім  беруден  коммуникативті-прагматикалы  оқуға 
негізделді.  Осымен  байланысты  келелі  іс-шаралар  да  істелініп  жатыр.  Әсіресе,  соңғы  кезде  ӛзекті 
мәселелердің  бірі  саналатын  кәсіби  тілдің  (қазақ  тілі)  кәсіби  лексикасы,  сӛйлем  оралымдары,  сӛйлем 
ҥлгілері, сӛзжасамы, мен ҧлттық терминологиясының жағдайларына назар аударылып, жас мамандарды 
тілдік біліммен қаруландыру мақсат етіледі. Ол – егемен елдің ҧлттық сипатын кӛрсететін сӛзжасам және 
тӛл терминдердің қалыптасуын жандандыру, дамыту. 
Лексиканы  толықтыратын,  әрі  дамытатын  –  терминдер.  Қазақ  тілі  білімінде  90  жылдардан  былай 
қарай ҧлттық ғылым тілінің даму ҥрдісі жаңа белеске кӛтерілді. Оның басты себебі – қазақ тілінің ғылым 
тіліндегі мәртебесін кӛтеру, қазақ тілінің ғылым тіліне қызмет ету мҥмкіндігін жан-жақты қарастыру. Бҧл 
ретте  қоғамдық  ғалымдармен  қатар,  техникалық  ғалымдардың  қазақ  тілінде  сӛйлей  бастауына  жағдай 
туғызған тҥрлі ғылыми зерттеулер мен екі тілді сӛздіктердің кӛптеп жарыққа шығуы деуге болады. Әсіре-
се, салалық ғылымдар бойынша жарық кӛрген оқулықтар мен сӛздіктер және мақалалар кӛптеп саналады.  
Қоғамда ҥздіксіз болып жататын ӛзгерістер мен жаңалықтар қҧралы болатын тіл – қашанда қоғамнан 
тысқары қалмауы, қоғаммен бірге дамуы табиғи қҧбылыс. Тілдің кейбір қабаттары ҧғымдық атаулармен 
толығып, ӛзгеріп отырады. 
Заман талабына лайық, қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сай, термин жасам саласын қалыптасты-
ру  бҥгінгі  кҥннің  сҧранысынан  туындап  отыр.  Ҧлттық  тӛл  термин  –  сол  елдің  руханы  ӛркендеуінің, 
ғылымының  дамуының  кӛрсеткіші.  Сондықтан  бҥгінде  дҥниеге  келіп  жатқан,  қалыптасып  жатқан 
терминдерге немқҧрайды қарауға болмайды. Сондықтан жаңа ҧғымдардың атауын жасаудың, жаңа тӛл 
термин  сӛздер  қалыптастырудың  жолдарын  калькалау  тәсілімен  қарастыруға  болады.  Калька  тәсілі  – 
сӛзжасамның және тілдің сӛздік қҧрамын байытудың бір кӛзі. Себебі, қазақ әдеби тілдің кез келген даму 
және  қалыптасу  сатысында  кальканың  жағымды  ықпалы  жоғары  болғанына  ешкім  дау  айтпайды.  Бҧл, 
әсіресе, қазақ тілінде терминдік жҥйенің жасалу жолдарына, семантикалық және синтаксистік қҧрылым 
қҧрылысына  тигізген  әсерінен  байқалады.  Бҧл  ретте  салалық  терминдерді  қалыптастыру  жағдайында, 
ғылыми оқулықтар жазуда кальканың орны айырықша. Кейде ғылым тілі калькалауды талап етеді.  
Калька – тілдің сӛзжасам жҥйесін, ҥлгісін байытудағы терминдер мен терминдік тіркестерді жасаудың 
бірден-бір ӛнімді тәсілі екені ғылыми лексикада дәлелденген.  
Калька  жолымен  аудару  барысында,  тӛл  тіліміздегі  бҧрыннан  бар  сӛздердің  жаңа  сӛздерге  балама 
ретінде жҧмсалып, терминдік мәнге кӛнеді. Олардың ерекшелігі – табиғи терминдермен салыстырғанда 
аудармаға қатыстылығы.  
Мҧндай  жолмен  жасалған  терминдерде  ӛзге  тілдің  грамматикалық  қҧрылымы  байқала  бермейді. 
Соңғы жылдары терминдерді зерттеу біраз жетістіктерге қол жеткізіп отыр.  
Бҧл жӛнінде Ә.Қайдар «Калькирование является одним из ведущих и продуктивных способов образо-
вания новых терминов в казахском языке. Терминологические кальки по своему характеру делятся на два 
типа: смысловые и структурно-смысловые» деп калькалау тәсіліне сипаттама береді [1]. Тҥрколог ғалым-
дар калькалау тәсілі арқылы сӛзжасам тҥркі тілдерінде кеңес дәуірінде кең ӛріс ала дамыды, оған себеп 
орыс тілінің тікелей әсері болды. Калька тәсілімен ӛнімді термин жасау: қазақ, қырғыз, азербайжан, тҥркі-
мен тілдерінде ерекше байқалды деп атап кӛрсетті. Бҧл тәсіл ана тілінің ішкі мҥмкіншіліктерінен жасалға-
нын  ескерсек,  ол  сӛздер  тізбегінде  кірме  сӛздер  деу  қиындау.  Қазақ  тілінде  калька  жолsмен  жасалған 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
40 
терминдер қатарын екіге бӛлуге болады.  
Дара терминдер: жарылыс (взрыв), шӛгінді (осадки), ілмек (крюк), талдау (анализ), тҥйісу (контакт), 
тҥп (забой), араластыру (смещение), қабат (слой), қатпар (складка), дабыл (сигнал) т.б. тілде бар сӛздер 
негізінде туындаған дербес сӛздер. Дара терминдер орыс тіліндегі мҧндай терминдердің морфологиялық 
қҧрылымын меңгере отырып, тілде бҧрыннан бар сӛздерінің негізінде пайда болған дербес терминдер.  
Кҥрделі терминдер (тіркесті терминдер): сығу дәрежесі (степень сжатия), бҧралқы су (сточная вода), 
қҧбыр басы (трубная головка), тҥпті бекіту (крепление  забоя), айдау қақпағы (нагнетательный клапан), 
қысым ӛлшегіш (манометр), тоқ сызығы (линия тока), аумалы қысым (критическое давление). 
Ӛткен  жылдың  кӛктем  айларының  бірінде  ҚР  Ҧлттық  кітапханасында  Халықаралық  «Қазақ  тілі» 
қоғамының  президенті,  Ҧлттық  Ғылым  академиясының  академигі  Ӛмірзақ  Айтбайҧлының  5  томдық 
таңдамалы  еңбектерінің  тҧсаукесері  ӛтті.  «Қазақ  терминологиясының  мәселелері»  [2]  атты  алғашқы 
кітапта  терминологияның  тіл  қҧрылымындағы  рӛлі,  жҥз  жылға  таяу  тарихы,  жасалу  кӛздері  мен 
принциптері,  әдеби  тілді  дамытудағы  орны  және  т.б.  ӛзекті  мәселелер  сараланып,  ғалымның  тың 
кӛзқарастары ҧсынылған болатын. 
«Қазақ фразеологизмдері мен перифраздары» кітабында тіліміздегі тҧрақты фразеологизмдердің және 
ауыспалы, астарлы мағынадағы перифраздардың әр алуан қолданыс ортасындағы табиғаты сӛз болады. 
«Тілтірес» атты кезекті томда қоғам қайраткері Ӛмірзақ Айтбайҧлының мемлекеттік тілді қалыптастыру 
хақындағы  ойлары  мен  Халықаралық  «Қазақ»  тілі  қоғамының  тіл  майданындағы  ширек  ғасырлық 
қызметі жан-жақты баяндалады. 
Кез келген халық ӛзінің туған тіліне, оның тағдырына немқҧрайды қарай алмайды. Алаштың азаматы 
Ж.Аймауытов:  «Ана  тілі  –  халық  болып  жасалғаннан  бері  жан  дҥниесінің  айнасы,  ӛсіп-ӛніп,  тҥрлене 
беретін, мәңгі қҧламайтын бәйтерегі», [3] – деп, қасиетті ана тілінің қҧдіретін ҥлкен шеберлікпен айтқан.  
Ана тілі – халықтың рухани болмысымен біте қайнап, ҧлттың тағдырына қызмет етіп, ӛмірмен ӛзектес 
жҥріп отырады. Әр кезең, әр дәуір, ӛзіне қажетті жаңалықтарды туғызса, сол жаңа ҧғымды жаңа атаумен 
қамтамасыз  ететін  тіл.  Жаңа  атаулар,  жаңа  терминдер,  жеке  сӛздер  кҥнделікті  тілдік  айналымға  енді. 
Қазақстан  мемлекетінің  егемен  елдігін  білдіретін  нышандарға  қатысты  қаншама  атаулар,  терминдер 
қалыптасты. 
Елімізде елтану, рәмізтануға арналған ғылыми еңбектер жарық кӛрді. Кем дегенде екі сӛзден қҧра-
лып, байырғы сӛздердің жаңа лексикалық мағынаға ие болуы: атазаң, ар-ождан, әнҧран, елорда (столи-
ца),  ақорда  (резиденция)  елтаңба,  елтану  (страноведение),  елтаңбатану  (геральдика),  елбасы,  елҧран, 
жҧмыр жер, ғаламшар, нышансӛз (идиограмма), ойсӛз (логограмма), рәмізбаян (блазон), тубегі (знаме-
ноносец), тутанушы (вексилолог), тутҧғыр (флагшток), ҧрансӛз (девиз), медицина ғылымында: кӛкжел-
ке, кӛк жҧлын, сегізкӛз, кӛгала, кӛктҥйнек, соқырішек т.б. біртҧтас жасалым ретінде қолданылады.  
Сӛздерді біріктіру – жаңадан сӛз жасаудың, тілдің лексикасын байытудың ӛнімді тәсілдерінің бірі. Бҧл 
тілдік бірліктер – нағыз ҧлттық бояумен дҥниеге келген жаңа жасалымдар. Мемлекеттік рәміздер – ел 
тарихының  ажырамас  бӛлігі,  белгісі,  әлемдік  деңгейде  ӛркениетті  елдермен  терезесі  тең  келетін  – 
бойтҧмары. 
Тіл  –  халықтың  рухани  болмысымен  біте  қайнап,  ҧлттың  тағдырына  қызмет  етіп,  ӛмірмен  ӛзектес 
жҥріп  отырады.  Әр  кезең,  әр  дәуір,  ӛзіне  қажетті  ҧғымды  туғызса,  сол  жаңа  ҧғымды  жаңа  атаумен 
қамтамасыз ететін – тіл. Осы тҧста айта кететін бір жайт, қоғамдағы қарқынды ӛзгеріске сәйкес тілдің де 
дамуында серпіліс, жандану бар. Қазіргі тіліміздегі жаңа қолданыстағы туындылардың сәттісі де, сәтсізі 
де баршылық. Әйтеуір жаңа ҧғымды осылай атау керек деген дәстҥрмен аталым, термин жасау – қателік. 
Тіл  –  тазалықты,  тҧнықтықты,  мӛлдірлікті  қажет  етеді.  А.Байтҧрсынҧлы  тіл  тазалығы  жайында:  «Тіл 
тазалығы  –  ана  тілдің  сӛзін  басқа  тілдің  сӛзімен  шҧбарламау,  басқа  тілдік  сӛзді  тҧтыну  қажет  болса, 
жҧртқа  сіңісіп,  қҧлақтарына  ҥйір  болған,  мағынасы  халыққа  тҥсінікті  сӛздерді  алу»,  –  деген  ойы  дер 
кезінде  айтылған  қағида.  Кезінде  А.Байтҧрсынҧлы  ғылыми  айналымға  енгізген  кӛсемсӛз,  шешенсӛз
қарасӛззаманхат терминдері кезінде керемет дәлдікпен жасалған жасалымдар болатын. Әрине, Кеңес 
дәуірі  тҧсында  бҧл  терминдердің  орысшасы  қолданыс  тапты  да,  қазақша  ҧлттық  терминдер  шетқақпай 
болып,  кӛлеңкеде  қала  берді.  Ал,  ғалым  осы  терминдердің  мақсаты  мен  міндетін,  қандай  ҧғымда 
жҧмсалатынын айқындап кӛрсеткен еді.  
Кӛсемсӛз – «публицистика», қарасӛз «проза» т.б. Қарасӛз бен кӛсемсӛздің басқа сӛздерден айырмашы-
лығын, мағынасын толық сипаттап кӛрсеткен. Бҧл терминдер бірінің орнына бірі қолданылмай, әрқайсы-
сының  атқаратын  қызметі  мен  ҧғымды  білдіру  міндеті  бір  емес  екенін  ашып  айтқан.  Қазіргі  таңда 
баспасӛз, ақпарат беттерінен осы терминдердің қайтадан қолданыла бастағаны қҧптарлық жайт.  
Бҥгінгі кҥні термин  сӛздер мен атаулардағы ала-қҧлалықтың басты  себебі бірінші кезекте, сӛздіктер 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
41 
десек, қателеспейміз. Әрине, бҧған мерзімдік басылымдардың да қосып отырған «ҥлесі» аз емес. Бҧл – 
қазір мемлекеттік тілімізді, оның ішінде ҧлттық тӛл терминдерді қалыптастыруда пайдасынан зияны кӛп 
болып отырған тағы бір ҥлкен мәселе. Осының салдарынан жарыспалы сӛздер жаппай етек алды. Бҧрын 
қалыптасқан  сӛздердің  жаңа  баламалары  пайда  болып,  жҧртты  шатастырды.  Мысалы,  «охрана»  сӛзі 
әуелде «кҥзет» деп алынған еді. Енді оны қазақ тілді басылымдар «қорғауыл», «сырттауыл», «сайдауыл» 
деп те алып жҥр. «Семьяны» әлі кҥнге дейін «жанҧя» деп жазады. Ол әлдеқашан «отбасы» деп қабылда-
нып  қойған.  Бҧл  жерде  «Қазаншының  еркі  бар  қайдан  қҧлақ  шығарса»  деген  мәтелдің  маңызы  қазақ 
тілінде  жҥрмейді.  Қазақ  Алтайдан  Атырауға  дейінгі  ҧлан-байтақ  жерді  жайлап  отырса  да,  тілінде 
диалектісі жоқ еді, енді сол диалектіні ӛзіміз қолдан жасап бергелі отырмыз. 
Ал  диалект  сӛздерді  термин  сӛз  ретінде  мҥлдем  қолдануға  болмайды.  Бҧл  мәселеде  тәртіп  болмаса, 
қалың  жҧртшылықты  былай  қойғанда,  термин  жасаушы  мамандарымыздың  ӛзі  кӛп  ҧзамай  әбден 
шатасатынын, ал уақыт ӛте келе оны ретке келтіру ӛте қиынға соғатынын қазірдің ӛзінде сезіп отырмыз. 
Қоғам ӛмірінің экономика, ғылым-білім, мәдениет пен ӛнер сияқты секторлары ӛз кезегінде сала-сала-
ға тарамдалып кететіні белгілі. Міне, осы салалардың әрқайсысында басшылыққа алынатын бір ғана сӛз-
дік болуға тиіс. Мейлі, ол «ҥлкен сӛздік» деп атала ма, мейлі 2-3 кітаптан тҧра ма, бәрібір, алайда ол бір 
ғана сӛздік болуға тиіс. Оған сол салада шығып ҥлгерген барлық сӛздіктердегі қамтылған сӛздер ек-шеліп 
алынуы керек. Сӛйтіп, ол баршамыз басшылыққа алуға тиісті міндетті басылым болуға тиіс. Бҧл – ҥлкен 
жҧмыс. Бір институттың жҧмысы. Біліктілік пен білімді қажет ететін аса қиын әрі кҥрделі жҧмыс. Алайда 
бҧл – зәру қажеттілік. Онсыз қазіргі жағдайды және болашақта орын алуы ықтимал бейберекеттікті тҥзеу 
мҥмкін болмайды. Ендеше, тӛл терминдерді қалыптастыру ісі де қазіргі кҥйінен арыла алмайды. Сондық-
тан терминографиядағы осы істі, қанша қиын болса да, қолға алатын уақытты ӛткізіп алмау керек. 
Осы орайда А.Байтҧрсынҧлының: «Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жҧрт, ӛз тілінде жоқ 
деп,  мәдени  жҧрттардың  тіліндегі  сӛздерді  алғыштап,  ана  тілі  мен  жат  тілдің  сӛздерін  алмастыра-
алмастыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан, мәдени 
жҧрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылыми кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сӛздерінің даярлығы-
на қызықпай ана тілімізден қарастырып сӛз табуымыз керек. Сонда біздің тіліміз таза болады» [4] деген 
пікірін  естен  шығарып  алғандаймыз.  Расында  дайын  сӛздерді  лек-легімен  лексикамызға  ала  беру  тіл 
тазалығына  нҧқсан  келтірері  сӛзсіз.  Сондықтан  ӛркениет  тілін  тҧлғасын  ӛзгертпей  қолдана  беру  біздің 
тіліміздің мҥмкіншілігін пайдаланбау болып табылады.  
Расында тілімізде жаңадан қалыптасқан  терминдер бірден қҧлаққа сіңіп кетеді, олардың бәрі бірдей 
қолданысқа  тҥсуге  бейімді  деуге  болмайды.  Мәселен,  «сынып»,  «пайыз»,  «ҥрдіс»,  «ҥдеріс»,  «қҧжат» 
сӛздеріне  ҥйрену  ҥшін  белгілі  уақыт  ӛтті.  Келе-келе  қҧлаққа  сіңіп,  кеңінен  қолданысқа  еніп  те  кетті. 
Сондықтан сәтті шыққан терминдерді сҧрыптап терминологиямызды қалыптастыру қажет. 
Олай болса, ғылым мен техника саласындағы терминдерді ҧлт тілінде қалыптастырып, тӛл терминге 
айналдыру –  тіл білімі  ҥшін, қазақ тілінің болашағы ҥшін, қысқасы ғылым тілін қазақша сӛйлету ҥшін 
қажетті шаралардың бірі.  
Ҧлы ғалым А.Байтҧрсынҧлынан бастау алған осы кӛзқарас тіл жанашырларынан қолдау тапса, ғылым 
тілі қазақша сӛйлейді. Алайда, оған қол жеткізу белгілі бір тарихи кезеңді қамтиды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет