«Осы ӛлшем, осы ҧйқаспен Сәйф Сарайи айтады
Ол жҥзі ай кім жаһанның жаныдҥр,
Бҧл замана сҧлуларының ханыдҥр.
Ақжҧпар дене, бойы сымбатты сәрв,
Бҧрымы жаннат бағының райханыдҥр.
(Оның) назының астында әлем тҧтқын,
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г.
31
Кӛздері ай табақшасын (сәулесін) еліктіріп әкетуші.
Кірпігінің оғына жандар нысана,
Жай (садақ) сияқты қасының жаһан қҧрбаныдҥр.
Кҥн әр таңда оның жағасынан туар,
Сол себептен бҧл жаһан жарқырап тҧр.
Аяласын ғашықтар жанын бҥгін,
Ӛйткені кҥз(мезгіл) ай жҥзді сҧлудың дәуренідҥр» [1, 156 б.].
Сарайлық ақын Мәвла Қазы Мухсиннің ойы ӛрбітіп, әрі қарай кӛркемдей тҥскен. «Бір нәрсенің,
кӛбінесе адамның мінезін, қҧлқын, ғамалын екінші нәрсенің мысалында кӛрсетіп айту – бернелеу болады.
Қазақтың бернемен сӛйлеп отыр дегені – осы бернелеу. Бейнелеу бернелеумен екі арасы жақын. Бейнелеу
де, бернелеу де екі ҧқсас нәрсенің бірін бірінің орнына айтудан шығады. Бейнелеу ҧлғайғанда бернелеуге
айналып кетеді» [3, 31 б.]. Ақын бҧрымды Жаннат бағымен, кӛздерін ай сәулесін еліктіріп әкетушімен,
қасын жаһан қҧрбанымен, кҥзді дәуренмен бейнелік тҧрғыдан ҧқсатып беріп отыр. Ахмет Байтҧрсынҧлы
айтқандай, бҧрым, кӛз, қас – дене мҥшелерінің мінсіз жаратылғанын екінші нәрсенің мысалынан аңғарып
отырмыз.
З.Қабдолов «айқындау,яғни эпитет – заттың, қҧбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын
суретті сӛз» деп берген. [4, 214 б]. Ал Сәйф ақында « ай жҥзді сҧлу», « ақжҧпар дене», « бойы сымбатты»
деген сынды эпитеттермен Мухсин ойына ҥн қатқан. Дастандағы эпитеттерден сол дәуірге тән асыл
дҥниелер туралы мағлҧмат аламыз. Мысалы ӛзге ақындар ӛлеңінен мынандай эпитеттер ҧшырасады: киік
кӛзді, ай жҥзді,сҥйкімді сҧлу, хош иісті қара меңді, алқызыл жҥз, опасыз сҥйікті, жалғыздық оты.
«Мәула Қазый Мухсин, Мәулана Исқақ және Мәулана ‘Имад Мәуләуи ӛз замандарының ірі
шайырлары болса керек. Себебі, «Мәулана» сӛзі атақ-дәрежесі бар қҧрметті, қадірлі, сыйлы адамдардың
есімдерінің алдында «мырза» деген мағынада қолданылады» [5, 16 б.].
Екі ақын да Аллаға деген махаббатты жырлайды. Сәйф Сарайидың Алла Тағаланың жаратқанына таң
қалғанын ӛлең жолдарынан аңғарамыз:
«Сәйф Сарайи қҧл оны кӛргелі
Хақ тағала жаратқанына қайран қалып жҥр» [1, 156 б.].
Осындай сҧлулықты жаратқан Жаратушының шеберлігін осылай суреттеген. Мәвла Қазы Мухсиннің
ойымен Сәйф Сарайидың ойы ҥндесіп тҧр. Екі ақында кездесетін иләһи махаббат ӛзге жеті ақында да
кездеседі. Бҧдан сол кезеңдегі ақындардың діни білімінің тереңдігін, тек сҧлулықты, айналадағы
жағдайларды ғана жырлап қоймай, адамдарды Алланы тануға шақырғанын кӛре аламыз. Сҥйген сҧлуды
жаратқан Жаратушыны ҧлықтайды.
Сегіз ақында сол дәуірдің атақты тҧлғалары, әсіресе, пайғамбарлардың есімдері ӛлеңдерінен жиі
ҧшырасады. Әсіресе, сҧлулық туралы айтқанда Жҥсіп пайғамбарды, сабырлық пен тақуалықта Дәуіт
пайғамбарды, байлық пен билікте әділ болған Сҥлеймен пайғамбарды мысалға келтіреді. Нҧқ, Лҧт
пайғамбарлардың қауымы жайлы да мысалдар келтіріліп жамандықтан тияды.
Сарайлық Сәйф Мәвла Қазы Мухсин туралы дастанында кірістірмегенінде, біз сол дәуірде кӛркем
әдеби шығармаларды тудырған ақындар жайлы білмеген де болар едік. Бір ӛлеңі арқылы-ақ Мәвла Қазы
Мухсиннің ӛз дәуіріндегі ақындардан ақындық тҧрғысынан кем тҥспегендігін байқай аламыз. Қорыта
айтқанда, дастанның жазылуы барысында қолдау кӛрсеткен Мәвла Қазы Мухсиндей ақындардың
болғандығын тҥсіндік. Әлі де тарихи деректерден бҧлардың қандай тӛл шығармалары және әдебиетке
қосқан ҥлесі болғандығын саралау керектігін сезіндік. Мәвла Қазы Мухсин – діни, әдеби білімі мол ӛз
дәуірінің сыйлы ақыны. Бҥкіл дәуірдің бейнесін шығармашылықтарында сақтап, жеткізіп келеді.
1 Әдеби жәдігерлер [Text]: 20 томдық. - Алматы: Таймас, 2010. - Т.9: Сәйф Сарайи. Гҥлстан би-т-тҥрки /
қҧраст. Ә.Керімҧлы. - 480 б.
2 Ахметов З. Әдебиеттану терминдерінің сӛздігі. – Алматы, 1996. - 240 б.
3 Байтҧрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен ӛлеңдер. - Алматы: Атамҧра, 2003. – 280 б.
4 Қабдолов З. Сӛз ӛнері. – Алматы: «Санат», 2007. – 360 б.
5 Әлібекҧлы А. Сайф Сараи және сегіз ақын. – Кітапхана. - №2. - 15-20 бб.
Резюме
Д.Сулеймен - КазНПУ им. Абая магистрант ІІ курса, Научный руковадитель: к.ф.н., старший пред. Г.Е.Есиркепова
Мавла Казы Мухсин в поэме «Гулистан би-т-тҥрки»
В этой статье расказывается об авторе стиха Мавла Казы Мухсин в поэме Сайфа Сарайи «Гулистан би-т-турки».
А так же анализируются философский смысл стиха Мавла Казы. Следом в поэме рассматривается исползивание
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж.
32
эпитета, метафоры и.т.д. В этой работе мы попытаемся иследовать умение поэта Мавла Казы Мухсин и его роль в
творчестве Сайфа Сарайи.
Ключевые слова: Сайф Сарайи, поэма «Гулистан би-т-турки», метафора, любовь к Всевышнему
Summary
D.Suleymen - Kazakh National Pedagogical University named after Abay, The 2nd course Undergraduate student; Scientific
supervisor: candidate of philological science,Senior Lecturer of KazNPU named after Abai G.E.Esirkepova
Maula Kazy Muhsin in poem «Gulistan bi-t-turki»
In this article we will discuss about poet Maula Kazy Muhsin, who talked in Seyf-i Sarayi‘s poem ―Gulistan bi-t-turki‖.
Also we are going to analyze philosophical meaning of Maula Kazy‘s poem. In this search we will be analyze art features of
using in work. In this study we tried to explain poet‘s skill of Maula Kazy Muhsin and his role in Sarayi;s works.
Keywords: Seyf-i Sarayi, poem ―Gulistan bi-t-turki‖, metaphor, love to Allah
ӘОЖ 82-31
ШӘМСИЯБАНУ СӘТБАЕВА «ШОҚАН УӘЛИХАНОВ – ФИЛОЛОГ» АТТЫ ЕҢБЕГІНІҢ
ҒЫЛЫМИ МӘНІ
Н.Б. Айдосова – Абай ат. ҚазҦПУ, Филология институтының 2 курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к.,аға оқытушысы Д.А. Сатемирова
Адамзат дамуының заңдылықтарын зерттеу, зерделеу қиын-ақ. Кейде адам жанын тҥсініп, оның ішкі сырларына
ҥңілудің ӛзі бір ғанибет. Баянауылдың тумасы, текті елдің ҧрпағы болған, әкесінің ӛнегелі ӛмірін ҥнемі жадында
ҧстаған аяулы апамыз Шәмсиябану Сәтбаеваның бізге қалдырған мҧрасы мол. Шоқантанушы ғалымдарымыздың
бірі, бірігейі Шәмсиябану апамыздың бізге қалдырған ӛнегелі ӛмірі мен ғылымға толы ӛмірі сӛз етіледі.
Кілт сӛздер: әдебиет, байланыс, ғасыр мҧрасы, ҧлылар қалдырған сара жол
Ғалым жастайынан ӛмірін ғылым, білімге арнап, кӛптеген ғылыми еңбектер жазды. 1971 жылы доктор
дәрежесін алып, одан 1988 жылы профессор атағына ие болды. Осы кездерде әдебиеттің сан қырлы тҧста-
рын зерттеді. Сәтбаеваның еңбектерінде әлемдік сюжеттер, интермәтіндер, кӛркем аударма, әдеби сапар-
нама секілді компаративизм мәселелері қамтылған. Шәмшиябану Қанышқызы ғылыми ізденістер
жетегінде жҥріп Мәскеу, Ленинград кітап қорларын, қолжазбаларындағы қазақ халқы, оның мәдениеті
мен әдебиеті туралы Батыс Еуропа елдерінде ерте замандардан бері жазылып, жинақталып қалған
материалдарды тауып, ғылыми айналымға енгізді. Зерттеу нәтижесінде қазақ әдебиетінде кҥні бҥгінге
дейін ӛз маңызын жоғалтпаған кӛптеген маңызды ғылыми мақалалар мен еңбектер жарық кӛрді. Ғалым-
ның кӛп жылдар бойғы ізденісінің нәтижесінде жаңа деректерді қамтыған «ХІХ-ХХ ғғ. шетелдік саяхат-
шылар Қазақстан туралы» атты қолжазба жинақталды. Зерттеушінің монографиялық еңбектерінде Орта
Азияда, қазақ даласында болған еуропалық саяхатшылар Плано Карпини, Вильгельм Рубрук, Марко Поло
және тағы басқа Батыс саяхатшыларының қазақ халқының тарихы, мәдениеті, дәстҥрі мен салт-санасы
жайлы ӛз отандастарына жазған тҥрлі жазбаларынан деректер берілген. Сондай-ақ, әлем әдебиеті клас-
сиктері Даниэль Дефо, Джакомо Леопарди, Жюль Верн, Адам Мицкевич, Александр Дюма т.б. туралы
мәліметтер де мол. Автор тек еуропалық саяхатшылардың қазақ елі жайлы жазған жолжазбаларын
талдаумен ғана шектелмей, қазақ ағартушылары А.Қҧнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов сынды
ойшылдардың Батыс ӛркениеті жайлы айтқан ой-пікірлеріне де ерекше мән береді. Ш.Қ.Сәтбаева тҥрлі
іссапарлар нәтижесінде болып қайтқан бҧрынғы Кеңес ӛкіметі, Шығыс және Батыс Еуропа, Азия елдері
жайлы жазған жолжазбалары мен кҥнделіктері арқылы ӛзі де әдеби саяхаттардың озық ҥлгісін жасап
берді. Ш.Қ.Сәтбаева Ш.Қҧдайбердіҧлы, М.Жҧмабайҧлы, А.Байтҧрсынҧлы, Ж.Аймауытҧлы, М.Дулатҧлы-
ның шығармашылық мҧрасын зерттеу комиссиясының қҧрамында болып, кейін Ш.Қҧдайбердіҧлының,
А.Байтҧрсынҧлының шығармаларын жҥйелеп бастыру ісін басқарып, олардың ӛмірі мен шығар-
машылығы туралы зерттеулер жазды.
Бҧл еңбектердің қадау-қадау тҥйінін айтар болсақ:
– Ш.Қ. Сәтбаева Қазақстанда әдеби байланыстар мәселесін зерттеу ісінің басында тҧрып, осы бағытта
мектеп қалыптастырған алғашқы ғалымдарымыздың бірі.
– Ш.Сәтбаеваның Шоқан Уәлиханов шығармашылығы жайлы еңбектері әдебиеттану саласындағы
шоқантануға қосылған бірден-бір ғылыми мәні зор зерттеулер.
– Ш.Сәтбаеваның Шоқан мҧрасын орыс әдебиетімен байланыстыра зерттеуі қазақ әдебиетінің ӛзге
ҧлттар әдебиетімен әдеби байланысын зерделеу мақсатында жасалған алғашқы монографиялық еңбектер-
дің бірі.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г.
33
– Әдеби байланыстар мәселесін сӛз ете отырып, ғалым қазақ әдебиетінің жалпы әлемдік әдеби
процеспен ҥндестігін, байланысын жан-жақты ашып кӛрсеткен. Мҧны ғалым қазақ әдебиеті ҥлгілері мен
кейбір авторлардың шығармаларын жете зерттеу арқылы дәлелдейді.
– Ғалым шығыстық сюжетке қҧрылған дастандар, ондағы кӛркем мотивтер мәселесі, имагология
проблемасын қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып сӛз еткен, ӛзіндік соны пікірлер білдірген.
– Ш.Қ.Сәтбаева саяси қуғынның қҧрбаны болған Ш.Қҧдайбердіҧлы, А.Байтҧрсынҧлы, М.Дулатҧлы
шығармаларының ӛз оқырманымен қайта қауышуына еңбек сіңірген алғашқы ғалымдар қатарынан
табылып, орасан зор ҥлес қосты. Зерттеушінің аталған қаламгерлердің әдеби мҧралары жайлы айтқан ой-
пікірлері кейінгі зерттеу еңбектеріне бірден-бір негіз болып келеді.
– Қазақ әдебиетінде совет дәуірінде қалыптасқан ӛндірістік тақырыпқа жазылған шығармаларды кей-
інгі кезде кӛркемдігі тӛмен, әдебиетте жасанды образдардың тууына себеп болды деген біржақты бағалау
айтылған-ды. Ш.Сәтбаева еңбектерінде бҧл тақырыптағы шығармалардың туу тарихи және саяси себеп-
тері анықталып, мҧндай туындылардың барлығының бірдей шынайылығы тӛмен, кӛркемдік деңгейі әлсіз
еместігі дәлелденген. Ш.Қ. Сәтбаеваның қазақ әдебиет тарихы мен әдеби байланыстар мәселелеріне ар-
налған іргелі зерттеу еңбектері – қазақ әдебиеттануына қосылған ҥлкен ғылыми мҧра. Орта Азия және
Қазақстан әдебиетінің тарихы"(1961) басылымында қазақ әдебиеті бӛлімін әзірлеуге қатысты, "Әдебиет-
тер достығы" (1986) жинақтары мен "Қазақ әдебиеті тарихының" 3-томын шығаруға белсене қатысты.
"Әдеби байланыстар", "Қазақ әдебиеті мен Шығыс "(1982) монографиясы жарық кӛрді. Ең ҥлкен еңбегі-
нің бірі, бірегейі болған монографиялық жҧмысы Шоқанды зерттеуі. Уәлихановты алғаш зерттеп, ӛнегелі
ӛмірін, ғылыми еңбектерін жарыққа шығуына ден қойды. Ғалымның ғылыми мҧрасын жан-жақты тҥбе-
гейлі зерттеу 1940 жылы басталып, әлі де жалғасын табуда. Әр дәуір ӛзінің кӛрнекті Шоқантанушы ға-
лымдарын тудырды. 1917 жылға дейін шыққан шоқантанушылар Г.Н. Потанин мен Н.Н. Веселовский-
лерді атаған жӛн. Ал, бертін келе зерттеушілердің ең кӛрнектісі
академик Ә.Х. Марғҧлан. Ш.Ш.
Уәлихановтың фольклортануға сіңірген еңбегін қарастырған зерттеушілер Ә.Бӛкейханов, Қ.Сәтбаев,
М.Дулатов, М.Жҧмабаев және тағы да басқалары болатын. Қазақ фольклорын зерттеуде ерекше еңбек
сіңірген академик М.О.Әуезов Шоқан Уәлихановтың ағартушылық зерттеушілік қызметі, қазақтың халық
әдебиетін зерттеудегі орны, ислам дініне қатысты кӛзқарасы, сол сияқты қырғыздың атақты эпосы
"Манасты" алғаш жазып алуы туралы пікірлерін білдірді. Кейінде Әлкей Марғҧлан бастаған
зерттеушілердің іздестіру жҧмыстарының нәтижесінде ғалым еңбектерінің 5томдығы жарық кӛрді.
Ал, Шәмсиябану Сәтбаеваның зерттеуі Шоқанды филолог ретінде қарастырып, монография жазды
(1987). Хан тҧқымынан шыққан Шоқанды қазақ аңыз-әңгімелерін, ертегі, дастандарын әжесі Айғанымнан
тыңдап, бойына ҧлттық қҧндылықтардан нәр алып ӛскенін айтады. Сәтбаева бҧл еңбегін 6 тарауға бӛліп
қарастырып, жан-жақты аша білген. Бірінші тарауында: "Қазақ сахарасында "филология" деген сӛзді,
ҧғымды ғылым мағынасында алғаш және бірнеше рет қалдырған да осы Ш.Ш.Уәлиханов "Ол:...бҥкіл
халық аузынан айтылған шығармалар тарихтық, филологиялық және де психологиялық назардан тыс
қалмауы керек ... " [1,19 б.]. Бҧл терең тҧжырымдар сӛз ӛнері филология тҧрғысынан зерттелу
қажеттілігіне,зерттелгенде әр ғылым салаларына байланыстыра қаралуына қазіргі тілде айтсақ комплексті
тҥрде,тҧтастықта зерттелуін мегзейді.
Ғалым Сәтбаева Шоқанның қазақ қоғамына жаңа терминдер (мәселен, поэзия, проза, драма, эпос)
алып келді. Және де еңбектері орыс тілінде жазылуы ол қазақ халқын орыс халқына таныстыру болатын.
Біздің де осындай мол мҧрамыздың бар екендігін паш ету еді. Шоқан Уәлиханов қазақ халқының әдебие-
тін, тілін терең зерттеп, кең талдау жасап, тарихи ӛмірмен байланыстылығын, идеялық-кӛркемдік қасиет-
терін ашқан,жанрларына анықтама берген тҧңғыш филолог ғалым. Осы тҧста ғалымның ең ғылымға ден
қоюы Сібір кадет корпусында оқып жҥрген кезінде басталады. Ғалым туралы Сәтбаева деректерге сҥйене
отырып былай дейді: – ғажайып ғалымның ӛмірі мен қызметі орыс ӛмірімен,мәдениетімен,әдебиетімен
тығыз байланысты ӛткені мәлім. Олай болуы заңды да еді, ӛйткені Шоқан ӛмір сҥрген, қызмет еткен кез
қандай да бір қиындық, кедергілік, кҥрделіліктер болса да қазақ халқының рухани ӛріс қалпы мен деңгейі
биіктей дамуға бет алған, басқа жақын, алыс халықтардың нелер асылдарын танып, қабылдап, қажетіне
қарай игеріп, ӛз қарым-қатынасын анықтай алатын сергек дәрежеде болатын". Иә, әрине, Шоқан орыс
жерінде білім ала отырып, ӛз жерін, ӛз елін еш уақытта ҧмытқан емес. Білім ала отырып тек орыс халқы-
ның ғана емес, сонымен бірге Еуропа елдерінің мәдениетін, әдебиетін біліп, елімізге керек жақтарын алып
келу еді. Яғни, жастарға дҧрыс білім беру еді. Ол тҧста татар молдаларынан ғана білім алатын жастарды
жан-жақты білім алуға дәріптеу болатын. Қазақ жастарын білімге шақыру еді. Шоқаннның орысша білім
алуына тағы бір әсер еткен нәрсе, әжесі Айғанымның Уәли қайтыс болғаннан кейін ҥлкен әулетті ӛзі
басқарғаны. Айғаным ӛте беделді кісі болған. Айғаным қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы дос-
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж.
34
тық қарым-қатынастарды нығайту мақсатын кӛздейді. Айғанымсыз ешбір орыс халқы арасындағы келіс-
сӛздер ӛтпейтін болған. Сол себепті де әжесінің орыс халқымен етене аралысуы да Шоқанға әсер етпей
қоймасы анық. Сонымен Сібір кадет корпусында оқып жҥрген кезінде Пушкиннің "Бақшасарай фонта-
ны", Лермонтовтың "Демон" поэмасы, "Палестина бҧтағы" шығармалары Шоқанның қолжазбала-рында
сақталған. Ғалым Шәмсиябану Сәтбаева Шоқан жасаған кӛп дҥниелерді ӛз еңбегінде кӛрсетті. Олар:
Уәлихановтың 1856-1857жылдары жазған "Қазақ шежіресі" деген еңбегі
Орыс халық ертегілері мен қазақ ертегілерін салыстыра отырып, олардың арасында кӛп ҧқсастықтар
бары туралы (Афанасьевтың жинағы бойынша)
Жылнамаларды зерттеп, ӛз ойын білдіргендігі
Қазақтардың ішінен ғана емес, сонымен бірге Орта Азия халықтарының ішінен Пушкин, Лермонтов
мҧраларын зерттеуі
Қай халықтың болмасын ең алдымен фольклордан, ауыз әдебиетімен басталатыны белгілі. Шоқанның
бала кезінен ауыз әдебиетіне қҧмар болуы әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыстың ертегі, аңыз-әңгімелерді
кӛп айтқаны, оларды кейінде жинауы ғалымға зор ықпалын тигізді.Осы тҧста Әлкей Марғҧлан былай
дейді: "Шоқан Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан қҧмартып, оның классикалық ҥлгіле-
рін жазып алып, ӛзінің ата-анасына дауыстап оқып жҥреді. "Қозы Кӛрпеш
Баян сҧлу" және "Ер Кӛкше "
атты халық дастандарын, ол тіпті бала кезінде жазып алып кейін ӛзінің ҧстазы Н.Ф.Костылецкийге берді.
Қазақ әншілері мен жыршыларының Шыңғыстың ҥйіне жиі келіп жҥргендігі де Шоқанның халық
поэзиясын қастерлеу сезімінің ерте оянуына елеулі әсер етті" [2,20б.]. Әрине,"Тәрбие тал бесіктен"
дегендей балаға тәрбие жақсы берілсе, онда ол ӛмірде ӛз орнын таппақ.Ҧлтымыздың мақтанышы болған
Шоқанның озық ойыда осы болатын. Сӛзімнің басында айтқандай, халқымыздың данышпан,кемеңгер
екендігін басқа халыққа әсіресе, орыс халқына кӛрсету еді.
Шоқанның ағайын қырғыз халқының "Манас" жырын қағазға тҥсіріп, зерттеген бӛлімдерін орысшаға
аударғандығын, ғалым Сәтбаева монографияның екінші бӛлімінде алға тартады. Шоқан:"Манас"
бір
кезеңге және бір адамның Манас батырдың тӛңірегінде топтастырылған барша халық ертегілерінің,
хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдеп-ғҧрып жӛніндегі тҥсініктердің
энциклопедиялық жинағы. "Манас" бҥкіл халықтың шығармасы, соның кӛп жылдық творчествосының
жемісі - дала Илиадасы десе де болғандай", ..."Манасты" аяғына дейін тыңдау ҥшін ҥш тҥніңіз де жетпей-
ді..." Қазақ ғалымы бҧл жырдың тарихи негізін ашуға,қырғыз әдебиетінің барлық жанр тҥрлері барына,
халықтық сипаттарына кӛп кӛңіл бӛлген дейді, – Сәтбаева. Оның композициясына, сюжеттік желісіне,
басты образдарына,тіліне талдау жасады, идеялық-кӛркемдік қасиеттерін ашты."Манас" эпосының
"Кӛкетай ханның асы"деген тарауын Уәлиханов орыс тіліне аударып, орыстың зялы ойлы қауымының
назарына ҧсынды. Бәрімізге белгілі бҧл "Манасты"зерттеуі шығыстану ғылымына қосқан бірден-бір зор
еңбек. Сәтбаева– академик Әлкей Марғҧланның осы Шоқанды сонымен бірге Манасты зерттеуде ол
кісінің қосқан ҥлесін зор дейді. Себебі, кӛп жылдар бойы "Манас" жырының Ш.Ш. Уәлиханов жазып
алған нҧсқасы ғылымға белгісіз болып келгенде, Ә.Х. Марғҧлан оны архив қазынасынан тауып, тҥсінік-
термен алғашқы рет ғалымның бестомдық шығармаларында жариялап, жырдың осы нҧсқасы туралы
бірнеше мақалалар,арнайы зерттеу жазды. Ол зерттеу және Шоқан жаздырып алған "Манас" жырының
бӛлігінің факсимилесі-фотокӛшірмесін қоса "Шоқан және Манас" деген атпен жарық кӛрді.Бҧл орасан
маңызды еңбекте "Манас" дастанаының Шоқан Уәлиханов жазып алған нҧсқасы мен жырдың тҧтас ӛзі
терең ғылыми зерттелді де манастануға зор ҥлес қосты.
Ғалым Сәтбаева Шоқанның зерттеген бҧл мҧрасын жоғары бағалайды. Яғни, Шоқан Уәлиханов
"Манас" жырын қағаз бетіне алғашқы тҥсіруші зерттеуші екені тоғызтомдық "Бҥкіләлемдік әдебиет
тарихында" аталуының маңызы зор. Сонымен қатар Шоқанның келесі бір зерттеген саласын (яғни, осы
тҧрғыда білдірген ой-пікірлерін), ғалым Сәтбаева "Шығыс әдебиетінің кейбір шығармалары туралы
ғалым пікірлері" атты тарауында шығыс дастандарынан да кенде емес екендігін жазды. Ш.Ш.Уәлиханов
еңбектерінде араб, ҥнді, монғол, тҥрік, парсы, тәжік, қырғыз, ӛзбек, тҥрікмен, башқҧрт, қарақалпақ,
ҧйғыр, бурят, қытай халықтарының тарихына байланысты деректерден басқа, олардың аңыз әңгімелері,
ертегілері, ӛлеңдері, жырлары, мақал-мәтелдері кездеседі, ғылыми пайымдаулар айтылды. Сәтбаева
айтады: "... Араб әдебиетінің орта ғасырдағы классикалық ескерткіші болып саналатын, ҥш жҥздей аңыз
әңгімелерден, ертегілерден тҧратын "Мың бір тҥнді" Ш.Ш. Уәлиханов жақсы білгені одан кейбір
аңыздардың мазмҧнын келтіруінен, жеке кейіпкерлерінің атын,сипаттамасын қолдануынан байқалады.
Уәлихановтың 1856жылы Қҧлжаға саяхат кҥнделігінің бір бетінен мынаны оқимыз: "...Сиқырлы сақина-
сы бар Сҥлеймен туралы, перілер аралында болып, бастары иттің басы сияқты кҥйеулеріне маймылдар-
дың әйел патшасы ғашық болған амазонкаларды кӛргенде Бағдат шаһзадасы Сейфҥлмәлік туралы ғажай-
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Молодой ученый. Поиски. Проблемы. Исследования», №1(7), 2016 г.
35
ып ертегілер...". Демек, Уәлиханов бҧл хикаяны білетіндігі және соны тҥрлі нҧсқасын салыстырып,
саралап ӛзіндік ой пікірлерін жазған. Тағы да "Ләйлі-Мәжнҥнді", "Жҥсіп-Зылиха", "Тоты-наме хикаяла-
рын, Фирдоусидің "Шахнамесін", Әлишер Науаи шығармаларын оқып және осы дҥниелердің әр елдерде
тарап, әр тҥрлі ӛзгерістерге ҧшырағандығын айтады [1,82-93б.].
Қорыта келе, Уәлиханов ӛмірі мен шығармашылығы жайлы жазылған еңбектер баршылық, бірақ
ғалымның филологияға қатысты қыры, әлемдік халықтар әдебиетімен байланыстылығы жайын сӛз
етуімен ерекшеленеді. Осы еңбектері ҥшін Сәтбаеваға Ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы
бірінші дәрежелі сыйлықтың берілуі де ғалым зерттеулерінің ғылыми дәрежесін танытады.
Ш.Сәтбаева еңбектеріндегі Шоқанның қазақ әдебиеті туралы зерттеулерінің мынадай бағытта ӛріс
алғандығын атап ӛтуге болады:
Қазақ ауыз әдебиеті,оның маңызы; эпостық жырлардың тууы,оның тарихи шындықпен байланысты-
лығы мен ерекшеліктері; қазақ халық поэзиясының жанрлық тҥрлері мен ӛзгешеліктері; аңыз, ертегі-
лер,айтыстар, мақалдар олардағы этнографиялық кӛріністер.
Шоқанның Манасты қағазға тҥсіріп, кейбір бӛлімдерін орыс тіліне аударуы
Шығыс әдебиетін білуі және олар туралы білдірген ой-пікірлері
Ғалым Шоқанның филолог ретінде биік ой тҧжырымдарын, терең білімдарлығы мен халқының кӛркем
сӛз қазынасын, тілін ерекше сҥйгендігінің, және басқа халықтардың рухани қорынан еш кем тҥспейтін
қадір-қасиетін жоғары бағалағандығының айғағы деп таниды. Сол себепті де әдеби байланыстар мен
әдебиет тарихының кӛптеген мәселелерін жҥйелі, дәйекті зерделеуімен танылған бҧл еңбектер бҥгінде де
ӛз қҧнын жоймай келеді. Осы ретте айтатын бір жәйт Сәтбаеваның ғылыми еңбектерін жинап, жарық
кӛруіне атсалысқан шәкірті, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт Мамыраевтың
азаматтық іс-әрекетін атап ӛткен орынды болар. Бейбіт Баймағамбетҧлы келешек ҧрпақ ҥшін ҥлкен келелі
іс атқарды. Ҧстазының ғылыми еңбектерін жарыққа шығару арқылы сол ӛскелең ҧрпаққа әдебиеттану
саласындағы Ш.Сәтбаеваның қҧнды еңбектерін жҥйелеп беріп отыр. Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылымдағы сара
жолы ӛз алдына, ӛмірдегі адамдық кейпі де жастарға ҥлгі боларлық дара тҧлға. Шәмшиябану Қанышқызы
кӛрнекті ғалым, мейірімді ана, сҥйікті жар, әке ҥмітін ақтай білген сҥйікті перзент. Шәмшиябану
Қанышқызы еңбектерінен ғылымға деген адалдықты анық байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |