- Абайдың қазақ поэзиясын қосқан үлесі деген мәселеде Р.Сыздық мына мәселелер талдануы тиіс деп көрсетеді:
- 1 поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни шығармашылық контекстің Абайда айқын көрінуі;
- 2 өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер;
- 3 айқындық пен дәлдік;
- 4 фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер;
- 5 жеке сөздерді таңдап, талғап жұмсау, оларды поэтизмге айналдыру;
- 6 өлеңнің синтаксистік-композициялық құрылысына енген өзгерістер.
Абайдың “Қара сөздерінің” тілі - «Қара сөздердің көпшілігі» сюжетсіз жазылған көркем әңгіме, яғни көркем проза (Б.Кенжебаев).
- 1,2,3,14,24,26,29,33,41,42-сөздерді және «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққандығы туралы» публицистикалық жанрда, қалғандары прозаның өсиет нақлия (поучительные рассуждения), тасдиқ (утверждение), нақыл, тұспал сөз, кеңес, әңгіме (беседа), көркем проза элементтері бар түрлеріне жатады (Х.Сүйінішәлиев)
- Ағартушылық идеясындағы публицистикалық шығарма (Р.Сыздық)
“Қара сөздердің” негізгі стильдік ерекшелігі: - Сол дәуірдегі ауызша прозасына тән ауызекі сөйлеу элементтерінің ұшырасуы: «Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-біріміз аңдып өтеміз бе?», «Ел бағу?», «Ай, не болсын!»
- Абай төл сөзді конструкцияларды да, құрмалас сөйлемдерді де деп дәнекеріне аяқтап отырады: Сартты көрсе, күлуші еді: бұтадан қорыққан, көз көргенде әке-үке десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт» деген осы деп. Орысқа күлуші еді: ауылды көрсе, шапқан, жаман сасыр бас орыс деп...
Арабша терминдер мен ұғымдар, Олардың қазақша баламасы болса да, стильдік мақсатта аударылмай берілген. - Арабша терминдер мен ұғымдар, Олардың қазақша баламасы болса да, стильдік мақсатта аударылмай берілген.
- Шағатай тілінің морфологиялық, лексикалық, орфографиялық нормаларын қолданады: ләкин, уа, бірлән, қадар, Һәм, аның үшін, кетселер, жазылмыш, алмадылар, шәкіртлік, перзентлер
Достарыңызбен бөлісу: |