Абдуллаева перизат тураровна университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру


Рефлексивті-бағалаушылық компонент



бет26/46
Дата14.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#114345
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46
Байланысты:
Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психологи-emirsaba.org

Рефлексивті-бағалаушылық компонент:

Студенттер диагностикалық үдерісті бағалау критерилерін жеткілікті меңгермейді, олар бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына сай келмей, жалпылама түрде қалыптастырылады. Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және диагностикалық іс-әрекетті түзетуді жобалау толығымен жүзеге асырылдмайды. Психологиялық- педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс-әрекеттерін дамыту толық болжанбайды. Жеке тұлғаның даму динамикасы әлсіз жоспарлануы мүмкін. Рефлексия да әдсіз дамиды, өз білімінің жеткілікті екендігін бағалау, психологиялық-педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын дәлелдеу мен қорғау қиынырақ болады. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамти алу, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау және оларды толықтыру дәлелдерін ұсыну әлсіз.


Студенттер диагностикалық үдерісті бағалау критерилерін жеткілікті меңгереді, олар жалпылама түрде қалыптастырылады, бірақ бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына үнемі сай келе бермейді. Диагностика нәтижелерін өңдеу белгіленеді, нәтижелерді талдау және диагностикалық іс-әрекетті түзету жеткілікті жобаланбайды. Психологиялық-педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс- әрекеттерін дамыту сенімсіз түрде болжанады. Жеке тұлғаның даму динамикасы жоспарлануы мүмкін. Рефлексия дамыған, бірақ өз білімін бағалауда қиындықтар туындайды, психологиялық-педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын үнемі дәлелдеп және қорғай алмайды. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамту орташа деңгейде дамыған, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды бағалау және оларды толықтыру дәлелдерін ұсыну жеткіліксіз. Болжамды шешім жасау негізделген және дәлелді, бірақ оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескермейді.


Студенттер диагностикалық үдерісті бағалау критерилерін жақсы меңгереді, олар бірегейлік, адекваттылық, объективтілік талаптарына сай қалыптастырады. Диагностика нәтижелерін өңдеу сапалы және сандық блағалаумен көрсетіледі, диагностикалық іс-әрекетті түзетуді жобалау нәтижелері жақсы талданады. Психологиялық- педагогикалық диагностика тұрқысынан білім алушылардың жеке және танымдық іс-әрекеттерін дамыту сенімді түрде болжанады. Жеке тұлғаның даму динамикасын жоспарлауға болады. Рефлексия жақсы дамыған, өз білімін бағалауда қиындықтар жоқ, психологиялық-педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын үнемі дәлелдеп және қорғай алады. Алынған диагностикалық мәліметтерді қамту жақсы деңгейде дамыған, диагностикалық дағдыларды қалыптастыруды мен оларды толықтыруға қажетті дәлелдерді ұсынуды бағалай алады. Болжамды шешім жасау негізделген және дәлелді, оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері ескеріледі.




Қолдану:
  • қазіргі білім беру үдерісінде психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін түсіндіру;


  • диагностикалық технологиялардың қазіргі жағдайын сипаттау;


  • диагностикалық жұмыстарды жүргізу мен өңдеу бойынша қазіргі технологиялардың қолданылу көрсеткішін айқындау;


  • білім алушыларды оқыту нәтижелерін тиімді бағалау принциптерін анықтау;


  • кәсіби іс-әрекеттер бойынша диагностикалық жұмыстарды жасау принциптерін түсіну.


Функционалды-аналитикалық компонент:


Диагностиканың мақсатын анықтауға байланысты мынадай құзыреттіліктерді қамтиды, бағалау критерийлерінің жүйесін біркелкілік, сәйкестілік, объективтілік, бағалау шкаласын әзірлеу, диагностиканың әдістерін, құралдарын, диагностиканың ұйымдастырушылық түрлерін, олардың күрделілігін, объективтілігін, қолданылу ауқымын ескере отырып, әзірлеу; диагностикалық үдерісті (диагностика құралдар және алынған нәтижелерді өңдеу құралдарымен) оларға қойылатын талаптарды: икемділік, нақтылық, қарапайымдылық, үнемділікті ескере отырып, әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.

Педагог-психолог ұйымдастырушылық дағдыларын игеруі тиіс, мысалы: білім алушыларды диагностикаға қойылатын талаптармен таныстыру, диагностика үдерісіндегі қиындықтарды бақылау, диагностикалық әрекетте оқушыларға көмек көрсету, қойылатын талаптарға сәйкес, диагностиканың нәтижелерін көрсете алу. Коммуникативті дағдылар: байланыс орнату, аргументтерді таңдау, түсіндіру, диагностика жүргізу барысында тыныштық сақтау, төзімділік, ізгілік таныту, мойындау, қолдау, назар аудару, түсіндіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет