Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж



Pdf көрінісі
бет4/28
Дата15.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#4142
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Тҥйіндеме 
Жумагулов А.А. - Абай атындағы ҚазҦПУ 6М050200 –Саясаттану мамандығы бойынша 2-курс магистранты 
ҚР-ғы жергілікті ӛзін-ӛзі басқару қазіргі жағдайы мен дамуы 
Мақалада Қазақстан Республикасының жергілікті ӛзін-ӛзі басқару жағдайы мен дамуы қарастырылады. Елімізде-
гі ӛтпелі кезеңде біиліктің атқарушы тармағын кҥшейте отырып, ӛзін-ӛзі басқару органдарының сатылық қалыпта-
суы жҥйесі анықталады. 
 
Summary  
Zhumagulov A.A. KazNPU named after.Abai undergraduate 2-course specialty 6M050200 –political Science 
Current state and development of local self-government in the RK 
The article discusses the current state and development of local self-government in the Republic of Kazakhstan. As well as 
the main directions of improving of local self-government in the interests of the local population in accordance with the state 
policy of the Republic of Kazakhstan. 
 
УДК: 811.512.122`373 
 
САЯТШЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ «ТҦҒЫР» СӚЗІНІҢ ЭТНОЛИГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 
 
А.З. Абдыкадырова – Абай ат. ҚазҦПУ, Филология институтының 2-курс магистранты, 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Ж.А. Қоқанова 
 
Бҧл  мақалада  саятшылыққа  қатысты  «тҧғыр»  сӛзінің  этнолингвистикалық  сипатын  ашып  кӛрсетуін  мақсат 
қылып алдық. Сонау ықылым заманның тҥркі халықтарының сӛздік қорынан қазіргі заманға дейін сақталып, қазақ 
халқының қазіргі тіл байлығын толықтырғанын сӛз еттік. «Тҧғыр» сӛзінің фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер де 
қолданылуы,  сонымен  қатар  қазіргі  таңда  қазақ  тіліндегі  мәдени  лексиканы  және  мемлекеттік  тілді  этнотаңбалық 
бірліктермен символдану, этномаркерлену қҧбылысында қолданылып жҥргенін қарастырдық. Яғни «тҧғыр» сӛзінің 
қолданыс аясының кеңдігін кӛрсету мақсат болды. 
Тҥйін сӛздер: этнолингвистика, тҧғыр, фразеологизмдер, тіл, мәдениет т.б. 
 
Аңшылық пен саятшылық кәсібі қазақ жерінде ӛте ежелден мал шаруашылығынан бҧрын қалыптас-
қан.  Аң-қҧс  аулаудың  тәсілдері  мен  қҧрал-саймандары,  ғасырлар  бойы  ел  даланы  еркін  мекендеп,  тҥз 
тағыларының тіршілік тәсілдері мен ӛмір сҥру заңдылықтарын бақылаған халық тәжірибесінен туындады. 
В.В.  Радлов  «Сібір  жазбалары»  атты  еңбегінде:  «Аңшылық  еш  жерде  кәсіпшілік  саналған  емес, 
онымен тек саят ҥшін айналысады. Аңға бҥркіт пен тазы салу аң атуға қарағанда кеңінен тараған. Аңға 
бҥркіт салу кҥні бҥгінге дейін ауқатты жастардың басты саятшылығы болып табылады, алғыр қыран қҧс 
аса жоғары бағаланады  және қымбатқа тҥседі.  Сондықтан аңшы қҧс – қҧсбегінің сҥйіктісі, оны сҥйікті 
атындай  қастерлейді»  [1,  91-б]  -  деп,  аңшылықты  кӛнеден  келе  жатқан  дәстҥр  екенін  айтады.  Қазақ 
қоғамында қҧсбегінің статусы ӛте жоғары болған, халқымыз ондай адамдарды қҧрметтеген, ал Орта Азия, 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
22 
Қырым, Еділ бойының хандары бірінші уәзірлерін «қҧсбегі» деп атағаны белгілі. 
Аңшылық пен саятшышылық ӛнерді халқымыз ежелден жоғары бағалаған. Бҧл ӛнер о баста тіршілік-
тің негізгі кӛзі болған. «Қоғамдағы адамдардың белгілі бір мамандықсыз тіршілік етуі мҥмкін емес екенін 
ескерсек,  кәсіп  –  әлеуметтің  тіршілік  тірегі,  кҥн  кӛрістің  кӛзі  болып  табылады»,  -  дейді  Т.Ӛмірзақов. 
Уақыт ӛте келе кәсіптің бҧл тҥрі ӛнердің бір саласына айналған. Саятшылық ӛнердің арқасында адамдар 
табиғаттың  сырын  ҧғынып,  онымен  тығыз  қарым-қатынасқа  тҥсіп,  эстетикалық  ләззат  алған.  Топпен 
шыққан аңшылыққа, әсіресе қыран қҧс салып салбурынға қатысу – жігіт ағасының ең ҥлкен ермегі болған 
[2, 81-б]. 
Бҥркіттей қыран қҧс болмас, 
Баулуы жетпей бӛрі алмас, 
Бидайықтан алғыр қҧс болмас, 
Бҧйырмаса екеу тҥгіл бір де алмас. 
Сҧңқардан сҧлу қҧс болмас, 
Қауырсыны  қатпай  ҧша  алмас 
[3,41-б],  -  деп  Шалкиіз  жырау  жырлағандай,  қыран  қҧстарды  баптау 
әркімнің қолынан келе бермейтін ӛнер екенін кӛз жеткіземіз. 
Қыран  қҧстар  тҥркі  әлемінің  киелі  де,  қҧрметті  қҧстары,  әсіресе  бҥркіт  сонымен  қатар  осы  қҧсқа 
байланысты қҧрал-жабдықтары да қазақ халқы ҥшін баға жетпес мҧра. 
Бҥркітке байланысты халық арасында айтылатын аңыздар, орындалатын ырымдар ӛте кӛп. Соның бірі, 
боснып  жатқан  әйелдің  ҥстіне  бҥркіттің  ӛзін  немесе  оны  баптайтын  қҧралдарды  алып  кіретін  ырым 
болған.  Наным-сенім  бойынша,  осылайша,  жаңа  туған  баланың  рухын  ҧрлауға  келетін  мифтік  қҧс  – 
Қарақҧсты  ҥркітіп  жіберуге  болады  екен.  Баласы  болмаған  жағдайда,  бҥркітті  ҥйге  кіргізіп  ҧстайды. 
Ырымшыл  халқымыз  бҥркіттің  осы  отырысының  ӛзі-ақ  перзент  шақырады  деп  сенген.  Осылайша 
халқымыз  бҥркітке  қатысты  нәрсенің  барлығы  –  қауырсыны  мен  тҧяғы,  басына  кигізетін  томаға, 
отырғызып қоятын тҧғыр, аңға алып шыққанда отырғызатын балдақ – барлығы да киелі саналған. 
Жоғарыда  аталғанның  барлығы  да  бір  этностың  тарихы  мен  мәдениеті.  В.Гумбольд  еңбектерінен 
басталған  тіл  біліміндегі  тіл  мен  мәдениеттің  қарым-қатынасы  зерттеу  нәтижелерін  Ж.Манкеева:  «1) 
материалдық  және  рухани  мәдениет  тілде  кӛрінеді;  2)  кез-келген  мәдениет  ҧлттық,  ал  оның  ҧлттық 
сипаты  тілде  кӛрінеді;  3)  ҧлттық  рухтың  кӛрінуі  оның  мәдениетінде;  4)  тіл  –  адам  мен  оны  қоршаған 
әлемді  жалғастырушы  аралық»[4,  82-б]  -  деп  қорытындылады.  Атап  айтқанда,  тіл  мен  мәдениет  тығыз 
байланысты, тіл - мәдениет дерегі, тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады. Ал мәдениет этномәдени 
ақпараттар береді. 
Осылайша, қазіргі таңда қазақ тілінің қолданысында саятшылық кәсібіне байланысты қолданылатын 
сӛздер де кездеседі. Соның бірі – тҧғыр сӛзі. 
Тҧғыр зат. – 1. Қолға ҥйретілген саят қҧстарының ( бҥркіт, қаршыға, ителгі т.б. ) қонақтайтын орны. 
Сыдық қолындағы қаршығаны сырлы тҧғырға қондырды (С.Бегалин). [5, 262-б]. 
