Абай қҰнанбайұлы (1845-1904) Абай Құнанбайұлы дүниеге келген: Семей облысындағы Шыңғыс таудың баурайында



бет16/19
Дата13.10.2022
өлшемі104,49 Kb.
#42751
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
10-сынып

Абай, қара өлең ұйқасы.
Өлеңнің барлық жолдары да ұйқасып отыратын, ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі аяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалатын бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен келетін ұйқас түрі: Шұбыртпалы ұйқас.
Ой толқынына қарап, керекті жерінде ұйқастыра салу: Ерікті ұйқас.
Кейбір өлеңдерде шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе, ондай ұйқасты...дейміз: Кезекті ұйқас.
«Сәулең болса кеудеңде,
Мына сөзге көңіл бөл!
Егер сәулең болмаса,
Мейлің тіріл, мейлің өл!
Танымассың, көрмессің,
Қаптаған соң көзді шел,
Имамсыздық намазда,
Қызыл бастың салған жол». Үзінді авторы, ұйқас түрі: Абай, кезекті ұйқас.
Шумақта бірінші жол мен үшінші жол, екінші жол мен төртінші жол ұйқасып келуін атайды: Шалыс ұйқас.
«Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң, азырақ». Үзінді авторы, ұйқас түрі: Абай, шалыс ұйқас.
«Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған—
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл». Үзінді авторы: Абай «Сегізаяқ» өлеңі.
«Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң,
Кімді көрсем,
Мен сонан—
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан». Үзінді авторы, ұйқас түрі: Абай, егіз ұйқас.
Бір шумақтың бірнеше тармағы шалыс ұйқастан, бірнеше тармағы шұбыртпалы ұйқастан, не егіз ұйқас, не басқа ұйқастардан құралып, бір шумақтың өзінің ішінде басқа ұйқастың тармақтары қосылып кеп, жаңаша бір ұйқас туғызуы: Аралас келетін ұйқас.
«Ата-анаға көз қуаныш—
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті,
Ер жетті.
Не бітті?». Үзінді авторы, ұйқас түрі: Абай, аралас ұйқас.
Шағын көлемді эпикалық шығармаларға жатады:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет