Абай атындағы



Pdf көрінісі
бет22/30
Дата31.03.2017
өлшемі5,32 Mb.
#10853
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

ЗАКЛЮЧЕНИЕ 
Существенной частью представленного расчета является то, что мы использовали 
реалистические  ВФ,  полученные  в  рамках  современных  ядерных  моделей.  То,  что 
глауберовская  теория  обходится  без  свободно  варьируемых  параметров,  дает 
возможность тестировать модельные ВФ и делать выводы о структурных особенностях 
ядер  и  межкластерных  потенциалах,  в  которых  они  рассчитаны.  Факторизованная  на 
подсистемы  запись  оператора  многократного  рассеяния  позволила  проследить  за 
вкладом  отдельных  членов  в  сечение,  их  интерференцией,  установив  тем  самым 
«микроскопическую» динамику процесса рассеяния.  
Сравнение  с  имеющимися  экспериментальными  данными  показало,  что  ДС  при 
Е=700  МэВ/нуклон  хорошо  с  ними  согласуются,  однако  измерения  проведены  только 
для  малых  переданных  импульсов  (до 0.05 (ГэВ/с)
2
)  и  не  захватывают  область,  в 
которой  происходит  интерференция  разных  кратностей  рассеяния,  которая  дает 
характерную  картину  с  максимумами  и  минимумами.  Что  касается  расчета  при  Е=60 
МэВ/нуклон,  то  в  области  малых  углов  рассеяния  (до 40°) согласие  с 
экспериментальными  данными  наблюдается,  тогда  как  для  больших  углов  расчетная 
кривая  имеет  более  глубокий  дифракционный  минимум  и  меньше  по  абсолютной 
величине,  чем  экспериментальные  точки.  Известно,  что  теория  Глаубера  имеет 
ограничения как на энергию пучка (она должна быть высокой, от сотен МэВ до ГэВ),  
так и на угловой диапазон (передние углы рассеяния), поэтому несовпадение теории и 
эксперимента в области θ>40° понятно.  
По результатам проведенных исследований можно сделать следующие выводы. 
-  Установлена  связь  наблюдаемых  величин  с  межкластерными  потенциалами,  в 
которых рассчитаны волновые функции ядер-мишеней, и сделаны выводы, какие типы 
потенциалов 
наиболее 
реалистически 
описывают 
всю 
совокупность 
экспериментальных данных.   
−    При  наличии  ВФ  представленной  в  удобном  для  интегрирования    виде 
разложения  по  гауссоидам,  и  адекватном  представлении  оператора  рассеяния  в  виде 
ряда  многократного  рассеяния  на  составляющих  ядра  кластерах,  формализм  теории 
Глаубера  позволяет  вычислить    матричные  элементы    аналитически,  без  потери 
точности неизбежной при численном вычислении многомерных интегралов. 

 
 
157
- Для ядра 
6
Li  в 
N
2
α
- модели рассчитаны вклады  разных компонент волновых 
функций в дифференциальное сечение.  Выяснена важная роль малой D-компоненты в 
волновой функции ядра 
6
Li: практически не давая вклада в сечение во всем диапазоне 
углов 
из-за 
малой 
абсолютной 
величины, 
она 
несколько 
увеличивает 
дифференциальное сечение  как раз в той области, где вклад от основной компоненты 
достигает минимального значения.     
−  Из  двух  модельных  ВФ  (
α-t-n  и 
7
Li-n-n)  ядра 
9
Li  лучшее  описание 
дифференциального  сечения  достигнуто  для 
7
Li-n-n-функции,  что  подтверждает 
доминирующую 2-х  компонентную  структуру   
9
Li  в  виде  кора 
7
Li  и  «шубы»  из 2-х 
нейтронов. 
 Для ядра 
8
Li, напротив, более адекватной для описания сечения является  
α-t-n-
модель  (она  же  лучше  описывает  и  статические  характеристики).  Рассчитанный    в 
приближении однократного рассеяния  вклад в сечение  рассеяния на (
α+t)- кластере и  
на нейтроне показал, что вклад от первого на порядок больше, чем от второго.  
− Изучение динамики взаимодействия показало, что  для описания сечения в 
широком угловом диапазоне  необходимо учитывать все кратности рассеяния в 
операторе Ω, поскольку при  доминировании однократного рассеяния в области малых 
углов, вклад высших кратностей начинает проявляться в области больших углов и роль 
их возрастает с ростом энергии рассеивающихся частиц.  
-  Исследование  энергетической    зависимости  дифференциального  сечения  
показывает,  что  с  ростом  энергии  рассеиваемых  частиц  дифракционная  картина  при 
рассеянии на всех ядрах усиливается, при этом первый   минимум сдвигается в область 
меньших углов рассеяния.  
 
 
1.  Dobrovolsky A.V. et al. // Nucl. Phys. A -2006. - V. 766.  -P. 1. 
2.  Moon C.B. et al. // Phys.Lett. B. -1992. -V. 297.  -P. 39. 
3.  Li Qing - run and Zhou Jin - li // J.Phys.G.: Nucl.Part.Phys. -1991. -V. 17. -P. 663. 
4.  Лукьянов В.К. // ЯФ. -2006. -Т.69. -С.1063. 
5.  Roy G. et al. //   Nucl. Phys. A.  -1985.  -V. 442.  -P. 686. 
6.  Kelly J.J.  //  Phys. Rev. C.  -1988.  -V. 38.  -P. 1490. 
 
 

 
 
158
ОƏК 373.5.02.016:004(574)   
И.Т. Сəлғожа  
 
ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ МОДЕЛІ 
 
(Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ) 
 
В статье рассматриваются вопросы организации внеклассных работ.  Внеклассная 
работа 
способствует 
более 
разностороннему 
раскрытию 
индивидуальных 
способностей  ребенка,  которые  не  всегда  удается  рассмотреть  на  уроке.  Различные 
виды  внеклассной  работы  обогащают  личный  опыт  ребенка,  его  знания  о 
разнообразии  человеческой  деятельности,  ребенок  приобретает  необходимые 
практические  умения  и  навыки.  А  также  предложена  модель  развития  творческих 
способностей учащихся во внеклассной работе по информатике. 
In article questions of the organization of out-of-class works are considered. Out-of-class 
work promotes more versatile disclosing of individual abilities of the child which not always 
manage to be considered at a lesson. Various kinds of out-of-class work personal experience 
of the child enriches, its knowledge of a variety of human activity, the child gets necessary 
practical skills. And also it is offered model development of creative abilities of pupils in 
out-of-class work on computer science. 
 
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңында білім беру жүйесінің басты 
міндеті - ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 
жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  жəне  кəсіби  шыңдауға 
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жəне  білім беру бағдарламаларын 
меңгеру  үшін  жағдайлар  жасау,  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  жəне  дене 
мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін 
қалыптастыру,  жастарға  терең  білім  мен  тəрбие  беру  ісін  одан  əрі  дамыту  жəне 
жетілдіру делінген. Бұл мектептің, ұстаздардың алдына өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы 
да  іскер,  жігерлі  де  батыл,  өзіне-өзі  сенімді,  интеллектуалдық  деңгейі  жоғары, 
дүниетанымы  кең,  шығармашық  қабілеті  дамыған    азамат  етіп  тəрбиелеу  міндетін 
жүктеп отыр. 
Қазіргі  қоғамды  ақпараттандыру  жағдайында  оқушының  жеке  тұлғалылығын 
қалыптастырып,  ақпараттық  қоғамда  өмір  сүруіне,  сонымен  қатар,  оның  ақпарат 
ағымында  дұрыс  бағдар  жасап,  тиімді  шешім  табуына  қажет  жаңа  ақпараттық 
технологияларды  таңдап  алу  жəне  оларды  қолдану  қабілеттілігін  қалыптастыруда 
информатика пəнінің маңызы зор [1]. Бұл мəселені оқу процесімен  қатар сыныптан тыс 
жұмыстарда шешуді қарастырған жөн.   
Сыныптан тыс жұмыс -  бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс 
уақыттағы  əртүрлі  іс-əрекетері  мен  іс-шараларын  ұйымдастыру [2].  Сыныптан  тыс 
жұмыстарда  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуда  мұғалім  шеберлігінің 
орны ерекше. Оқушыны дамыту үшін мұғалімнің оқушыларды өзіне баурап, жұмысқа 
қызықтыра алатын, лидер – шығармашыл тұлға болуы қажет. 
Шығармашылық  дегеніміздің  өзі  ізденімпаздықтан  туады.  Баланың  өзіне  деген 
сенімін  туғызу,  өзінен  шығармашылық  қасиет  іздете  білу.  Шығармашылыққа  баулу, 
қалыптастыру  процесі  нақ  мектепте  басталады.  Кез-келген  оқушы  мұғалімнің 
басшылығымен  орындаған  шығармашылық  жұмысының  нəтижесінде  өзінің  ішкі 
мүмкіндіктерін дамытады. 
«Шығарамшылық»  деген  сөздің  түп  төркіні, «шығару» «ойлап  табу»  дегенге 
келеді.  Яғни,  жаңа  нəрсе  ойлап  табу,  сол  арқылы  жетістікке  жету.  Философиялық 
сөздікте  шығармашылық - қайталанбайтын  тарихи  қоғамдық  мəні  бар,  жоғары 

 
 
159
сападағы жаңалық ашатын іс-əрекет делінген. Ал, психологияда «шығармашылық» деп 
жаңадан  ашатын  əрекетті  атаған  Я.А. Пономарев  болса,  оны  «даму»  ұғымымен  қатар 
қояды [3]. Шығармашылық – бүкіл  болмыстың,  қозғалыстың,  дамудың  бір  сөзбен 
айтқанда  тіршіліктің  көзі.  Қоғам  құбылыстарында  жеке  адамның  ақыл-ой  санасында, 
іс-əрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи үдерістері үздіксіз жүріп 
жатады,  əрі  белгілі  бір  жүйемен  дамиды  десе  А.Н. Лук  шығармашыл  тұлға  деп: 
импульсивті,  еркін  ой иесі  əзілге бейім,  қарапайым  сын  көзбен  қарайтын,  қиялы,  ойы 
бай  адамды  айтқан.  Б.П. Никитин  шығармашылық  қабілеттілік  деп  байқағыштық, 
талдау  жасай  алу,  байланыстар  мен  тəуелділіктерді  табу  сияқты  ақылдың  ерекше 
сапалары дейді [4]. Ал, П.В. Симонованың пікірінше, шығармашылық қабілеттілік адам 
туралы, қоршаған орта жəне оның өзгеруі туралы жаңа білімді игеру. 
Информатикадан  сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылардың  шығармашылық 
қабілеттерін  дамыту  моделін  құру  үшін  алдымен,  оның  құрамдас  бөліктерін  анықтап, 
олардың арасындағы байланысты ерекшелеп алу қажет. 
Шығармашылық    қабілет  бірнеше  қасиеттер  жиынтығынан  тұрады.  Əйтсе  де 
қазіргі  уақытта  осы  мəселеге  байланысты  бірнеше  тұжырымдар  бар  болғандығына 
қарамастан,  адамның  шығармашлық  қабілеттерінің  дамуы  жайлы  сұрақ  əлі  де  толық 
анықталмаған  болып  отыр.  Көптеген  психологтар  адамның  шығармашылық  əрекетке 
қабілеттілігін  ойлау  қабілетінің  ерекшеліктерімен  байланыстырады.  Атап  айтқанда, 
адамның  сана-сезім  мəселелерін  зерттеуші,  əйгілі  американдық  психолог 
Дж. Гилфордтың  айтуынша,  шығармашыл  тұлғаларға  дивергентті  ойлау  қабілеті  тəн. 
Осы  ойлау  қабілетіне  ие  адамдар,  қандай  да  бір  мəселені  шешер  кезде  жалғыз  тура 
шешімді табуға бар күш-жігерін салып ізденудің орнына, керісінше көптеген мəселені 
шешу  жолдарын  қарастыру  үшін  барлық  мүмкін  жолдарды  іздей  бастайды.  Осындай 
адамдар  көптеген  адамдар  білетін  не  қандай  да  бір  ерекше  жағдайда  қолданатын 
жəйттерден жаңа қолданыстар шығаруға немесе бір-біріне ешқандай қатынасы жоқ деп 
ойлайтын,  екі  бөліктің  арасынан  байланыс  табуға  бейім  болады.  Шығармашыл  сана-
сезім  дивергенттік  ойлау  қабілетінің  негізі  болып  табылады,  ол  мынадай  негізгі 
ерекшеліктермен:  шапшаңдық – барынша көп ой айту қабілеттілігі (бұл жерде сапасы 
емес  саны маңызды); икемділік – ойдың  сан-қырлылығын  жеткізе білу;  ерекшелілік – 
жаңа  дəстүрлі  емес  ойларды  ойлап  табу  қабілеті  (бұл    заңға  сəйкес  келмейтін 
жауаптардан, шешімдерден көрінуі мүмкін); аяқталған - өзінің «өнімін» кемелдендіру, 
не  оның  аяқталғандығын  көрсете  білу  қабілеті  деп  анықтады.  Ал,  шығармашылық 
мəселесін зерттеуші  А.Н. Лук, əйгілі ғалым, суретшілер мен əншілердің өмірбаянына 
сүйене  отырып,  шығармашылық  қабілетті:  басқалар  көре  алмаған  жерден,  мəселені 
көре  білу;  ой  операцияларын  жүзеге  асыра  білу,  яғни  ақпараттық  қатынастағы  өте 
ауқымды  белгілерді  қолдана  отырып  бірнеше  ұғымдарға  бір  ғана  түсінік  беру;  бір 
мəселені  шешуде  ойлап  тапқан  тəжірибені  екінші  мəселеге  қолдана  білу  қабілеті; 
ақиқатты (орын алған жағдайды) мың сан бөлікке бөлместен, сол күйінше толығымен 
қабылдай  білу;  оқыс  ұғымдарды    жеңіл  қабылдай  білу;  жадының  (естің)  керек 
ақпаратты керек уақытта бере білу қабілеттілігі; ойлау қабілетінің икемділігі; тексеріп 
көрместен  бұрын,  мəселе  шешімдерінің  біреуін    таңдай  білу  қабілеті;  жаңа  алған 
мəліметтерді бұрынғы алған білім жүйесіне енгізе білу қабілеті; болған жəйттерді сол 
күйінше көре білу, талқылау бойынша анықталатындарын бақылап белгілеу; ойды оңай 
толықтыра  білу;  шығармашылық  тапқырлық;  бастапқы  ойды  жетілдіре  білу  қабілеті 
деген топтарға бөлген. [5].  
Шығармашылық  қабілеттің  компоненттері  жайлы  толығырақ  В.И.Андреев 
қарастырып,  анықтады [3]. Біз  өз  зерттеу  жұмысымызда  шығармашылық 
қабілеттіліктің  құрамын    В.И.Андреевтің  ұсынған  компоненттеріне  сүйене  отырып 

 
 
160
анықтадық, 
олар: 
мотивациялық-шығармашылық 
белсенділік 
(МШБ); 
интелектуальды-логикалық  кабілеттілік  (ИЛҚ);  интеллектуальды-эвристикалық 
қабілеттілік  (ИЭҚ);  дүниетанымдық  қабілет  (ДҚ);  адамгершілік  қасиеттері  (АҚ); 
эстетикалық  жеке  қасиеттер  (ЭЖҚ);  коммутативті-шығармашылық  қабілеттілік 
(КШҚ); өз əрекетін ұйымдастыра, басқара  білу қабілеттілігі (ӨƏҰББҚ). 
Жоғарыда  айтылған  ғалымдардың  пікірлеріне  сүйене  отырып  информатикадан 
сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту моделі 
Кесте 1 – де  құрастырылды.  Шығармашылық  қабілетті  дамыту  процесі  зерттелген 
модель  құрамы: əлеуметтік-мəдени қажеттіліктер,мақсаты, теориялық-əдістемелік 
негіздер  менəдістемелік  негіздерінен,  стандарттар,  сипаттайтын  принциптер  мен 
қалыптастырудың  жекелеген  факторлары,  психологиялық-педагогикалық  шарттар, 
технологиялық  жүйе,  қалыптастыру  деңгейлері  мен  шығармашылық  қабілеттердің 
құрамдас  бөліктері,критерилер  мен  деңгейлері    жəне  нəтижелілік  компоненті 
блоктарынан тұрады. 
Кесте 1. Информатикадан  сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу моделі 
Əлеуметтік-мəдени қажеттіліктер – 
«информатика» оқу пəнімен байланысты 
шығармашылық қабілеттерге ие тұлға 
Мақсаты
 – информатикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы 
Қалыптастырудың жекелеген факторлары 
шығармашылық 
қабілетті 
қалыптастыру 
мотивациясы 
психологиялық 
портрет  
оқуға деген 
жекелеген 
мүмкіндіктер  
өзіндік 
танымдық 
əрекет 
рефлексия жəне 
шешім 
қабылдау  
Психологиялық-педагогикалық шарттар
 
«Информатика» оқу пəніне байланысты тұлғаға бағытталған білім беру үрдісі, білім 
алушылардың қажеттілік есебі,шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы 
мақсаттылық 
Технологиялық жүйе 
Ақпараттық технологиялар 
Оқыту технологиялары 
АҚТ 
Қалыптастыру деңгейлері 
Пайда болған жəне бекітілген 
құрамдас бөліктер 
(компоненттер) 
Біртұтастықты 
қалыптастыру 
аумағындағы ары қарай 
дамуы 
Біртұтастық деңгейінің 
жоғарылауы 
Шығармашылық қабілеттердің құрамдас бөліктері
  
Мотивациялы-
шығармашылық 
белсенділік  
Интелектуалды-
логикалық 
кабілеттілік 
Интеллектуалды-
эвристикалық 
қабілеттілік 
Дүниетанымдық 
қабілет 
Адамгершілік 
қасиеті 
 
Эстетикалық жеке 
қасиеттер 
 
Коммутативті-
шығармашылық 
қабілеттіліктері 
Өз əрекетін 
ұйымдастыра, 
басқара  білу 
қабілеттілігі 
Нəтижелілік компоненті 
1. 
«Информатка» пəнімен байланысты шығармашылық қабілеттер 
Шығармашылық 
қабілеттің 
қалыптасуының 
деңгейі 
оның 
компоненттерінің 
қалыптасуының деңгейіне тəуелді 

 
 
161
Теориялық-əдістемелік негіздері
 
2.  Сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  жəне  өткізуге  арналған  əдістемелік 
нұсқаулар 
3. «Информатика» пəнінен факультативтік курс программасы 
Мəдениет философиясы, коммуникациялар, ақпараттар, білім беру, жеке тұлға 
теориясы 
Əрекет ету
 
Мəдениеттанушылық, 
жанама 
жүйелік 
процестік 
коммуникативті, 
жеке – іс-əрекеттік 
Əдістемелік негіз
 
–  философиялық,  психологиялық,  жеке – іс-əрекеттіліктің,  мəдениеттанушылық, 
жанама жəне коммуникативтіліктің педагогикалық аспектілері; 
–  ақыл-ойды сатылап қалыптастыру заңдылықтары; 
–  шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру теориясы; 
–  біртұтас педагогикалық процестер тұжырымдамасы; 
–  сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық негіздері. 
Стандарттар
 
ҚР МЖМБС 
SCORM 
Информатикадан  сыныптан  тыс  жұмыстарды  осы  модель  негізінде 
ұйымдастырсақ,  онда  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға    болады 
деп ойлаймыз. 
 
1.  Бидайбеков  Е.Ы.,  Ошанова  Н.Т.,  Сəлғожа  И.Т.  Оқушылардың  оқудан  тыс 
əрекетін ақпараттандыру. «Ізденіс» Ғылыми журнал №1/2. 2010ж. 205-208 
2.  Малев В.В. Общая преподавания информатики. Воронеж 2005. 
3.  http://www.ucheba.com/met_rus/k_psihologiya/k_poznproc/title.htm 
4.  Никитин Б.П. Ступеньки творчества или развивающие игры. М.: Просвещение, 
1990. -160 с. 
5.  Лук А.Н. Психология творчества. - Наука, 1978.с.6-36. 
6.  Андреев  В.И.  Диалектика  воспитания  и  самовоспитания  творческой  личности. 
Казань. 1988. - 236 с. 
Сипаттайтын принциптер
 
оқытылатын
 
материалд
ардың
 
көлемі
 мен
 
мазмұнын
 
 
сыныптан
 тыс
 
жұмыстарды
 
ұйымдастыру
 
жəне
 өткізу
 
формаларын
 
сыныптан
 тыс
 
жұмыстарда
 
қолданыла
тын
 
білім
 беру
 
технологияларын
  
оқушыны
 
 
оқыту
  
құралдары
н
 
 
фундаментальдылық

ғылымилық

қолжетімділік

оңтайлылық

шығармашылы
 қабілетті
 
дамытуға
 бағыты
 
иеленушілік
, логикалық
,  
 
əртүрлілік
 
индивидтілік

бейімделу
ш
ілік

динамикалылық

объектілілік
, жеке
 
мүмкінд
іктер
 есебі
 
көптік
, объективтілік

серіктестік

компетенттік
 
сенімділ
ік

қолжетімділік

ашықтық
, ə
ртүрлі
 
жоспарлылық
 

 
 
162
ОƏК 373.5.02.016:004(574)   
И.Т. Сəлғожа  
 
 
ИНФОРМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ 
ЭКСПЕРИМЕНТТІК  НƏТИЖЕЛЕРІ 
 
(Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ) 
 
В  статье  рассматриваются  результаты  эксперимента  развития  творческих 
способностей  учащихся  во  внеклассной  работе  по  информатике.  Эксперимент  состоит 
из  трех  этапов.  При  проведении  трех  этапов  в  последующих  классах  проводится 
анкетирование.  По  результатам  каждого  анкетирования  построена  диаграмма. 
Диаграмма 
показывает 
развитие 
творческих 
способностей 
учащихся 
в 
экспериментальных группах во внеклассной работе по информатике. 
In article results of experiment development of creative abilities of pupils in out-of-class 
work on computer science are considered. Experiment consists of three stages. At carrying out 
of three stages in the subsequent classes spent questioning. By results of each questioning the 
diagram is constructed. The diagram shows development of creative abilities of pupils in 
experimental groups in out-of-class work on computer science. 
 
Диссертациялық  зерттеу  жүргізу  үдерісі  кезінде  тəжірибелік  эксперимент 
жүргізілді. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық 
қабілеттерін  дамыту  мəселері  бойынша  зерттеу  нəтижелері  ғылыми  баспаларда 
жарияланды.  Осыған  байланысты  көптеген  мəселерді  шешу  мақсатында  жүргізілген 
зерттеулер нəтижесін тиянақтау үшін жəне сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып, 
өткізудің  əдістемесінің  тиімділігін  анықтау  мақсатында  жүргізілген,  тəжірибелік 
эксперименттің нəтижесін қарастырайық.  
Тəжірибелік  эсперимент  үш  кезеңнен  тұрады:  іздеу  (анықтау),  қалыптастыру 
жəне 
бақылау 
кезеңдері. 
Тəжірибелік 
эксперимент 
жүргізудің 
мақсаты: 
информатикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың шығармашылық қабілеттер 
компоненттерінің  деңгейін  анықтау,  информатикадан  сыныптан  тыс  жұмыстарды 
жүргізу  барысында  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерінің  даму  деңгейін 
арттыру жəне əдістеменің тиімділігін дəлелдеу. 
Оқушылардың  шығармашылық  қабілет  мəселесін  зерттеуші  ғалымдар 
(Дж. Гилфорд,  А.Н. Лук,  В.И. Андреев  т.б.)  шығармашылық  қабілет  бірнеше 
қабілеттердің  жиынтығынан  тұратындығын  жəне  сол  қабілеттер  дамыған  уақытта 
оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерінің  дамитындығы  туралы  айтады [1,2]. 
Шығармашылық  қабілеттің  компоненттері  жайлы  толығырақ  В.И. Андреев 
қарастырып,  ұсынған.  Біз  өз  зерттеу  жұмысымызда  шығармашылық  қабілеттіліктің 
құрамын    В.И. Андреевтің  ұсынған  компоненттеріне  сүйене  отырып  анықтадық, 
олар [3]:  мотивациялық-шығармашылық  белсенділік  (МШБ);  интелектуальды-
логикалық  кабілеттілік  (ИЛҚ);  интеллектуальды-эвристикалық  қабілеттілік  (ИЭҚ); 
дүниетанымдық  қабілет  (ДҚ);  коммутативті-шығармашылық  қабілеттілік  (КШҚ); 
адамгершілік  қасиеттері  (АҚ);  эстетикалық  жеке  қасиеттер  (ЭҚ);  өз  əрекетін 
ұйымдастыра, басқара  білу қабілеттілігі (ӨƏҰББҚ). 
Тəжірибелік экспериментке барлығы 155 оқушы қатысты. 78 бақылау тобында, 
77  сынақ  тобында  болды.  Эксперимент  негізінде  үш  кезеңнен  тұрады.  Үш  кезең 
барысында бес сауалнама жүргізілді (8 сыныптың оқу жылының басында, 8, 9 жəне 10 
сыныптың оқу жылының аяғында, 11 сыныптың оқу жылының аяғында).  

 
 
163
Анықтау  кезеңінде 8 сынып  оқушылары  қатысуымен  оқу  жылының  басында 
өткізілді.  Бұл  тəжірибелік  эксперименттің  анықтаушы  кезеңінде  оқушылардың 7 
сыныптағы  информатика  курсында  өткен  материалдары  бойынша  сынақ  өткізіліп, 
шығармашылық  қабілеттерінің  компоненттерінің  бастапқы  деңгейі    анықталды 
(сурет 1). 
 
 
 
Сурет 1  -  Оқушылардың 8 сынып оқу жылының басындағы  
шығармашылық қабілет компоненттерінің деңгейі 
 
Бұл  кезеңде  экспериментінің  нəтижелері  оқушылардың  шығармашылық 
қабілеттерінің деңгейлерінің төмен жəне де жеткіліксіз екендігін көрсетеді.  
Анықтау  экспериментінен  алынған  мəліметтер  олардың  шығармашылық 
қабілеттерінің  дамуы  үшін  жағымды  мүмкіндіктерін  сипаттайтын,  оқушылардың 
психологиялық-педагогикалық  мінездемесінен  информатикадан  сыныптан  тыс 
жұмыстарда  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  мəселесінің  өзекті 
екендігін көрсетеді. 
Эксперименттің  қалыптастыру  кезеңінде,  информатикадан  сыныптан  тыс 
жұмыстарды  ұйымдастыруда  жасалынған  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту 
моделіне  сəйкес,  информатикадан  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыруда 
оқушылардың шығармашылық қабілеттері компоненттерін дамыту ұсынылған əдістеме 
бойынша  жүзеге  асырылды.  Сынақ  тобындағы  оқушыларға  ұсынылған  əдістеме 
қолданылды, 
ал 
бақылау 
тобындағы 
оқушыларға 
жасалынған 
əдістеме 
пайдаланылмады. 
 
 

 
 
164
 
 
Сурет 2 – Оқушылардың 8-10 сынып оқу жылдарының соңындағы  
шығармашылық қабілет компоненттерінің деңгейі. 
БТ –бақылау тобы, СТ – сынақ тобы. 
 
Қалыптастыру  кезеңінде 8-10 сынып  оқушыларының  қатысуымен  əр  оқу 
жылының  соңында  сынақ  өткізілді.  Сынақ  нəтижелері  бойынша  диаграмма 
тұрғызылды.  Бұл  диаграммадан  əр  оқу  жылының  соңында  алынған  нəтижелерден 
оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттерінің даму деңгейінің артып 
отырғандығы байқалды (Сурет 2).  
Əр  оқу  жылының  аяғында  жүргізілген  сауалнамалардың  нəтижесінен  байқап 
отырғанымыздай 
қалыптастыру 
кезеңінде 
сынақ 
тобындағы 
оқушылардың 
шығармашылық  қабілет  компоненттерінің  дамуы  жоғарылап,  ал  бақылау  тобындағы 
оқушылардың  деңгейі  жеткілікті  дəрежеде  қалғандығын  көруге  болады.  Жоғарыда 
айтып  өткеніміздей  шығармашылық  қабілет  компонеттерінің  деңгейінің  артып 
отырғаны  шығармашылық  қабілеттің  артқандығын  көрсетеді.  Бұл  кезеңде  сынақ 
тобындағы  оқушылардың  шығармашылық  қабілет  компоненттерінің  деңгейі  бақылау 
тобымен салыстырғанда орташа есеппен 20%  жоғарылады (эксперимент жүргізілгенге 
дейін топтағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің деңгейі бірдей болған). 
Бақылау  кезеңінде 11 сынып  оқушыларының  қатысуымен  оқу  жылының 
соңында  соңғы  сынақ  өткізілді.  Бұл  кезеңнің  нəтижелері  диаграмма  кескінделді, 
диаграммадан  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерінің  компоненттерінің  даму 
деңгейінің бақылау тобымен салыстырғанда сынақ тобында жоғары екендігін көрінеді 
(Сурет 3).  
 

 
 
165
 
 
Сурет 3 – оқушылардың 11 сынып оқу жылының соңындағы  
шығармашылық қабілет компоненттерінің деңгейі. 
 
Эксперимент  барысында 3-суреттен  көріп  отырғанымыздай,  сынақ  тобындағы 
оқушылардың  шығармашылық  қабілет    компоненттерінің  деңгейі  бақылау  тобындағы 
оқушыларға қарағанда жоғары.  
Сынақ  топтарындағы  алынған  нəтижелерде  оқушылардың  шығармашылық 
компоненттерінің  даму  деңгейінің  жоғарылағаны  байқалады.  Атап  айтқанда,  бақылау 
тобымен  салыстырғанда  сынақ  тобындағы    оқушылардың  мотивациялық-
шығармашылық 
белсенділігі; 
интелектуальды-логикалық 
кабілеттілігі; 
интеллектуальды-эвристикалық  қабілеттілігі;  дүниетанымдық  қабілеті;  адамгершілік 
қасиеттері;  эстетикалық  жеке  қасиеттері;  коммутативті-шығармашылық  қабілеттілігі; 
өз əрекетін ұйымдастыра, басқара білу қабілеттілігі артқандығын  байқауға болады (3-
сурет). 
Сонымен,  информатикадан  сыныптан  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыруда 
оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытудың  моделін  жүзеге  асыру, 
оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерінің  компоненттерінің  дамуына  ықпал 
ететіндігі  дəлелденді.  Нəтижесінде  информатикадан  сыныптан  тыс  жұмыстарды 
ұйымдастырып,  өткізу  барысында  ұсынылатын  əдістеменің  тиімділігін  жəне 
тəжірибелік  эксперименттің    нəтижелері  зерттеу  болжамдарының  дұрыстығын 
дəлелдеп отыр.  
 
1.  Никитин Б.П. Ступеньки творчества или развивающие игры. М.: Просвещение, 
1990. -160 с. 
2.  Лук А.Н. Психология творчества. - Наука, 1978.с.6-36. 
3.  Андреев  В.И.  Диалектика  воспитания  и  самовоспитания  творческой  личности. 
Казань. 1988. - 236 с. 

 
 
166
УДК 539.3(043.3) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет