Баяндау, әңгімелеу.
Тұрақтанған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философияның, эстетиканың, әдеби сынның, көсемсөздің, көркем әдебиеттің жанры: Эссе.
Эссеге тән қасиет: Батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар.
Ерекше пікірлерге көбірек мән беріп, оқырманды ойландырып, толғанысқа сүйрейтін, тың, тосын, өзінше ойлау, сезіну қажеттілігін туғызатын жанр: Эссе.
Философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін: Эссе.
Эссені жанр ретінде кім, қашан енгізді: Француз философы Мишель Монтень, 1580 жылы.
Алғаш эссе жанрында кітап шықты: Френсис Бекон, 1597 жыл.
Орыс әдебиетінде эссе үлгісін қалыптастырған: Феодор Достоевский.
Достарыңызбен бөлісу: |