Мағжанның табиғат лирикасы. Бұл тақырыптағы ақынның нәзік сыршылдық, суреткерлік шеберлік, пәлсапалық ой тереңдігі. М.Жұмабаев қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданындағы Сасықкөл мекенінде дүниеге келген. Өз әкесі Бекен, бабалары Жұмабай қажы, Шоқай, Өтеген, Өтеміс – бәрі де Арғын ішінде танымал көшелі кісілер болған. Анасы Гүлсімнен 7 ұл, 2 қыз болған. Алдымен ауыл молдасынан мұғалімнен хат танып, арабша, парсыша, түрікше, орысша оқиды. Мағжан поэзиясында пейзаж лирикасы, ғашықтық, махаббат лирикасы молынан кездеседі.
Сондай-ақ еріксіздік азабы, түрме тауқыметіне арналған шығармалар «Сағындым» өлеңінен басталады да «Жел», «Тілегім», «Жауға түскен жанға», «Тұтқын», «Айға» туындыларымен қосылып, тұтас цикл құрайды.
Философиялық трагедиялық жырлар, шерлі мұңды толғаулар «Жан сөзі», «Ой», «Ауру», А.Блок «Мені өлім әлдиле», «Орамал» т.б.
Ақынның күрделі өмір құбылыстарын, тарихи кезеңдерді бейнелейтін, реалистік сипаттармен қоса, символдық, мистикалық, фантастикалық сарындарға бой алдыратын аса күрделі өлеңдері «Тәңірі», «Жаралы жан», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы» т.б. шығармалары. 2-ші арнаны құрайды.
Ал ежелгі этностар тұтастығын, игі түркі бірлігін жырлайтын «Отан күй», «Тез барам», «Орал», «Жер жүзін топан басса екен», «От», «Пайғамбар» өлеңдері бар.
Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соны әсемдік арналарды негіздеп, әсіресе Еуропа, орыс әдебиетіндегі бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формаларын қамтыды.
Поэмалары: «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Түркістан», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян» аңыз, тарихи оқиғаларға, «Жүсіпхан», «Өтірік ертек» – шығыстық сюжет, хикая, тұспалға құрылған. Ішкі мазмұн тұрғысынан келгенде бұл шығармалардың бәрінде де халықтық аңыз, тарихи дерек, үлкен көркемдік идея тұрғысынан қайта құйылып, ежелгі әңгіме, миф сарындары өзге құбылыс жаңа сипаттағы эстетикалық игіліктер жасалды.
Ақын ең бастысы ықшамдық, сұлулық, философиялық талаптарды, бейнелілік, суреттілік шарттарын бірінші қатарға шығарды: «Қойлыбайдың қобызында» фантастикалық күйлер, бәйгеге қобыз қосу көрінісі шебер бейнеленеді. «Қорқытта» өмір мен өлім арпалысы, мәңгілік үшін күрес, өнердің өлместік қасиеті жыр етіледі. «Жүсіпханда» тұлға мен тобыр, мансап және ұждан диалектиктер; «Өтірік ертекте» мысал, тұспал әдісімен берілген әлеуметтік тартыс сыры бар; «Оқжетпестің қиясында», «Түркістан» туындылары азаттық идеясын, түркі бірлігін жырлайды.