Биіктігі қҧс отырғанда шалғысы жерге тимейтіндей мӛлшерде, шамамен 1,5-2 қарыс (30-40 см), жуан-
дығы бір білем 3-4 сирағы бар ағаштан жасалады. Ҧсақ қҧстардікі мҧнан кӛп аласа, қҧс отырғанда шалғы-
лығы жерге тимейтіндей ғана болады. Ҥстінде қҧс отыратын 25-10 см текше табаны немесе бір білемдей 
қҧсқонары болады. Текше табанды тҧғырдың бҥркіттің тҧяғы білемдей ҧстап, таймай отыратын кемері 
болады. Қҧс отыратын ―қҧс басар‖ аталатын бӛлігі киізбен қапталады. Қарағай, терек, самырсын сияқты 
ағаштардың ҥш ашалы бҧтағынан немесе тамырлы тҥбірінен шауып жасалған тҧғыр берік болады. Оның 
арнайы қашап, сҥргілеп дайындалғандары және таутекенің мҥйізінен ҥш аяқты етіп, жиналып-қҧралатын 
тҥрлері де бар. Кейбір қҧсбегілер тҧғырды сирағына қҧйма, кӛз орнатып сәндетіп дайындатады. Тіптен 
қасқыр, тҥлкі бейнесінде жасалған тҧғырлар бҥркітті алғыр етеді деген сенім болған. Орнықты тҧғырда 
бҥркіт  мойнын  қайырып  отырып,  екі  аяғын  кезекпен  ішіне  тартып  кӛтеріп,  сыңар  аяқпен  ҧйықтайды. 
Еркін тыныстап, алысқа саңғып, денесі сергек болады. ҥйдің оң жақ босағасына қойылады әрі қастерле-
ніп, мҧрагерлікке қалдырылатын қасиетті бҧйым саналады. Тҧғырға шым, тас, саз пайдаланады: шым қҧс 
тҧяғының  ӛсіп-жетілуін,  тас  ӛткірленуін,  саз  қҧс  денесін  салқындатуға  әсер  етеді.  Егер  тҧғыр  мықты 
болса, отырғанына да ыңғайлы болады. Осыдан барып тілімізде тҧғыр сӛзіне байланысты адамға қатыс-
ты «тҧғырың мықты болсын», «тҧғырдан тайды», «тҧғырдан тҥсті» т.б. сӛз тіркестері қалыптасқан. 
2. Ауыс. Бір нәрсенің астына қойылатын тірек, сҥйеніш. Тҧғыр зат – Мініске тӛзімді, жабы тҧқымдас 
жылқы; жҧмыс кӛлігі [5,262-б]. 
Р.Асылованың  «Аңшылық  пен  саятшылыққа  қатысты  атаулардың  лингвомәдени  мазмҧны»  атты 
ғылыми еңбегінде: «Қазақ тілінде мекен, орын мағынасын беретін тҧрақ, тҧрық (Қаратҧрық) сӛздерді де 
тҧғыр тҥбір  морфеманың  негізінде жасалған қолданыстар. Бҧл сӛздің кӛне тҥркі тілінде де қолданыста 
болғандығына ғҧлама ғалымның М.Қашқаридің еңбегінен байқауға болады. М.Қашқари сӛздігінде туруғ 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
23 
«таулардағы  қамал»,  «ішкі  бекініс»,  «бекінген  қала»,  «тҧрақ»,  «мекен»  деген  мәндермен  белгілі  сӛз. 
Қҧсбегілер тіліндегі қолданылатын тҧғыр термині жоғарыдағы келтірілген сӛздерден метатеза қҧбылысы 
арқылы  пайда  болған  (рық/ғыр)  дегенді  айтар  едік»[2,  81-б]  -  деп  кӛрсетеді.  Яғни  тҧғыр  сӛзі  негізгі 
мағынасын  жоғалтпай,  тҧрақ,  тҧрық  сӛздерінің  бір  варианты  ретінде  қалыптасты.  Ал  қазір  спорттық 
термин  ретінде  «тҧғыр»  сӛзі  тілімізде  қолданылып  жҥр.  Мысалы,  тҧғырдан  секіру,  жеңіс  тҧғырына 
кӛтерілу сияқты қолданыстар спорттық лексикада жиі пайдаланылады.  
Сонымен қатар қазіргі таңда қазақ тіліндегі мәдени лексиканы және мемлекеттік тілді этнотаңбалық 
бірліктермен  символдану,  этномаркерлену  қҧбылысында  қолданылып  жҥр.  Ғалым  Г.Смағҧлова:  «Қазақ 
ҧлтының тәуелсіздік алумен қайта оянған ҧлттық сезімнің кӛрінісі соңғы жылдары, әсіресе, жергілікті ҧлт 
ӛкілдерінің ҧлттық сезімінің ана тіліне қатысынан жақсы кӛрінеді. Ал осы ана тілге деген ерекше қҧрмет, 
оның бҥгінгісі мен ертеңгісіне деген толғаныстар тілде небір сӛз айшықтарының қалыптасуына негіз бо-
лады»[6, 159-б] - деп, ҧлттық сезімге ерекше кӛңіл бӛлген. Мысалы, «ҥш тҧғырлы тіл», «ҧлт тҧғыры – 
тілде», «тҧғыры биік – Қазақстан», «Туған жер – тҧғырың,туған тіл – қыдырың» т.б деген тіркестер 
ана тілге деген ерекше биік сезімнің кӛрінісі және символдық қолданыс аясы кеңіп, қазақ ҧлтының ана 
тілі ҥшін кҥрес сәттерінің бір белгісі болып, кейінгі ҧрпақтарға жетеді.  
Тілімізде «тҧғыр» сӛзіне байланысты мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестер де кездеседі. Мы-
салы, Тҧғырына саңғыған сҧңқар оңбас, Ҥйірінен қаңғыған тҧлпар оңбас деген мақал айтылады. Ӛз ҥйірі-
нен бӛлек кеткен тҧлпар да, тҧғырына саңғыған сҧңқар да тҥбі кӛп ӛмір сҥре алмайтыны белгілі. Тіл – 
білім, тәрбие тҧғыры немесе Білім – биіктегі алтын тҧғыр
Хәкім Абайдың мына сӛзін айтпасқа болмайды: 
Анадан алтау туғанша,  
жалғыз туса не етеді – елге тҧлға болғалы. 
Қарағайға қарсы бҧтақ біткенше,  
еменге айыр бҧтақ бітсе не етеді – қҧсқа тҧғыр болғалы. 
Профессор Г.Смағҧлованың «Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда» атты еңбегінде 
қыран қҧс және қҧрал-саймандарына қатысты жеке-дара ӛзгешеліктеріне қарай тҧрақты тіркестерді, яғни 
фразелогизмдер  тудыруға  ҧйытқы болғандығын және оның кӛп  варианттылығын кӛрсеткен.  Тҧғырдан 
тҥсті (таю), тҧғырдан әл тайған: а) қартайған бҥркіттің тҧғырда отыра алмайтындай халге жетуі; ә) ба-
ладан қалған, тоқтасқан әйел; б) әйелден қалған еркек; в) адамға байланысты мансап, қызметтен кетті, дә-
режеден айырылды[6, 95-б]. Жыл ӛткен сайын бҧл аталарымыздың қатары селдіреп, қазір бір ғана арда-
гер  қалды.  Ол  тоқсанға  келсе  де,  тҧғырдан  тая  қоймаған  қадірменді  Айса  Сапанов  ақсақал 
(Ә.Жанғҧттинова). 
Қорыта келгенде, ҧлт тілінің дамуына сол халықтың кәсібі мен шаруашылығының әсері мол. Демек, 
бҧл  тіркестердің  жасалуында  ҧлттық  тҧрмыс-тіршілік  және  мәдени  ӛмір  суреттері  бар.  Қазақ  тіліндегі 
қҧсбегілік, саятшылыққа қатысты атаулар мен фразеологизмдер халқымыздың дҥниетанымдық ерекше-
ліктерінен  хабардар  етеді.  Саятшылық  –  ӛнер.  Саятшылыққа  қатысты  атаулар  мен  тҥрлі  тіркестер, 
паремиялар ҧлттың мәдени-рухани мҧрасын ӛз бойына сақтап келеді. 
 
1 Мҧқанов С. Халық мҧрасы. - Алматы, 1974. - 91-б. 
2 Асылова Р. Аңшылық пен Саятшылыққа қатысты атаулардың лингвомәдени мазмҧны (кондидаттық диссер-
тациялық жҧмыс). - Алматы, 2009. - 121-б. 
3 Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: «Жазушы», 1989. - 382-б. Т.І. 
4 Манкеева Ж. Мемлекеттік тіл мен этнотаңбалық бірліктер сабақтастығы // Қазақ филологиясы: Егіз-негіз. 
Ғылыми мақалалар жинағы. - Алматы, 2010. - 267-б. 
5 Қазақ тілінің тҥсіндірме сӛздігі. - Алматы: Ғалым, 1976-1986. Т.ІХ. - 262-б. 
6 Смағҧлова Г. Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда. – Алматы: Арыс, 2010. - 277-б. 
 
Резюме 
А.З. Абдыкадырова - КазНПУ им.Абая магистрант ІІ курса, Руководитель: к.ф.н., старший препод. Ж.А.Коканова 
Этнолингвистическое значение к слову «тҧғыр» связанное с сокольничеством 
Целью этой статье мы поставили задачу рассмотреть этнолингвистическое значение слова «тҧғыр», связанное с 
сокольничеством.  Мы  отметили,  что  это  слово  осталось  в  словарном  запасе  тюркских  народов  с  незапамятных 
времен  и  так  же  -  это  слово  обогащает  современный  язык  казахского  народа.  Рассмотрели  фразеологизмы  и 
использование слова «тҧғыр» в пословицах и поговорках, а так же символизацию современной культурной лексики 
и государственного языка с этнознаковыми единицами и использование в случаях этномаркировки. В итоге нашей 
целью явилось показать широту использования слова «тҧғыр». 
Ключевые слова: Этнолингвистика, тугыр (насест), фразеологизмы, язык, культура 
Summary 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
24 
A.Abdykadyrova - Kazakh National Pedagogical University named after Abay.The 2nd course Undergraduate student; 
Supervizor: candidate of philological science, senior lecturer:Zh.Kokanova 
Ethno-linguistic meaning to the word «tugur» associated with hunting 
The purpose of this article is to examine the ethno linguistic meaning of the word "tҧғyr" associated  with hunting. We 
noted  that  the  word  remained  in  the  vocabulary  of  Turkic  peoples  since  time  immemorial  and  also  -  this  word  enriches 
modern language of the Kazakh people. We examined the idioms and the use of the word "tugur" in proverbs and sayings, as 
well as the symbolism of contemporary cultural language and the state language  with ethno sign units and use in cases of 
ethno marks. In the end, our goal was to show the breadth of use of the word "tugur". 
Keywords: ethno-linguistic, tugur, phraseological, language, culture 
 
УДК: 373.016:811.512.122
 '
37 
 
ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН СӚЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СЕМАНТИКАСЫ 
 
Қ.Е. Дҥйсенова – Абай ат. ҚазҦПУ, Филология институтының 2-курс магистранты, 
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д, доцент Р.С. Рахметова 
 
Cӛз тіркесін семантикалық тҧрғыдан қарастырғанда қабыса байланысқан сӛз тіркестерінің алатын орны ерекше. 
Қабысуда  сӛз  тіркестері  ешқандай  жалғаулықсыз,  тек  қатар  тҧруы  арқылы  тіркеседі.  Грамматикалық  байланыс 
амалы  –  орын  тәртібі.  Басқа  сӛз  тіркестерімен  салыстырғанда,  қабыса  байланысудың  лексикалануға  бейімділігі 
байқалады. Соның ішінде зат есімдер арқылы байланысудың мҥмкіндігі сӛз етіліп, мағыналық топтарға жіктелді. 
Тҥйін сӛздер: сӛз тіркесі, қабысу, семантика, орын тәртібі т.б. 
 
Тіл білімін зерттеуші ғалымдар байланысу формаларының бес тҥрі (матасу, меңгеру, қиысу, қабысу, 
жанасу) бар деп кӛрсетсе, ал байланысу тәсілдерін синтетикалық және аналитикалық деп екі ҥлкен топқа 
ажыратады.  Ал  кейбір  еңбектерде  сӛз  тіркестерін  байланыстыру  тәсілдеріне  қарай  аналитикалық, 
синтетикалық  тәсілдерді  де  қосады.  Сондай-ақ  синтетикалық  тәсіл  тілдегі  тӛрт  жалғаудың  кӛмегімен 
жҥзеге асады да, аналитикалық байланысу тәсілі кӛмекші сӛздер, сӛздердің орын тәртібі және интонация 
арқылы жасалынады деп кӛрсетіледі. 
Сӛз тіркесін жасауда, ең алдымен сӛз, олардың лексикалық мағыналары себепші болады. «Синтаксис-
тік қатынасты білдіру ҥшін кемінде толық мағыналы екі сӛздің сабақтаса байланысқан сӛз тіркесі дейміз» 
[1,  2-б.]  деген  қағида  ҧсталынған.  Соңғы  еңбектерде  сӛз  тіркестерінің  арасында  сабақтастық  байланыс 
қана емес, екі сӛз тең дәрежеде тҧру арқылы салаласа да байланыса алады деген пікірлер айтылып жҥр. 
Бҧл қағида әлі де болса егжей-тегжейлі қарастырылып, ғылымға сіңісіп кеткен жоқ.  
Қ.Жҧбанов «Қазақ тілі жӛніндегі зерттеулерінде» сӛз тіркестеріндегі байланыстар туралы сӛз қозғай 
отырып,  сӛздің  орын  тәртібі  арқылы  байланысы  ӛзге  тәсілдерден  гӛрі  ерте  пайда  болғанын  тілге  тиек 
етеді.  Аналитикалық  тәсілмен  сӛздердің  орын  тіртібі  арқылы  байланысуын  зерттеуші  Е.И.Убрятова 
олардың мағыналарына және тҥрлі грамматикалық ҧғымдарына сәйкес, атқаратын қызметіне байланысты 
ҥш  топқа  бӛледі:  1)  синтаксистік  қатынастарды  білдіретін  сӛз  тіркестері;  2)  морфологиялық  ҧғымды 
білдіретін сӛз тіркестері; 3) лексикалық тҧтастықты қҧрайтын сӛз тіркестері.  
Қазіргі  кезеңдегі  сӛз  тіркестерінің  аналитикалық  жолмен  байланысы  тек  бір  ғана  сӛздердің  орын 
тәртібімен  шектелмейді.  Ғалым  Т.Сайрамбаев  «аналитикалық»  деген  термин  грек  тілінің  analytikos 
«анализдің нәтижесінде жасалған», «ажыратушы» деген сӛзінен жасалған деп тҥсіндіреді. «Аналитка-
лық  тәсіл  сӛздің  сыртында  болады,  яғни  кӛмекші  сӛздер,  сӛздердің  орын  тәртібі  және  интонация 
тәсілдерін  қамтиды»  [2,57-б].  Аналитикалық  тәсіл  кӛбінесе  ағылшын,  француз,  қытай,  вьетнам,  тибет, 
тай,  болгар,  парсы,  т.б.  индоевропа  тілдерінде  кездеседі.  Бҧл  тілдерге  тән  қасиет:  тҥбірге  қосымша 
жалғанбауы, ол тілдерде омоним сӛздердің кӛп болуы, олар бір-бірімен музыкалық екпінмен байланысуы, 
синтаксистік қатынастар орын тәртібі, интонация, кӛмекші сӛздер арқылы берілуі.  
Тіліміздегі  аналитикалық  тәсіл  сӛздердің  орын  тәртібі,  кӛмекші  сӛздер,  интонацияны  қамтиды.  Бҧл 
аталған байланыстырушы тәсілдердің сӛз бен сӛзді байланыстырып, сӛз тіркесін қҧрауда маңызы зор.  
Профессор Б.Сағындықҧлының пікірі бойынша, қазақ тілі полисинтетикалық кезеңді басынан ӛткер-
ген.  Яғни,  қазіргі  қазақ  тілінде  ертеден  келе  жатқан  жалғаулықсыз  сӛз  тіркесі,  сӛйлемдердің  тҥрлері 
сақталған. Мысалы: Орхон Енисей жазбаларында орын тәртібі арқылы жасалған сын есімді сӛз тіркесте-
рін кӛптеп кездестіруге болады. Бҧл жӛнінде Е.Ағмановтың «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі» еңбегінде 
де  айтылып,  бірқатар  мысалдар  келтірілген:  «Сарығ  алтын,  оруң  кҥмҥш...  кӛлтҥрлті».  Мҧндағы  орын 
тәртібі арқылы жасалған сӛз тіркестері: сары алтын, ақ кҥміс» [3, 18-б.]. Бҧл сын есімді сӛз тіркестердің 
қазіргі  қазақ  тіліндегі  ақ  орамал,  сары  шаш  тәрізді  тіркестерден  грамматикалық  жағынан  болсын, 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
25 
семантикалық жағынан болсын кӛп айырмашылық жоқ.  
Қосымшалар арқылы байланысқа тҥскен сӛздер орны жағынан біршама жылжымалы, еркін болатын 
болса,  қосымшасыз  байланысқан  сӛздердің  орны  тҧрақты,  орнықты  болады.  Мәселен  бҧйрық  мәнді 
сӛйлемдер  қҧрамында  кездесетін  еліңді  тап,  қолыңды  кӛтер,  ҥйге  келіңдер,  ҥйден  шық  тәрізді  сӛз 
тіркестерін тап еліңді, кӛтер қолыңды, келіңдер ҥйге, шық ҥйден деп орны жағынан ауыстырып айтудан 
сӛйлем  мҥшелеріне  ӛзгеріс  енбейді,  басқаша  айтқанда,  ӛздерінің  бастапқы  толықтауыш,  пысықтауыш 
және  баяндауыш  болу  қасиетін  жоймайды.  Демек,  бҧл  –  жалғау  арқылы  байланысқан  сӛздердің  орын 
тәртібінің  грамматикалық  мағынаға  тигізерліктей  әсері  жоқ  екендігін  кӛрсетеді.  Ал  мҧндағы  инверсия 
(орын алмасу) қҧбылысы тек стильдік қызмет атқарады. Қосымшасыз орын тәртібі арқылы байланысқан 
сӛз  тіркестері  қҧрамындағы  сӛздерді  жоғарыдағыдай  етіп  орны  жағынан  ауыстыруға  болмайды, 
ауыстырса, грамматикалық мағынаға ӛзгеріс енеді.  [4, 28-б.] Мысалы,  биік  тау, ҥлкен ҥй, жетім бала, 
алмас  қылыш,  ӛткір  пышақ  тіркестері  –  анықтауыштық  қатынасты  білдірсе,  тау  биік,  ҥй  ҥлкен,  бала 
жетім, қылыщ алмас, пышақ ӛткір тіркестері предикаттық қатынасты білдіреді. Демек, сӛздердің орын 
тәртібі тәсілі сӛз тіркесіне қатысты грамматикалық мағыналарды айқындауда жетекші қызмет атқарады. 
Қазақ  тіл  білімінде  қабыса  байланысқан  сӛз  тіркесін  ғылыми  тҧрғыдан  жан-жақты  қарастырған 
ғалымдар Мәулен Балақаев пен Талғат Сайрамбаев. «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында ғалымдар қабысуға 
былайша  анықтама  береді:  «Қабысу  –  тҥркі  тілдерінде,  оның  бірі  қазақ  тілінде  ӛте  жиі  қолданылатын 
синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сӛз басыңқы сӛздің грамматикалық 
тҧлғасына  бейімделсе,  тиісті  жалғауда  айтылып  байланысса,  қабыса  байланысқан  сӛз  тіркестері  ӛзара 
ешқандай жалғаулықсыз, тек қатар тҧруы арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сӛз тіркестерінің 
грамматикалық байланыс амалы сӛздердің орын тәртібі болады» [2, 42-б.]. 
Қабыса байланысқан сӛз  тіркестерінің қҧрамы әр тҥрлі болып келеді. Оның  бағыныңқы сыңары  зат 
есім, сын есім, сан есім, есімдік, есімше, кӛсемше, ҥстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантив-
тенген сын есім мен сан есім болады.  
Кез  келген  сӛз  екінші  сӛзбен  байланыса  бермейді.  Олардың  арасында  семантикалық  мағыналық 
байланыс болуы қажет. Бҧл семантикалық байланыстың жалпы халықтық  танымда  танылған ҧғыммен, 
ҧлттық  таныммен  тікелей  байланысы  бар.  Айталық,  алтын  сағат,  жібек  орамал  деген  сӛз  тіркестерін 
жасауға болады. Ӛйткені халықтық таным-тҥсінік бойынша, алтыннан сағат жасалады, жібектен орамал 
тоқылады.  Ал  алтын  орамал,  жібек  сағат  деген  ҧғым  жоқ,  мҧндай  тіркестердің  қҧралуы  логикалық 
жағынан мҥмкін емес, сондықтан осындай сӛз тіркестері тілде жасала алмайды. 
М.Балақаев  пен  Т.Сайрамбаевтың  «Қазіргі  қазақ  тілі»  зерттеу  еңбегінде  қабыса  байланысқан  сӛз 
тіркестерінің  жиі  қолданылатын  тҥрін  айқындайды.  Зерттеушілердің  кӛрсетуінше,  екі  зат  есім  атау 
кҥйінде қабыса байланысып, сӛз тіркесін қҧрау ҥшін, алдыңғысы соңғысына бағынып тҧрады, әрі мҧндай 
тіркестер  тілімізде  жиі  ҧшырасады.  Ӛзге  сӛз  таптарымен  салыстырғанда,  зат  есімдер  арқылы  қабыса 
байланысудың молдығы, оның ішкі семантикалық мҥмкіндігіне байланысты. Зат есімдерден қҧралған сӛз 
тіркестері мынадай мағыналық топтарға жіктеуге болады: 
1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: ағаш қасық (ағаштан жасалған қасық), темір есік 
(темірден жасалған есік), былғары етік (былғарыдан тігілген етік), т.б.; 
2.  Салыстыру,  теңеу  мағынасында  жҧмсалады:  салпы  ерін  ат  (аттың  ерні  салбыраңқы  келеді,  дене 
бітіміне байланысты), жібек жҥн (жҥні жібектей деген мағынада), қҧрыш білек (қҧрыштай қатты білек 
деген мағынада), т.б.; 
3. Бір затты басқа затқа арнау мағынасында қолданылады: ат қора – ат тҧратын қора, мал қора – мал 
қамауға арналған қора, шай кесе – шай ішуге арналған кесе; 
4. Бір зат екінші затты мекеніне карай анықтайды: тау теке, кӛл бақа, желке тамыр, тӛс қалта, қалта 
сағат т.б. 
а)  сӛз  тіркесінің  бағыныңқы  сыңары  жер-су  атауы  болып,  басыңқысы  заттың  сонда  ӛсіп-ӛнетінін 
(мекенін) білдіреді: тау ешкі, су жылан, кӛл бақа, т.б.; 
ә)  қабыса  байланысқан  топтағы  екі  сӛз  де  жалпы  есім  болып,  бірі  екіншісінің  қай  жердегі,  қай 
орындағы зат екенін анықтайды: мойын ет, желке тамыр, ауыз ҥй, тамақ бау, т.б.;  
5. Заттың ӛлшемдік мағынасын білдіреді: бір қора қой, екі саба қымыз, бір қап астық, бір асым ет, т.б.; 
6. Кәсіп, дәрежені білдіру: инженер қыз, шәкірт бала, қойшы ағай, т.б.; 
7. Адамның жынысын білдіреді: қыз бала, ҧл бала, т.б.; 
8. Даралау мағынасында жҧмсалады: қайың ағаш, алма ағаш, нар тҥйе, т.б. 
Байқап отырғанымыздай, қабыса байланысқан сӛз тіркестерінің әрбір сыңары ӛзіндік жеке лексикалық 
мағынасын сақтап тҧрады. Демек, қабыса байланысқан сӛз тіркестерінің мынадай ӛзіндік ерекшеліктері 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
26 
бар: 
1.  Қабыса байланысқан сӛз тіркестерінің әрбір сыңары жеке сҧраққа жауап береді. 
2.  Қабыса байланысқан сӛз тіркестерінің әрбір сыңары ӛзіндік мағыналық дербестігін сақтайды. 
3.  Қабыса байланысқан сӛз тіркестерінің әрбір сыңары сӛйлемде грамматикалық сипатына байланыс-
ты  тҥрлі  қызмет  атқарады.  Кӛбінесе  бағыныңқы  сыңарда  тҧрған  сӛздер  анықтауыштық  қызметте, 
басыңқы сыңарда тҧрған сӛз сӛйлемдегі орны мен қызметіне, грамматикалық сипатына қарай бастауыш, 
баяндауыш, толықтауыш т.б. болуы мҥмкін.  
Қабыса байланысқан сӛз тіркестерінің байланысу сипатында жалғау болмағандықтан, олар атауыш сӛз 
жасауға икемді. Яғни басқа сӛз тіркестерімен салыстырғанда, қабыса байланысудың лексикалануға бейім-
ділігі, термин жасауға бейімділігі байқалады. Қабыса байланысудың ӛзіндік принциптері бар. Олар ӛзара 
тіркесу  ҥшін  мағыналық  және  грамматикалық  жағынан  сәйкестікте  болуы  қажет.  Мағыналық  жақтан 
байланысы бар сӛздердің басын қҧрастыруға ҧйытқы сӛздің қай сӛз табынан болуының ҥлкен мәні бар.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет