Резюме
Абединова С.А.– КазНАИ им.Т.Жургенова, магистрант 2 курса по специальности 5В041600 – Искусствоведение,
aisaule.72@mail.ru
Годы становления государственного академического казахского музыкально-драматического театра
им.К.Куанышбаева
Создание и творческий путь Государственного академического казахского музыкального драматического театра
им. К.Куанышбаева не похоже на остальные республиканские театры, т.к. он появился в первые дни Независимости
Казахстана и он ровестник суверенного государства. В июне этого года театру исполнится 25 лет. До этого времени
история создания и творческий путь театра не было исследовано на научно-систематическом уровне. В этой статье
автор рассматривает общественно-социальные причины появления нового театра, пути создания творческого
коллектива, и годы становления молодого театра характеризуется параллельно с независимостью Казахстана.
Творческий путь развития театра К.Куанышбаева описывается с первой его премьеры, ссылаясь на конкретные
факты, архивные документы и статьи разного времени. Результаты исследования определяет творческо-художе-
ственную тенденцию театра.
Ключевые слова: Независимость, театр К.Куанышбаева, годы становления, "Акан сери - Актокты", Жакып
Омаров, Кадыр Жетпысбаев, Азербайжан Мамбетов, режиссер, актер, спектакль
Summary
Abedinova S.A.– 2nd year Master's Degree student in Art Critiсism of Kazakh National Academy of Art after T. Zhurgenov,
aisaule.72@mail.ru
The establishment of kazakh national academic teatre of music and drama named К.Kuanyshbaev
The establishment and creative development of theKazakh national academic theatre of music and drama named
K.Kuanyshbaev is not like the rest of the national theatres, as it appeared in the first days of Kazakhstan's independence and
isa contemporary of a sovereign state. This year in June the theatre will celebrate its 25th anniversary. Until this time, the
history of formation and the creative way of the theatre has not been studied in the scientific and systematic level. In this
article, the author reviews the social causes of formation of the new theatre, the creation of the creative team, and the years of
formation of the young theatrealso characterizing it together with the independence of Kazakhstan. Creative developmentof
K.Kuanyshbaevtheatre is described in the article fromits first premiere, referring to specific facts, archival documents and
articles from various periods. The study defines the creative and artistic tendencies of the theatre.
Key words: Independence, K.Kuanyshbaev theatre, formation years, "Akan Seri - Aktokty", Zh.Omarov,
KadyrZhetpisbaev, AzerbaizhanMambetov, director, actor, performance
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж.
156
УДК 378.016:74.03
ҚАЗАҚ ЖАЗБА МӘДЕНИЕТІНІҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
Ә.Ә. Шоқан – Абай атындағы ҚазҰПУ «Өнер, мәдениет және спорт» институтының
6М010700 – Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 2 курс магистранты,
Ғылыми жетекшісі: Ақбаева Ә.Ш. – п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ
«Өнер, мәдениет және спорт» институтының доценті
Мақалада Қазақ жеріндегі қолданылған жазу мәдениетін ескере отырып, бұл мәселені тарих бетіне жай ғана
қалдырып қана қоймай Томсеннен бастап бүгінгі күнге дейін М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Жиреншин, С.Қаржаубай
сынды ғалымдар зерттеп келген жазу үлгісін қолға ала отырып. Қазіргі таңда біздің зерттеу мақсатымыз осы қазақ
жазба мәдениетін өнер арқылы жарыққа шығару болып көзделіп отыр. Яғни көркем жазу арқылы ЖОО-ғы студент-
тердің шығармашылық қабілетін дамыту болмақ. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мекемелердің дамуына оқыту
мен тәрбиелеу жақтары дамып жатқанымен білім алушының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейді.
Сондықтанда біз тарихта қалған мұраларымызды тарих пәні ретінде ғана оқытып канай қоймай, шығармашылық
туынды ретінде өз жолын табу мәселесі қарастырылған.
Түйін сөздер: каллиграфия, хұсни хат, гармония, символ, графика, қадим, интеллект, креатив, мифология,
динамика, зороастризм
Еліміздің қазақ болғанына, хандығына 550жыл толуына байланысты өз ішімізде, өз қазағымызда
қандай мәдениет түрлері болды, немен айланысты деген сұрақтарға әр ғалым иелері әртүрлі салаларды
зерттеп қазақты танытуға барынша еңбегін аянбай төгіп жатқанын білеміз. Алайда біздің көздеп отырған
мақсатымыз, өзектілігіміз ол, қазақ жерінде жазба мәдениеті болдыма ? болса қай заманнан бастап болды
деген сұрақтарға жауап іздеудеміз. Сонымен қазақ халқымыздың рухани асыл мұраларының бірі қолжаз-
балар мен сирек кездесетін кітаптар. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін тарихи ұзақ жолды қамтиды.
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты әртүрлі тілдердегі жазба ескерткіштердің құнды нұсқала-
ры мен әртүрлі жазба деректер кездеседі. Мәселен, көне түрік бітік, қыпшақ тілі, қазақ тіліндегі араб
жазуы, парсы, орыс, соғды, тибет және т,б. тілдердегі жазылған түпнұсқаларды кездестіруге болады. Мы-
салы А.Құнанбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Әбу Насыр әл-Фараби, Бұқари жәнеде т.б. аталарымыздың 5-7
тілде менгергенін өлеңдерінен жазба деректерінен көре аламыз. Жалпы осы жазу мәдениетін зерттеген
ғалымдар көп. Айта кететін болсақ, сонау көне орхон енисей жазбаларын алғаш оқып шыққан Томсен-
нен бастап бүгінгі күнге дейін М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Жиреншин, С.Қаржаубай сынды ғалымдар
зерттеп келеді. Әлбетте бұл жерде біздің зерттеу мақсатымыз осы қазақ жазба мәдениетін өнер арқылы
жарыққа шығару болып көзделіп келеді. Яғни көркем жазу арқылы ЖОО-ғы студенттердің шығармашы-
лық қабілетін дамыту болмақ. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мекемелердің дамуына оқыту мен
тәрбиелеу жақтары дамып жатқанымен білім алушының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермей-
ді. Шығармашылық қадам жеке тұлғаның басты қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологи-педагоги-
ка саласы бойынша зерттеп жүрген зерттеушілердің көзқарасы бойынша балаларда әлемнің көп бейнелі
жақтарын творчестволық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интел-
лектуалды, креативті (творчестволық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту – педагогикалық психология-
ның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан творчестволық
қабілет мәселесі – аса маңызды сұрақтардың бірі. Әрбір жеке адамның творчестволық қабілетінің дамуы-
ның жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да,
өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Бастауыш мектеп оқушыларының творчестволық қабілетінің даму оқу барысын дұрыс ұйымдастыру-
мен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды
дұрыс меңгеріп, сабақ үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша,
стандартты емес шешім қабылдауына, творчестволық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Бастауыш мектеп оқушылардың қызығулары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкен-
дерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құ-
ралы болып табылады. Соның негізінде балалардың творчестволық және интеллектуалды даму деңгейле-
рі жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер де жүзеге асырылады
[1,4 б.]
Қазақша оқитын мектеп оқушылардың тұйықтық, жасқаншақтық қасиеттері, олардың бойындағы
творчестволық потенциалдары үнемі жарыққа шығара бермейді. Сондықтанда жас өспірімді дамытушы-
лық жағдайларға байланыстылығын басшылыққа алу қажет деп түсінеміз. Жоғары да айтып өткендей бұл
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г.
157
жерде мектеп қабырғасының шығармашылық мәселесі қозғалып отыр. Біз ойлаймыз бұл тек мектеп
қабырғасымен ғана шектелмейді. ЖОО-ғы студенттерінің де шығармашылық қабілеттері төмендеп бара
жатқанын көріп отырмыз. Қазіргі таңда жеке тұлға тек физиологиялық, техникалық бағыттарын дамытып,
ал ауыз әдеби, жазу-сызу, өнер жақтарынан жұрдай болып бара жатқанымыз айдан анық. Философиялық
тұрғыдан айтар болсақ, құстың екі қанаты егер тең болмаса көкке ұша алмайтынын білеміз. Дәл солай
жеке тұлғаның материалдық және руханилығы тең болмаса биікке шарықтауы мүмкін емес. Сондықтанда
біздің көздеп отырған объектіміз ол жеке тұлғаның жазу-сызу қабілетімен шығармашылық ой-өрісін
кеңейте білу. Себебі бейнелеу өнері саласында жүрген студенттердің суретке бейімі болғанменен жазуға,
сызуға мүлдем бей хабар екендігі белгілі. Сондықтанда студенттерге қазақ халқының жазба мәдениетін
оқыта отырып жазба қаріптермен образды бейнелеуге үйрету болып табылмақ.
Философия да, көркемөнер де, белгілі бір жағынан ғылым да адамның өзін-өзі тануының, өз болмысы-
на, өз жандүниесіне өзінен тыс жатқан бір бөгде әлемдей сырт көзбен қарауының, оны игеруінің әртүрлі
жолдары. Бұл дінде де белгілі бір бағыт та бар. Өзіне бөгде бір көзбен қарай білушілік – жалпы алғанда
рефлекция деп аталады. Оның адамдағы осы ерекшелігі ол басқаларды, басқа дүниені көру, сезіну, игеру
арқылы өзін де көріп, сезініп, танып игереді [2, 21 б.].
Өнер – керемет құдіретті күш. Өнер – қоғамдық сананың бір түрі. Ал қоғамдық сананың түрлерін айта
кететін болсақ – дін, мораль, ғылым, мәдениет, құқық, философия т.б. Олардың әрқайсысының өзіне тән
ерекшеліктері мен қасиеттері бар. Өнер бізді әсемдік әлемінің заңдарын түсінуге жетелейді. Адамға
рухани күш береді, ерекше қуаныш, сүйініш, толқу, өмірге деген құштарлық сезімін аялатады. Бұл ретте
өнердің тәрбиелік және қоғамдық мәні де айрықша. Соның бірі жазу өнері десекте болады. Археологтар-
дың айтуынша, ежелгі белгілер ою, өрнек формасында берілген жазу. Көпшілікке арналған ғимараттарда
неше түрлі өрнектер кездеседі. Жазу бір ізге түспеген. Көне заманда адамдар белгі арқылы, ою-өрнек
арқылы оқып біліп отырған. Бүкіл әлемдік діндердің догматтары өмірдегі ең алғашқы және соңғы Белгі –
дыбыс дейді. Дыбыс ырғақты түрде қайталанады. Дыбыстық ырғақ белгі ретінде жазуға түсті, бұл дыбыс-
тар жүйеге түссе музыкаға айналады. Өрнек те, мүмкін, ой толқынынан туындаған шығар? Ойдан бейнелі
күйге көшкен Өрнек адам түйсігінің тіліндегі жазу да болуы... Сөзбен жеткізу мүмкін болмағанда адам
оны өрнекпен айта алады. Белгі дегеніміз не? Ол белгілі бір мағына ма, символ ма? Белгі – ол ескерту,
сақтандыру, табиғат берген аян, маңыздылық, бір нәрсені паш ету, және не болуы мүмкін? Символ
гректің simbolon, яғни өзгешелік белгісі; белгі, образ, әлде бір идеяны білдіретін белгі. Символ – белгілі
бір идеяны, ойды, мақсат-мұратты тілсіз, сөзсіз жинақтап бере алатын бейнелі белгі. Ол қашанда айтарын
астарлап, жұмбақтап, жинақтап жеткізеді.[3,15б] Яғни қазақ халқымыз жазудың бір түрі ретінде оюлар-
мен хабарды жеткізіп отырған.
Демек, каллиграфияны музыкамен салыстыруға болады, өйткені мұнда бағалы ритммен гармониялық
принциптер бар. Каллиграфияны түсініп оқитын адамда рухани байлықты жеткізеді. Каллиграфия біздің
бұл жерде не үшін өмір сүріп жатқанымыздың мағынасын жеткізіп өзінің әдемілігі арқылы құдайдың
өсиеттерін ұғындыра алады. Сөз туралы алсақ ол бар, тіршілік етеді. Гармониялық тілде жазылған сөзі
құдайға деген махаббатын білдіреді. Өйткені ол адамның құдайға деген құлшылығына куәгер болады.
Сөздің өзінің қандайда бір мағынасы бар. Ол шифрлық немесе символдық түрінде де құпия болуы
мүмкін. Оның мағынасын тек қана атақты адамдар ғана оқуы мүмкін. Сөз қағазда жазылсада немесе
қабырғаға жазылсада өзінің ритімімен формасымен адамды баурап алады. Мейлі біз сөздің мағынасын
білмесек те эстетикалық бағалы екенін сеземіз [4, 53 б.].
bonner-design.com
Жазу – сан ғасырлар бойы келе жатқан адамзат мәдениетінің ең биік шыңы. Қай ғасырда болмасын әр
елдің өзіндік ұлттық ерекшелігіне, рухани көрінісіне тән жазу ерекшеліктері бар. Жазу бұл адамның
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж.
158
шығуы мен даму тарихының бет-пердесі, айнасы. Жазу-сызу адамзат атаулылардың бәрін байланыстыру-
шы, бір-біріне жақындастырушы. Көне түркі аталарымыз біліктері мен ерліктерін, рәміздерін келер ұрпақ
үшін тасқа қашап жазып кетіп отырған. Байырғы түркі графикасының кілтін алғаш 1893 жылы 25 қараша
күні В.Томсен тауып, таңбалардың мәнін орнына қойғаннан бері ғасырдан астам уақыт бойы әлем
түріктанушылары оны ары қарай тереңдете зерттеуде.
Демек, жоғарыдағы зерттеушілердің біразы байырғы Түркі қағанаты тарапынан жазып қалдырған
Орхон Ескерткіштерінің тілін класификациялауға асыға кірісті. Бұл жерде жазу мәдениетін зерттеушілер
көп болған оның біразын атап өтетін болсақ, Х.Оркун, С.Е. Малов, Т.Текин, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов т.б.
зерттеген болатын. Өздерін «түркі» атаған бірлестік ерте орта ғасырдағы түркі тектілердің жазба әдеби
тілінің пайда болуына себепкер болды. Сондықтан да, VII-XIV ғасырға дейінгі тілді «түркі тілі» деп
атады. Олай болса «Түркі» деген саяси атауды өмірге әкелген билеуші кімдер? Бұған жауапты байырғы
түркілер өз қолдарымен жазып, 760 жылы орнатқан тарихи монументте қалдырған екен [5,71 б.]
О.Сүлейменов шумер лексикасымен түрік лексикасын салыстыруға әбден болатындығын айғақтап, өз
ойын былай келтіреді « мысалдар бұл тілдердің ұзақ уақыт бойы тығыз қатынаста болғанын дәлелдейді.
Кейбір мысалдар шумер сөзі түркі сөзіне тәуелді болғандығын айқын аңғартады» - дейді. Ғалым бұл
жерде шумер мен түркі лексикалық материалдардың жақындығы сөздіктері жақын осы екі тілдің тектік
туыстығын дәлелдей алмайтындығын тілге тиек етеді, бұл олардың мәдени туыстығының ғана айғағы деп
қабылдауымыз қажет деп сараптайды. Олай
болса, Орхон-Енисей жазуының түпнұсқасы тым
алыста жатқанын байқаймыз. Шумерлермен
түркілердің арасында тарихи байланыстар болға-
ны қазіргі кезде күмән тудырмайды, лингвисти-
калық-тілдік сараптамалар осыны дәлелдеп
отыр. А.Аманжолов «Түркі жазуының тарихы
мен теориясы» еңбегінде түрік ғалымы, белгілі
түріктанушы ғалым О.Н. Туна «Шумер және
түркі тілдерінің тарихи байланысы және түркі
тілінің жас мөлшері мәселесі» деп аталатын
іргелі зерттеу еңбегінде шумер тілі мен түркі тілі
арасындағы байланысты көрсеткен еді.
Белгілі шумеролог С.Н. Крамердің еңбегі бекерден-бекер «Тарих Шумерде басталады» деп аталмайды.
Қазақтың ғұлама жазушы-ақыны О.Сүлейменов 1976 жылдың өзінде Вавилон қаласының орнында жүргі-
зілген археологиялық қазбаларда табылған жазба мәтіндермен танысып, олардың түркілік мәдени
артефактылармен туыстығы жөніндегі пікірге келеді. [6, 66 б.] Сонымен қазақ халқы сонау жазба мәдени-
еті Орхон Енисейден бастау алды десекте болады. Дегенмен 8 ғасырда Ислам діні кіруімен қатар араб
әліпбиіде кіріктірілді. Сол заманнан бастап жазу мәдетниеті қарқынды түрде дами бастаған еді. Мәдениет
танушы Ерлан Әсембайұлының зерттеулерінде хаткерлік бұрыннан, соның ішінде ХХ ғасырдың басынан
Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов «Қазақ» газетін, Серәлі Мұхамеджанов өзінің «Айқап»
журналын қалыптастырған кезеңнен бар. Оның үстіне «хаткерлік» жазба мәдениетімен шектелмейді, ол
Шығыс жазбасының көркемдікпен ұштасатын сипаты каллиграфиямен жанасып жатады. Сонда хаткер-
ліктің бойында « әріп мәдениеті» бар. Әріптің дыбыстық, мәнділік және көркем –эстетикалық сипаты да
осы « хаткерлік мәдениетінің» бір көрінісі. Біз уақыт саңылауына тереңдеген сайын хаткерлік жөніндегі
мағлұмыттар да азая түседі. Жазудың шығуы біз үшін өнердің, сәулеттің, діннің және әлеуметтік инсти-
туттардың пайда болуы жөніндегі маңызды мәдени мағлұматтар секілді таралуы өте күрделі мәселе
болып табылады. Олардың бәрі бізге дейін жоғалып кеткен мәдени ошақтар қалдырған мәдени мұра
секілді әсер береді.
«Хаткерлік» деген сөздің мағынасы Қазақстанда Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде «хұсни хат» деген
(арабша хұсни – көркем, сұлу) –Қазан төңкерісіне дейінгі ескі мектептердің бастауыш кластарында ана
тілінде таза, көрікті етіп жазуға үйретуге арналған жаттығу жұмыстары. Жазудың түріне қарай жазу
жолдарының шетіне арнайы графикалық торкөз қолданылған. Әріп таңбаларын каллиграфиялық жазу
мәнеріне мөлшерлеп қиюластыруға айрықша назар аударылған. Ескі мектепте хұсни хат пайымдау –
ұғыну арқылы шәкірттің сөйлеу-жазу тілін, ой-өрісін дамыту мақсаттарымен ұштастырылмай, жалаң
көшірме түрінде жүргізілді. Қазіргі мектептерде баланы мәнерлеп жазуға үйрету идеясы мен мазмұны
педагогикалық талаптарға сай жүзеге асырылды [7,15 б.].
Сонымен қазақ тарихының маңызды бөлігінің бірі – мәдениет тарихы, оның ішінде педагогика тарихы
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г.
159
күні бүгінгі дейін толық зерттелмей келеді. Әсіресе , ұлттық мектебіміздің бастау бұлағы мектеп пен
медреселердің даму тарихы әлі күнге дейін дұрыс бағаланған жок. Кеңес уақытында қалыптасқан пікір
бойынша Қазақстанда мектептердің пайда болуы VIII ғасырдың бірінші жастысымен байланыстырылады.
Педагогикалық білім беретін жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында оқытылып жүрген мектеп
тарихы көбінесе орыс, орыс-қазақ мектептерінің тарихымен ғана шектеледі. Ал, тарихи деректерге
сүйенетін болсақ, Қазақстан жерінде, көбінесе оның отырықшы аймақтарында, орта ғасырдың ерте
дәуірінде-ақ көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, яғни діни білім
беретін оқу орындары мешіт жанында жұмыс істей бастағаны мәлім. Мәселен, қадим оқуы (көне әдіспен
араб тіліне үйрететін оқу) қазақ елінің ислам діні мен араб жазуына қабылдаған кезінен, яғни VIII ғасыр-
дан басталады.
Медреселер мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана болмай ірі мәдениет орталығы
ретінде қызмет атқарған. Талай аты шулы ақындар, тіпті кейінде ағартушы ретінде танылған белгілі
зиялылар медреселерді тәмамдаған. Мұндағы оқу мерзімі әрбір шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілеті-
не қарай ұзарып, қысқарып отырған. Кейде, тіпті үзбестен 15-20 жыл бойына созыла берген. Оқуды
тәмамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілген. Мұсылман мектептерінің қайта өрлеуі Қазақ
Хандығының кезеңіне дөп келеді. Қазақ Хандығының астанасы Түркістан қаласында және басқа
қалаларда мешіт, медреселер болған. Қазақтың билік басындағы жоғарғы жігінің балалары осы медресе-
лерде оқыған еді. Өкінішке орай Қазақ Хандығының дамуына бірінші кедергі болған толқын ол моңғол –
татар шапқыншылығы жазу өнерінің дамуына кедергі жасап Отырар, Сайрам, Тараз, Түркістан және т.б.
қалаларды талқан етіп кітапханаларды өртеп жермен жексен еткен болатын. Бұл толқын келер ұрпақтар
жалғасын тауып алдыңғы із басқандардың ізін табуына қиыншылық туғызды.
Екінші кедергі болған толқын XIX ғасырдың екінші жартысында мұсылман мектептерінің дамуына
Ресей патшалағының отарлық сясаты үлкен кедергі жасады. Бас кезінде патша өкіметі діни мұсылман
мектептеріне немқұрайлы қараса, енді олардың дамуына қарсылығын көрсете бастайды. 1870ж Ресейді
халық ағарту министрлігі «бұратана» халықтарға білім беру шаралары туралы заң қабылдайды. Осы заң
бойынша патша әкімдерінің рұқстынсыз бірде бір мұсылман мектебі ашылмауы, ашылған жағдайда орыс
тілі оқытылмаса, ол мектеп ресми түрде жабылуға тиіс болады. Сонымен, «бұратаналарды» орыстанды-
руды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізіле бастайды, себебі отарлау саясатының негіздерінің
бірі орыстандыру, шоқындыру болатын. Бұл мақсатқа жетудің шешуші кілті –мектеп, ағарту ісі екені
сөзсіз [8, 37-38 б.]
Қазақ ішінен алғашқы шыққан зиялы азаматтарының әртүрлі орыс түземдік оқу орындарының
түлектері болуы өзінен-өзі түсінікті. Осындай алғашқы қазақ зиялылар Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсарин
еді. Олар қазақтар орыс тілін үйрену арқылы ғана мәдениетті бола алады деген көзқараста болды және
дворяндық-помещиктік мәдениеттің нені көздейтіні жақсы түсіне отырып, қазақтар арасында орыс
мәдениетін тез сіңіруді көздеді, патша үкіметінің миссионерлік- колонизаторлық ағарту ісі әкімшілік
жүйе ретінде мемлекет тарапынан, қазақ даласына ресейлік капитализмнің жолын ашатын көптеген
шаралар ұйымдастырылды. Олар Қазақстанды Ресейдің қол астына бағындыру мақсатындағы айқын
жұмыстарын жүргізу үшін үстем таптың балаларын идеологиялық тәрбие беру арқылы дайындайтын еді.
Миссионер Н.И. Ильминский қазақ арасындағы қолданыс тауып отырған араб әліпбиін орыс тілімен
ығыстырып және өз жазуы жоқ өзге тілді басқа халықтарға да біртіндеп орыс тілін үйрету жағын ойлас-
тырды. Бұл ойын қазақтар арасында ғана емес Повольжедегі өз жазуы жоқ мордва, мари, вотяк, чуваш т.б.
халықтарға да жүзеге асырып, едәуір жетістіктерге жете бастады. Олардың бұлай істеуі батыс және
солтүстік Қазақстандағы татар молдаларының жүргізген діни уағыздарына қарсылығынан ғана емес,
жастарға орыс тілін үйрету арқылы самодержавие мен павославие бастамаларын қазақтар бір-біріне
өздері үйретсе деген мақсатты көздеген еді. Осы мақсатта Қазанда, Повольжеде ашылған семинариялар
жастарды орыстандыруда жақсы тәжірибе жинады. Бұндай тәжірибе біртіндеп Қазақстанға да келді.
Қазақ балалары Қазандағы мұғалімдер даярлайтын семинарияларда оқи бастады. Н.И. Ильминскийдің
шәкірті белгілі миссионер Н.П. Остроумов басқарған Ташкенттегі мұғалімдер даярлайтын семинария
жанынан қазақ балаларына арналған интернат ашылды. Осылайша Қазақстанда білім беру ісі үкіметтің
қатаң қадағалауында болды. Ең алдымен оларға өз мақсаттарына жұмыс істейтін адамдар дайындау және
орыстандыруды жүзеге асыратын ағарту қызметкерлерін даярлау керек болды. Оқуға негізінен ауқатты,
бай адамдардың, балалары іріктеліп алынатындығы қиыншылық көрмей өскен балалар бұндай істерге
ыңғайлы болатынын білді [9, 20-21 б.].
Жалпы осы айтылған сөздерге қарап отырсақ, шыныменде өзге ұлттан өз ұлты жақын болатынын
сезген орыс үкіметі қазақ зиялылырын таңдап, оларға білім үйрете отырып орыс тілін меңгертіп ішімізге
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж.
160
жіберіп отырған. Сондықтан болар Ш.Құдайбердіұлыны А.Байтұрсынов сынды ағартушыларымызды ату
жазасына кесіп отырған. Оған себеп бұл ағартушылар қазақтың көзін ашуға өз тіліміз бен жазуымыз бар
екенін және дамып көтерілуімізге болатынын біліп қазаққа «оян қазақ» деп үндеп отырған еді. Егер орыс
үкіметі шынымен білім үшін келген болса ағартушы білімдарларға тиспес еді. Орыс саясаты қазақ елінің
азаматтарының сауатын ашу емес, өзіне бағындыруды көздеген еді. Біз ойлаймыз жазу мәдениеті немесе
хат тануды кеңес үкіметі үйретті деп. Бірақ біздің сауатты болуымызға кеңес үкіметі себепшіл болса, онда
сонау Орхон Енисейді VIII ғасырдан келе жатқан араб әліпбиі біздің мұраларымызда, археологиялық
қазбаларда табылмас еді. Орыс әу баста тілден, жазуынан және өз тарихынан айырса сонда ғана мақсаты-
на жететінін білген. Оның бір дәлелі осы күнге дейін өз тәуелсіздігімізді алсақта екі қазақтың басы қосыл-
са ауыздарынан орыс тілі шығып әлі күнге дейін осы мәселені жеңе алмай күресіп келеміз. Ойланып бір
қарайықшы, қазіргі таңда ағылшын тілі алдыға озып шығып келе жатыр. Түркі тілдес туыстарымыз латын
әліпиіне көшіп өз еліміз көшу жайында жоспарлауда. осының бәрі ағылшын тілін біртіндеп өзімізге
сіңірудің бір ден бір жолы. Әлбетте күндердің күнінде бәлкім еш бір тіл керексіз болып аңыздағы
Вавилондағы жер жүзіндегі халықтар қалай бір тілде сөйлесе бізде солай болашақта дүниежүзі бір тілде
сөйлеп кетер. Яғни айтқым келгені өзіміздің тарихтан келе жатқан ата-бабаларымыз осы дұрыс деп жазып
келе жатқан араб әліпбиін қай та жазу үрдісіне кіргізу керек немесе осымен оқытылу керек деген ойда
емеспіз. Бірақ қандай ел болмасын өз тарихы, жазуы, тілі және өзіндік стилі бар. Міне осы біздің көксеп
отырғанымыз. Сондықтан қазақ халқымыздың алдындағы біздің қарызымыз бұл тарихтан келе жатқан
жазу мәдениетімізді жандандырып өзінше стиль, образ беріп өнер арқылы шығарып тарихымызда жазу
мәдениеті болғанын әлемге таныту.
Демек, сонау VIII ғасырда ислам діні қабылданғаннан бастап өнердің, мәдениеттің қайнар көзі жазу
өнері болып табылмақ. Осы өнер туралы, әсіресе қазақ жеріндегі өнердің даму жолдарын келесі өнертану-
шы, философ Б.Байжігітовтың өнерге деген көзқарасы бойынша халықтық өнерге екі мынадай факторлар
оған іргетас болып табылады:
А) дәстүрлі өмір салты;
Ә) діни – мифологиялық дүниетаным.
Соған байланысты қазақ халқының тарихи тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік даму динамикасына,
қоғамдық сананың қалыптасу жайына талдау жасаған уақытта діни-мифологиялық түсініктің ықпал-
әсерін орағатып өте алмаймыз.
Қазақ тарихын зерттеуші ғалымдар оның даму сатысында зороастризм, буддизм, христиан діндерінің
де болғандығын айтып жүр.
Алдымен ислам дінінің өнерге қатынасына, тигізген әсеріне тоқталайық. Ол Қазақстанға енген кезден
бастап пұтқа табынушылыққа қарсы шықты. Сонымен бір ғана Жаратушы Құдайдан басқа оның суретіне,
Мұхаммед пайғамбардың бейнесіне, басқа да адам тұлғаларының, жан-жануарлардың суретіне, нәрсеге,
құбылыстарға табынуға Құран тыйым салады. Ислам мәдениетінде нұсқаның схемалы- стильденген
бейнесі мен өсімдік тәріздес және геометриялық өрнектерге, каллиграфияның образды варианттарына
жетекші орын берілді. Жиырмасыншы ғасырдың 20 жылдарына дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерінде
Бейнелеу өнерінің болмауы мұсылман дінінің әсері деген пайымдаушылық бар. Бұл бекер сөз. [10,157б]
Сондай-ақ Б.Байжігітов өз еңбектерінде :«Қазақ өнері үшін екі кәусар бұлақ бар екендігі сөзсіз:
біріншісі бабалар рухы болса, екіншісі - мұсылмандық дүниетаным.»- деп атап айтқан еді. Демек,
бейнелеу өнері мен ислам дінінің бір –бірінен алшақ емес, керісінше тығыз байланыста екенін көре
аламыз. Қазіргі таңда елімізде жастарымыздың өнерге деген қызығушылығы азайып барады. Бәлкім
академиялық суреттердің нәрі кетті ме? Әлде техниканың дамып бара жатқаныма? Шын мәнінде өнер
жолы қыл үстінде тұрғандай. Жастарымыз рухани байлықтан жұрдай болып барады. Бұл мәселені және
оның ішінде қазақ тарихын білмей ертенгі күнге үмітпен қарау мүмкін емес. Біздің бұл тақырыптағы
өзектілігіміз, қазақ жеріндегі жазу мәдениетін анықтап және өнер жолымен байланыстыру болып
табылмақ. Әлбетте көп зерттеушілер жазу мәдениетін зерттеген болатын бірақ біз бұны тарих бетіне
қалдырып қоймай өнермен ұштастырып әлемге қазақ жазуының өзіндік стильмен паш ету.
Жазу мәселесі бойынша әйгілі философ әл-Фараби атамыз былай деген екен: Қай өнерде болсын
заңдар универсальды, яғни жан-жақты қамтитын пікірлер болып табылады. Әр бір заң сол өнер зерттейтін
нәрселерді түгелдей немесе соның көпшілігін қамтуға тырысып, қайсыбір өнерге тән көптеген нәрселерді
қамтиды. Бұлардың (бұл заңдардың) атқаратын қызметі: осы заңдардың көмегімен, сол өнерге қатыссыз
нәрселер еніп кетпеуі үшін оған (сол өнерге) не жататынын белгілеу; немесе қателіктерге соқтыруы
ықтимал нәрселердің бәрін осы заңдар арқылы тексеру; немесе сол өнер қамтитын барлық нәрселерді
зерттеп, есте сақтауды осы заңдар арқылы жеңілдету. Өнер болуы үшін немесе қайсыбір өнердің
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г.
161
құрамындағы бөліктері болуы үшін, сан алуын предметтерді, белгілі тәртіп бойынша адамның жаны
арқылы жүзеге асатын, белгілі бір заңдар басқаратын болуға тиіс [11, 118 б.]
Яғни жазу немесе өнер атаулыларының әрбіреуі еріккенің ермегі емес. Бұл жерде үлкен заңдылық,
білімділік, эстетика жатқанын аңғаруымыз керек. Мәселен Қазақстанның ислам каллиграфиясының
маманы А.Урынбасаровтың сөзінде былай деген болатын:
Достарыңызбен бөлісу: |