Баян — ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі.
Қодар — Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі. Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер. Шын аты - Әбдіжаппар.
Сарыбай — Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам.
Қарабай — бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жылқысы.Өз туған қызын Қодарға өз пайдасы үшін береді. «Қарабай» деген есімі оны толық мінездеп, әрі бағалап тұр: қарау, пасық, арам жан деген мағыналарды береді. Қарабайдың мінез-құлқы, пиғылы, іс-әрекеті мұны толық дәлелдейді. Айбас — жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі. Қозы Көрпеш ержеткенде Баян сұлудың бірінші рет барып көргені Қозының ағасы Айбас.
Ай мен Таңсық — Қарабайдың асырынды қыздары.
Қозы Көрпеш - Баян Сұлу трагедиясы Ғ.Мүсіреповтің халық жыры негізінде жазған 4 перделі, 7 суретті трагедиясы. Шығарма 1939 ж. сәуір айында жазылып біткен. Трагедия алғаш рет Қазақ академиялық драма театрында режиссер М.Г. Насоновтың сахналауымен 1940 ж. 29 сәуірде көрермен назарына ұсынылды. Пьеса бірнеше рет орыс тілінде басылған, эстон тілінде кітап болып шыққан (1948, Таллин). 1950 ж. Мәскеу драма театрында "Махаббат дастаны" деген атпен қойылды, сондай-ақ, КСРО Республикаларының театрларында бірнеше тілдерде сахналанды.
99 М.Әуезовтың «Абай жолы» дәуірнамасындағы Абай бейнесі Ұлы ақын әрі ағартушы Абай Құнанбаевтың қилы тағдыры мен өмірін суреттейтін «Абай жолы» атты роман.эпопеяны оның алыс туысы танымал қазақ жазушысы М.О. Әуезов жазды. Осы еңбегі үшін оған 1949 жылы Сталин сыйлығы («Абайдың» бірінші бөлігіне) және 1959 жылы Ленин сыйлығы («Абай жолының» екінші бөлігіне) берілді. Романда ХІХ.ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының ауыр тіршілігі көрсетіліп, қазақтардың көп ғасырлық көшпенді өмірінен қол үзуі баяндалады. «Қамтылатын тақырыбының кеңдігі, сөз саптау шеберлігі және әдеби өңделуі жағынан «Абай жолы» ерекше көріністі береді», . деп жазды академик Қ.Сәтбаев.
Абай . ұлы ақын, философ, ағартушы.демократ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, халық жақтаушысы. Абай халқы үшін ауыр уақытта өмір сүрді. Дала билік үшін күшейіп келе жатқан күрестен, колониалдық және феодалдық ығыстырудан азғындалды. Осының бәрі қазақтың озық қоғамдық ойының және шексіз далада күнге, сәулеге ... қайраттандыратын көркем сөзінің өсуіне қорғасын болып төгілді. Мұның жемісі ретінде халыққа қазақтың реалистік әдебиетінің негізін салушы . Абай бұйырды!
Абай . бай әрі дүниеқор феодал Құнанбайдың ұлы. Ол туған ауылына оралғанда, әкесі оны өзінің ісіне баулымаққа ұмтылды. Құнанбайдың елшісі ретінде Абай ауыл.ауылды аралап, әкесінің жарлығын орындады. Осы көріністе Абайдың әкесі сияқты аты шыққан бай боларлық келешегі байқалады, бірақ Құнанбай күткендей және талап еткендей болмады. Өйткені Абайды билік те, байлық та қызықтырмайды, ол жеке басының амандығы мен игілігін әділдік пен шындыққа құрбан етеді. Абайдың осындай әділдік пен шындықтың құрбаны болуына оқуға деген махаббаты түрткі болғаны сөзсіз. Автор оның шығыс әдебиетін сүйіп оқығанын жазады. Абайдың көзқарасының қалыптасуына оның әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның ықпалы да зор болды. Олар бала Абайды жақсы көріп, жағымды жаққа тәрбилеп, оның беделді азамат болуын қалады. Абай өзінің халқына зор сүйіспеншілікпен қарады. Ол заңсыздық пен қылмыс арқылы бейбітшілікке қол жеткізуді қаламады, оған көптеген қатал патриархалдық заңдар ұнамады.
Әкесімен қақтығыс баяу әрі ауыр болды. Абай өсе келе оның әкесімен қатынасы тіптен нашарлап кетті. Әкесінің пікіріне аса қарсылық білдірген бірінші жағдай . ол кедей әрі еш кінәсі жоқ Қодардың өлім жазасы. Осы жағдайдан кейінгі қу Құнанбайдың жағына Абай шықпады. Абай есейген сайын әкесіне және оның жақтастарына, кейінірек ізбасарлары: Тәкежанға, Оразбайға, Майбасарға және т.б. деген қарсылығы күшейе түсті.
Романды Абайдың азаматтық, адамгершілік бейнесінің ерекше жарқырап, жайнай көрінетін данышпандық тұлғасының, ақындық дарынын ерекше кемелденген тұстары көп-ақ. Оның Михаэлиске еріп, Ұлытауға баруы, сол үшін әкімшілік орындарына сезікті көрініп, Омбыға апарылуы, онда губерниялық сот мәжілісінде небір манғазданған қасқалар мен жайсаңдар алдында көсіле сөйлеп, бәрінен мойын оздыруы, сөйтіп, өзін ақтап шығу үстіне билік орнындағы әкімдерден құрметке бөленуі, Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» мен Шоқанның «Сот реформасы» негізінде қазақ даласында басқарудың тұтас бір жүйесін жасап беруі т.б. оқиғалар – ел алдында, жоғары әкімшілік орындары алдында Абай беделінің асқақтап көтерілуіне айқын айғақтар болып көрінеді.
100 Қазіргі қазақ балалар поэзиясы Қазақ балалар поэзиясының түп-төркіні тереңде жатыр. Сонау ертедегі ауыз әдебиеті үлгілерінің өзіне қарап отырсақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, небір тамаша ертегілер, тақпақтар мен жаңылтпаштар, жұмбақтар шығарғанын және оны бала санасына үздіксіз сіңіріп отырғанын байқаймыз. Сондыктан да ондай өлмес мұралар мән-маңызын, көркемдік ерекшеліктерін жоғалтпай бүгінгі күнге жетіп отыр. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ балалар әдебиеті, оның ішінде балалар поэзиясы ерекше қарқынмен дамып, жаңа туындылар, тың ізденістер дүниеге келіп, бала жанын тәрбиелеп, ойы мен санасын қалыптастыратын әдеби шығармалар болашақтың бастауы ретінде де, сол өмірдің жаңа жыршысы ретінде де жалпы қазақ поэзиясының дамуын соны бағыттарға жетеледі. Бұл кезеңде қазақ балалар поэзиясы тақырыптық ізденістермен бірге, форма, түр жағынан да түрленіп, олардын ішкі мазмұн үйлесімдерін, балаға әсер ете алу тұстарын керемет шеберлікпен суреттеп, шынайы балалар поэзиясының қабырғасы кеңейіп, бұғанасы қатая бастаған өрелі де, сәтті жылдар болған еді. Бүгінде сол кездегі поэзияның рухымен түлеп ұшқан ақындардың бір шоғыры өздерінің жеке мектептерін қалыптастырып үлгерген, айтар ойы салмақты, жазар тақырыбы алуан түрлі, қаламы берік қаламгерлердің дәстүрлі жалғасы болып отыр. Поэзия әлеміне жаңа келген үміткерлер өздерінің таланттарының, үлкен еңбек пен ізденістерінің нәтижесінде осы саланы дамытуға үлес қосты. Солардың бірі де бірегейі – Т.Молдағалиев. Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, оның қасқабағын бағып, көңілі калағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Тұманбай акынның поэзиясынан танып, көруге болады. Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Т.Молдағалиев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзкарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Т.Молдағалиев шығармашылығы өзінің ерекшелігімен жыр сүйер қауымды балалар әлеміне саяхаттатып, жетелеп алып кетеді. Ақынның балалар ойынын өрісін кеңейтіп, оны жаңа белеске алып шығуға жасаған еңбегі елеулі. Оның шығармашылығы сол кездегі балалар поэзиясының табиғатын байытып, оны жанжақты түрлендіре түсті.
101 Бегалин қазақ балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі. Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Есейе келе, өз үйінің аз ғана малын бағып, қолғанат болды. Ауылдағы молдадан оқып, ескіше хат таныды. Содан соң керуенмен Семейге келіп, бір уақыт пристаньда жүкші болды. Бұдан кейін Семейдегі оқытушылар дайындайтын семинарияның оқытушысы Нұрғали Құлжановтың үйінде атын күтіп, үй жұмысына болысты. Ол кісі кешкіліктерге оған орыс тілін үйренуге көмектесті, соның көмегі арқылы Семей қаласындағы орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1915 жылы бітірді. С.Бегалин 1916 жылы Петроград түбіндегі тыл жұмысына алынады, үйіне 1917 жылдың наурыз айында қайтады.
1929-1935 жылдары Дегелең болыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық соты қызметтерін атқарған. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түрксіб темір жол басқармасында жауапты қызметтерде болды. 1935-1956 жылдары «Темір жолшы» газетінде, Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.
Алғашқы өлеңі — «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының N2 9 санында басылды.
· «Қыран кегі» (1943),
· «Цимлян теңізі» (1953),
· «Таңдамалы» (1956),
· «Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар,
· «Көксегеннің көргендері» (1948),
· «Ермектің алмасы» (1955, 1985),
· «Сәтжан» (1947, 1973, 1978),
· «Жас бұтақ» (1953),
· «Жеткіншектер» (1960),
· «Мектеп түлектері» (1961),
· «Шоқан асулары» (1971),
· «Қыран туралы аңыз» (1976),
· «Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары,
· «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.
Пушкиннің, Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын, Д.Н.Мамин-Сибиряктың, Л.В.Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған. Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай» (Пионер, 1956, №4), «Сауық кеш» (Қазақ әдебиеті, 1971, 10 желтоқсан), «Назипа Құлжанова» (Қазақстан әйелдері, 1973, № 10) тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» («Совхоз туы», 1964, 5 май) атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында еткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.
Халық ақындарының шығармаларын сұрыптал жинақ етіп шығарды (« Халық ақындары », 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді.
Ол Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатталған.