Абайдың аудармалары


Балалар әдебиетіндегі “Қартқожа”образы Қартқожа" романы



бет16/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
75

Балалар әдебиетіндегі “Қартқожа”образы


Қартқожа" романы — Жүсіпбек Аймауытовтың1926 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылып шыққан туындысы. Бас кейіпкердің прототипі — Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев.
Шығарманың басты кейіпкері – Қартқожа, оның елі, жұрты. Олар осы оқиғалар барысында тартыста есейіп, есін жиып, ілгері басады, болашаққа ұмтылады. Елін, Отанын сүйеді. Осы қасиет тұстастарына жігер, рух береді.



  1. Қартқожа момын бала. Әке-шешесі де сондай момын адамдар еді. Мәтінде: «Жұман – момын адам. Кісіден тіленбейді, кісіге жағынбайды. Тірі пендеге зәбіір жоқ, қоңыр адам. Қуанышы – 3-4 қарғасы. Шешесі – момын, біртоға жан. «Қарағым, шырағым» дегеннен басқа бөтен сөзі жоқ»(188-бет).

  2. портреті де осы момын, сүйкімді бейнені береді. «Бір жапырақ қағазына үңілген бір бала отыр. Жасы 10-11 шамасы. Екі жеңі сауыс. Бетінің бір жағы сатпақ. Көзінің былшығы да тазармаған. Сол баланың қақ-соқпен ісі жоқ. Момақан, аңқау. Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой. Сол бала осы»(186-бет).

  3. Қартқожа жасынан-ақ білімге құштар жас боп өсті. Қандай қиын кезең оның алдын тосса да, ол бағытынан қайтпады. Романда ол бірнеше жерде беріледі. Мәтінге құлақ түрейік: «Өзге бала алақтап, ойнап, өтірік ыңылдап, бірдемемен алданып отырғанда Қартқожа жалықпай қағазын шұқылап отырады» (157-бет).

  4. Қашан да ол оқудан күдер үзеді. Ол арманға айналды. Бұл жай романда былай беріледі: «Түсінде де оқып жүретін еді» (194-бет). Немесе: «Үшкөлге түсетін де күн болар ма екен. Жатсам да, тұрсам да ойлаймын… Әй, дүние-ай, — деп күрсінді. Жүсіпке еріп қалаға баруға сөз байласты»(198-бет).

  5. — Қартқожа – намысты жан. Байлардан көргені қорлық-зорлық. Қай кезде де намысын қамшылап, кегімді алсам-ау» деп ілгері жетелейтін. Бұл ойы мәтінде былайша берілген. «Талайша қорлықты көрді. Көрген қорлық-зорлық толып жатыр. Осының бәрі Қартқожаны ойландырды. Дүние шіркін-ай! Кегімді алатын да күн болар ма екен! – деп ішінен зығыры қайнап жүрді», — (188-бет) деп келтіреді.

  6. — Қартқожаның жүрегі – жылы жан. Бауырмал. Қанша оқығысы келсе де үй шаруасы оңалмай жатқан соң, кете алмай жүр. Әжесін қадірлейді. Қартайған шақта оны зарлатып тастап кетуге қимайды. Ағасы Тұңғышбай да бұл кезде о дүниелік боп кетті. Енді оның балаларын жетімсіретіп тастап кеткісі де келмеді.




76

Сакен Сейфуллиннің “Аққудың айырылуы”поэмасы

Сәкен ақынның бұл поэмасы қазақ сөз өнеріндегі өзіндік көркемдік ерекшелігі бар поэмалардың бірі.1925 жылы жазылды


Мәңгілік махаббатты жырлайтын поэма табиғаттағы сұлулықты, табиғаттың төл перезенттері болған аққуларды қорғау, адалдықты жырлау, жауыздыққа қарсы тұруды ту еткен.
Аққу - киелі құс. Аққу құс - сұлулықтың, тазалықтың куәсі. Аққу құс - шын ғашықтықтың, адал махаббаттың белгісі. Поэмада аққудың махаббаты арқылы адал махаббат мен пәк сезім жырланады. Табиғаттың сұлулығымен қауышқан қос ғашықтың көңілді, алаңсыз, бақытты күндері ұзаққа бармайды. Оны «Сұр мерген» аңшы келіп атып алады. Поэмада жауыздықтың символы ретінде аңшының қатігездігі суреттелсе, сол жауыздыққа шендестіріле аққудың махаббатқа адалдығы суреттеледі.
Поэмадағы басты идея:
Табиғатты қорғау керек; Сұлулықты бағалай білу керек; Өмірде қатыгездіктің болуы; Аққу құс - мәңгілік махаббат иесі; Екі аққудың аянышты тағдыры. 
Поэмадағы оқиға автордың өмірден шаршап, таза табиғат, мөлдір көл жағасына келіп демалып, көркем көрініске тамсана қарап, демалып жатуынан басталады. Сосын қос аққудың кездесуі мен олардың бақытты өмірі жайлы жырланады. Ғашық жұптың махаббат биі де ақын қаламынан тыс қалмайды. Осындай бақытты сәтте сұрмерген жұп аққудың бірін атады. Жұбынан айырылған аққу шарқ ұрып мергенге "мені де ат" дегендей ыңай білдіреді. Сосын мергеннің алдына, жерге өзін ұрып мерт болған аққу осы әрекеті арқылы оқырманға адал махаббаттың күшін, сезімнің күшін білдіргісі келеді.
Жалпы, Сәкен ақынның ақындың қарымын танытқан поэма қазақ өлеңіндегі көркемдік деңгейі жоғары, кісіге рухани ләззат бағыштай алатын шоқтықты шығарма.


77

Жүсіпбек қаламындағы әнші Әміре бейнесі.Әңгімедегі ән өнерінің бейнесі.
Әнші» әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі арқылы жазушы өмірі мен өнері аңызға айналған әнші Әміре Қашаубаевтың әдеби бейнесін береді, сол Әміренің өнерінің бір сәтін өз әңгімесіне өзек етеді. Яғни Әмірқанның бейнесіне прототип етіп атақты әнші Әміре Қашаубаевтың өмірі алынған. Прототип – әдеби шығармалардағы белгілі бір көркем бейненің негізі етіп алынған адам.
Әміре Қашаубаев Франция секілді өркениетті өнеріміздің құдіреттілігін мойындатты. Сол үшін де қазақ халқы Әміре сынды ұлы тұлғасын ешқашан ұмытпайды.
Әмірқан бейнесін ашуға мінездемелік жоспар
Әмірқанның мінездемелік сипаты Әңгімеден алынған үзінділер арқылы дәлелдеу
1. Түр – түсі, сыртқы бейнесі “Шәулі қаршығадай шап етер, киіктің асығындай тап етер” жігіт.
Өзге шығарушылардан Әмірқанның киімі де, түрі де, жүріс - тұрысы да жат еді, қазақтың еркіндігін еске түсіруші еді.
2. Қарапайымдылығы Әмірқан қол ұстасып, сыпайы амандасып отырды. Әнеугі Шәкеттікінде көрген Әмірқан емес, бұйығы, момақан жігіт.
3. Орындаушылық шеберлігі Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір - бір ауыздан ән салды. Аз да болса бірегей болды.
Сүмірейте, қылмита соқты; желдете, құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойыңды шымырлатты.
… Көңіл бір жадырап, шайдай ашылды.
Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен.
Тағы да ескектете, желпіндіре, желіктіре, ышқындыра, құлшындыра соғып, тыңдаушының айызын әбден қандырды.
4. Өнерге сүйіспеншілігі Ән салса, ол өзін - өзі ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның дауысы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді. Ол тәтті үнге, топқа бола жаралған адам. Ән салса, рақаттанып, гүл - гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, денесі де, қолы да бірге салады. Әмірқан кісі емес, әнге айналады. Оның ән салғандағы түріне қарап отырсаң, тоясың.
5. Ән мен әншіге деген көзқарасы
Әншілердің көбі түр шығарам деп, әуре болады. Жақсы әнді бұзып жібереді. Қиқылдай ма, шиқылдай ма, аупылдай ма мазарат… Есіл әнді бей - береке қылады. Бет - аузын тыржитып, зорланып, күшеніп отырып салған соң ән бола ма? Әнді еркіне жіберіп, қысылмай салған ғой қызығы. Әншілердің көбі не мақтан үшін, не мал табу үшін айтады. Зорланып айтқан ән дұрыс шыға ма? Ән салу көңілден ғой… Мен өзім көңілденбесем, жақсы айта алмаймын, айтқым келмейді.
6. Адамға үйірсектігі Әмірқан кісіге тез үйір болатын, жолдасқа жанын қиятын жігіт. Наурыздан кейін бізбен дос болып кетті. Бер жаққа шықса, бізге соқпай кетпейді.
7. Қонақжайлылығы - Менің құжырамды да бір көріңдер,- деп қайта - қайта шақырып, үйіне қонаққа апарды.
Қымыз, ет алып, тыраштанып, шабылып қалыпты.
8. Махаббатқа адалдығы Сөйткен Ақтамақпен бір - ақ жұмадай дәурен сүрдім. Ой, дүние - ай!- деп, Әмірқан ауыр күрсінді де, дыбыссыз қалды. Бетіне қарасам, көзінің жасы парлап тұр екен. Жұбатайын деп:
• Ой, саған не болды?!- дедім.
• Әншейін… Көңілім бұзылып…
• Бала болдың ба? Өткен іске өкіне ме екен…
• Ақтамақтың қылығы бетер еді…- деп солқылдап келіп жылады.
9. Азаматтық тұлғасы
(мәрттігі)
Ол “барды баламайды, жоқты санамайды”, өзінің бірдемесін сұрасаң, бере салады, кісінің нәрсесін, киімін өзі де киіп жүре береді. Ұят екен - ау демейді. Ол кісі алдауды, арын сатуды білмейді. Кім көрінгенге сенеді. Өзін әркім талай алдап кетсе де, сенуін қоймайды.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет