Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж



Pdf көрінісі
бет8/28
Дата15.02.2017
өлшемі4,09 Mb.
#4142
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

 
1 Қайдар Ә. «Қазақ терминологиясына жаңаша кӛзқарас» - Алматы: «Рауан» 1993 ж.  
2 Айтбаев Ӛ. «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» - Алматы: «Ғылым», 1988 ж. 
3 Аймауытов Ж. «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы» - Алматы, 2009 ж. 
4 Байтҧрсынҧлы А. «Ақ жол» - Алматы, 1991 ж.  
 
Резюме 
Кауменова Р.А. - КазНПУ имени Абая магистрант ІІ курса, Руковадитель: д.ф.н., проф Н.О. Оралбаева 
Оригинальное терминообразование способы кальки в казахском языке  
В  статье  отражены  влияния  на  развитие  казахской  терминологии  научно-технических  терминов.  Автором 
затронуты проблемы перевода данной категории терминов. Выделяя один из важных и значимых методов перевода 
как калькирование. Так же подчеркнута важность и особое место калькирования в формировании профессиональных 
терминов, написании научных учебников и пособий на государственном языке.  
Ключевые  слова:  терминообразование,  язык  складе,  языковое  образование,  профессиональная  лексика, 
словообразование, оригинальный термин 
 
Summary 
R.A. Kaumenova - Kazakh National Pedagogical University named after Abay. 
TheІІst course Undergraduate student The teacher of Kazakh language and Literature 
Original ways derivation term tracings in the Kazakh language 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
42 
Influence  on  the  development  of  Kazakh  terminology  of  Science  and  Technology  is  represented  in  this  article.  Such 
translation problems of terms are considered by the author. One of the important methods of translation is tracing, the author 
shows examples of their use. The importance of tracing on the  formation of professional terms  for  writing books and text 
books in the state language is given. 
Keywords: derivation term, stock language, language education, professional vocabulary,derivation, the original term 
 
УДК 8100112/18 
 
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ТІЛДЕСІМДЕГІ ЭТНОСТЕРЕОТИПТЕРДІҢ РӚЛІ 
 
Ф.Е. Ертаева – әл-Фараби атындағы Қазақ ҧлттық университеті Филология, әдебиеттану және әлем 
тілдері факультетінің 2-курс магистранты 
 
Мақалада стереотиптердің тҥрлері, қалыптасу жолдары, мәдениетаралық тілдесімдегі рӛлі қарастырылады және 
этникалық әзілдердегі тҥрлі мәдениет ӛкілдерінің стереотиптік образдары талданады.  
Тҥйін  сӛздер:  стереотиптер,  мәдениетаралық  тілдесім,  этникалық  стереотиптер,  автостереотиптер, 
гетеростереотиптер 
 
Қазіргі таңда бір немесе бірнеше мемлекет шегіндегі тҥрлі мәдениет ӛкілдері арасындағы байланыстар 
кӛптеген  кикілжің  мәселелер  туындатып,  жиі  жағдайда  тҥсініспеушіліксіз  немесе  мәдениетаралық 
тілдесімдегі қақтығыстардан алыстап кете алмайды. Кӛптеген жағдайда ӛзге мәдениет ӛкілдерін қабылда-
мау,  жатсыну,  тіпті  олардың  алдында  қорқыныш  орын  алады.  Бҧл  мәселенің  барлығы  мәдениетаралық 
байланыстарды анықтайтын стереотиптермен байланысты. 
«Стереотип» феномені У.Липпман, И.С. Кон, Ю.А. Сорокин, И.Ю. Марковина, А.В. Павловская, Н.В. 
Уфимцева, В.В. Красных секілді кӛптеген зерттеушілердің зерттеу нысанына айналды. Философтар-дың, 
мәдениеттанушылардың  және  басқа  сала  ғалымдарының  арасында  «стереотип»  терминінің  мағынасын 
ашу, олардың пайда болуы және қоғамға таралуы, халықтар арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуі жайы 
қызығушылық тудыруда.  
«Стереотип»  ҧғымын  батыс  дискурсына  1922  ж.  ӛзінің  бірегей  қоғамдық  ой  тҧжырымын  сипаттау 
мақсатында  Уолтер  Липпман  енгізді.  У.Липманның  анықтамасына  сәйкес  стереотип  –  «әлеуметтік 
тәжірибеге негізделген қоршаған орта туралы ақпаратпен танысу барысындағы қабылдау ҥлгісі [1,126 б.].  
Ғылыми  әдебиеттерде  осыған  байланысты  кӛптеген  терминдер  кездеседі  –  ҧлттық  стереотиптер, 
этникалық нанымдар, этникалық танымдар, ҧлттық бейнелер және т.б. осыған ҧқсас тҥсініктер.  
Әдетте  стереотитер  эмоциялық  бояулармен  беріліп  тҧрақтанып  қалады,  әлеуметтік  жағдай  мен 
тәжірибенің әсерінен туындаған, қандай да бір қҧбылысқа қатысты адамның кӛзқарасын білдіреді.  
Мәдениеттанушылардың  классификациясы  бойынша  стереотиптердің  келесідей  тҥрлері  болады: 
тілдік, этникалық, жеке, гендерлік, қоғамдық немесе әлеуметтік, отбасылық және т.б.  
Этникалық стереотиптер – әртҥрлі этностық қауымдастықтардың ӛкілдеріне тән моральдық, ақыл-ой, 
дене кҥш қасиеттері туралы біршама орнықты тҥсніктер. Этникалық стереотиптердің мазмҧнында әдетте 
кӛрсетілген қасиеттер туралы бағалауыштық пікірлер жинақталған.  
Этникалық  стереотиптер  екіге  бӛлінеді:  автостереотиптер  (ӛзінің  ҧлты  туралы  стереотиптер)  және 
гетерестереотиптер (ӛзге ҧлт туралы стереотиптер). Ж.Б. Абильдинаның пікірінше авто- және гетеросте-
реотиптердің  қалыптасуы  ҧлттық  мінездің  басым  қасиеттеріне  сҥйеніп  бірдей  негізде  жҥргенімен, 
«ӛзгенің» жинақталған бейнесі «ӛзі» мен «ӛзгені» салыстыру арқылы жасалады. Салыстыруда стереотип-
тенетін топқа тән немесе оларда жоқ мінездер негізге алынып, уақыт ӛте келе халықтың санасында тҧрақ-
танып қалады. Айта кететін жайт, этникалық автостереотиптер кӛбінесе жағымды бағалауға ие болады. 
Мҧндағы негізгі мақсат – ҧлттық мінездің ерекше қырын таныту. Мысалы, қазақтар ӛзін қонақжай халық 
десе,  ағылшындар  ӛздерін  ҧқыпты,  қытайлар  еңбексҥйгіш  халық  деп  есептейді.  Гетерестереотиптер 
тарихи қарым-қатынас тәжірибесіне байланысты жағымды әрі жағымсыз мәнде болуы мҥмкін [2]. 
Этникалық стереотиптерді белгілі бір лингвомәдени ортаның ҧлттық-мәдени ерекшелігі кӛрініс тапқан 
әзілдерді,  сюжетті  мәтіндерді  саралау  барысында  анықтауға  болады.  Әзіл  мәтінінде  салт-дәстҥр, 
дҥниетаным  және  әлеуметтік-психологиялық,  этникалық  кӛзқарастар  сипатталады.  Халықаралық  ҥштік 
туралы,  яғни  тҥрлі  ҧлт  ӛкілдерінің  бірдей  жағдайға  тап  болып,  ӛзінің  ҧлттық  мінезіне  сай  (кӛбіне  сол 
әзілді шығарған елдің кӛзқарасы бойынша) мәселенің шешімін іздейтін әзілдер этникалық стереотиптер-
дің негізгі кӛзі болып табылады.  
Этникалық әзілдер басқа әзілдер сияқты бірнеше бӛлімнен тҧрады: кіріспе, байланыс, шарықтау шегі, 
шешімі. Әдетте оқиғаның басы «бір кҥні қазақ, орыс және неміс кездесіп қалыпты», «орыс, қазақ, ӛзбек 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
43 
елсіз аралға тап болыпты», «ағылшын, қазақ, орыс ҧшақта ҧшып бара жатыр екен» «орыс пен қазақ дос 
болыпты», «ағылшын, орыс, қазақ тҧтқынға тҥсіпті» секілді тҧрақты қалыптасқан сӛйлемдермен бастала-
ды.  Байқап  отырғанымыздар  әртҥрлі  ҧлт  ӛкілдері  кӛбінесе  жабық  кеңістікке  тап  болып,  белгілі  бір 
тапсырманы ӛз ҧлтық мінезіне сай орындауға тырысады. Мәселен, мына бір әзілді талдап кӛрейік. 
«2030  жыл,  робот  адамдарды  жҧмысқа  қабыдауда.  Сҧхбаттасуға  бірінші  болып  орыс  кіреді.  Робот:_«Саламатсыз_ба!»_Орыс'>Робот: 
«Саламатсыз ба!» Орыс: «Саламатсыз!» Робот: «Темекі шегесіз бе?» Орыс: «кҥніне бір қорап» Робот: 
«Ішімдікке  қалайсыз?»  Орыс:  «Мереке  кҥндері»  Робот:  «Сау  болыңыз!»  Украин  кіреді.  Робот: 
«Саламатсыз ба!» Украин: «Саламатсыз ба!» Робот: «Темекі шегесіз бе?» Украин: «Кҥніне екі қораптан 
артық емес» Робот: «Ішімдікке қалайсыз?» Украин: «Мен хахолмын ғой, онсыз қалай болады!» Робот: 
«Сау  болыңыз!»  Ҥшінші  болып  қазақ  кіреді.  Робот:  «Саламатсыз  ба!»  Қазақ:  «Асалаумағалейкум, 
ағатай!» Робот: «Сау болыңыз!». («Это просто смешно или зеркало кривого королевства», 92 б.) (қазақ 
тіліне ауд.: автор) 
Бҧл әзілдің кҥлкілі жері соңында. Орыс пен украин роботпен тілдескенде әңгімелері жай ғана сҧрақ-
жауап  тҥрінде  болады.  Ал  қазақтың  «Асалаумағалейкум,  ағатай»  деп  амандасуы,  олардың  кез  келген 
жерде ӛзінің туысқанын іздеп тҧратындығын кӛрсетіп кҥлкі тудырады. Бҧл жердегі стереотип – қазақтар 
бір-біріне туысқан болып келеді деген кӛзқарас. Ал роботтың ешнәрсе сҧрамай бірден «Сау болыңыз!» 
дегені бҧл әзілде сол этностереотиптің бар екендігінің куәсі.  
Келесі әзілде де осындай этностереотип кӛрініс тапқан.  
«Ҧлы отан соғысының уақыты. Гитлер: «Қазақтарды тҧтқынға алмаңдар!» «Қайталаймын, қазақтарды 
тҧтқынға  алмаңдар!»  «Олар  тҥбі  сіздің  ағаңыз,  жиеніңіз,  нағашыларыңыз,  қҧдаларыңыз  немесе  әйтеуір 
бір туысқаныңыз болып шығады!!!». 
Келесі  бір  әзілдерде  қазақтар  «ауырдың  ҥстімен,  жеңілдің  астымен  жҥретін»  халық  ретінде 
бейнеленеді:  
«Бірде неміс, орыс және қазақтан кім қандай жануар болғысы келеді және не ҥшін деп сҧрапты.  
Неміс: «Барлығын басқарып жҥру ҥшін аң патшасы арыстан болғым келеді» 
Орыс: «Бәрінен жылдам және мықты болатын жолбарыс болғым келеді» 
Қазақ: «Жылан» 
Орыс пен неміс: «Не ҥшін?» 
Қазақ: «Барлығын жатып істеу ҥшін: жатып тамақтанасың, жатып жҥресің, жатып ішесің». 
Этникалық  әзілдерде  қазақ  этнонимі  қонақжай,  бауырмашыл,  етті  жақсы  кӛретін,  біреуге  ақыл 
ҥйреткіш, жалқау, ал орыс этнонимі кӛңілді, тапқыр, шыдамды халық бейнесінде сипатталады.  
Мысалы:ағылшын мен орыс кездесіп қалыпты. Ағылшын: «Бізде қазба жҧмыстарының кезінде ХVІІІ 
ғасырдағы электр сымының ҥзіндісін тауып алыпты, бҧл сымды телеграфтың болғандығының бірден 
бір дәлелі». Тапқыр орыс: «Ал бізде ешнәрсе таппаған, бҧл сымсыз телеграфтың болғандығының дәлелі»
«500 әзіл», 2008, № 4) 
Ал неміс этнонимі этникалық әзілдерде ӛзінің кірпиязығы, тазалығы мен ҧқыптылығының нәтижесін-
де кҥлкіге қалып жатады.  
Мысалы:  
«Алматының ортасында неміс, ағылшын және израильдік кездесіп қалыпты. Кӛше бойымен серуен-
деп келе жатып, жолдың ортасында тҧрған сӛмкені байқап қалады.  Күдікшіл ағылшын: «О,  біреуді 
тонап  кеткен  шығар»,  –  деп  ӛзінің  сӛмкесіне  жабысады.  Изриальдік:  «Жақындамаңдар!»  «Біреуің 
алдыңғы жақтан, екіншің артқы жақтан қозғалысты тоқтатыңдар! Ал мен полицияға хабар беремін». 
Кірпияз неміс: «Ретсіздік. Қоқыстың кӛшеде жатқаны дҧрыс емес. Бірақ оны қандай қоқыс жәшігіне 
саламыз? Оны ашып, ішіндегісін іріктеуге тура келеді» («Анекдоты со всего света», 147 б.). (қазақ тіліне 
ауд. автор) 
Этникалық  стереотиптер  белгілі  бір  мӛлшерде  біржақты  кӛзқарасты  қалыптастырып,  әлемді  екі 
қарама-қарсы  категорияға  бӛледі:  таныс  және  бейтаныс.  Нәтижесінде  таныс  –  жағымды,  бейтаныс  – 
жағымсыз мәнде қабылданады. 
Осы  тҧрғыда  ғалымдардың  арасында  стеореотиптердің  шындыққа  сай  келуі  жӛніндегі  пікір  бірізді 
емес.  Кҥнделікті  тҧрмыста  объективті  шындық  ретінде  қабылданса,  зерттеулер  стереотиптер  толық 
шындыққа  сай  келеді  немесе  жартылай  шындық  деген  қортындылар  шығарады.  Кейбір  ғалымдар  тіпті 
стереотиптерді  қауіпті  қҧбылыс  деп  таниды.  Мысал  ретінде,  Майк  Кордуэл  қҧрастырған  сӛздіктегі 
стереотиптің анықтамасын келтіруге болады:  «Стеротип – жесткое,  часто  упрощенное  представление  о 
конкретной группе или категории людей. Поскольку мы вообще сколонны к упрощениям, то формируем 
стереотипы  для  большей  предсказуемости  поведения  людей.  Эти  стереотипы  часто  имеют  негативную 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
44 
природу и основаны на предрассудках и дискриминации. Стереотипы не обязательно являются ложными; 
обычно они содержат некое зерно истины. Их разделяют значительное количество людей, что  в целом 
способстывует  их  укоринению.  Стереотиы  могут  менятся  со  временем,  но  их  носителям  часто  бывает 
трудно  избавиться  от  усвоенных  представлении»  [3,85  б.].  Егер  стереотиптерді  нанымға  негізделген 
кӛзқарас деп алатын болсақ, стереотипті белгілі бір тҧлғаның бір топтың мҥшесі екенін ескеріп ол туралы 
біржақты кӛзқарас қалыптастыру деп анықтауға болады. 
Мәселен,  www.dartstur.ru  сайты  тҥрлі  халықтар  туралы  10  стереотипке  талдау  жасайды,  соның 
бірнешеуін келтірейік: 
1. Итальяндықтар жақсы кӛңілдес бола алады, бірақ жҧмысқа ебі жоқ. Егер италияндықтар ебсіз 
халық болса, кҥллі әлемді таңғалдырып отырған алып архитектуралық ғимараттарды осы кҥнге дейін кім 
басқарып, сақтап қалу ҥшін кім жҧмыс істеп отыр деген сҧрақ туындайды? 
2.  Канадалықтар  ішті  пыстыратын,  қызықсыз  адамдар.  Канада  жерінде  дҥниеге  келген,  қазіргі 
таңда  голливудтық  әзілкештер  Майк  Майерс,  Джон  Кэнди,  Метью  Перри,  Юджин  Леви,  және  Джим 
Керриді іш пыстыратын адамдар деп айта аласыз ба? 
3.  Филлипиндіктер  –  оқымаған,  арал  адамдары.  2007  жылы  Yahoo!  Веб-парақшасында 
«Филиппиндегі  ең  жақсы  архитектуралы  мектеп?»  деген  сҧраққа  бір  әлеуметтік  желіні  тҧтынушы: 
«Оларда  мектеп  бар  деп  ойламаймын,  ол  ҥшінші  сҧрыпты  ел  және  ондағы  халық  ӛте  нашар  тҧрады. 
Филиппин  Африка секілді, тек жунглий бар» деп жауап берген. Бірақ, филиппин аралдарына демалуға 
барған шетел азаматтарына басқару пультін қалай пайдалану керектігін ҥйрететін тек филиппиндіктер. 
4. Француздар ӛркӛкірек халық. Стереотиптер мәселесіне келгенде француздар кӛп зардап шегеді. 
Бірақ,  шынымен  де  француздар  ӛркӛкірек  болып  келе  ме?  Осы  стереотиптердің  туындауына  себеп  – 
француз бейтаныс адамға кҥліп қарамайды. Бірақ бҧл оларды тым дӛрекі халық деп сипаттауға ешқандай 
негіз бола алмайды. Егер, біле білсеңіз Франция қайырымдылық жасаудан АҚШ пен Жапониядан кейінгі 
ҥшінші орында тҧр [4].  
Кӛріп отырғанымыздай, стереотиптерді 100 пайыз шындық деуге келмейді. Бір этнос туралы стерео-
тип  аздаған  қарым-қатынасқа,  БАҚ  қҧралынан,  әдебиеттерден  алынған,  адамдардың  санасына  сіңіп 
қалған ақпарат қана. Адамдар басқа бір этнос ӛкілімен етене араласпаса да, олар туралы жалпы кӛзқарас-
қа сҥйеніп қорытынды пікір шығарады. Бір этнос ӛкілдерінде қарым-қатынас жасау жиілігіне, жақынды-
ғына, жағдаятқа байланысты екінші бір этнос ӛкілдеріне қатысты тҥрлі стереотип қалыптасуы мҥмкін.  
Мәселен, Ж.Б. Абильдинова http://tengrinews.kz сайтындағы пікірлерді талдай келе мынандай мысал-
дар келтіреді: 
Қазақтар туралы жағымды автостереотиптер: 
Радик  2013-06-08  13:33  Хороший  пример  ответственности  премьера  за  граждан  оказавшихся  в 
сложной ситуации за границей. Казахстан своих не бросает.  
Семей  2013-06-08  13:38  Вот  как  Государство  должно  заботиться  о  своих  гражданах.  Братским 
республикам на заметочку  
Қазақтар туралы жағымсыз автостереотиптер: 
Serik 2012-08-04 18:50 Менталитет нашего народа никогда не изменится! Уж так сложилось у нас 
друг  друга  давить,  от  зависти  того  что  кто-то  из  нас  умнее,  сильнее,  красивее  и  богачее!  А  правды 
искать? Кто правду ищет, у того и за правду взыщат!  
Наблюдатель 2013-03-10 12:16 Что за менталитет!!! Ни капли чувства человеческого сострадания, 
одна мания наживы! Стыдно за таких!  
Орыстардың қазақтар туралы жағымды гетеростереотиптері: 
Станислав  2013-06-09  14:35  Молодцы  МЧС,  МИД  и  Правительство!  Это  та  самая  ситуация,  в 
которой можно гордиться, что живешь в Казахстане! Моя жена и ребенок оказались в этот момент в 
Анталье, но, менее чем через сутки, они уже дома, в Астане. СПАСИБО!!!  
Сашка 2013-01-06 14:44 У меня мама часто на поездах ездит. Приедет и расскахывает как казахи ее 
в вагоне всяким угощают. То баурсаками, то курочкой, то яблоком… Всегда ей с сумками помогают и 
место лучшее уступают, даже если не по биллету Так что не надо тут писать чушь, мы многим этому 
народу должны.  
Орыстардың қазақтар туралы жағымсыз гетеростереотиптері: 
Просто Костя. 2013-08-12 12:01 Уже 8 лет живу в Астане, и до сих пор не понимаю ваш казахский 
металитет. Эгоизм в высшем его проявлении наблюдаю в любом казахе. Сначала был удивлен, а теперь 
привык к тому что вы такие и не изменитесь. 
Қазақтардың орыстар туралы жағымсыз гетеростереотиптері: 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г. 
45 
кура  2013-01-27  22:23  да  я  вообще  не  смотрю  КВН,  мне  русский  юмор,  кино,  песни  непонятны  и 
чужды, так что наверное это естественно, я же азиатка и они наш юмор не понимают и вообще мы 
разные по ментальности по ценностям и поведению [2].  
Кӛріп отырғанымыздай кӛп ҧлтты социумдарда адамдардың ӛзара әрекеттесуі мен байланысына кӛп-
теген жағдайдар әсер етеді. Бҧның барлығы кешенді зерттеу мен қҧрылымдық талдауды қажет етеді. Тіл-
дік санадағы этностереотиптердің қалыптасу механизімі мен ортақ кӛзін анықтау аса маңыздылыққа ие.  
Әр  ҧлтқа  ӛзіндік  артықшылықтар  мен  кемшіліктер  тән,  бҧларды  басқа  этникалық  топтар  да  әртҥрлі 
қабылдауы мҥмкін. Автостереотиптер – этникалық топтардың ӛздері туралы бағалаулар мен қортынды-
лардың,  кӛзқарастардың  жиынтығы.  Ӛзінің  ӛткені,  тілі,  мәдениеті  туралы  ақпараттың  бастауы  тҥрлі 
халық аңыздары, кӛркем шығармалар және т.б. Әдеттегідей ӛзінің этникалық тобына қатысты тек жағым-
ды мінездемелер мен сипаттар қалыптасады; ӛз этносының жетістіктері мен тарихи орны жӛнінде асыра 
сілтеушілік  болмаса  да,  оның  жақсы  жағынан,  батырлығын,  әділдігін  немесе  т.б.  қасиеттерін  атап 
кӛрсетіп, этносқа қарсы топты әлсіз, жағымсыз бейнеде кӛрсетеді. Гетеростереотиптер, яғни басқа этнос-
тар  туралы  кӛзқарастар,  олармен  тарихи  қарым-қатынас  тәжірибесіне  байланысты  жағымды  немесе 
жағымсыз болуы мҥмкін.  
Стереотиптену барлық жағынан алғанда бір негізде жҥзеге асатынын атап ӛту керек. Басқа этникалық 
топты сипаттай отырып,  этнос бинарлы оппозиция  қағидасы бойынша ӛзі туралы, ӛзінің мінезі туралы 
айтады. Егер «олар» – жалқаулар болса, «біз» – еңбек сҥйгіштерміз, егер «олар» – арамза болса, «біз» – 
әділ, шыншылмыз және т.б.  
Қоғамдық  және  жеке  санада  қалыптасқан  этникалық  стереотиптердің  туындауының,  тілдік  санада 
тҧрақтауының механизімі әртҥрлі, және осыған сай оларды екі топқа бӛлуге болады деп есептейді ғалым 
С.В.  Гладких:  стереотиптердің  алғашқы  тобы  (мінез-қҧлық  этникалық  стереотиптері)  кӛптеген  жылдар 
бойы  қалыптасқан;  аңыздық  сипатқа  ауысып,  мәдени  ӛзгерістерге  қарамастан  тҧрақты  болып  келеді. 
Стереотиптердің  екінші  тобы  (ойлау  этникалық  стереотиптері)  мәдениетаралық  тілдесім,  этникалық 
қақтығыстар  ҥрдісінің  нәтижесінде  немесе  бҧқаралық  ақпарат  қҧралдарының  кӛмегімен  қадыптасады; 
ӛзгермелі  болады.  [5,  59-60  б.].  Алғашқы  топтың  стереотиптері  бірнеше  ҧрпақ  тәжірибесінен  ӛткен, 
сыртқы факторлардың әсерінен ӛзгермейтін, нақты қалыптасқан білім ретінде қабылданады. Бала кезінде 
бойына  сіңген  мінез,  кӛзқарастар  мен  әрекеттер,  қоршаған  ортаға  кӛзқарас  –  барлығы  этникалық 
стереотиптердің  қалыптасуына  негіз  болып,  кейіннен  тамақ  ішу  ҥрдісінен  бастап  басқа  этносқа  деген 
кӛзқарасқа дейін кӛрінетін қасиеттерден кӛрсініс табады.  
Стереотиптердің екінші тобы мәдени, саяси және экономикалық факторлардың әсерінен туындайды. 
Тҧлғаға бҧқаралық ақпарат қҧралдары арқылы танылатын этникалық стереотиптер (мысалы, этникалық 
қақтығыс жағдайында БАҚ саяси тапсырыс бойынша тараптардың біреуі туралы жағымсыз стереотипт 
қалыптастыруға  тырысады)  этносқа  әсер  ету  мақсатымен  туындап,  ӛзгеріске  бейім  келеді.  Кез  келген 
этникалық  стереотип  тарихи  даму  мен  әлеуметтік  ҧйымның,  экономикалық  жағдайдың  ӛнімі.  Мәнез-
қҧлық  стереотиптер  ерте  замандардан  бастау  алады.  Екінші  топтың  кӛптеген  стереотиптері  жағымсыз 
мәнде келеді, бҧл  идеологиялық мақсаттағы ақпараттың әсерінен де болып жатады. Жағымсыз мәндегі 
стереотиптердің болуының пайдасы мен зияны бірдей. Пайдасы – этностардың рухани мәдениетін сақтау-
ға  септігін  тигізсе,  зияны  –  мәдениетаралық  қарым-қатынаста  барьер  ретінде  қабылданып,  тілдесімнің 
сәтті орнауына кедергі келтіреді, қақтығыстардың пайда болуына себебін тигізеді.  
Қазіргі экономикалық және саяси кезеңде этникалық топтар ӛздерінің бірегейлігін танытып жатқанда 
мәдениаралық  қарым-қатынас  біраз  мәселелердің  басын  ашады.  Басқа  этносты  қабылдау  мінез-қҧлық 
және ойлау автостереотиптерінің сҥзгісінен ӛтеді.  
 
1 Lippmann W. Public Opinion. – Toronto, 1965. 
2 Языковые  средства  эпликации  этнических  стереотипов  русских,  казахов  и  немцев.  https://xn--  90ax2c.xnp1ai/ 
catalog/000200_000018_RU_NLR_ bibl_1821251/ 
3 Кордуэл М. Психологи А-Я. Словарь-справочник. - М., 2000.  
4 www.dartstur.ru 
5  Гладких  С.В.  Этнические  стереотипы  и  проблемы  межкультурного  общения  //  Этнические  проблемы 
современности: Сборник статей. – Вып.5. – Ставрополь, 1999. – С. 57-65.  
 
Резюме 
Ертаева Ф.Е. – КазНУ им. әл-Фараби магистратка 2-курса  
Роль этнических стереотипов в межкультурной коммуникации 
В  статье  рассматриваются  виды,  пути  формирования  стереотипов,  их  роль  в  межкультурной  коммуникации  и 
анализируются стереотипные образы представителей разных культур в этнических анекдотах.  

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж. 
46 
Ключевые  слова:  стереотипы,  межкультурная  коммуникация,  этнические  стереотипы,  автостереотипы, 
гетеростереотипы 
 
Summary  
Ertayeva F.E. - Kazakh National University. Al-Farabi magistratka 2-course 
The role of ethnic stereotypes in intercultural communication 
The article discusses the types, ways of formation of stereotypes, their role in intercultural communication, and analyzes 
the stereotypical images of different cultures in ethnic jokes. 
Keywords: stereotypes, intercultural communication, ethnic stereotypes, autostereotypes, heterostereotypes 
 
ӘОЖ 81.22 
 
«ДИУАНИ ХИКМЕТТЕГІ» АРАБИЗМДЕР 
 
Н.Т. Сафуллина – Абай ат. ҚазҦПУ, Филология институты 
6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс магистранты,  
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушысы Н.С. Амиржанова  
 
Мақалада Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) атты жазба ескерткішінде кездесетін араб 
тіліндегі діни терминдер жайлы мәліметтер қарастырылады. Діни-сопылық терминдер ең кӛп кездесетін шығарма – 
«Диуани  хикмет».  Соған  байланысты  «Диуани  хикметте» кездесетін  сӛздердің  кӛп  бӛлігі  араб  және  парсы  тілінен 
енген.  Қарахан  дәуіріндегі  шығармаларының  ішінде  ең  кӛп  кездесетін  арабша  және  парсыша  сӛздер  «Диуани 
хикметте» жазылған.  
Қолжазба тіліндегі сӛздік қордың едәуір бӛлігін араб, парсы тілдерінен енген кірме сӛздер қҧрайды. Тҥркі тілдері 
тарихында араб, парсы сӛздерінің қолданыс аясы кең және алар орны да ерекше екендігі даусыз. «Диуани хикмет» 
діни  еңбек  болғандықтан,  арабизм  мен  фарсизмдердің  мол  болуы  заңды.  Аталған  мақалада  орта  ғасырлық  жазба 
ескерткіші «Диуани хикметтегі» діни терминдердің қҧрамын анықтау, олардың қазіргі әдебиеттегі кӛрінісін кӛрсету 
туралы айтылады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет