Резюме
ОСОБЕННОСТИ АКТЕРСКОГО МАСТЕРСТВА РОЗЫ АШИРБЕКОВЫ
Есеналиев Т.К. – первый заместитель директора Казахского академического театра юных зрителей
им.Г.Мусрепова, магистрант 2 курса по специальности 6М040600 – «Режиссер драмы» Национальной академии
искусств им.Т.Жургенова, tek.77@mail.ru
Научный руководитель: Обаев Е.Н.– заслуженный деятель Республики Казахстан, профессор.
Основанием для написания этой статьи явилось творчество актрисы государственного академического
казахского театра для детей и юношества им.Г.Мусрепова, народной артистки РК Розы Аширбековой.
Самое главное в искусстве – это человек, самое главное в театре – это актер, живой человек, на сцене творящий.
Только искусство, опирающееся на живое человеческое существо актера, на его органическую природу, может
действительно правдиво и художественно воссоздать все богатство, всю глубину, все неуловимые оттенки жизни
человеческого духа, оставив в сердце зрителя неизгладимый след.
Такой след есть в творческом пути актрисы Розы Аширбековой. Ею была созданы целая галерея образов: Тогжан
в «Молодом Абае» М.Ауэзова, инсц. Ш.Айтматова – Батис в «Светлой любви» С.Муканова –, Ботагоз в
одноименной пьесе Б.Майлина, Гертруда в «Гамлете» У.Шекспира, Аркадина в пьесе «Чайка» А.П.Чехова, Хадиша
в «Мечте моей Асель» Ш.Айтматова и мн.др. Актриса Р.Аширбекова с большой ответственностью относится к
своей работе, в создании образа всегда стремиться найти такие выразительные средства, которые присущи только
этому персонажу и глубоко раскрывают его внутренний мир для зрителя и потому созданные ею образы отличаются
содержательностью. Ее отличают глубокое проникновение в мир образа, тонкий психологизм и правдивость. Все
сыгранные роли отличаются высоким художественным мастерством. за многолетнюю творческую деятельность, за
вклад в развитие театрального искусства и высокое мастерство исполнения награждена государственными орденами
и медалями, удостоена звания народной артистки Республики Казахстан. Актриса воспитала не одно поколение
талантливых актеров, неустанно делится своим опытом, мастерством с молодыми актерами.
Проанализировав творчество народной артистки РК Розы Аширбековой сделаны выводы: своим талантом,
отточенным актерским мастерством актриса превнесла большой вклад в становление художественной и духовной
культуры у зрителей, воспитывая у подрастающего поколения эстетический вкус и мировоззренческие позиции,
определенно сыграла большую роль в развитии казахского театрального искусства. Талантливый актер,
целеустремленный актер живет в искусстве. В статье раскрыто индивидуальное мастерство Розы Аширбековой.
Ключевые слова: театр, сцена, образы, роли, спектакли, режиссер, актер, творчество, культура и т.д.
Summary
THE PECULIARITY OF ACTING SKILLS OF ROSE ASHIRBEKOVA
Esenaliev T. K. -master student of Kazakh National Academy of Art named after T. Zhurgenov - MA II course 6M040600 -
specialty the director of drama, the first deputy director of academic theatre for young people named after G. Musrepov,
tek.77@mail.ru,
Scientific adviser: Obayev E. N. - Merited figure of Kazakhstan, professor
The world of actor - an interesting and difficult, at the same time, the fleeting art. This is a particular profession which
requires inexhaustible fiery human feelings, youthful ardor, the strength of natural inspiration, the power of imagination.
Because the most important thing - to convey exactly in exactly feelings of great personalities, precisely understand their
tender inner man, soul, heart. Therefore, this article is based on the art creativity of the National Artist of the Republic of
Kazakhstan, actress of the theater for children and youth named G.Musrepov - Rose Ashirbekova. Acting skills of performer
widely disclosed in character of performances in which she plays. After analyzing her role Karakoz, Khadisha, Arkadina and
many others, it's proved that she delves deeply into the psychology of her character and plays a naturally, convincing. In this
article is defined the individuality, personality of Rose Ashirbekova as a actress.
Key words: Theatre, creation, performance, scenography, director, acting technique, costumier dresser, makeup man,
scene, composition, image, character, theatre critic.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж.
150
ӘОЖ – 792 (091) (574)
Қ.ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ
ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖЫЛДАРЫ
С.Ә. Әбединова – Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы,
5В041600 - Өнертану мамандығының 2 курс магистранты
Биыл құрылғанына 25 жыл толған Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма
театрының қалыптасуы, шығармашылық жолы бұған дейін ғылыми тұрғыда жүйелі зерттелмеген. Бұл мақалада
Қ.Қуанышбаев театрының алғаш іргетасы қалай қаланып, жаңа ұжымның қалай құрылғаны, жас театрдың қалыптасу
жылдары сөз болады. Театрдың алғашқы премьерасынан бастап, өнер ордасының тарихы, шығармашылық жолы
нақты құжаттық деректермен, дәйекті пікірлермен тұжырымдалған. Өзекті мәселелерді зерттеу нәтижесі театрдың
шығармашылық-көркемдік тенденциясын анықтайды. Сонымен қатар, мақалада автор ел тәуелсіздігімен түйдей
құрдас жас та жасампаз театрдың өсу жылдарын, қоғамдық-әлеуметтік ролін, репертуарлық бағыт-бағдарын, шығар-
машылық ізденістері мен қойылымдардың идеялық-көркемдік мазмұнын қисынды сабақтастырған. Театр тарихы
мұрағат құжаттары мен әртүрлі кезеңде жазылған мақалалардан деректер келтіре отырып зерттеледі. Автор драма-
тургия мен режиссураны, актерлік өнер мен сценографияны сөз ете отырып, театрдың шығармашылық жетістіктері
мен репертуарлық саясатын саралайды, идеялық-көркемдік мазмұнын анықтайды.
Кілт сөздер: Қазақ театры, тәуелсіздік, Қ.Қуанышбаев театры, қалыптасу жылдары, Жақып Омарұлы, Қадыр
Жетпісбаев, Әзірбайжан Мәмбетов, режиссер, актер, қойылым
Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының қа-
зақ театр тарихында алар орны ерекше. Театрдың құрылуы Кеңестер одағының ыдырауымен, Қазақстан-
ның тәуелсіздік алуымен тұспа-тұс келгендіктен, бұл өнер ордасының тарихы – Тәуелсіз Қазақстан тари-
хымен сабақтас. Қоғам бір құрылымнан екінші құрылымға ауысып жатқан, саяси ахуал тұрақсыз күйге
түсіп, халық «балапан басы, тұрымтай тұсымен» кеткен, экономика құлдырап, әлеуметтік-тұрмыстық
қайшылықтар өршіген алмағайып заманда қазақ театрының ашылуына не түрткі болды деген сауал туын-
дайды. Әрине, оның басты себебін ұлттық рухтың оянуымен түсіндіруге болады. Қазақ әніне деген, қазақ
өнеріне деген сұраныс осылай асқынып тұрған шақта облыс орталығында қазақ театрының ашылуы –
үлкен жетістік, ұлы жеңіс еді. Театрдың ашылуын халық қалады, халық сұрады. Бұл идеяның басында сол
кездегі С.Сейфуллин атындағы педагогикалық институтының (қазіргі Л.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университеті) жастары тұрды.
1989 жылы Н.Назарбаев ҚазКСР Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалғанда қазақ
тілін, қазақ өнерін өркендету мәселелерін алға қойғаны тарихтан белгілі. «...Қазақстанға тән өзіндік ерек-
шеліктердің бірі – оның байырғы тұрғын халқы ең үлкен топ болғанымен де, жалпы халқының көпшілігін
құрай алмай отырған бірден-бір республика екендігінде... Байырғы тұрғын халықтың тілі мемлекеттік
мекемелерде қолданылудан қалып, күнделікті тұрмыстағы, «от басы, ошақ қасындағы» тілге айналды.
Қазақтардың өздерінің отыз проценті дерлігі өз тілін мүлде білмеді немесе өте нашар білді. Атасы
немересімен өздерінің ана тілінде сөйлесе алмайтын халге жетті. Ал мұның өзі жас ұрпақ ежелгі ататегіне
жат бола түсті, рухани дәстүрлер жалғастығы үзіле бастады, халықтың толыққанды бірегей мәдениетінің
түп-тамыры қиылуға бет алды деген сұмдық еді... Тоталитарлық тәртіптің қатыгездікпен қанағанына, бір
кездегі көсемдердің шамшылдықпен басынып, кемсіте қарағанына барынша төзіп келген қазақ халқының
қайғы-қасіретке толы тарихындағы сойқанды іс-әрекеттер зардабы, міне, осындай...» [1, 248-249 б.]
Міне, сол кезден бастап сең қозғалды. Республикадағы өзге де оқу орындары секілді, С.Сейфуллин
атындағы педагогикалық институтында да қазақ филология факультеті, қазақ топтары ашылды. Бұған
дейін бұл оқу орнында қазақ факультеттері, қазақ топтары болмаған. 1989 жылдан бастап С.Сейфуллин
институтына республиканың барлық аймақтарынан, әсіресе оңтүстіктен қазақ жастары ағылып келе
бастады. Наурыз мерекесін, қазақтың тілін, ділін, салт-дәстүрін насихаттайтын әртүрлі мәдени іс-
шараларды ұйымдастыру қолға алынды. Халықтың ұлттық рухы оянып, өзінің қазақ екенін қорықпай
айта алатын, ән-жырын, салт-дәстүрін еркін көрсететін жағдайға жетті. Сол мүмкіндікті барынша пайда-
ланған С.Сейфуллин институтының ұстаздары мен студент жастары 1989 жылы Целиноградтан қазақ
театрын ашу туралы «Қазақ қоғамына» хат жазды. Өкінішке қарай, бұл хат мұрағатта сақталмаған. Бұл
әңгімені сол кездегі жағдайдың тікелей куәгері, бүгінде театр мұрағатының меңгерушісі қызметін атқа-
рып отырған Ырысты Хамитқызынан естідік. Ол студент жастар жазған хаттың халық тарапынан қолдау
тапқанын, «Қазақ қоғамы» да, Нұрғожа Ораз, Алдан Смайылов сынды жергілікті ақын-жазушылар да бұл
бастамаға үн қосқанын айтады. «К.Кәрбаев – Целиноград облыстық атқару комитетінің төрағасы еді,
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г.
151
орынбасары С.Байболов деген кісі болды, екеуі де өмірден өтіп кетті. Ол кісілер театр ашу туралы халық
тілегін қолдады. Светлана Жақияқызы Жалмағамбетова Целиноград облыстық партия комитетінің бөлім
бастығы еді, ол кісі де маңызды іске белсене араласып, қазақ театрының ашылуына атсалысты». [2, 14 б.]
Бұл бастаманы Халық депутаттары Целиноград облыстық Советі атқару комитетінің Мәдениет
жөніндегі комитеті де қолдайды. Комитеттің сол кездегі төрағасы Б.Г. Маевскийдің облыстық атқару
комитетінің төрағасы К.А. Таукеновке жолдаған хаты бұл сөзімізге дәлел. Ол өз хатында «КПСС
Орталық комитетінің КСРО-дағы ұлтаралық қарым-қатынастарды жетілдіруге арналған Пленумына
дайындық туралы» облыстық атқару комитетінің 2 наурыздағы 1989 жылғы шешімімен облыстық
Мәдениет комитетіне және Целиноград қалалық атқару комитетіне қазақ облыстық музыкалық-драма
театрын ашу туралы ұсыныс енгізу жүктелгенін айтады. «Мәдениет комитеті тек лайықты ғимарат
табылған жағдайда ғана мұндай театрды ашу мүмкін деп есептейді. Комитет Пионерлер үйінің ескі
ғимаратын босатып, оны 200-250 орындық театрға лайықтап реконструкция жасау туралы ұсыныс
білдіреді. Егер бұл ұсыныс қабылданса, онда Республика өкіметінің алдына 1990-91 жылдары қазақ
театрын ашу туралы мәселені қоюға болады. №215/178, 17.04.1989 ж.» деп қол қойған. [3, 1 құжат.]
1989 жылдың сәуірінде көтерілген бұл мәселе аяқсыз қалып, тек бір жылдан кейін, К.К. Кәрбаев
облыстық атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалған соң мәселе қайта қозғалады. К.К. Кәрбаев
ҚазКСР Мәдениет жөніндегі мемлекеттік комитетке жазған хатында: «...соңғы уақытта облыс тұрғында-
рынан партия комитеттеріне ұлттық өнерді насихаттау мақсатында театр ашу туралы өтініш көптеп түсіп
жатыр...» дей келе, театр ашуға қолдау білдіруді сұрайды [3,2 қ.]. Сонымен қатар, Целиноград облыстық
атқару комитетінің төрағасы ретінде К.Кәрбаев «Облыстық қазақ музыкалық драма театрын құрудағы іс-
шаралар» жобасын дайындайды [3, 3 қ.]
Бұл екі құжатқа ҚазССР Мәдениет жөніндегі Мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары
Т.Әлпиев жергілікті театр ашу облыстық атқару комитетінің құзырындағы мәселе екенін, республикадағы
көптеген теарлардың материалдық базасы төмен екенін ескере отырып, ең алдымен ұжымды кәсіби
талаптарға сай келетін ғимаратқа орналастыру мәселесін шешу туралы кеңес береді, ҚазССР Мәдениет
жөніндегі Мемлекеттік комитетке 1991 жылдың бюджетіне кіргізу үшін дотация бөлу туралы ұсыныс
енгізу қажеттігін айтады. «Шығармашылық ұжымды қалыптастыруға келсек, 1991 жылы театр-көркемсу-
рет институтын музыкалық комедия театрының актері мамандығы бойынша 12 маман бітіреді. Сол түлек-
терді Целиноград қаласына жұмысқа шақыратын жағдайда Алматы театр-көркемсурет институтымен
алдын-ала келіссөздер жүргізу керек... 21.03.1990, 3-18/487» [3,4 қ.]
Халық талабы мен сұранысының нәтижесінде, Есіл өңірінде қазақ мәдениетін және өнерін дамыту
мақсатында Халық депутаттары Целиноград облыстық Кеңесінің атқару комитеті 1990 жылы 28 маусым-
да сол жылдың 1 тамызынан бастап Целиноград қаласында облыстық қазақ музыкалық-драма театрын
ашу жөнінде №6/169 шешімін қабылдады. Оған дейін де, одан кейін де «театрға қай ғимарат лайық?..»
деген мәселе ұзақ талқыланды, әртүрлі ұсыныс-пікірлер көп болды. Біреулер «Шолпан» кинотеатры, енді
біреулер «Октябрь» балалар кинотеатры (қазіргі «Ақсұңқар» мейрамханасы) лайық деді, «Пионерлер
үйін» беру керек деген ұсыныстар айтылды. Облыстық атқару комитетінің шешімімен қалалық атқару
комитетіне театрға уақытша «Октябрь» кинотеатрын беру және 1990-91 жылдары 30 пәтер, отбасылық
жатақханалардан 20 бөлме беру міндеті жүктелді.
Целиноградта қазақ театрын ашу мәселесімен бастан-аяқ айналысқан, іс жүзінде осы театрдың
іргетасын қалаған Жақып Омарұлы еді. 1990 жылдың 17 тамызында ҚазКСР Мәдениет комитетінің төра-
ғасы Қ.Саудабаевтың бұйрығымен А.Попов атындағы күміс медальдің иегері, белгілі режиссер Жақып
Омарұлы театрдың көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. Не ғимараты жоқ, не штатта артистері жоқ
жаңа театрдың басшысы өз жұмысына білек сыбана кірісіп кетті. Білімді де білікті басшы, тәжірибелі
режиссер Жақып Омарұлының табандылығының және артистердің өнерді жан-тәнімен сүйетіндігінің
дәлелі болса керек – 1991 жылдың 15 қарашасында Целиноград облысының қазақ-музыкалық драма
театры өзінің алғашқы премьерасы «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклін қойды. Спектакль қазіргі «Конгресс
холда» (ол кезде «Тың игерушілер» сарайы) болды. Театр С.Сейфуллин атындағы пединститут
ұжымымен (қазіргі Л.Гумилев атындағы Еуразиялық университет) тығыз шығармашылық байланыста
жұмыс істеді. Институт мұғалімдері театрдың билеттерін таратуға көмектесті, ал студенттер тұрақты
көрерменге айналды. Дегенмен, институтта да, қалада да қазақтар өте аз болғандықтан, театр билеттерін
Қорғалжың ауданына, Ерейментау қаласына, Целиноградтың іргесінде қазақтар көбірек шоғарланған
ауылдарға апарып өткізуге тура келді. Билет бағасы 1 сом 50 тиын еді...
Алғашқы премьераға халық көп жиналды, зал лық толды. Спектакльге Қазақстанның еңбек сіңірген
артисі Шамел Жүнісов, Рымкеш Омарханова, Болат Ыбраев, Мақпуза Ыбраева, Түймехан Атымтаева,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж.
152
Шымкент, Қарағанды, Жезқазған қалаларынан Қалыбек Жұмашев, Нұрай Танабаев, Қарлығаш
Танабаева, Сұлтан Мәсірбаев, Айман Аймағамбет, Бақыт Исабекова және сол кезде Т.Жүргенов институ-
тын бітірген түлектер – барлығы 25 артист қатысты. Жан-жақтан жиналған артистер «Москва» қонақ
үйінде жатып, сол қонақ үйдің залында дайындалды. Ақан Серінің рөлін – Қайрат Кемалов, Ақтоқтының
рөлін – Гүлсара Рәшқалиева ойнады. Шәміл Жүнісов, Рымкеш Омарханова, Түймехан Атымтаева, Болат
Ыбраев, Сұлтан Мәсірбаев сынды белді артистердің алғашқы премьерада өз образдарын үлкен жауапкер-
шілікпен, ерекше актерлік шеберлікпен сомдауы халық көңілінен шықты. Бұл туралы О.Әлібектегі
«Тойдан кейінгі ой» мақаласында: «Бүкіл Қараөткел жұртшылығы болып жанкешті жағдайда әзер ашқан
театрымыздың бұл қойылымының шоқтығы биік көрінді де тұрды...» дейді. [4, 2 б.]
Алғашқы премьерадан кейін көп ұзамай, желтоқсан айында театр бұрынғы Целиноград облыстық
атқару комитетінің ғимаратына көшіп кірді. Бұл ғимаратты «қаланың қақ ортасында, адамдар көп келеді»
деп, Жақып Омарұлы сұрап алды. Ол кезде бұл ғимаратта Целиноград облыстық атқару комитеті
орналасқан. Обком төрағасы А.Г.Браун ғимаратты бергісі келмей біраз әурелегенімен, ол кез – КСРО-
дағы саяси ахуал әбден күрделеніп, шегіне жеткен кез, оның ақыры одақтың ыдырауына, облыстық
кеңестің жабылуына алып келді де, комитет қызметкерлерінің тарауымен, көпшілігінің Ресейге көшіп
кетуімен, ең бастысы – Қазақ елінің Тәуелсіздік алуымен аяқталды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ өнерпаздарының жолы ашылды, шексіз мүмкіндіктер туды,
өнер көкжиегі кеңіді. Көптеген жас артистер жаңадан ашылған театрға жұмысқа қабылданды. Одан
бөлек, Жақып Омарұлының театрға режиссер болып келгенін естіген С.Сейфуллин атындағы Қарағанды
облыстық театрының бір топ сахнагерлері Ақмолаға келуге тілек білдірді. Шығармашылығы қалыптасқан
дарынды актерлердің театрға келуі режиссер үшін де, жас театр үшін де зор қолдау болды. Әрине, алғаш-
қы жылдары жаңа құрылған жас ұжым материалдық, әлеуметтік қиындықтарды бастан өткізді. Азғантай
жалақымен, үй-күйсіз жүрсе де, актерлер белді бекем буып, өшпес өнер тудырды. Артистер алғашқы
күннен бастап-ақ театрдың ұстанған музыкалық драмалық бағыты бойынша көп салалы синтезді өнердің
өрісін кеңейтуге білек сыбана кірісті. Алғашқы лекте ҚазКСР-нің еңбек сіңірген артисі Шәміл Жүнісов,
Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Рамазан Баймағанбетов, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген
артисі Рымкеш Омарханова және Гүлсара Рәшқалиева, Қайрат, Бижамал Кемаловтар, Мақпуза Байсарина,
Түймехан Атымтаева, Гүлбаршын Қылышбай, Әлия Дәуітова, Айман Аймағамбет, Бақыт Исабекова,
Сапа Қайыржанова, Ариана Әбекова, Нұрай Танабаев, Қалыбек Жұмашев, Болат Ыбраев, Асхат Сұлтан
сынды артистер келіп, театрдың негізін қаласты. Театр директоры болып Торғауыт Шахзадин келді.
Театрдың алғашқы іргесін көтеруге қатысқан құрам, негізінен, Қарағанды, Жезқазған театрларынан еді.
Алғаш театр ашылып, штат бекітілгенде театр құрамында небәрі 17 артист жұмыс істеді.
1991 жылы театрдың жанынан «Саржайлау» ұлт аспаптар оркестрі құрылды. Оркестрдің бас дирижері
болып Алпысбай Тұяқбайұлы, театрдың бас хормейстрі Амантай Жұмашев, бас суретшісі болып Дәулет
Досаев бекітілді. Оркестрде домбырашылар тобы, қобызшылар тобы, сырнайшылар тобы болды. Көп
ұзамай театрдың камералық оркестрі жұмыс істей бастады. Талғат Әбдірайымов – камералық оркестрдің
көркемдік жетекшісі әрі дирижері, ал Марат Ізбасов – оркестрдің инспекторы болып тағайындалды.
Осы жылы ең бірінші рет қараша айында театр ұжымы екі сағаттық концерттік бағдарлама әзірлеп,
оны С.Сейфуллин атындағы педагогикалық институтта, училище, техникумдарда және басқа оқу
орындарында көрсетті. Ол кезде халықты театрға үйрету үшін, көрермен шақыру үшін шығармашылық
ұжым әртүрлі концерттік бағдарламалар, «Ән домбыра, сән домбыра», «Атадәстүр» тәрізді композиция-
лық кештерді жиі ұйымдастыратын. Бірте-бірте Жақып Омарұлы спектакльдерді көбейтті, артистерді
штатқа алды, олардың уақытша тұратын баспана мәселесін шешіп берді, ал екі-үш жылдан кейін 5-ші
ықшамауданнан артистердің бәрі баспана алды.
«Ақан Сері – Ақтоқтыдан» кейін жас театр сахнасында Жақып Омарұлы Ш.Айтматовтың «Ана – Жер
Ана» (1991), С.Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» (1992), Қ.Ысқақтың «Шырғалаң» (1992) драмаларын қойды.
Құрылғанына бір жыл толар-толмастан, 1992 жылы қараша айында театр ұжымы Алматыда өткен сөз
зергері Ғ.Мүсіреповтың 90 жылдығына арналған Қазақстан театрларының фестиваліне қатысты.
Фестивальге қатысушы театрлар Ғ.Мүсірепов шығармаларын сахналаумен сынға түсті. Ол уақытта
республикада 40-тан астам театр болса, соның небәрі жетеуі ғана осы фестивальге қатысуға мүмкіндік
алды. Бұл жас ұжым үшін, бір жағынан, үлкен жетістік, зор мәртебе, ал екінші жағынан жауапкершілігі
жоғары үлкен сын болды. Бір жыл бұрын театр шымылдығын түрген «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклін
ұжым бұл жолы өзгертілген жаңа нұсқада көрсетті.
Қаз-қаз басқан жас театр ұжымы жылына екі-үш спектакль қоюды мақсат етті. О.Бөкейдің «Құлыным
менің» (1993, реж. Т.Тұңғышбаев), Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы» (1993, реж. Қ.Жетпісбаев),
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г.
153
М.Шахановтың «Танакөз» (1993, реж. Қ.Қасымов), С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек» (1994, реж.
Қ.Қасымов), Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсе» (1994, реж. Ж.Омарұлы), О.Бодықовтың «Айналдым
Ақмаңдайлым» (1995, реж. Ж.Омарұлы), Ш.Бошбековтің «Темір қатын» (1995, реж. Т.Тұңғышбаев),
С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» (1996, реж. Ж.Омарұлы), А.Жұмашевтің «Ән домбыра – сән
домбыра» (1996, реж.Ж.Омаров) шығармаларын сахналады. Осы жылдардағы театр репертуарына көз
жібергенде байқағанымыз – жас театр «Ақан Сері – Ақтоқты» сияқты ұлттық классикалық шығармамен
нық қадам жасап, өзінің алғашқы шымылдығын түргенімен, одан кейін құлашы кең классикалық
туындыға ұзақ жылдар бойы бара қоймаған. Оның себебі, труппаның қалыптасуында, маман тапшылы-
ғында еді. Өзіндік бағыт-бағдарын айқындау және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру барысында
жас ұжым заманауи шығармаларға көбірек көңіл бөлді.
1996 жылы 27 мамыр – 1 маусым аралығында Уфа қаласында өткен Түркітілдес театрлардың ІІ-
халықаралық «Туғанлық» фестиваліне Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясымен
қатысып, Қ.Қуанышбаев театры өзінің алғашқы жүлделерін алды. Бұл бәйгеде «Қаллеки» театры үш
номинация бойынша жүлдегер атанды. «Өнерді дамытудағы ерен еңбегі үшін» жүлдесі режиссер
Ж.Омарұлына, «Үміт» жүлдесі – жас ұжымға; «Екінші кезектегі үздік ер кісі» жүлдесі Шығай хан рөлі
үшін актер Ш.Жүніске берілді.
Бұл – театрдың ең алғашқы жүлделері еді.
1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшіріліп, Ақмола Астана болып өзгерді.
Бірінен кейін бірі ашылып жатқан мәдениет департаменті, филармония сынды әртүрлі мәдени ошақтарға
мамандар көптеп керек еді. Театрдың көптеген қызметкерлері жаңадан құрылып жатқан өзге ұжымдар-
дың іргесін көтерісуге ауысты. Сол жылдары артистердің еңбекақысы екінші категориямен белгіленіп,
небәрі 2 мың теңге айлық алатын. Тұрмыстық-әлеуметтік қиындықтың салдарынан театрдан қол үзіп,
базар жағалап саудаға кеткендер де болды.
«Целиноград облысының қазақ музыкалық драма театры» деген атпен құрылған мекеменің тарихына
көз салсақ, театрдың ресми атауы 1992-2011 жылдар аралығында төрт рет өзгергенін байқаймыз. Бірінші
рет – 1992 жылы Целиноград қаласы Ақмола болып ауысуына байланысты, Ақмола мәдениет басқарма-
сының 9 шілдедегі №72 бұйрығымен «Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театры» болып
өзгертілді.
Екінші рет – 1993 жылы 18 желтоқсанда ҚР Министрлер кабинетінің №128 қаулысына сәйкес, қазақ
өнерінің көрнекті өкілі Қ.Қуанышбаевтың 100 жылдығына орай Ақмола облыстық қазақ музыкалық
драма театрына Қ.Қуанышбаевтың есімі берілді. Осы орайда «театрға кімнің есімі лайық» деген мәселе ел
арасында біраз пікірталастар тудырғанын айта кетсек, артық болмас. [5, 26]
Содан кейін театр атауы үшінші рет – 1999 жылы ҚР Президентінің «Мемлекеттік кәміпорындар
туралы» жарлығы бойынша Астана қалалық әкімшілігінің 1999 жылғы 2 ақпандағы №3-1-7к шешімі
негізінде «Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры» МКҚК мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны болып қайта өзгерді.
Төртінші рет – ҚР Үкіметінің №02-01/3331 21.12. 2011 ж. қаулысы бойынша театрға «академиялық»
мәртебе беріліп, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры деп
аталды.
1991-96 жылдар аралығында Целиноград облысының қазақ музыкалық драма театрының іргетасы
қаланып, жас ұжым белгілі бір шығармашылық арнаға түсіп, қалыптасу барысында болды. Бұл жылдары
театр сахнасында әртүрлі жанрда спектакльдер қойылды. Ш.Айтматовтың «Ана – Жер ана», С.Жүнісов-
тің «Жаралы гүлдер», Қ.Ысқақовтың «Шырғалаң», О.Бөкеевтің «Құлыным менің», Ә.Тауасаровтың
«Махаббат аралы», М.Шахановтың «Танакөз», С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек», Ш.Құсайыновтың
«Алдар Көсе», О.Бодықовтың «Айналдым Ақмаңдайлым», Ш.Бошбековтың «Темір қатын», С.Жүнісов-
тың «Қысылғаннан қыз болдық» қойылымдары целиноградтық көрермендердің көңіл хошына айналып
үлгерген еді. Көрерменді қызықтыру мақсатында, театрға халықты шақыру үшін «Елім-ай» әншілер
ансамбілінің «Атадәстүр», «Ән домбыра, сән домбыра», «Есілім-еркем», «Арман қыздар», «Наурызым
әнім, Наурызым сәнім», «Ой, тоба-ай», «Аққу-дастан» т.б. концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, театр ұжымы Бөгенбай батырдың 300 жылдығы, Абылай ханның 280 жылдығы, Тама
Есет батырдың 325 жылдығына (1992 ж. 3 қыркүйек), Бұқар жыраудың 325 жылдығына (1993 ж. 20
тамыз), С.Сейфуллиннің 100 жылдығына (1994 ж.) арналған театрландырылған қойылымдар жасады.
Театрдың іргетасын қалаған режиссер Жақып Омарұлынан кейін осынау қарашаңырақта қолының
табы, табанының ізі, шығармашылық мектебі қалған, «Қаллеки» театрына ерекше еңбек сіңірген екі
адамның есімін атамай кетсек, әділетсіздік болар еді. Олар – қазақ театрының қара нары Қадыр
Жетпісбаев пен ұлт мақтанышы Әзірбайжан Мәмбетов.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж.
154
1996 жылдың қыркүйегінде Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік
жетекшісі болып Қадыр Жетпісбаев келді. Талантты режиссер 1993 жылы осы театр сахнасында
Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы» шығармасын қойған, сондықтан бұл ұжым Жетпісбаевқа бөтен емес
еді. Ол Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында небәрі екі жарым жыл басшылық етсе
де, қыруар іс тындырып кетті. Жетпісбаев театр актерлері мен режиссерлердің шығармашылық тұрғыда
өсуіне көп жағдай жасады. Театрдың материалдық, техникалық, кадрлық, базалық дамуына айрықша
көңіл бөлді. Театрдың іргесінен қосымша құрылыс салып, керегесін кеңейтті. 1997 жылы көптеген артис-
терді арнайы шақырып, жұмысқа алды. Сол жылы Талдықорғаннан Б.Ұзақов, Мұхтар Қапалбаев, Сәуле
Көкеновалар, Алматыдан Ерлан Малаев, Айзада Сатыбалдина, Шолпан Мұқышева, Исламхан
Зейнуллаевтар бастаған Т.Жүргеновтың сол жылғы түлектерін толық құрамымен Қуанышбаев театрына
қабылдайды. Сонда Қадыр Жетпісбаев: «Бұл балалар алдағы уақытта шет елдерге гастрольге шығады,
бұлардың тіркеуі жоқ, сондықтан оларды осы театрға тіркеудің жолдарын қарастыруымыз керек...» деп,
қалалық әкімшілікке хат жазып, «Үй кітабын» ашқызып, тіркеуі жоқ қызметкерлердің бәрін осы театрға –
Ж.Омаров көшесі 46 «Б» үйге деп тіркеуге қояды. [2, 15 б.]
Қ.Жетпісбаев театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарған кезінде ешқандай спектакль қойып
үлгермеді, тек М.Әуезовтің «Қанды азу» (1997, реж. Б.Ұзақов), М.Байжиевтің «Құдалар» (1997, реж.
Қ.Қасымов) спектакльдеріне жетекшілік етті. Режиссердің осы театр сахнасында «Қыз Жібекті» бастап,
аяқтай алмағаны өкінішті. Декорация дайын, кей мизанценалар қойылған, киімдер де тігулі еді.
Үлгермеді. Бұл қойылымды кейін Әзірбайжан Мәмбетов өзіндік интерпритациямен сахнаға шығарды.
Қадыр Жетпісбаевтың қазасынан кейін көп ұзамай ҚР Президенті Н.Назарбаевтың шақыртуымен
Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі болып
КСРО халық артисі, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов тағайындалған еді. Театр ұжымы «Мәмбетов кезеңі»
деп, ұлт режиссері басшылық еткен уақытты ұлы сезіммен, ерекше ілтипатпен еске алады.
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «КСРО халық артисі», «Халық қаһарманы» Әзірбайжан
Мәдиұлы 1999-2009 жылдар аралығында Қ.Қуанышбаев театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқар-
ды. Даңқты режиссер өмірінің соңғы күндеріне дейін театрдан қол үзген жоқ. «Қаллеки» театрында
Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», М.Әуезовтің «Қарагөз», Ф.Эрвенің «Түлкі би-
кеш», В.Дельмардің «Баянсыз бақ», Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай», Ш.Айтматов-
тың «Ғасырдан да ұзақ күн», «Ана – Жер Ана», І.Жансүгіров, С.Назарбекұлы, Б.Әлдібектердің
«Махамбет», У.Гаджибековтың «Аршын мал-алан», А.Чеховтің «Ваня ағай», Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен
тер» спектакльдерін өзінің бұрынғы қойылымдарынан өзгерек нұсқада сахналады. Бұл шығармалар
Мәмбетов режиссурасының тоқырап қалмағандығын, әр шығармаға әр кезеңде жаңаша көзқараспен, өзге-
ше көркемдік тереңдікпен келетінін көрсетті. Режиссер шығармашылығының ең басты ерекшелігі – клас-
сикалық шығармаларды бүгінгі күн тұрғысына сай, заманға лайық етіп кескіндеуінде еді. Ол әр қойылым-
ға өзіндік өрнек, соны сипат, идеялық-көркемдік терең мазмұн дарыта білді. Театр сыншысы Ә.Сығай:
«Классик режиссердің «Қан мен тер», «Ваня ағай» қойылымдары бүгінгі күні де көркемдік сапасын
жоймаған, көркінен айырылмаған құнды дүниелер» деп, режиссер еңбегіне жоғары баға берді. [5, 47 б.]
Қорыта айтқанда, Қ.Қуанышбаев театрының берік іргетасын қалап, негізін салған Жақып Омарұлы
болса, өнер үйінің іргесі кеңіп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының түзелуіне, ұжымның шығармашылық
тұрғыда өсуіне Қадыр Жетпісбаев атсалысты. Ал Әзірбайжан Мәмбетовтің кезінде театр репертуары
көркемдік мазмұн тұрғысынан байып, шығармашылық бір белеске көтерілді. Театр тарихында есімдері
алтын әріптермен жазылған осы үш қаһарманнан бөлек, Қаллеки театрының қалыптасуы туралы сөз
болғанда Б.Ұзақов, Қ.Қасымов, Т.Тұңғышбаев, Н.Жұманиязов, О.Ақжарқын-Сәрсенбек, Б.Құрманғожаев
сынды қазақ режиссурасында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан, шығармашылық әлеуеті жоғары, тұлғалы
режиссерлердің есімін атамай кетсек, әбестік болар еді. Режиссура өнерінің белгілі бір шығармашылық
арнаға түсіп, дамуы жолында аты аталған режиссерлердің жаңаша ізденістерге, тың тақырыптарға баруы
театрдың шығармашылық келбетін қалыптастырды. Қаллеки театрының сахнасында М.Әуезовтің
«Қанды азу» («Көксерек»), «Қара Қыпшақ Қобыланды», «Еңлік-Кебек», Т.Ахтановтың «Жоғалған дос»,
С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек», М.Байжиевтің «Құдалар», «Жекпе-жек», С.Тұрғынбекұлының
«Мұқағали», А.Дударевтің «Кеш», Дж.Патриктің «Қымбатты Памела», И.Штраустың «Жұбайлар жұмба-
ғы», У.Шекспирдің «Гамлет», «Ромео-Джульета», А.Цагареллидің «Ханума» («Гамарджоба»),
Т.Джюдженоглуның «Көшкін», Э.Хушваковтың «Қызыл алма», Б.Ұзақовтың «Үміт», Д.Рамазанның
«Кенесары – Күнімжан», «Абылай ханның арманы», Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние», А.Вальехоның
«Күн сәулесі түспеген», Е.Жуасбектің «Үйлену», «Сен үшін», Қ.Жиенбайдың «Таңғажайып планета»,
Ә.Таразидің «Үкілі жұлдыз», Ж.Ануйдың «Жалын жұтқан Жанна д’Арк», Қ.Жүнісовтің «Сәкен сұңқар»,
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г.
155
Р.Отарбаевтың «Көлеңкесіз жолаушы», В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар», М.Ахмановтың
«Алдардың айласы», С.Мұқанов пен Ш.Уәлиханов шығармаларының негізінде қойылған «Шоқан»
спектакльдері көрермен көзайымына айналды. Театр репертуарының жыл сайын толығып, жаңарып,
жаңғырып отыруы оның үздіксіз ізденіс үстінде екенін аңғартса керек. Көптеген республикалық және
халықаралық театр фестивальдерінде әртүрлі жүлделерді қанжығасына байлаған театрдың бүгінгі бағыт-
бағдары айқын. Қазақ театр өнерін дамытуда, халықтың өткен тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін,
келешекке деген асқақ аңсарын паш етуде Қуанышбаев театрының қосар үлесі мол.
1 Назарбаев Н.Ә. «Әділеттің ақ жолы». – Алматы: Қазақстан, 1991. – 288 б.
2 Қ.Қуанышбаев театрының мұрағаты, №7 папка – 51 б.
3 «Арқа ажары» газеті, 7 қараша 1992 ж., №153 (14203) – 8 б.
4 Сығай Ә. «Қаллеки» театры. – Астана: Фолиант, 2014. – 304 б.
Достарыңызбен бөлісу: |